Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет66/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95

207
бәсекелестігі жетілген нарық деп саналмайды.
Әйгілі  америкалық  экономист  П.  Самуэльсон  еркін  нарық 
жағдайындағы бәсекелестікті былайша сипаттайды:
«Бәсекелестік  жүйесі  нарық  пен  баға  жүйесі  арқылы  саналы 
түрде  жүзеге  аспаса  да  үйлестіруге  әкелетін  кейінге  шегерілген 
тетікті білдіреді. Ол, сондай-ақ, миллиондаған адамдардың танымын 
кеңейтіп, күш-жігерін ұштайтын коммуникациялық құрылғыны да 
еске түсіреді. Бәсекелестік бір орталықтан жоспарланып жатпай-ақ 
мыңдаған белгісіз өзгермелілерді қамти отырып, барлық мәселені 
шеше алады. Оны ешкім жобалай алмайды: ол өзгерістерге ұшырауға 
бейім адам табиғаты тәрізді табиғи жолмен пайда болады. Алайда, 
бұл жүйе барлық әлеуметтік ұйымдардың сын тезінен сүрінбей өтті 
– ол өмір сүруге қабілетті екенін көрсетті».
Елдің бәсекеге 
жарамдылығын бағалау әдістері
Ғылыми  мүдде  «Юрониен  менеджмент  форум»  атты 
швейцариялық  ұйым  әзірлеген  Елдің  бәсекеге  жарамдылығын 
бағалайтын  әдістерді  білдіреді.  Оған  сәйкес  елдің  бәсекеге 
жарамдылығы  10  фактормен  бағаланады.  Бұл  он  фактор  245 
критерийді ескереді. Оның 187-сі БҰҰ (ООН), ЭЫДҰ (ОЭСР), ХВҚ 
(МВФ)-ның  стратегиялық  мәліметтеріне  негізделсе,  58-і  сараптау 
жолымен анықталған.
Елдің  бәсекеге  жарамдылық  факторларына  әдістемеге  сәйкес 
мыналар жатады: 
- экономика серпіні; 
- өнеркәсіп өндірісінің тиімділігі; 
- нарық серпіні; 
- қаржылық жүйенің серпіні; 
- адам ресурстары және инфрақұрылым; 
- сауда қызметінің мотивациясы;
- жаңа енгізулерге қатысты елдің ұстанатын саясаты; 
- елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.
1982 жылы бұл ұйым 22 елдің бәсекеге жарамдылығын бағалады. 
Бірінші  орынға  басқа  елдермен  салыстырғанда  деңгейі  жер  мен 
көктей  биік  Жапония  шықты  (бәсекелестіктің  артықшылықты 
факторларын  пайдалану  деңгейі  99,9%),  одан  кейінгі  орындарда 
Швейцария (87,5%), АҚШ (80,9%), ГФР (74,0%), Швеция (56%).


208
Басқарудың барлық деңгейі адам факторларын ескере отырып, 
маркетинг  тұжырымдамасы,  ғылыми  әдістер  мен  тәсілдер 
негізінде объекті тудыратын бәсекелесудің қабілетіне қол жеткізуге 
бағдарланған менеджмент тұжырымдамасына көшуі керек. Тауарлар 
мен қызметтердің бәсекелесе алатын қабілетін зерттеу барысында 
оған қол жеткізетін мына бес факторды ескерген жөн:
-  құрылымның  өңдеп  жасауымен  анықталған  менеджмент 
жүйесінің  сапасы,  мазмұны,  осы  жүйенің  ішкі  және  сыртқы 
байланыстары; 
- тағайындалу (міндет), сенімділік, экологиялық, технологиялық, 
эргонамикалық,  патентке  қабілеттілік,  стандарттау  және 
бірегейлендіру,  яғни  бірыңғайлау  (унификация)  көрсеткіштерінің 
прогресшілдігі 
мен 
оңтайлылығы 
тұрғысынан 
алғанда 
конструкторлық-жобалау құжаттамасының сапасы; 
-  өндіріс  пен  еңбекті  ұйымдастыру  деңгейімен,  объектінің 
сапасын басқару жүйесімен, материал, технология, саймандардың 
прогресшілділігімен анықталатын объектінің дайындық сапасы; 
-  нормативтік  қызмет  мерзімі  ішінде  объектіні  сатып  алуға, 
тасымалдауға, пайдалануға, жөндеуге және кәдеге жаратуға кеткен 
нақты тұтынушының шығындары; 
- тұтынушының мүддесін қорғаудың құқықтық, нормаларының 
сақталу деңгейімен, буып-түюдің (орамының) сапасымен, сақталу 
жағдайымен,  сатумен,  жабдықтаумен,  кепілдікті  қызмет  етуімен, 
жабдықтаумен  және  т.б.  анықталатын  нақты  тұтынушының 
қосымша қажеттіліктерінің қанағаттандырылу деңгейі. 
2004  жылы  АҚШ  Давостағы  халықаралық  Экономикалық 
форум қоғамдастығы ұсынған жыл сайынғы бәсекеге жарамдылық 
рейтінгісінде  жеткілікті  дәрежеде  табандылық  танытып  келген 
Финляндияны  артқа  тастап,  алдыңғы  орынға  шықты.  АҚШ  осы 
жолы екінші орынды иеленіп, үшінші орынға Тайвань шықты, ал 
бірінші  алтылыққа,  сондай-ақ,  Дания,  Норвегия  және  Сингапур 
кірді.
104  елге  жасалған  бәсекеге  жарамдылықтарының  өсу  индексі 
екі  типтегі  мәліметтердің  көмегімен  есептеледі:  50-ге  жуық 
елдің  3,5  мыңға  дейін  жоғары  және  орта  буын  менеджерлерінен 
статистикалық және мәліметтік сауалнама алынды.
Мәліметтерді  талдау  барысында  үш  өзгермелінің  негізіне 
сүйенуге болады:


209
- елдің технологиялық деңгейі; 
-  оның  қоғамдық  институттарының  сапасы  (заңды  базалары 
және т.б.);
- макроэкономикалық жағдайлары.
27. Басқару әдістерін жіктеудің ғылыми негіздері
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың 
жалпы ғылыми әдістері мен қағидалары 
Басқару әдістері – басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге 
қол  жеткізуі  үшін  басқару  объектісіне  ықпал  етуде  қолданатын 
құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару 
үрдісінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару үрдісін 
қалыптастыратын  жекелеген  операцияларды,  процедураларды, 
жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіндер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
-  жекелеген  міндетті  істерді  орындау  әдістері:  болжау  және 
жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу, бақылау және т.б.
Осылайша,  тек  жекелеген  жұмыстарды  орындауға  келетін 
басқару үрдісінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, 
ол  (басқару  әдістері)  басқару  объектісіне  ықпал  етудің  аяқталған 
актісін сипаттайды.
Жіктеудің  жалпы  тәсілдерінің  бірі  –  бұл  жалпы  ғылыми  және 
өзіндік ерекшелігі бар (жеке) әдістерін олардың білім салаларында 
қолданылу белгісі бойынша топқа бөлу болып табылады.
Жалпы  ғылыми  әдістерді  әдістемелік  нұсқаулықтардан  көруге 
болады.  Олар  менеджмент  әдістер  жүйесінің  негізін  құрайды, 
мәселені жүйелі әрі кешенді тәсілдемелермен шешуге негізделген 
оның  жалпы  ғылыми  әдістемесін  қалыптастырады.  Жалпы 
ғылыми  әдістерге,  сондай-ақ,  зерделенетін  құбылыстардың 
тарихи  тәсілдемесі,  үлгілеу,  тәжірибе  жүргізу,  экономикалық-
математикалық  алгоритмдерді  пайдалану,  әлеуметтік  зерттеулер 
және т.б. жатады.
Тарихи  тәсілдеме  әсер  ететін  факторлар  мен  жағдайларды 
ескере  отырып,  мәселені  хронологиялық  тізбектілікпен  зерттеуді 
ұйғарады.


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау