Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап», - деген даналық ойлар айтады. Алайда әлсіреген халық көшпенділіктін шеңберінен өз ішкі күшімен шыға алмады: оған «ұлы мәртебелі Тарих» та уақыт бермеді, тек Ресей империясының құрамына кіріп, сан қилы киындықтардан өтіп барып, оның бүгінгі Егемендікке қолы жетті. Сондықтан әрбір саналы жас өзін қазақ халқының бейбіт, бақытты өмірін арман еткен бабаларының өсиетін жадында сақтап, Елді қорғауға, оның бірлігі мен іргетасын нығайтуға белсенді атсалысуы қажет. Ол үшін ең алдымен терен де сапалы білім алып, оны шынайы өмірде пайдалану жолдарын игерген жөн сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |