196
- тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы
салааралық және аймақаралық
байланыстар арқылы қалыптасатын бірыңғай нарықтық кеңістікті
қалыптастыру;
- бір жағынан – «тұтынуды арттыруды», екінші жағынан
ұсынысты кеңейтуді
бір-біріне себепкер ету;
- бәсекелесуші әлеуметтік топтардың (ең алдымен кәсіпкерлер
мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы) әлеуметтік қарама-
қайшылығын бәсеңдетуге (амортизация) мүмкіндік тудыратын
экономикалық реттеудің
әлеуметтік бағдарлануы;
-
экономиканы
монополизациялауға,
теріс
пиғылды
бәсекелестікке қарсы бағытталған тауар нарығындағы бәсекелестік
қатынастарды заң тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да
орталықтандырып, реттеу;
- акционерлік және басқа да ұжымдық меншік формаларын
дамыту арқылы тауар нарығындағы бәсекелестік қатынасқа кез
келген азаматты қатыстырудың мүмкіндіктерін кеңейту.
Бизнес және үкімет
Үкімет еркін кәсіпкерлік жүйесінде елеулі рөл атқаруы керек.
Мемлекеттік реттеуді алты негізгі топқа бөлуге болады:
қауіпсіздікті, денсаулықты және қоршаған ортаны реттеу; көлікті
реттеу; еңбек қатынастарын реттеу; қаржыны реттеу; энергетиканы
реттеу.
Реттеу әр түрлі салаларда әр қилы болады. Реттеу бір салаларда
(көлік, коммуникация) кемісе, екінші салада – артады (атом
энергиясы).
Реттеуді азайту бәсекелестікті тереңдетуге, фирмалардың
шығынды қысқартуына, тұтынушылардың таңдауын кеңейтуге,
бағаны төмен түсіруге алып келуі ықтимал.
Үкімет бизнесі салық салу арқылы реттеледі. Жоғары
баға түріндегі тұтынушылар салығы инфляцияны тудырады.
Кәсіпкерлерге салынатын салық олардың табысын азайтып, іскер
белсенділіктерін төмендетеді.
Үкімет бизнесті әр түрлі форма арқылы қолдауды көрсетіп
отырады. Оның негізгі үш формасын бөліп көрсетуге болады:
-
ақпарат және кеңес беру;
- қарыз;
- тікелей қызмет көрсету.
197
Статистика агенттігі бизнесті фирманың стратегиясын
жоспарлау үшін қажет болатын нарықтың жағдайы туралы
ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Менеджерлер әрдайым баға, нарық, сұраныс, технологиялар
және т.б. туралы ақпараттарды қажет етеді. Ақпаратсыз дұрыс
шешім қабылдау мүмкін емес. Ештеңеден хабары жоқ адамдар
бизнесте жетістікке қол жеткізе алмайды. Фирма әлемдік нарықта
жетістікке жетуі үшін мол ақпаратқа және ұзақ мерзімді қамтитын
жоспарларға ие болуы керек.
Үкімет кейбір фирмаларға кепілдікті қарыз береді (АҚШ). Ол
фирмаларды коммуникациямен қамтамасыз етеді. Оның үстіне,
мемлекеттік білім беру жүйесі бизнесті кадрлармен жасақтайды.
Мемлекет өзінің экономикаға араласуын ақтау үшін сылтау етіп
нарықтың мынадай кемшіліктерін алға тартады:
1. Анық емес ақпарат. Мұндай ахуал – әдетке айналып кеткен,
яғни үйреншікті боп кеткен құбылыс. Бұл мынадай себептермен
түсіндіріледі:
а) толық әрі дәл ақпарат алу қиындау болғандықтан, былайша
айтқанда, қымбатқа түсетін
қажеттілік;
ә) нарықтағы бағаға және әр түрлі болуы ықтимал қатерлерге
қатысты ақпарат та қымбатқа түседі;
б) ақпарат тек тауарларды көптеп сатып алғаннан кейін ғана
ұғынықты болады.
2. Газбен, электр энергиясымен, телеграфтық қызметпен
қамтамасыз ету жүйесіндегі табиғи монополия:
а) мұндай ауқымдағы компания бәсекелестердің жолын бөгейді;
ә) экономиканың осы саласына мол капитал жұмсау қажеттілігі
де бәсекелестердің жолын бөгейтін үлкен кедергі болып табылады.
3. Сыртқы себеп. Мысалы, қоршаған ортаға келтірілген зиянды
айтуға болады.
4. Экономикалық тиімділікпен еш байланысы жоқ басқадай
мақсаттар:
а) қауіпсіздік жүйесін
қамтамасыз ету;
ә)
ұлттық өндірісті қорғау;
б) жаңа инновациялардың
дамуын ынталандыру;
в)
денсаулық сақтау, спорт, алькогольді ішімдіктер мәселесі.
5. Маңызды қызметтер мен ресурстар:
а) тұрғын үй
құрылысы;