Жамбыл облысындағы жұмыссыздықТЫҢ Әлеуметтiк-экономикалық салдары және оны азайтудың негізгі бағыттары



Дата25.01.2020
өлшемі66 Kb.
#27303

УДК 658:312.05
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ АЗАЙТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Сейдахметов М.Қ.,Тұрсын М.Б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
20 ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында басталған және қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар маңызды қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл мәселелердің қиындығы мен көптүрлілігін есепке ала отырып олардың ішінен бір мәселені жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдарын анықтау және болдырмау мәселесін қарастырамыз.

Шынында, өтпелі кезеңде көпшілік адамдарды рационалды жұмысбастылық құрылымды қалыптастыру мақсатында түрткі болудың құралы оларды тиімсіз өндірістен ығыстыру болып табылады. Осымен қатар өте қатаң шараларды қолдану кәсіпорындардың көпшілігінің жабылып қалуына және әлеуметтік дүмпуге әкеліп соғатын жұмыссыздықтың пайда болуына себебін тигізеді. Сондықтан қатаңдықтың “дұрыс шараларын” сақтау қажет.

Әлбетте, жұмыстан босап қалған жұмыскерлер саны мен төленетін төлем ақы соммасын түрінде тек жұмыссыздықтың экономикалық эффекті ғана бағаланады да, ал әлеуметтік салдары бағаланбайды. Бірақ жұмыссыздықтың елдегі жағдайына теріс әсер ететін деңгейі нақты әлеуметтік жағдайдың параметрлеріне тәуелді. Қазақстан халқының, жұмыссыздардың төмен материалдық қамтамасыз етілуіне, сонымен қатар қоғамдағы жоғары әлеуметтік шиеленістердің салдарынан әлеуметтік күйзеліс туғызатын жұмыссыздық деңгейі жоғары. Осыған байланысты жұмыссыздықтың әлеуметтік және экономикалық салдарын жеке-жеке қарастыру қажеттілігі туындайды [1].

Біздің ойымызша, маңызды деген жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдарының жүйеге оң және теріс ықпал тигізетін көзқарасынан қарастырылатын толық классификациясын ұсынуға болады. Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік салдары болып қылмыстың көбеюі, әлеуметтік шиеленістің күшеюі, физикалық және рухани аурулар санының өсуі, әлеуметтік теңсіздіктің көбеюі, еңбек белсенділігінің төмендеуі табылады.

Оң салдары: жұмыс орнының әлеуметтік құндылығының жоғарылауы, жеке бос уақыттың көбеюі, жұмыс орнын таңдау бостандығының өсуі, еңбектің әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығының өсуі.

Теріс экономикалық салдарына оқудың құнсыздануы, өндірістің қысқаруы, жұмыссыздарға көмек шығындары, мамандықты жоғалту, өмір деңгейінің төмендеуі, ұлттық табыстың өндірілмеуі, салық түсімдерінің азаюы жатады.

Оң экономикалық салдары: экономиканы құрылымдық қайта құру үшін жұмыс күші резервін құру, еңбекке қабілеттілігін дамыту, ынталандыру ретінде жұмыскерлер арасындағы бәсекелестік, білім деңгейін жоғарылату және қайта оқыту үшін жұмысбастылықтағы үзіліс, еңбек қарқынын және өнімділігін өсуді ынталандыру.

Жұмыссыздықтың теріс әлеуметтік-экономикалық салдарын жою немесе жеңілдету үшін мемлекет қажетті шаралар жасауы қажет.

Жұмысбастылық қызмет көрсету орны еңбек рыногының реттеушілері болып табылады. Ол бұл міндетті рынок жағдайы туралы ақпараттарды жинап, жұмыс күші тепе-теңсіздік зонасын анықтай отырып орындайды. Жұмысбастылық қызмет орны мүмкін болатын дисбалансты жөндеу жолдарын жеке тұлғалар мен органдарға көрсете отырып, жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасында кәсіби және географиялық тепе-теңдікті анықтайды [2].

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелерін реттейтін негізгі заң актісі болды. Онда мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуының негізгі жағдайлары, жұмысбастылықты реттеудің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек құқығын жүзеге асыру бойынша, материалдық және әлеуметтік көмек, жұмысын жоғалтқан жағдайда мемлекет тарапынан кепілдеме беру сияқты маңызды мәселелер қарастырылған.

Еңбек нарығына сыртқы факторларының әсер етуі әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның ықпал ету дәрежесіне байланысты және ол ықпал ету үдерістерінің дамуы мен республиканың Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруімен күшейе түседі. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістер қазіргі уақытқа дейін республиканың еңбек нарығына онша әсер етпейді. Әлемдік бағалардың шикізат ресурстары коньюнктурасы экономика мен әлеуметтік саланың дамуына тұрақты әсерін тигізеді.

Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына байланысты анықталады.

Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-психологиялық және медициналық-демографиялық шаралардың жиынтығы жатады. Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын ұзарту мен оған жәрдемақы төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық ахуалды жақсарту жатады.

Еңбек нарығының негізгі индикаторларын келесі кестеден қарастырамыз.


Кесте 1

Еңбек нарығының негізгі индикаторлары, мың адам



Көрсеткіштер



Жылдар

Өзгеру қарқыны

2010/2009%



2007

2008

2009

2010

1. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық

510,7

548,6

567,1

577,1

101,8

2. Жұмыспен қамтылған халық

463,9

506,2

530,1

539,2

101,7

3. Жалдамалы қызметкерлер

237,2

249,2

256,4

258,5

100,8

4. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

226,7

257,1

273,7

280,7

102,6

5. Жұмыссыз халық

46,9

42,4

37,0

37,7

101,9

6. Жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтардың саны

4,1

3,0

2,5

2,2

88,0

7. Экономикалық тұрғыдан енжар халық

207,7

176,5

163,1

162,5

99,6

Кестеден көріп отырғанымыздай, Жамбыл облысында экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны есепті жылы 577,1 мың адамды құрады және ол өткен жылмен салыстырғанда 1,8% өсті. Жұмыспен қамтылған халық саны да жылдан - жылға өсіп, есепті жылы 539,2 мың адамды құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 258,5 мың адамды құрайды. Жалпы жұмыспен қамтылған халықтың құрамына келетін болсақ, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалдамалы қызметкерлер санынан көбірек болып отыр. Жалпы алғанда, жұмыссыз халық саны есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 1,9% артып, 37,7 мың адамды құрады. Мұның негізгі себебі – аймақтағы экономикалық дағдарыс салдарынан кейбір өндіріс орындарының тоқтап қалуы.

Жұмыссыз халықтың құрамына келетін болсақ, Жамбыл облысында жұмыссыздар санының негізгі бөлігі - әйелдер болып отыр. Облыстағы есепті жылғы 37,7 мың адамның ішінде 21,9 мың әйел жұмыссыз. Бұл жағдай қала мен ауыл халқына да бірдей тән болып келеді. Мысалы, Тараз қаласында 7 мың ер адам жұмыссыз болса, жұмыссыз әйелдер саны 11,2 мың адам [3].

Әлемде болып жатқан қаржы дағдарысына байланысты облыс көлемінде өндірістік процестерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы 438 меморандумға қол қойылды.

Еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдарын ғылыми зерттеу нәтижелері қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

1. Еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздері зерттеліп, еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктері және әлеуметтік – экономикалық мазмұны мен факторлары анықталды.

2. Еңбек нарығын реттеудің шетелдік тәжірибесін зерттей келе, оның кемшіліктері мен жетістіктері айқындалып, Қазақстан өзінің ұлттык еңбек нарығы үлгісін жасаудың қажеттігі қарастырылды.

3. Еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингісін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру негізінде жасырын жұмыспен қамтылғандар, жасырын жұмыссыздар, өзіндік жұмыспен қамтылғандар айқындалды.

4. Болжамды зерттеулер жүргізу келесідей шешім жасауға мүмкіндік береді:

- өмірдің қазіргі жағдайдағы ерекшелігі облыстағы жұмыспен қамту және олардың өмірлік деңгейін жоғарылату мақсатында кадрларды дайындау мен оларды жұмысқа орналастыру тиімділігін қамтамасыз ету үшін нарық процесінде субъектілердің экономикалық өзарақатынасына толық талдау жасауды талап етеді. Талдаудың тиімді әдістерінің бірі экономикалық-математикалық талдау. Сондай модельдік талдау кезінде алынған сапасын тексеруден кейін экономикалық динамиканы болжау үшін қолданылуы мүмкін;

- талдау барысында тұрғындарды еңбекпен қамту санын анықтайтын бағыты есептелінді және бағаланды. Жиынтық өзара байланыс еңбекпен қамтылған тұрғындар санына әсер ететін факторларды ранжирлеу деңгейі бойынша бірінші кезекте экономикадағы еңбекпен қамтылғандар санын талдауға мүмкіндік береді.

5. Жамбыл облысы бойынша еңбек ресурстарын пайдалануды жақсартудың негізгі шаралары келесідей болуы керек:

- облыс тұрғындары үшін жалпы ұлттық деңейдегі бос тұрған жұмыс орындары мен жұмысшыларға қойылатын талаптар жөнінде ақпараттық жүйені қалыптастыру;

- болашақта еңбек нарығының тапсырысына еңбек ресурстарын қайта дайындау;

- елдің барлық аймақтарында оның ішінде ауылдық жерлерде еңбекке сұраныс пен ұсыныс бойынша инфрақұрылымды дамыту;

- салааралық және кәсіпкерлік еңбек ресурстарын, еңбектің көші-қонын реттеп қайта орналастыруға өз үлесін қосатын іс-шараларын жасап қабылдау;

- мамандық, тұрақты кәсіп және алдын-ала сұраныс бойынша, орнынан босап қалған жұмысшыны қайта дайындау жүйесін және кәсіптік білім беру мониторингін жасау;

- ауылдағы фирмаларды инфрақұрылымдық дамыту, ол жұмысшы орындарының санын көп ұлғайтады және еңбек нарығын бәсеңдетеді;

- жаңа жұмыс орындарының құрылу ісін қолдау;

- еңбек ресурстар нарығындағы қажеттілікке қол жеткізу үшін басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет;

6. Облыстың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-институттық тетіктерін жетілдіру үшін келесідей бағыттарды іске қосу қажет:

- облыс тұрғындарын еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;

- облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу;

- жұмыссыздардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, яғни экономика салалары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;

7. Жастарды жұмыспен қамту жағдайының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін бағыттарға жалпы білім беру және жастарды еңбекке кәсіби тұрғыдан дайындау жатады. Жастарды еңбекпен қамтуға ықпал етуге төмендегілер жатады:

- жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға қолдау көрсету;

- тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру;

- жасөспірімдер жастардың екінші рет жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға мүмкіндіктер тудыру;

- жастарды жұмыспен қамтуға арналған мекемелер және кәсіпорындар инфрақұрылымын құру.

8. Еңбек ресурстары мен капиталдың территориялық жылдамдығының өсуіне жәрдемдесетін жағдайлар жасауға мыналар жатады:

- жұмыс орны мол аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымды өркендету;

- еңбек жалақысын төлеуге дифференциалды саясат жүргізу;

- жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейіндегі аудандар кәсіпорындардың жаңадан жұмыс орнын жасаудағы бағдарламасын қолдап, оларға салық жеңілдігін қоса іске асыру.

9. Еңбек нарығын құру және әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақстында төмендегі жұмыстарды жүзеге асыру қажет:

- үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және кәсіподақтар өкілдерін әлеуметтік бағдарламаларды дайындау және іске асыруға тарту;

- жұмыссыздықтан мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруға және енгізуге ықпал жасау;

- облыстық үш жақты келісім, ұжымдық және жеке еңбек шартын жасау бойынша атқарушы органдарға, жұмыс беруші және кәсіподақ бірлестіктеріне әдістемелік және ақпараттық көмектер беру;



- жасалған ұжымдық шарттардың есептік тіркелуін жүргізуді қамтамасыз ету.
Әдебиет


  1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2009.

  2. Абильшаиков Н. Еліміздің нарықтық заман экономикасының айшықтары // Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің жаршысы. – 2010. – №1-2. – Б.104-109.

  3. Регионы Казахстана // Стат. сборник. – Астана: Агенство РК по статистике, 2011.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау