Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет187/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

«Алаң да алаң, алаң жұрт,


Ақ ала ордам қонған жұрт», - деген ақынның екі жолынан, бір жағынан, оның халқына деген махаббатын, екінші жағынан, оның оған деген аяныш сезімін байқауға болатын сияқты. Жырау өзінің жеке өмірін халқының тағдырымен ажырамастық тұрғыдан қарап:

«Кіндігімді кескен жұрт,


Кір-қоңымды жуған жұрт», - деп оны биік бағалайды. Жырау өз жұртын Отанды сүюге, ата-бабалардың ғүмыр кешкен айнала ортасын әлпештеуге, оны қорғауға шақырады. Оның қадірін ол мынандай өлең жолдарымен суреттейді:

«Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салұлы менің ордам қонған жер...

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер...»

«...Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған», - деген шумақтардан біз оның өз Отанына деген шексіз махаббатын көре аламыз. Мұндай әсем табиғатта өмір сүріп жатқан елдің «... Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең», - дейді ақын. Бұл сөздерден біз «дала демократиясының» шеңберінде ерікті өскен жыраудың қоғамдық қатынастардың қандай болуы тиістігі жөніндегі ой-арманын байқаймыз. Бірақ елде тыныштық жоқ, қырғын-тартыс бір де толастамайды:

«Бекіре ойнар ақ Жайық,

Бес қаруын асынып,

Батырлар жауға жортқан жер...

Көрінген мынау көк Нарын,

Ойран салып өткен жер», - деген жолдардан жыраудың, бір жағьнан, дала батырларының ерлігіне сүйсіне, екінші жағынан, тоқталмайтын тартысқа өкіне қарайтынын сезгендейміз...

XV ғ. аса көрнекті жыраулардың бірі - Асан қайғы. Оның аты ғасырлар бойы халықтың жадында сақталып, аңызға айналып кеткен. Жырау өмір сүрген уақыт - Алтын Орда мемлекетінің ыдырап, жаңа қазақ хандың мемлекеттігінің қалыптаса бастау кезеңі болатын. Міне, Асан қайғы осы күрделі де жауапты іске атсалысып, жаңа мемлекеттің ірге тасын қаласқан ұлы тұлға. Халықтың қамын көп ойлап, сол кездегі ел басындағылардың кемшіліктерін, кейбір тайыздықтарын көрсетіп, оларға ақыл беріп, дұрыс жол сілтегені үшін оны халық Асан қайғы деп атап кеткен. Жырау өзінің ішкі көкей көзімен болса да халықтың тарихындағы шешуші кезең келгенін сезіп, жаңа мемлекеттілікті құру жолында кетіп жатқан қателіктерді әшкерелеп, Жәнібек ханға былай дейді:

«... Ай, Жәнібек хан!

Айтпасам білмейсің,

Жайылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызып, терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай Өзеуреп неге сөйлейсің?».


Әрине, мемлекетті құру үшін халықтың алып жатқан жерін анықтап, оны қорғай білу керек, оны жырау жақсы тұсінеді. Ал «қымыз ішіп, қызарып» деген жолдары тіпті қазіргі заманға дейін өзекті: бүгінгі халық тарихының шешуші кезеңінде, осындай ауқымды көлемде қазақ жерінде тарихи алғашқы рет халықтың басы бірігіп, жаңа заманға сай мемлекеттілігін орнатып жатқан кезде, қаншама ірі-кіші лауазым иелері әлі де болса өз қалтасын мемлекеттің қазынасымен шатыстырып, «мастанып, қызын», қызмет бабын өз мүддесіне жаратып, жаңа мемлекеттің абыройына нұқсан келтіруде! Бұл да болса ұлы жыраудың даналығын көрсетеді.
Ал «Аққу құстың төресі,

Ен жайлап көлде жүр еді.



Аңдысып жүрген көп дұшпан,

Еліңе жау боп келеді», - деген жолдардан жыраудың



қазақ халқының болашақтағы қалмақтармен қақтығысын, бодандыққа ұшырайтынына алаңдап, сезгені сиякты ой келеді. Ол жаулардан құтылудың негізгі жолы - бейбіт өмірді қамтамасыз ету.

«Еділ бол да Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа,

Жолдасыңа жау тисе,



Жаныңды аяп түрыспа», - деген ақыл айтады ұлы жырау. Қазақ халқына нағыз керек нәрсе - ол ел бірлігі, рулар мен тайпалардың арасындағы тартыс, қантөгіске тыйым салу. «...Есенің де тірін де, Бір болыңыз бәріңіз!» - деп ұран тастайды Асан қайғы. Асан қайғы халықты бірлікке шақырып қана қоймай, оны қалай қамтамасыз ету керектігін талдайды, ел бастайтын топты халық қамын ойлауға, әділеттілікке шақырады.

«Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер...

Хан мен билер қысқанда, халық қайтып күн көрер?

Онда халық түнерер.

Халыққа қысым күш берер,

Халықтың кегі күшке енер» - деп, ұлы жырау ұстем тапқа халық атынан қатты ескерту жасайды.

Сонымен қатар Асан қайғы қоғам өміріндегі моральдық қағидаларға да кеп көңіл бөледі. Оның ойынша, әділдік - өтірік-өсекпен, алдау-арбаумен қабыспайды; даналық - өткен күндегі шындықты іздеу; қорқақтық - жау мен жауыздың алдында қашқақтау; залымдық - әлсізге жәбір көрсету; ақымақтық - айтқан ақылға көнбеу; т.с.с.



Асан қайғы - қазақ жерінен шыққан алғашқы утопист. Елдің ауыр тұрмысы, табиғат қатаңдығы, оқтын-оқтын болатын жұт, аштық т.с.с. оны қатты күйзелтеді. Табиғатқа қарсы тұру, оны өзгерту керектігі сияқты Батыс қоғамдарында пайда болған идеялар көшпенділерге тән нәрсе емес еді. Сондықтан ұлы жыраудың назары «жерұйықты» іздеуге бағытталады. Оның суы сүт, топырағы - май, тасы - алтыға, онда халық зардабы, соғыс, тартыс-қырқыс дегендер жоқ, бай да, кедей де жоқ, бәрі де - жеткілікті, бәрі де - бақытты. Ол мұндай «жұпар қорығын» өмір бойы іздеді. Ол, әрине, қай халық болмасын, бақытты өмірді аңсаған армандарының бір көрінісі еді.

Жоғарыда көрсетілген ой-толғаулар XVI ғ. өмір сүрген жыраулардың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Бұл кезеңнің көрнекті өкілі өмірден жастай кеткен Доспамбет жырау болды (30 жасқа келгенде, Астрахан манындағы бір шайқаста қаза табады). Оның толғауларынан өткен әскери-демократия кезеңіндегі көшпенділердің ерік пен теңдік, өз елін қорғаудағы ержүректік қасиеттерін, мақтаныш еткенін байқаймыз.



жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау