Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының 2016 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат



жүктеу 64,23 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі64,23 Kb.
#3849

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар

басқармасының 2016 жылы атқарған

жұмысы туралы ақпарат

1) Сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету

ШҰАР Туризм басқармасымен (ҚХР) және Иран, Үндістан, Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғызстан және басқа елдердің туристік ұйымдарымен туристік қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы 7 меморандумға және 3 келісімге қол қойылды.



2) туристік өнімді ішкі және әлемдік туристік нарықтарда ілгерілету

Фокустық нарықтар анықталды: Ресей, Қытай, Иран, Үндістан.

Алматы қаласының туристік әлеуетінің таныстырылымы Мәскеу, Қазан, Екатеринбург, Пекин, Тегеран, Исфахан қалаларында өткізілді.

TripAdvisоr платформасында Алматының микросайты құрылды.

Мыналардың қатысуымен ақпараттық турлар өткізілді:

- «Alpen Werein» Австрия, эко және тау туризміне маманданған;

- үнділік жетекші туроператорлар;

-Түрік Кеңесі мүше-елдерінің туризм министрліктері, БАҚ, «ТРТ» түрік арнасы, сондай-ақ жетекші туроператорлар;

-ЯКАО, ШҰАР және Пекиннің қытайлық туроператорлары мен кәсіпқойлары;

-Қазан, Екатербург және Сводлов облысының жетекші туроператорлары;

-ЭСКПО-2017 көрмесіне келушілерді тарту аясында Ресей, Қытай, Германия, Украина, Сингапур және ТМД елдерінің ірі туристік компаниялары.

Ынтымақтастық және туристік топтармен өзара алмасу туралы шартқа қол қойылды.


3) отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық бағдарламаларға қатысуларына қолдау көрсету.

2016 жылғы 25 ақпанда Алматыда Profi.Travel Connect Kazakhstan-Russia екі күндік туристік форумы болды, оған Қазақстан мен Ресейдің туристік нарығының 1200-ге жуық өкілі қатысты (онлайн және офлайн). Форумның басты міндеті өзара туристік ағынды ұлғайту үшін екі елдің туристік бизнес өкілдерін таныстыру болды.

29-30 қыркүйекте Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы ЮНВТО, ЮНЕСКО, Азия даму банкі мен бірлесе отырып, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономды ауданы үкіметінің және Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің қолдауымен «Жібек жолы бойындағы Алматыға 1000 жыл және өңірде туризмді дамыту перспективалары» атты халықаралық конференция өткізді.

2016 жылдың 8-9 желтоқсанында «Almaty Invest 2016» IV Халықаралық инвестициялық форум аясында «Іскерлік туризм: Алматы Орталық Азияның mice-астанасы ретінде» панельдік сессиясы өткізілді.



Алматы қаласының делегациясы «SATTE - 2016» (Нью-Дели), «TITE-2016» (Тегеран), «ITВ-2016» (Берлин), «Интурмаркет-2016» (Москва), «KITF – 2016» (Алматы), «JATA - 2016» (Токио), «СITM-2016» (Шанхай), «WTT-2016» (Үрімші), «Astana Leisure-2016» (Астана) халықаралық туристік көрмелеріне қатысты.

4) туристік қызметті кадрлық қамтамасыз етуге қолдау көрсету

Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығымен бірге қытай тілін білетін гид-экскурсоводтар үшін курстар өткізілді.

2016 жылға 27 қыркүйектен 11 қазанға дейін ЮНВТО және Дүниежүзілік туристік гидтер қауымдастықтарының федерациясымен (ДТГҚФ) бірге Жібек жолы бойынша гид-экскурсоводтар үшін екі апталық халықаралық тренинг өткізілді.

5) оқиғалы туризмді дамыту

М.Әуезов атынлағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының һас бетінде «Наурыз мейрамы жарық шоуын» өткіздік. Бұл шараға 10 000-ға жуық адам келді.

2016 жылғы 12-14 тамызда «Almaty Horse and Polo Club» «FourЭ» Жетінші Халықаралық эко-этнофестиваль өткізілді. Фестивальге Астана, Алматы қалаларынан 8 500-нан астам адам, сондай-ақ Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Чехиядан және Латвиядан қонақтар қатысты.

2016 жылғы 27-28 тамызда Талғар ауданында Іле-Алатау ұлттық паркі баурайында «Ұлы Дала Рухы» І халықаралық фестиваль өтті. Ауқымды шараға 10 елден: Қазақстаннан, Венгриядан, Голландиядан, Германиядан, Түркиядан, Қытайдан, Кореядан, Украинадан, Ресейден және Қырғызстаннан 2000 мыңдай адам қатысты.

Қазақстан мен Орта Азияда алғаш рет «Аlmaty Mount Fest 2016» халықаралық фестивалі болды. Іс-шара «Шымбұлақ» таушаңғы курорты аумағында 9-11 қыркүйекте өтті, оған төрт мыңнан астам келді. Фестивальдің мақсаты – Алматыны халықаралық туризм нарығында ілгерілету, таушаңғы курортын және спорттың таудағы экстремальды түрлерін дамыту.

10 қыркүйекте «Алматы дәмдісі» гастрономиялық отбасылық фестивалі өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында 17-18 желтоқсанда «25 KZ FEST» фестивалі өткізілді. Іс-шараның бір алаңында 25 жылдағы креативті және өндірістік индустрияның жетістіктері көрсетілді: өнеркәсіп дизайны саласы, fashion дизайн саласы, спорт атмоСферасы, «Муз-арт», Кинсфера», Қазақстанда өндірілген бұйымдар мен тауарлар жәрмеңкесі.

6) Қысқы Универсиада-2017 өткізуге дайындық жұмыстары

Универсиада-2017 қарсаңында турөнімдер мен сервистің сапасын жақсарту мақсатында Универсиада дирекциясымен, КТА, КАГиР және Алматы рестораторлар альянсымен бірлесіп «Recommended by 28-th Winter Universiade Almaty-2017» әріптестік бағдарламасы іске қосылды (ары қарай – Бағдарлама).

116 жайғастыру нысаны (немесе қаладағы жайғастыру нысандарының жалпы санының 84%) тексерілді, оның ішінде 90 қонақ үй және 26 хостел. 17 нысанға ұсынудан бас тартылды, оның ішінде 16 қонақ үй және 1 хостел. 99 нысан ұсынылды, олардың:

1) FISU (Халықаралық Студенттер спорты федерациясы) талаптарына сәйкес Универсиада Дирекциясы 15-ін ұсынды;

2) 84 нысанды КАГжР ұсынды, оның ішінде 74 қонақ үй және 25 хостел.

Рестораторлар альянсы 106 қоғамдық тамақтану нысанын тексеріп, ұсынды (немесе қаладағы қоғамдық тамақтану нысандарының жалпы санының 5%).

Ұсынатын сервистерінің сапасының деңгейін бағалау нәтижесінде Универсиада серіктестеріне арнайы шильдалар мен сертификаттар тапсырылды, сондай-ақ Универсиада символикасын үй-жайларды безендіруге пайдалану мүмкіндігі берілді.
7) балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында 25 шілдеден 5 тамызға дейін «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық экспедициясы аясында 200 баланың қатысуымен «Алматы – менің қалам» балалар туристік экспедициясы өткізілді.

Балалардың жаяу туризмін дамыту үшін тәжірибелі нұсқаушылар Кликич С., Летунова В., Шестернина В. жетекшіліктерімен Кімасар, Бутаковка, Алматы-Медеу-Горельник-Алматы аңғарлары бойынша және басқа да бір күндік жорықтар жасалды.

Сондай-ақ жащғы кезеңде туризм жөніндегі тәжірибелі нұсқаушы – В. Корольдің жетекшілігімен «Юный рейнджер» балалардың жылжымалы лагері жұмыс істеді.


8) турөнімдерді және жарнама-ақпараттық өнімді қалыптастыру

Алматы қаласының мынадай жаңа туристік нысандарының эскиздік жобаларын (3D форматтағы үлгілер) әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасуда:

- «Сақ қорғандары» этнотуристік кешені (Боралдай қорғандарында);

- Чкалов шыңында «Бос кеңістікке қадам» тамашалау алаңқайы;

- кемпингтік тұрақтар ұйымдастыру.

Алматының таулы аудандары бойынша жаяу туристік бағыттар әзірленді. Алматы қаласы бойынша туристік бағыттардың буклеттері, жол нұсқарлар, карталар, атластары, 4 тілде «Алматы тралы «100» әсер» кітабы және Алматы туралы 4 бейнеролик әзірленді.


9) БАҚ-пен жұмыс

Белсенді елдік маркетингті қалыптастыру үшін 2016 жылдың мамарында BBC World News-пен жарнама бейнероликтерін түсіру, сондай-ақ оларды 2016-2017 жылдарда BBC World News телеарнасының эфиріне орналастыру туралы шарт жасалды. 3 бейнеролик дайындалып, ротациялануда. Сонымен қатар 1 бейнеролик түсіру және ротациялау жоспарлануда.

«Ветер странствий» туристік журналымен жұмыс жүргізілуде.

Барлық өткізілген іс-шаралар Алматы телеарнасында көрсетілуде.


2016 жылдың 9 айының статистикасы

жайғастыру орындары қызмет көрсеткен Қазақстан Республикасына келушілердің жалпы санының 18% (ҚР 3 216 957 адам, Алматы - 581 536 адам), олардың:

13% резиденттер (ішкі туристер) (ҚР 2 688 511 адам, Алматы – 357 353 адам);

42,4% резидент еместер (сырттан келуші туристер) ) (ҚР 528 446 адам, Алматы – 224 183 адам);



Жайғастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі 23,3% (ҚР -61 444 776 мың теңге, Алматы – 14 304 892 мың теңге).
жүктеу 64,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау