Барабан жарықтың кез-келген түріне сезімтал болады, бірақ нүктелер
лазердің көмегімен жасалғаны дұрыс. Кәсіби деңгейде құжаттар жасау
үшін қажетті жоғары ажыратылымдықты қамтамасыз ететін лазер.
Лазердің барабанға қалдырған әрбір дағы электрлік бейтарап болып
қалады, осылайша барабан бетіне таңбалардың кескіндері мен беттердің
суреттері салынады.
Лазер, бетінің қара бөлігін, яғни құжатты құрайтын таңбалар мен
суреттерге жататын барабанның аймақтарын бейтараптайды. Бұл басып
шығару процесі «қараны жазу» деп аталады (write-бlack). Ал беттің фоны
бейтараптандырылатын басып шығару процесі «ақты жазу» (write- white)
деп аталады.
6. Тонерді қолдану. Барабан айналған кезде, оның лазермен өңделген
беткі бөлігі тонер таратушы қорапқа түседі.
Тонердің тарату валигі магнитті қабатпен қапталған және тонер үшін
«қылқалам» функциясын орындайды. Тонер – бұл ерекше қасиеттері бар
қара ұнтақ, оның көмегімен басылып жатқан бетте сурет пайда болады.
Валик айналған кезде, контейнердегі тонер бөлшектері роликтің
магниттік бетіне таралады. Валик фотосезгіш барабанға тікелей жақын
жерде орналасқан және барабанның беті роликпен жанасқан кезде, тонер
бөлшектері лазердің көмегімен бейтараптандырылған аймақтарға
тартылады. Осылайша, тонер бөлшектері арқылы барабандағы бет бейнесі
пайда болады.
Барабан баяу айналуын жалғастырады және өз бетімен қағаздың
бетіне тиеді. Принтерде қағаз парағын науадан алып тастауға және басып
шығру құрылғысына осы парақты дәл айналмалы барабанның астында
етіп беру механизмі бар. Қағаз беру жылдамдығы барабан айналу
жылдамдығына сәйкес келеді. Қағаз парағының астында қағаз парағын
зарядтайтын тасымалдау коротроны деп аталатын басқа бір коротрон бар,
барабаннан алынған тонер бөлшектер оған тасымалданып, бейнені
қалыптастырады. Тонер қағазға көшірілгеннен кейін, барабан айналуды
жалғастырады және барабанның бетінің «тазартылуын» қамтамасыз
ететін разрядтық шамға (әдетте ол жарық диодтарының сызықтары)
түседі. Енді барабан толығымен қалпына келтірілді және келесі бетті
басып шығару үшін пайдалануға болады.
Бұл басып шығару процесінде қателердің болуы шамалы. Баспа
сапасына басып шығару құрылғысы элементтерінің өте тығыз орналасу
көмегімен қол жеткізіледі. Көптеген принтер өндірушілері тонер
картриджіне басып шығару құрылғысын орналастырады. Мұндай
конструктивті шешім картридждің құнын арттырады, бірақ принтердің ең
сезімтал элементтерін оңай ауыстыруға мүмкіндік береді.
7. Тонерді
бекіту.
Тонер
фотосезгіш
барабаннан
қағазға
көшірілгеннен кейін, қағаз қозғалысын жалғастырады және разрядтық
коротрон деп аталатын тағы бір коротронның үстімен өтеді. Тонерді
қағазға қолданбас бұрын тасымалдау коротронымен қолданылған зарядты
жояды. Бұл қағаз бетін принтердің басқа бөліктерімен, мысалы,
бағыттаушы
валиктермен,
жанастырмас
бұрын
электрлік
бейтараптандыру үшін қажет.
Сонымен, қағаз парағында белгілі бір бейнені бейнелейтін тонер
110
«шашылған». Тонер ұнтақ сияқты болады, сондықтан тіпті шағын әсер
кескінді бұзуы мүмкін. Тонерді қағазға бекіту үшін, парақ, 200 градусқа
дейін қыздырылған, екі валик арасынан өткізіледі. Бұл қыздыру тонер
бөлшектерінің балқуына және қағаз талшықтарымен байланысуына
әкеледі. Басып шығару процесі аяқталған кезде, қағаз парағы принтерден
«сүйретіліп шығады».
Сублимациялық принтерлер. Түсті сублимация (немесе түстің
термиялық берілуі) - принтермен газ тәрізді күйіне дейін қыздырылған
төрт түрлі түсті бояуы бар таспаны пайдаланатын басып шығару
технологиясы. Қағазға түспес бұрын түстер қажетті түсті түзу үшін
араласады. Бұл түрдегі принтерлер төрт түстің әрқайсысынан 256 реңкті
шығара алады; осылайша, теориялық жағынан түс палитрасы 16,7
миллион түске жете алады (3, 8-тарауларды қараңыз). Нәтижесінде
мұндай принтерде фотографиялық баспа сапасын алуға болады.
Баспа сапасының тамашалығына қарамастан, сублимациялық
принтерлер өте баяу, қымбат және қағаздың арнайы түрін қажет етеді.
Сонымен қатар, картриджінің құны туралы ұмытпау керек. Түсті
сублимациялық
принтерлер
балауызды
қолданатын
термиялық
принтерлермен үйлесімді, бірақ ол түрлі-түсті басып шығарудың әртүрлі
технологиялары болып табылады. Кейбір принтер өндірушілері осы екі
технологияны қолдайтын үлгілерді де жасайды. Мұндай модельдер
күнделікті басып шығару үшін балауызды қолданатын (ол арзанырақ)
термиялық технологияны пайдалануға және ақырғы және басқа да жоғары
сапалы басып шығаруға арналған сублимациялық технологияны
пайдалануға мүмкіндік береді.
Балауызды қолданатын термиялық принтерлер. Мұндай принтерлер
қатты сияға ұқсас, балауыз негізіндегі сияларды пайдаланады. Қағазға
жақпас бұрын, оларды еріту керек. Бұл басып шығару процесі
сублимациялық басып шығарудан жылдамырақ, сонымен қатар арнайы
қағаз түрлерін қажет етпейді. Осы түрдегі принтерлер басқа бүріккіш
принтерлерден жоғары баспа сапасымен ерекшеленеді.
Citizen және IBM / Lexmark фирмасының принтерлерінің кейбір
портативті үлгілері балауыз негізіндегі балқыту процесін қолданады.
Олар матрицалық принтерлер сияқты қарапайым бастиектерді, сондай-ақ
«бояу» таспасын (бастапқы пен соңғы басып шығару үшін екі бөлек)
қолданады.
6.2.
Сандық баспа машиналары
Сандық баспа машинасы (СБМ) – дәстүрлі баспа (офсеттік) сапасына
ұқсас, альтернативті баспа технологиясын қолданатын (тонерлер мен
сиялардың қолданылуымен) тираждық ізтаңбалар алуға арналған
құрылғы. Осылайша, СБМ қысқартылуы растрлы процессор жалғанған
салыстырмалы түрде қуаты төмен түрлі-түсті көшіру құрылғысын да,
қуатты арнайы тезәрекетті баспа құрылғысын да білдіруі мүмкін. Алайда
сандық баспада офистік принтерлерде қолданылатын технологиялар
пайдаланылады. Кей жағдайларда «сандық офсет», «сандық офсеттік
машина» қате терминдері кездесіп жатады, алайда бұл машиналар мен
технологиялардың офсеттік баспаның классикалық технологияларына
111
Достарыңызбен бөлісу: |