Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет51/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65

 
 
7.12-сурет. Adobe Illustrator бағдарламасының жұмыс терезесі  
Жаңа  файл  File  (Файл)  ^  New  (Құру)  командасы  арқылы  құрылады. 
Бұл кезде үнсіздік бойынша қабылданған форматтағы парақша құрылады 
(А4  вертикаль  парақшасы).  Ендігі  кезекте  жұмысқа  кірісуге  болады. 
Парақшаның  параметрлерін  New  Document  (Жаңа  құжат)  диалогтік 
терезесінен  қарап,  өзгертуге  болады  (7.13-сурет).  Егер  стандартты  емес 
формат  қолдану  қажет  болса,  файлды  құру  үшін  қажетті  параметрлер 
орнатылады.  Өлшем  бірлігін  Units  (Бірліктер)  ашылмалы  тізімінен 
таңдап алынады. Ресейде және көптеген Еуропа елдерінде миллиметрлер 
қолданылса,  ағылшын  елдерінде  –  дюйм  қолданылады.  Егер  суретті 
өндеу  кезінде өлшем бірліктері  маңызды болмаса,  оларды  сол  қалпында 
қалдыруға болады.  
Adobe  Illustrator  мәзірі.  Атау  жолы  астында  Menu  Бar  басты 
командалық  мәзір  жолы  орналасқан,  ол  келесі  командалар  тобын 
ұсынады:  File  (Файл),  Edit  (Түзеу),  Oбject  (Объект),  Туре  (Мәтін), 
Select  (Белгілеу),  Filter  (Фильтр),  Effect  (Эффект),  View  (Қарау), 
Window  (Терезе),  Help  (Анықтама).  Әрбір  топ  —  қызметтік  жағынан 
жақын  әрекеттерді  орындайтын  командалар  жиынтығы.  Мысалы,  Filter 
(Фильтр) мәзірі көптеген кіріккен және қосымша командалардан тұрады, 
ал Oбject (Объект) мәзірі белгіленген объекттермен жұмыс жасауға және 
т.б. арналған командаларды ұсынады.  
     134 


 
 
7.13-сурет.  Adobe  IllustratorNew  Document  (Жаңа  құжат)    диалогтік 
терезесі 
File  (Файл)  мәзіріндеқұжатты  ашуға,  жаңа  құжатты  құруға,  сақтауға 
немесе баспаға жіберуге мүмкіндік беретін кәдімгі командалар кіреді.  
Edit  (Түзеу)  мәзірі  қолданушыларға  жақсы  таныс  командалардан 
тұрады  (соңғы  әрекетті  қайтару,  буферге  көшіру,  буферден  қою  және 
т.б.). Қосымша мүмкіндіктер, мысалы, Paste in Front (Алдына жапсыру) 
жәнеPaste  in  Бack  (Артына  жапсыру)  Clipбoard  алмасу  буферінде 
сақталған  объектті  белгіленген  объекттің  алдына  немесе  артына  қоюға 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  Adobe  Illustrartor  осы  мәзірде  басып 
шығару реттемелері және  PDFэкспорттау параметрлері орналасқан.  
Белгіленген  объекттерді  жылжытуға  немесе  түрлендіруге  мүмкіндік 
беретін  барлық  командалар  Oбject  (Объект)  мәзірінде  орналасады.  Бұл 
мәзір арқылы объекттерді түрлендіруге, топтастыруға, топтан шығаруға, 
объекттердің реттілігін өзгертуге, белгіленген объекттерді бекітуге (Lock 
(Бекіту)  командасымен),сондай  ақ,  белгіленген  объекттерді  уақытша 
жасыруға (Hide Selection (Жасыру) командасымен) болады. Команданы 
орындау 
кезінде 
+ 
батырмаларын 
баса 
отырып, 
белгіленбеген объекттерді де жасыруға болады. 
Объекттердің бекітілуін алып тастау үшін Oбject (Объект)  мәзірінде 
Unlock All (Барлығын босату) командасын орындау жеткілікті.  
Барлық  бекітілген  объекттер  бір  уақытта  «босатылады».  Экранға, 
сонымен  қатар,  Show  All  (Барлығын  көрсету)  командасын  орындау 
арқылы барлық жасырын объекттерді қайтаруға болады.  
 
135 


Туре  (Мәтін)  мәзіріндегі  құралдар  құжаттың  кез  келген  бөлігінде 
көлденең  немесе  тік  мәтінді  теруге  және  форматтауға,  қисық  бойымен 
мәтінді  (Type  on  Path  (Мәтін  қисық  бойында),  сондай  ақ,  кез  келген 
пішіндегі объекттердің ішіне орналастыруға мүмкіндік береді.  
Select  (Белгілеу)  мәзірі  Adobe  PhotoShop-тан  таныс  командалардан 
тұрады.  
Filter (Фильтр) мәзірінде  Adobe PhotoShop бойынша таныс растрлық 
суреттердің  фильтрлермен  қатар,  векторлық  графикаға  арналған  ұқсас 
құралдар  орналасқан.  Олар  да  растрлық  фильтрлермен  ұқсас  фильтрлер 
деп  аталады  және      Effect  (Эффект)  мәзірінде  кейбір  түрлері 
қайталанады.  CorelDRAW-мен  салыстырғанда  Adobe  Illustratorбарлық 
фильтрлері мен эффекттері PostScript тілін қолдайды.  
Бағдарламаның жұмыс терезесіне суреттің шығарылуын басқару үшін 
View  (Қарау)  мәзірі  қолданылады.  Үнсіз  келісім  бойынша  Preview 
(Иллюстрация)  режимі  барлық  жиектеу  және  бояу  параметрлерін 
көрсетеді.  Outline  (Контур)  режимі  толық  құжатты  контур  түріннде 
көрсетеді.  Pixel  Preview  (Пиксельмен  көрсету)  режимі  суретті  веб-
браузерлерде  көрсетілін  түрінде  ұсынады.  Бұл  режим  қосылғанда 
векторлық сурет мезетте растрлық суретке түрленеді. Overprint Preview 
(Қабаттасуды  көрсету)  режиміқұжатты  полиграфиялық  орындауға 
дайындау  кезінде  пайдалы,  өйткені,  түстердің  қабаттасу  аймағын 
(overprint)  көруге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  View  (Қарау)  мәзірі 
арқылы  Show  Rulers  (Сызғыштарды  көрсету)  командасын  орындау 
арқылы өлшеу сызғыштарын көруге  болады(үнсіз келісім бойынша олар 
экранға шығарылмайды). Экранға сызғыштар шығарылғннан кейін Show 
Rulers  (Сызғыштарды  көрсету)  командасы  экраннан  сызғыштарды 
алып  тастауға  арналған  Hide  Rulers  (Сызғыштарды  жасыру) 
командасымен  алмастырылады.  Осыған  ұқсас,  экранға  тор  шығарылады 
(Show Grid (Торды көрсету) командасымен).  
Window  (Терезе)  мәзірінде  ашылған  файлдарды  ұйымдастыруға, 
сондай-ақ,  қалқымалы  палитраларды  экранға  шығаруға  немесе  алып 
тастауға болады.  
Help (Анықтама) мәзірі әдетте, қолданушы сұрақтарына жауап алуға 
мүмкіндік береді.  
Illustrator  құралдар  панелі.Құралдар  панелі  сурет  құруға  арналған 
негізгі  құрал  болып  табылады.  Панельдің  негізгі  құралдары  белгілердің 
бес тобынан тұрады (7.14-сурет).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
     136 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау