«Асан атты іспетті
Ен жайлауынан көшкен жұрт.
Зар илеп, баспай өксікті,
Ауыр күнді кешкен жұрт», - дейді.
Ол неге соншалықты қамықты, оның себебі неде болды деген сұрақ қойсақ, оған жырау былайша жауап береді:
«Ақтың жолын күзетпей,
Жамандықты тұтқан жұрт.
Сабыр етпей сандалып,
Сайда көшіп, жортқан жұрт.
Өз ағасын сыйламай,
Өзгенің соңынан ерген жұрт.
Ханына тізгін бермеген,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын білмеген
Жауына таланып қалған жұрт...
Бірауызды болмаған,
Тозуды тосқан біздің жұрт...».
Бұл шумақта жырау халықтың арасындағы бітпейтін алауыздықты, бір орталық билікке бағынбай, оның әлсіз болып қалғанын, сол себепті әрбіреудің сілтеген жағына ауытқып, өз-өзін жоғалтқанына тоқтала келе: «Өзіңнен-өзің безбе жұрт», - деген терең нақыл сөздер айтады.
Сол себепті де, Бұқар жырау барлық жан-тәнімен Абылай ханның бүкіл халықтың басын біріктіруге бағытталған саясатын қолдап, өзінің жыр-толғауларында оның тұлғасын мақтаныш етеді:
«Басына біткен күніңіз,
Құтты болсын ұлыңыз.
Хан Абылай атанды...
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманым бар ма, хан ием», - деп, өзінің қанағат еткенін білдіреді. Сонымен қатар жырау елбасының кемшіліктерін әшкерелеп, саяси батылдық көрсетіп, адал ниетпен кейбір уақытта оны қатты сынай білген:
«Ай, Абылай, Абылай,
Ал тілімді! Аласың,
Егер тілімді алмасаң,
Жалғыз жәутік қаласың...».
Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға ұшырағанын терең түсініп, оны жоқтады:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай...
Үш жүздің басын қосқан, Абылай!
Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! - деп зар жылады.
Таңғаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендігін төмендегі жолдар айқын дәлелдейді:
«Күнбатыстан бір дұшпан
Ақырда келер сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты поп...».
Егер сол кезде тіпті қазақ жерінде Ресей мемлекетінің суық желі байқалып тұрған деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай өз еркіне көндіріп, басқаратыны жөнінде айтқан жыраудың сөздері өзінің асқан көрегендігімен адамның жан-дүниесін дүр сілкіндіреді:
«Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына!
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды...». Тарих беттері соңынан толығымен бұл болжаудың даналығын көрсетті. Мына жыраудың геосаяси көзқарастарна көз жіберсек, ол бүгінгі қазаққа да үлкен ой тастайды:
«Шүршітпенен құлақтас,
Қырғызбенен жұбаптас.
Ортасында үйлығып,
Кетпейін десе, жері тар,
Кетейін десе, алды-артын
Қоршап бір алған кәуір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Буйірінен шаншу қадалып,
Сорлы бір қазақ қалды, ойла!». Әрине, бүгінгі таңдағы егемен Қазақ елі Дүниедегі ең беделді ірі мемлекеттерден өзінің дербестігі жөнінде кепіл алды. Сонымен қатар біз екі бүйірде жатқан екі алып мемлекет бар екенін ұмытпай, соған сәйкес ақылды да икемді саясат жүргізуіміз керек, сонда ғана біз жыраудың өсиетін орындаймыз.
Енді Бұқар жыраудың әлеуметтік-саяси көзқарастарынан өтіп, оның болмыс, адам жөніндегі ойларына келер болсақ, ол бұл Дүниені өтпелі жалған ретінде қарайды. Еш нәрсе бұл дүниеде мәңгі емес, сонымен қатар өмірге келген кұбылыс өзінің белгілі бір заңды сатыларынан өтіп барып, дүниеден кешеді:
«Он екі айда жаз келер,
Құс алдында қаз келер.
Айтын-айтпай немене,
Дәуреніңіз аз келер...».
Жыраудың ойынша, адам да басқа кұбылыстар сияқты, өз өмірінің саты-сатыларынан өтеді. Оны ол ғажап шеберлікпен, қазіргі тілмен айтқанда, экзистенциалды түрде қарайды:
«Балалық он жасыңыз
Балғын өскен кұрақтай.
Жиырма деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Отыз деген жасыңыз
Таудан аққан Бұлақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеулі түрған кұр аттай.
Алпыс деген жасыңыз
Күзгі сокқан жел екен.
Жетпіс деген жасыңыз
Жетім қалған күң екен...».
Жырау дүниенің қайшылықты екенін, олардың бір-біріне өтіп жататынын басып айтады:
«...Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз...».
Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келіп, уақыты келгенде бәрі де кетіп жатыр. Сонымен қатар өлместік дәрежеге жететін бір-ақ нәрсе бар. Ол - адам:
«...Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені -
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді», - деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам ғана өзінің шығармашылығымен, жақсы істерімен, өмірде өзінің ізін қалдыра алады. Сонымен қатар адам өзінің өмірінің соңы болатынын білетін пенде болғандықтан, ол өмірге ешқашанда тоймайды, оның арман-қиялдары, үміті таусылмайды, ол шексіздікке ұмтылған жан:
«Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жүлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!
...Қапалы күні қабарып.
Қайғының күні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жаныңа қылыш ұрса да,
...Өмірге тоймас адамзат! - деп қорытады ойшыл. Бұқар жырау өзінің нақыл сөздерімен, терең де әсем жырларымен «халық атасы» дәрежесіне көтерілген ғұламалардың қатарында қала бермек.
XVIII ғ. қазақ халқының ой-өрісіне жыраулармен қатар өзінің үлесін қосқан дана «қара қылды қақ жарған» билер болды. Атақты Қазыбек, Айтеке мен Төле билерді қазақ халқы өз жадында сақтап, олардың қазақ халқының мемлекеттігіне қосқан үлесін ешқашан есінен шығармаған. Сол заманда өмір сүрген Жаңыл ақын:
«Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау - Қазықұрттай білімді еді, Бірі күн, бірі туған айдай болып, Заманға сәйкесімен келіп еді», - деген екен.
Қазіргі тілмен айтсақ, Бұл билердің шешімдері адамдардың «табиғи құқтарына», олардың бір-біріне деген теңдігі мен еріктігіне негізделген болатын. Сонынен қатар олардың өмір, адамдардың қарым-қатынастары жөнінде айтқан талай-талай нақыл сөздері осы күнге шейін бізді таңғалдырады, олардың әрбіреуі үлкен кітапқа парапар. Мысалы, әйгілі батыр Шақшақ Жәнібек Төле биден ақыл сұрауға келгенде, соңғының айтқаны:
«...Өгізді өрге салма, қанатың талар,
Наданға көзіңді салма, сағың сынар,
Досыңа өтірік айтпа, сенімін кетер,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер.
...Тұмар түбі құрт болар,
Тұман түбі жұт болар.
Ақылдың түбі құт болар,
Елге бай емес, би - құт...», - деген екен. Қандай асыл, әрбір адамға керек сөздер! Төле бидің мына айтқан ақылы қазіргі мемлекет басында жүргендердің біршамасына әдейі жазылған сияқты:
«Лауазымың өссе зорайып,
Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.
Елді билеп өскеніңнен не пайда,
Рақатыңды көрмесе,
Ағайын мен халайық!
Көпшіл болған ер дана,
Достары болар әр сала.
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қала...».
Ақтабан шұбырындыдан кейін халық тағдырын терең ойлағаи Төле би көшпенділік өмір салтының тарихи сарқылысқа түскенін айқын сезінеді. Сондықтан ол халықты жерге тұрақтату саясатын алғашқы бастаған түлға десек, артық айтпаған болармыз:
«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап,
Ел болсақ отырысты болар еді-ау,
Қыстасақ Алатауды жазда жайлап.
Бір жағымыз қалалы диқан болсақ,
Көшпелі, бір жағымыз бие байлап,
Елдерден қатар жатқан үлгі алайық,
Достарыңызбен бөлісу: |