Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Тексермей неге отырмыз мұны ойланып»



жүктеу 5,05 Mb.
бет195/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан біз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты - күн сәулесінің жылдамдығының 300 мың км/сек. екенін білгенін байқаймыз. Екіншіден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшіншіден, табиғаттың терең сырларын әрі қарай зерттеп, диалектиқалық ұғымдармен ғылымды байыту керектігін терең сезінгенін көреміз.

Терең философиялық мәні бар ерекше мәселе - жан мен тәннің арақатынасы, өзара байланысы.

«Жансыз тән қалайша жүрмек?

Сол жан емес пе денелерді қозғап өсірмек.

Бас қозғалыс қой жанның атасы,

Ол жаратады түрлеп.

Сол жаннан талай жан өскен,

Жанына қарай тән өскен.» Сонымен, ақынның ойынша, жан мен тәннің арақатынасында басымдылық біріншіде, тәуелділік екіншіде, яғни сана, ақыл тәнді билейді.

Енді гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрім өзінің «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерінде ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жүмбақсырын ұқ, таныпбіл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, білу, нану, ұғыну - бәрі ақыл ісі, ал оның іргесі мида жатыр. Бірақ ол үшін адам ден белгілі ақпараттар алуы қажет. Оны жеткізетін - түйсіктер.

«Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын - иіс, тіл — дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек», - деген жолдар ақынның бұл мәселені өз заманының денгейінде шешкенін көрсетеді.

Сонымен қатар дүниені тану жолында соңғы ақиқатқа ешкім де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесіп кету де кездеседі. Сондықтан, бәрін ой елегінен өткізу қажет.

«Тегіс тексер, сөз көрсең - сыр мен сынын,

Түзетуге именбе тапсаң мінін.

Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп,

Былшылдапты дей көрме, білсең шынын». Бұл жолдарда ақын ғылыми этиқаның бүгінгі таңда бізге керек негізгі бір қағидасын алға тартады. Өйткені гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетістіктердің бәрін сынап, «бәрі - теріс, қате, шындыққа бүгін мен ғана жеттім», - деп лепіріп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес.

Енді, міне, ұлы ғалымның этиқалық, ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келді. Ол ойшылдың негізгі еңбегі - «Үш анықты» - басынан аяғына шейін самғап өтетін негізгі идея. Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылады. Бірінші - ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзаты мыңдаған жылдар бойы ізденіп, зерттеп жетті. Екінші - діннің берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылын келген «ақыл-ой мен сенім ақиқаттары», олардың ара-қатынасы. Осы екі «аныққа» ойшыл үшінші - ар-ұжданды қосып оның іргелілігін баса айтады. Яғни, Шәкәрім Абайдың «жүрек», «нұрлы ақыл» қатегорияларын әрі қарай тереңдетеді. Оның ойынша ар-ұжданға ынсап, әділет, мейірім кіреді. Шәкәрімнен кейін жарты ғасыр өткен шақта австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды «адамның ішкі Құдайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.,1990,с.90), деген болатын. Мұның өзі де бабамыздың өз заманын озған ғүлама екенін дәлелдемей ме ?

Ақыннын ойынша, ар-ұждан - рухтың өзегі, сондықтан бүкіл өнер-білім оның сынынан өтуі керек.

«Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі қосылса».


Біз Бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз - Өйткені, ол бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуы- аясындағы деді- өйткен,

үш шешуші мәселесіне айналып отыр. Ар-ұжданның аясындағы Ілім тіршілікті сақтап, қоғамды гұлдетеді, ал оны еске алмайтын ылын бүкіл тіршілікті адамзатпен бірге құртып жіберуі мүмкін. Оған бүгінгі таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пікірге екі дүниежүзілік соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтіп. мйллиондаған адам өмірінен айырылып барып келген болатын.

Шәкәрімнің заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физиқа ғылымы тек өзінің алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр еді. Болашақ болатын апатты әлі ешкім сезінген жоқты. Ғылымның тез қарқынмен дамуының негізінде сциентистік-технократиялық (таза ғылым мен техниқаның шешуші рөлін мойындайтын ілім) көзқарастар кең етек алған болатын. Міне, осындай ахуалда ұлы бабамыз көрегендік танытып, болашақта болуы мүмкін апаттарды алдын ала болжай білді. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар.

Өкінішке қарай, қазақ еліндегі реформаларды жұргізу сатыларының алғашқы кезеңдерінде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан діні мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негізделген саясат басым болып, оның қаншама теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Менмендік, қоғамдық пікірмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкаппарлық т.с.с. келеңсіз кұбылыстар тек адамгершілікке, ар-ұжданға негізделген саясат арқылы ғана жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек.

Қазіргі жаңару сатымызда Шәкәрімнің айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары да бізге рухани азық болмақ. «Ақ ісіңе Құдай жақ, Адамнан тіпті шошыма» немесе: Құдай таза жаратты, сен таза бол,

Ұқсаң анық айттым ғой, Бұл—таза жол», - дейді ақын. Сонымен бірге ол әрбір адамды жасампаздық енбекке шақырады: «Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе,

Бәрін Құдай қылады дегенге ерме», - деп ескертеді. Әсіресе, мына жолдар бізге ауадай қажет сияқты: «Өнер қылма ар сатып жалданбақты, Ұлық болып елді жеп мақтанбақты.

Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,

Қашан жақсы көруші ел алданбақты».

Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік те терең, өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкіл әлемдік білімге өз үлесін қосты деп айтуға әбден болады.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау