102
экономикалық
сауықтыруға жәрдемдесу;
•
халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға
бағытталған, нарықтық жағдайда селоның әлеуметтік-экономикалық
дамуы жөніндегі жүйелі
шешімдер әзірлеу;
•
қолайлы тұрғын үй және мәдени жағдайлар жасау,
медициналық қызметтерге, білімге, байланыс, электрлендіру,
газ құралдарына, таза суға және қолайлы қоршаған ортаға қол
жетімділіктің өсуі арқылы тіршілікті қамтамасыз етудің лайықты
жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
•
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес.
Аталмыш бағдарламаның жүзеге асыру процесі негізінде
аймақтық басқарудың нақтылы өзекті мәселесі болып табылады.
Оған себеп ауылдың хал-жағдайын толық, әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың жан-күйін, әлеуметтік саланы дамыту және қызметтердің
қол жетімділігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы
жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты.
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдар Қазақстан
Республикасының
Консутитуциясы
және
Қазақстан
Республикамының өзге де заңдарынан құралады.
Басқару процесінде Бағдарламаны іске асырудан күтілетін
нәтижелер – 2000-2005 жылдардағы кезеңге арналған селоның
әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының шараларын іске
асырудың нәтижесінде селода тұрақты жұмыс істейтін тіршілікті
қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Экономиканың нақты өсуі
және село халқының жиынтық кірістері мен шығыстарының артуы
негізінде сапалы әлеуметтік игіліктердің жаппай қол жетімділігін
қамтамасыз ету көзделеді.
16. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан экономикасын стратегиялық
басқару шараларының жүйесі
Мемлекеттік бюджет
тапшылығынан арылу шаралары
Өтпелі кезеңде экономиканы тұрақтандыру басқару өнерін
көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республиканың
экономикасын тұрақтандыру мақсатымен Үкімет 1990 жылы 6
желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен бекітілген
арнайы бағдарлама жасаған.
103
Осы бағдарламаға сәйкес тұрақтандыру шараларының бірі –
мемлекеттік бюджет тапшылығын шектеу. Бұл үшін республикалық,
жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс
бөліктерін қайта қарастыру
ревизиясы жасалды.
Бюджет шығынын келесі баптар бойынша қарастырды:
•
өндірістік құрылысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік
жоспарлау тәжірибесінде ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы
объектілердің артықшылықты даму қағидасы сақталған. Бұл
қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілік-әміршілдік
шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды
күшейтуге көп көңіл бөлінді, ал әлеуметтік салаға деген салымдар
ұлттық табыстан тікелей шегеріліп отырды деп санаған. Өндірістік
бағыттағы салымдар ауыл шаруашылық салымдарының үштен
екі бөлігін құрады. Өтпелі кезең жағдайларында және тек өтпелі
кезеңде ғана емес, қаржылық ресурстарды басқарудың біржақты
көзқарасы
дұрыс емес;
•
жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттылығын
жоғалтқан қосымша шығындар, мерзімінде игерілмеген бөлінген
қаражаттар;
•
бұрын
қабылданған
барлық
инвестициялық
бағдарламалардың күшін жою;
•
тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның
тексерісі;
Бюджет кірісін ұлғайтуда үлкен рөл атқаратындар:
•
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен түсімдер;
•
жергілікті өндіріс өнімдерінің кең шеңберлі айналымынан
алынатын
салықтар енгізілуі;
•
еркін бағалар бойынша импорттық тұтыну тауарларын
сатудан түскен түсімнің айтарлықтай көбеюі.
Одан басқа, тұрақтандыру шараларының жиынтығына
Үкіметтің инфляцияны тежеу және өндірістің тиімділігін көтеруге
бағытталған саясатты жүргізу әрекеті кіреді. Дайындығы төмен
объектілердің құрылысы уақытша тоқтатылады, отын және
шикізат кен орындарын (аз қорлары бар) ұзақ мерзімді жалға беру,
тұрғындарға сатуға және мұраға қалдыру құқығымен тұрғын
үйлерді сатуды күрт жандандыру, кәсіпорын акцияларын өткізу
жатқызылды.
Экономиканы басқару жүйесіндегі негізгі объектілердің бірі –