§ 2. Танымның практикалық табиғаты
Практика (ргасііісоз - грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала коршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене кұрылысы, табиғатына байланысты айнала коршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жакты қатынаска түседі. Айнала коршаған орта нактылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамнын игеру мүмкіндігінен әркашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар коғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіліктерін етеуде болса керек.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен каналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала басталды.
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның кажеттіліктері де ғылымның дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан зор синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің «білім құмарлығы үшін» жұмсалды деп ойлау тым тұрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені органикалық шектелген энергия ресурстары (мұнай, газ, таскөмір) жылдан-жылға азайып, қазірдің өзінде алаңдатушылық тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен жаңа энергия көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау - бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. XX ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген эволюциялык химияның да алдындағы зор максат -күн сәулесін электр тогына айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с.
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы биологияға келер болсақ, мұндағы ғалымдардың алдына койған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микробиологиялық зерттеулер тіршілікті клондық, яғни бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең сырларын ашу - қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені тек осы зерттеулердің негізінде болашакта тұқым куу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, сонымен катар мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа ұшыраған халықтарға тиімді кемек беруге жол ашылады.
Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат практикасымен байланысты екенін байкауға болады. Мысалы, ғарыштағы орналасқан байланыс жүйелері аркылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып алып, көмек көрсетуге болады. Бүгінгі жер бетін толығынан шырмаған ақпарат жүйелері: интернетті өмірге енгізу, әртүрлі кұрлықтармен телефондық байланыс жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз мүмкін болмас еді.
Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың бәрі де таным үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін көрсетеді. Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты практикада, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағынасында жатканы сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |