Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет26/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. И. А. Колесникова бойынша педагогикалық жобалау нысандарын атаңыз.

  2. Басқарудағы жобалаудың «белсенді агент» позициясын түсіндіріңіз.

  3. Білім беруді басқарудағы жобалаудың синергетикалық заңдылыққа негізделу мәнін түсіндіріңіз.

  4. Ф. Кумбстың не себептен «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде» дегенін дәлелдеңіз.

  5. А. Файоль ұсынған басқару құрылымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз.

  6. Э. Мэйо жасаған «адамдық қатынастар теориясының» мәні неде?

  7. Басқарудың бүгінгі рационалдық бағыттарының өкілдері кімдер, олардың ерекшелігі неде?

  8. В. С. Лазаревтың басқару түрлеріне сипаттама.

  9. Басқарудағы жобалау негізінде мәселені шешу моделі.

  10. Басқарудағы жобалау қызметінің алгоритмі.

  11. Глоссарийді жалғастырыңыз.



5. Жобалаудың білім берудің жаңа нәтижелерін қалыптастырудағы рөлі
Бүгінде посткеңестік кеңістікте ғана емес, батыстың алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде де білім беру жүйесін жаңғырту өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Зерттеушілердің айтуынша, экономикалық дамудың жаңа факторы ретінде инновациялық үдеріспен бірге өрлеп келе жатқан білімділікке сұраныс қалыптасуда, бұл экономика әлемде білімділік экономикасы деп аталуда. Европалық экономикалық бірлесу және даму ұйымының (ОЭСР) көптеген елдерде жүргізген зерттеулері қорытындысында білім саласы білім индустриясына айналуы тиіс дей отырып, білім беру жүйесінің өзі де білім алуы, одан әрі дамуы керек, өйткені, білім нәтижелерін жақсарту үшін жүйелердің өздері тиімді болуы қажеттігі атап айтылған. Европаның табысты болуының кілтібілімдар экономикаға тікелей байланыстылығы көптеген талдаулар арқылы дәлелденген.
Халықаралық ұйымдар, соның ішінде, Европалық білім қауымдастықтары да жаңа білім парадигмасының білім беру нәтижесіне бағдарлылық мазмұнын алға қоюда. Мысалы, біздің еліміз толық мүшесі болып қабылданған Болон процесі барлық деңгейлердегі білім беру ұйымындағы оқытудың қалыптасқан нәтижелері – білім, білік, дағдыға – қоса құзіреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған жаңа қажеттік деп бағалайды.
Білім алушының білім, білік, дағдыларымен қатар, құзіреттілік сапаларының болуын қажет ететін тенденциялар қазіргі заманның білім алу заманына айналып келе жатқанын көрсетеді. Соған сай білім үдерісінде білім беруден – білім алуға, оқытудан – оқуға көшу парадигмасы білім беру жүйесі ресурстарын қайта қарау талаптарын қойып отыр. Олар: білім беру мақсатын, күтілетін нәтижелерін нақтылау, білім беру үдерісін басқару әдістері мен технологияларын жаңарту, білім мазмұны мен білім беру үдерісін ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Біздің еліміздің білім беру саясатын айқындайтын, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Соған сай, білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру міндеттері нақтыланды.
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам капиталын дамытуды көздейтін жаңа экономикалық қатынастардың нығаюы мен әлемдік өркениетке ықпалдасу білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде. Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы негізгі өзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қалыптастыру белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға ұсынылған Жалпы орта білім беру стандартының 5 бөлімінде орта білім беру мақсаты – білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабылеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету деп сипатталған. Аталған құжаттың 5.5 бөлімдегі базалық білім мазмұны және әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтауға бағдар болып табылады, түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қалыптасып, дамиды. Түйінді құзыреттерге: ақпараттық құзырет; коммуникативтік құзырет, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады деген жолдар еліміздегі білім нәтижелерінің жаңа сапасын қамтамасыз етудің нақты қадамдарын көрсетеді.
Сонымен қатар, стандарттардың Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері» туралы бөлімінде білім беруді ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар белгіленген. Мысалы, 9.4 бөлімде: білім алушылардың жеке және топпен өз бетінше іс-әрекетін жүзеге асыру үшін білім беру білім, білік және құзыреттердің кіріктірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Білім беруді ұйымдастыруда білім алушылардың жетекші іс-әрекеті ретінде олардың өзбетінше зерттеу жүргізулері негізінде субъективті жаңалық ашуларын жүзеге асыратын тақырыптық және пәнаралық жобалар басымдық танытады делінген. Ал, 9.5 бөлімдегі мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік қатынаста құрылған оқу ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеттерінің өнімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жерде мұғалім ұйымдастырушы ретінде сыныптағы оқушылардың жеке білім беру траекториясын іске асыруды қамтамасыз етеді, олардың сыныптан тыс оқу-іс-әрекеттерде бағдарлануына көмектеседі, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді деген міндеттер педагогикалық жүйелердегі білім беру үдерісін басқарушы педагогтардың жаңа әдістерді меңгеру ғана емес, алдымен осы бағытта қалыптасқан ой - пікірлерінің, жалпы педагогикалық біліктіліктері мен құзыреттіліктеріндегі жаңа сапалық өзгерістерді қажет етеді.
Осылайша, жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және өзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ұйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі таңда білім беруді дамыту бағыттарын көрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  1. Жаңа білімді туындату немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім көзі бола алатын) көптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың рөлінің, сонымен қатар, білім беру мазмұнының өзгеруі;

  2. Педагогтардың бойында өз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  3. Қазіргі заманда өмір сүру барысында кез келген адамның құзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін түсіну;

  4. Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың көмегімен, өзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  5. Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа мәселелерді шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі.

  6. Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды түрде берілуін өзгерту қажеттігі.

«Мак Кинзи» компаниясының кеңесшісі, ағылшын зерттеушісі М. Барбер білім беру нәтижесін түбегейлі өзгертудің басты үш факторы бар, олар: педагогтық қызметке соған лайық адамдардың келуін қадағалау, оларды оқытушылық қызметін тиімді жүргізуге қажетті деңгейде даярлау және әрбір білім алушыға сапалы білім беруге қолайлы жағдай туғызу. Кез келген білім беру ұйымындағы білім сапасы онда жұмыс істейтін оқытушылар сапасынан жоғары болуы мүмкін емес деген. Ол сонымен қатар, өзінің көптеген елдерде жасалған зерттеулеріне сүйене отырып, «әлемдегі нәтижесі жоғары білім беру ұйымдарын басқарудағы бәріне ортақ қасиет-ұйым жұмысындағы сапалы өзгерістерге қол жеткізудің бірден бір факторы педагогтарды дамытуға қажетті жағдайлардың жасалуы» дейді.
Бүгінде түрлі деңгейлердегі педагогикалық жүйелерде көптеген инновациялық бағыттар пайда болып, жеке педагогтар тарапынан жаңа білім беру мазмұнын көздейтін оқулықтар мен бағдарламалар, оқытудағы ақпараттық - комуникативтік, интерактивтік технологиялар ретінде ендірілуде. Дегенмен де, заман талабынан туындап отырған білім берудің жаңа құзыреттілік нәтижелерін қалыптастыру педагогикалық ұжымның түгелдей теориялық дайындығын, әдістемелік және технологиялық тұрғыларын терең меңгеруін қажет етеді.
Білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа білім нәтижелерін қалыптастыруды педагогикалық ұжымдардағы өзгерістердің өзегі деп қарастырсақ, ұйымның оны қамтамасыз ететін инфраструктурасы, ресурстары болуы тиіс. Өйткені, жаңа нәтижелеріне бағытталған өзгерістер мазмұны білім беру ұйымын басқарушылардың қалыптасқан көзқарасын, ойлау әрекеттерін өзгертуді, жаңа құзыреттіліктерін дамытуды талап етеді. Сонымен қатар, педагогтардың ойлау мен іс–әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, басқару стилі мен әдістері өзгертуі тиіс.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау