Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет84/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   189
стратегиялық менеджмент

19. Қаржы құрылымдарының стратегиясы
Қаржылық менеджмент 
стратегиясының рөлі 
Қаржылық менеджмент жөніндегі іс-әрекеттің ауқымы кең. Оның 
ең басты саласы – инвестициялық саясат. Қаржылық менеджментті 
тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір өлшем-белгілер керек.
Қаржыны  өндіріске,  құнды  қағаздарға  салу  мынандай 
жағдайларда инвестициялаудың өлшем-белгілері болып саналады:
1)  бұл салымнан түсетін таза пайда қаржыны банк депози¬тіне 
орналастырудан түсетін таза пайдадан артса;
2)  инвестицияның пайдалылығы инфляция деңгейінен жоғары 
болса;
3)  бұл жобаның уақыт факторы мен (ақшаның уақытша құны) 
есепке алғандағы пайдалылығы балама жобалардың тиім¬ділігінен 
жоғары болса;
4)  кәсіпорын активтерінің тиімділігі жобаны іске асырған¬нан 


125
кейін  ұлғаяды  (немесе,  тым  болмаса,  кемімейді  және  кез  келген 
жағдайда қарыздық қаражат бойынша орташа есептік мөлшерлемені 
(яғни,  қаржылық  тетіктің  дифференциациясы  жағымды  болады) 
көтереді;
5)  қаралатын  жоба  шығын  қайтарылатын  мерзім,  өндірістің 
ұтымды  ассортименттік  құрылымын  қалыптастыру  және  т.б. 
тұрғысынан кәсіпорынның стратегиялық жүйесіне сай келеді.
Қай  кәсіпорынның  болса  да  басты  өлшем-белгілерін  анықтау 
өзінше  дара.  Ол  сол  кезеңде  көзделетін  стратегиялық  қаржылық 
мақсаттарға байланысты.
Қаржылық менеджмент стратегиясының міндетті қызметтерінің 
бірі – инвестициялық жобаны талдау. Бұрыннан белгілі, инвестиция 
–  уақыт  жағынан  ұзаққа  созылатын  процесс.  Бұл  қаржылық 
менеджерге  инвестициялық  жобаларды  талдау  кезінде  бірқатар 
жағдайларды ескеру қажеттігін еріксіз еске салады:
-  біріншіден,  жобалардың  тәуекелшілдігі,  өйткені  қайтарым-
дылық мерзімі ұзақ болған сайын жоба тәуекелді бола түседі;
- екіншіден, ақшаның уақытша құнын, өйткені уақыт өте келе 
ақша өзінің құндылығын өзгертеді;
-  үшіншіден,  жобалар  кәсіпорын  акционерлерінің  мүлкі 
мен  кірістерін  ең  көп  шамаға  жеткізу  жағынан  алғанда,  қаржы 
салымының баламалы мүмкіндіктерімен салыстырғанда, тартымды-
ақ.
Нақ  сол  инвестициялық  саясаттың  көмегі  арқылы  кәсіпорын 
өзінің  мүмкіндіктерін  экономикалық  дамудың  ұзақ  мерзімді 
тенденциялары мен оларға бейімделуді болжауға (алдын ала білуге) 
орай жүзеге асырады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау