Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет67/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95

210
Үлгілеу мәселелердің үлгілерін жасауды ұйғарады. Бұл мәселенің 
өзгешелігін әрі ерекшеліктерін зерделеуді, яғни білуді жеңілдетеді.
Тәжірибе  жүргізу  жалпы  ғылыми  әдіс  ретінде  эксперимент 
жүргізуді білдіреді (мысалы, шаруашылық реформалары, ұйымдық 
құрылымды жобалау және т.б.).
Әлеуметтік 
зерттеулердің 
көмегімен 
жоспарланған 
мақсаттардан  ауытқудың  себептерін  зерделейді,  адам  мінез-
құлықтарының ықтимал мотивтерін (себептерін) және әрекет етудің 
бағыттарын анықтайды.
Жалпы  ғылымидан  басқа  басқаруда  қолданылатын  өзіндік 
ерекшелігі бар әдістер де болады. Менеджмент әдістерін жіктеудің 
белгілері: мазмұн, мотивация, ұйымдастыру түрлері және қолдану 
саласы.
Бірінші белгі – басқару әдістерінің мазмұны бойынша – ықпал 
етудің ұйымдастырушылық-өкімгерлік, экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық тәсілдерін топқа бөледі.
Мотивациялық  белгі  бойынша  мотивацияның  материалдық, 
моральдық және мәжбүрлеу әдістері бөліп көрсетіледі.
Ұйымдастыру  формалары  бойынша  басқару  әдістері  жалпы 
түрде жекешеге, ұжымдыққа және алқалық болып бөлінеді.
Қолданылатын  сала  бойынша  әдістер  жалпы  түрде  (барлық 
жүйеге  қатысты)  және  тұжырымды  түрде  (локальный)  –  оның 
жекелеген бөлімдерде қолданылуына қарай болуы мүмкін.
Менеджмент 
әдістерінің 
арсеналын 
қалыптастыратын 
негізгі  қағидаларды  бөліп  көрсетуге  болады.  Оған  жататындар: 
мәселені  анықтаудың  ғылыми  негізделген  тәсілдемесі  (мәселедегі 
басымдықтарды  бағалау);  толық  сипаттау  қағидасы  (мәні  мен 
мазмұнын және т.б. ашу); әрбір мәселені шешудің әдістерін толық 
ұсыну және басқару әдістерінің арсеналын ақпаратпен қамтамасыз 
ету  қағидасы  (шешілетін  мәселе  бойынша  ақпараттың  көлемі, 
құрамы).
Басқару әдістерінің мәні 
және олардың жіктелуі
Өндірісті  басқарудың  барлық  үрдісінде  әдістер  жүйесі  аса 
маңызды рөл ойнайды. Оның көмегімен объектінің нақты әлеуметтік-
экономикалық  дамуы  және  нарықтық  экономиканың  мақсаттары 
жүзеге асырылады. Нарықтық экономикаға көшу өндірістің басқару 


211
әдістерінің мазмұны мен сипатын түбегейлі өзгертуге әкеледі.
Басқару  әдістерінен  өндірістің  нақты  тәсілдерінің  өзіндік 
ерекшелігі  бар  белгілерін  көруге  болады.  Оларды  пайдалану 
арқылы  экономиканы  басқарудың  мақсаттары  мен  қағидалары 
жүзеге  асырылады.  Басқарудың  мақсаты  әдістерді  таңдауды,  ал 
мақсаттардың жиынтығы – олардың арсеналын анықтап береді.
Басқару әдістері олардың бағытына қарай бөліп көрсетіледі (бұл 
әдіспен  неге  ықпал  етуге  болады),  яғни  олардың  мотивациялық 
сипаты болуы керек. Менеджерге мұны білу аса маңызды.
Басқарудың барлық әдістері түпкі есебінде басқару органдарына 
және  нарықтық  өндіріске  қатысатын  адамдарға  бағытталады. 
Сондықтан да басқару әдістерін топқа бөлуге менеджер басшылыққа 
алатын мотивтердің сипаттамалары себепкер болады.
Топтардың біреуі тауар өндірушілердің материалдық мүддесіне 
ықпалын  тигізетін  әдістерді  тудырады.  Әдістердің  бұл  тобын 
материалдық мотивация әдісі деп атайды.
Бұдан  басқа  әлеуметтік  мотивация  әдістерінің  (адамдық 
факторлар, моральдіқ және әлеуметтік мүдделер) және мәжбүрлеу 
мотивациясы  әдістерінің  (әкімшілік  жолмен  ықпал  ету)  топтары 
болады.
Басқару  басқарылатын  объектінің  деңгейіне,  ауқымына  және 
сипатына қарай қолданылатын әдістердің жиынтығын пайдаланады. 
Экономиканың  құрылымында  макроқұрылымды,  мезоқұрылымды 
және микроқұрылымды бөліп қарастыруға болады.
Микродеңгей әдетте қоғамдық өндіріс пен оның бөлімшелерін 
қалыптастыратын  алғашқы  буынның  әр  түрлі  құрылымдарын 
қамтиды. Мынаны баса айта кету керек, бұл деңгей менеджменттің 
басты  объектісі  болып  табылады,  өйткені  ол  қоғамдық  өмірдің 
материалдық негізін білдіреді.
Мезодеңгей аймақтық менеджменттің объектісін білдіретін аса 
ірі  салалық  және  территориялық  өндірістерді  қалыптастыратын 
құрылымды қарастырады.
Макродеңгейдегі  талдауда  барлық  халық  шаруашылығының 
құрылымы,  оның  ішінде  ұдайы  өндірістік,  территориялық, 
ұйымдастырушылық  және  т.б.  түрлері  зерделенеді.  Осыған  орай, 
басқару  әдістерінің  өз  тобы  болады  (теңгерімдік,  болжаушылық, 
стратегиялық, құрылымдық және т.б.).
Басқару әдістері кешенді пайдаланылады, ол әр түрлі буындар 


212
үшін  біртұтас  болады.  Алайда,  нақты  басқару  объектісіне  қарай 
кейбір әдістердің өз артықшылықтары болуы мүмкін. Басқарудың 
жекелеген  міндеттерін  шешу  үшін  әдістердің  қолайлысын 
таңдап  алу  қажеттілігі  пайда  болады.  Әдістердің  салыстармалы 
тиімділіктерін,  қаншалықты  ықпал  ете  алатынын  және  олардың 
өзара  байланыстарының  есебін,  пайдалану  салдарын  бағалаудың 
маңызы зор.
Бірігіп  еңбек  ету  үрдісінде  қалыптасатын  өзіндік  ерекшелігі 
бар  қатынастарды  қоса  ескеретін  қоғамдық  өндіріске  тән 
объективті  заңдылықтар  негізінде  басқару  әдістерін  жіктеу 
айрықша маңызды орын алады. Осы белгі бойынша экономикалық, 
ұйымдастырушылық,  әлеуметтік-психологиялық  және  құқықтық 
басқару әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Басқарудың экономикалық әдістері – кәсіпорын жұмыскерлерінің 
қажетті  бағытта  әрекет  етуіне  және  алға  қойылған  міндеттерді 
шешуге  талпыныстарын  оятатын  экономикалық  жағдайларды 
тудыру  жолымен  ықпал  ету  тәсілдерінің  жиынтығы.  Бұл  әдістер 
әлеуметтік-экономикалық  заңдылықтар  мен  объективті  әлемнің 
–  табиғаттың,  қоғамның  және  ой-сананың  даму  заңдылықтарына 
негізделеді. Бұл әдістер жеке тұлғаның, ұжымның және қоғамның 
экономикалық мүдделерінің жүйесі негізінде пайдаланылады.
Басқаруда  экономикалық  әдістер  жүйесі  артықшылыққа 
ие  (жоспарлау,  қаржыландыру,  баға  белгілеу,  экономикалық 
ынталандыру,  бағдарламалар  және  т.б.).  Оның  (экономикалық 
әдістер жүйесінің) артықшылыққа ие болатын себебі, ол өндірістік 
ұжымның  және  әрбір  жеке  тұлғаның  материалдық  мүдделері 
арқылы шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйенің талаптарын 
орындауға  деген  олардың  ынтасын  оятады.  Бұл  тұрғысында 
Ф.  Энгельс  былай  жазған  болатын:  «Қандай  да  бір  қоғамда 
экономикалық қатынастар ең алдымен мүдде ретінде пайда болады» 
(К. Маркс, Ф. Энгельс, 18 т., 211 б.).
Басқарудың  ұйымдастырушылық  әдістері  дегеніміз,  ол  нақты 
мақсаттарға қол жеткізудің ұйымдастырушылық жағына ықпал ету 
жүйесі болып табылады.
Бір жұмысты орындау ұйымдастырудың әр қилы жағдайларында, 
оны ұйымдастырудың әр түрлі типтерінде мүмкін болады:
- қатаң реттемелеумен;
- икемділікті бейімделумен, яғни жылдам икемділік таны¬ту;


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау