20 -сурет – Мәмілелердің мәні
Мәміле кейінге қалдырған шартпен жасалды деп саналады, егер тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатудың болуы немесе болмауы белгісіз жағдайларды ескере отырып жасаған кезде. Сондықтан мәмілелік құқық пен міндет оны жасаған кезде емес, жағдайдың туындауына байланысты болады.
Мысалы, бір азамат екіншісіне жиһаз сатқанда, ол жаңа жиһаз сатып алғаннан кейін, сатып алушы меншік иесі болады деген мәмілеге бар енгізеді.
Мәміле болдырмайтын шартпен жасалды деп саналады, егерде тараптар өз құқықтары мен міндеттерін тоқтатуды белгілі бір жағдайдың туындауына байланысты жасаған кезде.
Мысалы, азамат өз саяжайын басқа біреуге жалға беру кезінде, оған әйелі шетелден ғылыми іс - сапардан келгенге дейін береді, ал ол келгеннен кейін, жалға алушының құқығы тоқтатылады.
Мәміленің абстрактілігі (дерексіздігі) оның жарамдылық негізіне байланысты емес яғни мәміле мақсатына байланысты болмайтындығын білдіреді.
Мақсатты байланыстық мәмілелер – мазмұнынан оның тараптары қандай мақсатты көздейтіндігі көрсетілетін мәмілелер. Каузальды мәміленің шынайылығы оның мақсатына байланысты қойылады. Мақсат заңды және қол жетімді болуы керек. Каузальды мәміле абстрактілі мәміленің қарама-қайшы түрі болып табылады.
Мәміленің жарамдылық шарттары 21- суретте көрсетілген.
МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
21-сурет. Мәмілелердің жарамдылық шарттары
Мәміленің жазбаша түрі (келісімшарт) тараптармен қол қойылған бір құжатты құрастыру жолымен, сонымен қатар электронды, телефонды, телеграфты, почталық немесе басқа да байланыс құралымен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Мәміленің нотариалды куәландырылуы жазбаша түрде орындалған құжатқа, нотариалды іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы нотариустың немесе басқа лауазымды тұлғаның куәландырылатын қолының қойылуымен жүзеге асырылады. Мәмілелерді нотариалды куәландыру келесідей жағдайларда міндетті: заңда көрсетілген жағдайларда, заң бойынша аталған қызмет түрлері үш тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайда. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуымен, басқа біреуге өтуімен немесе тоқтатылуымен және басқа да құқықтармен байланысты мәмілелер мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Жылжымайтын мүлікке жер участкелері, жер астындағы байлықтар, су объектілері, ормандар, көпжылдық өсімдіктер, үйлер, ғимараттар және т.б. жатады.
Мәміленің жарамсыздық шарттары 22-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |