Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет40/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65

көгілдір, ашық-сары және сұр картридждер жиі қосылады. Принтерлердің 
кейбір  үлгілері  түсті  сиясы  бар  үш  резервуары  бар  бір  картриджді 
(көгілдір,  қызылкүрең  және  сары)  пайдаланады.  Сондай-ақ,  алты  түсті 
баспа  картридждерінің  жиынтығы  пайда  болды,  стандартты  түстерге 
қызғылт сары және жасыл қосылды. 
Термиялық  бүріккіш  басып  шығаруда  картридждегі  сия  400  °  C 
температурасына  дейін  қыздырылады.  Сонда,  олар  қайнайды  және  сия 
буын  құрайды.  Резервуардағы  қысым  артып,  шүмектер  арқылы  сия 
қағазға  кішкене  тамшылармен  шашылып  отырады.  Термиялық  түр  - 
бүріккіш  басып  шығару  технологиясында  бірінш  -  өте  танымал  болып 
қалады.  Оны  сияның  қайнаған  кезде  пайда  болған  көпіршіктері  үшін 
көбінесе «көпіршікті басып шығару» деп атайды. 
Пьезоэлектрлік  бүріккіш  басып  шығару  бүріккіш  басып  шығарудың 
салыстырмалы жаңа түрі (термиялық түріне қарағанда), ол бірнеше айқын 
артықшылығына  ие.  Қыздырудың  орнына  картридждегі  тесіктердің 
ішінде  пьезоэлектрлік  кристалдардың  электр  заряды  қолданылады.  Бұл 
кристалдар  электрлік  әсердің  нәтижесінде  өздерінің  пішінін  өзгертеді, 
осылайша  сияларды  саңылаулар  арқылы  итеріп  шығарады.  Бүріккіш 
басып шығару процесінде температура режимін өзгерту, біріншіден, ағып 
және жағылып кетпейтін  сияның  құрамын таңдауға  мүмкіндік  берді. (Өз 
қасиеттерін жоғары температурада сақтайтын сияның құрамын таңдау өте 
қиын).  Екіншіден,  төменгі  температурада  бүрку  тесіктерінің  қызмет  ету 
мерзімі ұзарады
Canon,  Hewlett-Packard  және  Epson  компанияларымен  өндірілген 
бүріккіш  принтерлердің  алғашқы  үлгілері  300-600  dpi  ең  жоғары 
ажыратымдылықпен  басып  шығара  алатын.  1990-жылдардың  ортасынан 
бастап 600 dpi кедергісі өтілді, ал қазіргі заманғы принтерлер (айтпақшы, 
ең қымбат емес құрылғылар) 1,200 немесе тіпті 1,440 х 720 нүкте / дюйм 
рұқсатымен басып шығаруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі заманғы бүріккіш принтерлерде тек бұрынғы лазерліктерге тән 
келесі  қасиеттер  бар:  олар  екі  жақты  басып  шығару  мүмкіндігіне  ие 
(кейбір модельдер); минутына 10 және одан да көп бет жылдамдықпен ақ-
қара мәтінді басып шығаруға мүмкіндік береді. Дәл бұл сипаттар бүріккіш 
принтерлерді  үйде  пайдалануға  тамаша  қылады.  Дегенмен,  бүріккіш 
принтерлер  жоғары  сапалы  басып  шығару  үшін  қымбат  шығын 
материалдарын  қажет  етеді.  Бүріккіш  принтерлердің  ең  үлкен  мәселесі  -  
стандартты қағазға сияны жағуы. Бұл мәселені ішінара шешу үшін үшін, 
мысалы,  лазерлік  принтерлерде  басып  шығаруға  пайдаланылатын 
қағаздардан өзгеше арнайы қағаз түрлерін пайдалануға болады. 
Лазерлік принтерлер. Лазерлік принтерлердің негізі болып табылатын 
баспа  техникасы  офистік  құрылғыларда  да,  сондай-ақ  кәсіби  көшірме 
аппараттары  мен  сандық  баспа  машиналарында  да  қолданылады  (6.2 
бөлімін  қараңыз).  Сондықтан  құжаттарды  лазерлік  принтерде  басып 
шығарылуын толығырақ қарастырайық. 
Лазерлік принтерде басып шығару процесі жеті кезеңнен тұрады: 
1)  қосылу; 
2)  деректерді өңдеу; 
3)  пішімдеу; 
  
   106 


 
 
4)  растеризация; 
5)  лазерлік сканерлеу; 
6)  тонерді қолдану; 
7)  тонерді бекіту. 
Әртүрлі  принтерлер  бұл  әрекеттерді  әртүрлі  тәсілдермен  орындайды, 
бірақ  принтерлердің  көпшілігі  бұл  әрекеттерді  осындай  дәйектілікпен 
орындайды.  Принтерлердің  арзан  үлгілері  басып  шығару  процесінде 
компьютерді  пайдаланады,  ал  қымбат  және  жетілдірілген  үлгілер 
операциялардың  көпшілігін  өздерінің  аппараттық  және  бағдарламалық 
құралдарымен орындайды. 
1.  Қосылу.  Компьютерді  принтерге  қосқанда,  басып  шығару 
тапсырмасы принтерге жіберіледі. Дегенмен, деректер ағыны қос бағытты 
болуы мүмкін, яғни принтер компьютерге басқару сигналдарын жіберуді 
тоқтата  тұру  немесе  жалғастыру  туралы  хабарлар  беруі  мүмкін.  Әдетте, 
принтерде  орнатылған  жады  көлемі  баспа  тапсырмасынан  әлдеқайда  аз 
болады. Буфер толғанда, принтер компьютерге деректерді тасымалдауды 
тоқтата  тұруды  ұсынады.  Бетті  басып  шығарғаннан  кейін,  принтер 
буферден  деректерді  оқиды  да  және  жіберілімді  жалғастыру  үшін 
компьютерге мәлімдейді. 
Жоғарыда 
айтылғандай, 
принтер 
жадысы 
басып 
шығару 
тапсырмасының  деректерін  сақтау  үшін  пайдаланылады,  ал  егер  ол 
жеткіліксіз  болса,  қосымша  модульдер  қосылуы  керек.  Кейбір  принтер 
үлгілері  басып  шығару  деректерін  және  қаріптер  жинақтарын  сақтауға 
арналған  бекітілген  қатты  дискімен  жабдықталған.  Басып  шығарудан 
бұрын тапсырмаларды уақытша сақтау процесі басып шығарудың спулингі 
(print spooling) деп аталады. 
Принтерлердің  көптеген  заманауи  үлгілері  принтердің  күйі  туралы 
ақпаратты  сұрауға  және  тіпті  бұрын  принтердегі  басқару  түймелерін 
пайдаланып  орнатуға  болатын  параметрлерді  конфигурациялауға 
мүмкіндік  беретін  қосымша  байланыс  мүмкіндігіне  ие.  Принтер  мен 
компьютер қосылымының осы түрі үшін қосымша мүмкіндіктерге ие порт 
керек, мысалы, ECP немесе EPP. 
2.  Деректерді  өңдеу.  Деректерді  принтерге  жүктегеннен  кейін, 
компьютер  кодты  түсіндіру  процесін  бастайды.  Көптеген  лазерлік 
принтерлер  басып  шығаруға  арналған  арнайы  компьютер  болып 
табылады,  себебі  оларда  шынайы  компьютердің  құрамдас  бөліктеріне 
ұқсас  жұмыс  жасайтын  микропроцессор және  жады  бар. Принтердің бұл 
бөлігі  контроллер  (controller)  немесе  интерпретатор  (interpreter)  деп 
аталады  және  беттің  сипаттамасының  тілін  (немесе  тілдерін) 
бағдарламалық қамтамасыз етуді орындайды. Ең көп қолданылатын Adobe 
Systems  Incorporated  фирмасымен  ұсынылған  PostScript  беттің  сипаттама 
тілі. 
3.  Пішімдеу. Деректерді интерпретациялау процесі пішімдеу кезеңін 
қамтиды,  оның  барысында,  құжаттың  мазмұны  бетте  қалай  орналасу 
керектігін  көрсететін,  командалар  орындалады.  Бұл  процесс  қайтадан 
принтердің  мүмкіндіктеріне  байланысты  болады.  Принтерлердің 
жетілмеген үлгілерінде процестің негізгі бөлігі компьютерде орындалады, 
ол принтерге парақтағы әр таңбаның нақты орнын сипаттайтын арнайы  
107 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау