242
Өкілеттік пен билік арасындағы айырмашылықтарды білген
жөн. Олардың бір-біріне мағына жағынан жуықтығы соншалықты,
оларды бір-бірінен көпшілігі ажырата бермейді. Өкілеттіліктер
ұйым ресурсын пайдалануға құқық берілген осы қызмет орнына
тән шектелген, тапсырылған құқық ретінде айқындалады. Биліктің
бұдан айырмашылығы ахуалға әсер ете алу мүмкіндігі немесе іс-
әрекет ететін нақты мүмкіншілігі бар болып табылады. Өкілеттілікке
ие
болмай-ақ, билікті ұстауға болады.
Өкілеттіліктер қайсы бір қызмет орнында отырған адамның
әрекет етуге құқығы бар екендігін айқындайды. Билікті қолдану
тәсілдері ұйымға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.
33. Менеджменттегі мотивация теориялары
Мотивация және негізгі ұғымдар
Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін менеджерлер
тәжірибе жүзінде мотивация қағидаларын қабыл алады.
Мотивацияның әр түрлі анықтауы мен түсінуі бар.
Менеджмент
негіздерінде ол ұйымның жеке мақсаттарына жету үшін іс-
әрекетке өзін және басқаларын жетелейтін, түрткі болатын үрдіс
244
табылады. Осылайша мотивация жүйесі тәртіп, мінез-құлық
үлгілерін анықтайтын әр түрлі себептер жиынтығы ретінде
қалыптасады.
Қайсыбір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін адам қызығушылық
танытады. Қызығушылық – өте қуатты қозғаушы күш, шын мәнісінде
өзіне-өзі мотивация жүйесі. Бұл жүйе былайша бейнеленеді:
біріншіден, іс-әрекет себептері жұмыстан ең көп қанағаттану
сезімін алуға мүмкіндік
беруі маңызды;
екіншіден, атқару себептерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік
жасау қажет. Американдық менеджмент теоретигі Фредерик
Тейлордың пікірінше, міндеттер керекті адамды керек жерге қоюға
сайып келеді. Сонда әрбір адам өзінің барлық күшін толығымен
пайдаланады.
үшіншіден,
қатынасуға,
деген
қажеттіліктің
де
қанағаттандырылуы маңызды. Егер еңбек жағдайлары мұндай
мүмкіндік бермесе, жұмыстан тыс уақытта қатынас жағдайларын
жасаған жөн.
Мотивация теориялары
Мотивация теориясының барлық жиынтығы шартты түрде екі
категорияға бөлінеді: мазмұндылық және процессуалдық.
Мотивацияның мазмұндылық теориясы адамдарды басқаша
емес, дәл солай іс-әрекет жасауына мәжбүр ететін ішкі ынтасын
(қажеттілік деп аталатын) ұқсастыруға (теңдестірілу), негізделеді.
Мотивацияның процессуалдық теориясы ең алдымен адам¬дар
әсерді қабыл алу мен танымды ескере отырып, өздерін қалай
ұстайтындығына негізделеді. Негізгі процессуалды теориялар
– күту теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулердің
себептеме үлгісі.
Бұл теорияның мәнін түсіну үшін ең алдымен қажеттілік және
сыйақы сияқты түсініктердің мағынасын игеру керек.
Қажеттілік – сұраныс басқаратын жасырын себептерді бейнелеу.
Сондықтан қажеттілік пен сұраныс – бірдей нәрсе емес.
Қажеттілік сұранысқа қалай ықпал ететінін түсіну бизнесте
қажетті және міндетті қажет. Қазіргі заманғы менеджментке
тұтынушылық сұраныс басқаратын қажеттілік құрылымдарына
деген зор және шынайы қызығушылық тән. Кәсіпкерліктің табысқа
жетуінің сыры да осында.