Құнды қағаздар стратегиялық
менеджмент институты ретінде
Құнды қағаздар экономикалық категория ретінде – заңды
мәртебеден гөрі, оның мүліктік жағдайына байланысты ерекшелікті
әмбебап тауар, оны қарызға алып немесе инвестициялайтын иесі
кәсіпкерлік кіріс (дивиденд немесе пайыз) алу мүмкіндігіне ие
болады.
Құнды қағаздардың экономикалық рөлі – ұдайы өндірістік
процестерді қаржыландыру үшін ұсақ жинақтарды шоғырландыру
жолымен ірі инвестиция жасауда. Бұл орайда жекешелендіру
құнды қағаздардың функционалды бағытталуын ерекше айқындап,
олардың кейбірін алдыңғы қатарға шығарады.
Елдің секъюритизациялау (бағалы қағаздарды несие
капиталының жанама құралы ретінде пайдалану барысын
кеңейту, сондай-ақ басқа құралдарға бағалы қағаздарға тән нысан
беру) саясатын (тікелей банктік мемлекеттік бюджетті үкіметтің
борыштық міндеттемелерімен ауыстыру, оларды коммерциялық
банк және басқа инвестор арқылы сату) жүргізу бағалы қағаздар
нарығын одан әрі дамыту үшін объективті алғышарттар жасайды.
Нарықты өнеркәсіптік, көліктік, құрылыстық және аграрлық
кәсіпорындардың ақцияларымен толтыру, инвестициялық сапасы
жағынан ең жақсы бағалы қағаздарды іріктеу, капиталдың
материалдық өндіріс саласына іс жүзінде қайтадан құйылуы –
өркениетті елдердегі қаржы нарықтарының біртұтас жүйесін
қалыптастыру жолы осындай.
Құнды қағаздың төрт бағасы бар: атаулы (номиналды);
баланстық; жойылу; биржалық және биржадан тыс айналымдағы
бағамдық.
Стратегиялық менеджментте және әсіресе тәжірибеде құнды
қағаздардың жіктелімдік белгілері маңызды рөл атқарады. Бұл
жіктелім мынадай түрмен ұсынылады:
130
- жүзеге асқан құқықтардың сипаттамасы бойынша: міндетті-
құқылы бағалы қағаздар; акционерлік қоғамға қатысу құқығын
растайтын сыртқы құқықтық құнды қағаздар;
- заңды деп тану (легитимизация) тәсілі бойынша: мәлімдеушілік;
атаулы, ордерлік.
- кірістер тұрғысынан: тұрақты табыс бермейтін; тұрақты табыс
беретін; пайызсыз;
- эмитенттер тұрғысынан: мемлекеттік; меншіктің кез келген
түріндегі кәсіпорындар; қаржылық-инвестициялық институт, банк
кәсіпорындары;
- эмиссия тұрғысынан: жаппай шығару (акционерлік қоғамның
негізгі капиталын иелікке алу үшін);
- жеке шығару (міндеттемелерді жеке орындау).
Олар бастапқы салынған капитал үшін кіріс қалыптастыруға
қатысу немесе талап ету құқығына ие болғандықтан, құнды қағаз
деп аталады, сондықтан осыған байланысты активтерді бейнелейтін,
оларды ауыстыратындар болып саналады.
Қазақстан нарығында айналатын құнды қағаздардың негізгі
түрлерінің бірі – акциялар. Олар акционерлік қоғам мүлкіне қосылған
салымды айғақтайды және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу
мен дивидендтер алуға құқық береді. Үлестік құнды қағаздар
салынған қаражатты қайтаруға кепіл бермейді.
Акцияны құнды қағаздар ретінде айқындау Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 139-бабында берілген. Бұл
бапта былай делінеді: «...ұстаушының (акционердің) акционерлік
қоғамның дивидендтер түріндегі таза табысының бөлігін алуға,
акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және оны
таратқаннан кейінгі қалған мүліктің бөлігіне құқығын растайтын
құнды қағаз акция болып танылады.»
Бұл анықтама акционерлік қоғам ақцияларының мынадай негізгі
қасиеттерін атап көрсетеді:
1. Акциялар – акционерлік қоғамның мүлкіне меншіктілік
дәрежесі, ақция шығару – қарыз (заем) емес (облигациялар,
депозиттік және жинақ сертификаттары және т.б.), акцияның
ақырғы өтеу мерзімі болмайды, ақция (классикалық жағдайда) –
бұл өтелмейтін құнды қағаз (мәселен, облигацияға қарағанда).
2. Шектеулі жауапкершілік. Инвестор акцияға салған қаражат
мөлшерінен артық ештеңе жоғалтпайды. Ол тұтастай алғанда
131
акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акциялардың түрлері:
- атаулы, эмитент тізілімінде (реестрінде) тіркелген;
- қарапайым (жай) және артықшылықты;
- қорғаныстық – басқа акциялармен және т.б. салыстырғанда
кіріс төлеуде жеткілікті тәуелсіз баянды, тұрақтылығын растаған ең
табысты акциялар.
Стратегиялық менеджментте құнды қағаздар институтына
(белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын, құқық нормаларының
жиынтығы) ерекше орын беріледі. Құнды қағаздар нарығына
қатысты мемлекеттік саясатты әзірлегенде өзін-өзі реттеу үстем
болатын қағидаға сүйенген жөн. Осыған байланысты мемлекеттік
саясат аз болса да, жеткілікті болуы тиіс және сол ауқымдағы жеке
кәсіпкерлікті көтермелеуді көздейді.
Құнды қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаттары
мынадай:
- макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету;
- бәсекеге қабілетті орта үшін жағдай жасау;
- құнды қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық
және экономикалық қорғау.
Құнды қағаздар нарығында жұмыс істейтін қаржы
институттарының іс-әрекетін реттейтін рөл мемлекетке беріледі.
Оның рөлінің күшеюі мемлекеттік шығыстардың сандық өсуіне
және экономика тынысын тікелей реттеуді айтарлықтай кеңейтуден
көрінеді.
Экономиканың жай-күйіне байланысты қоғамның экономикалық
өміріне араласуы талап етілуі мүмкін. Мемлекетті ел ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық процестердің қалай өтіп жатқандығы
бейжай қалдыра алмайды. Сондықтан ол нарықтық экономиканың
маңызды элементтеріне басқарушылық ықпал жасайды.
Осы мемлекет аясында жұмыс істейтін кез келген шаруашылық
жүйесі тәрізді нарықтың да жағымды және жағымсыз жақтары
болады. Сондықтан, мемлекет экономикадағы нарықтық қиратушы
салдарларына кедергі келтіретін шаруашылық жүргізудің тетігін
жасауға тырысады.
Мемлекеттің экономикалық рөлі іс-әрекеттің (функциялардың)
нақты түрлерінің жиынтығы болып атқарылады. Оларды мынандай
белгілері бойынша бөліп көрсетеді:
132
- іс-әрекеттің түрі (мақсаты);
- қолданылатын қаражаты (қаржыландыру көздері) бойынша;
- іс-әрекет ауқымы жөнінен (барлық экономика немесе оның
ауқымы, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) және т.б.
Іс-әрекеттің түрлері (мақсаттары) бойынша оларды бөлу негізгі
сипаттама болып табылады.
Құнды қағаздардың нарығы жұмыс істеу үшін мемлекет бірқатар
бағыттар бойынша ықпал жасайды.
1. Нарықты құқықтық камтамасыз ету, оның қызмет ету аясының
негізгі ережелерін заңмен бекіту және оларды анық сақтауға болатын
тетікті (механизмді) жасау.
2. Мемлекет нарықта экономикалық қарым-қатынастар субъектісі
ретінде танылады. Дамыған елдер тәжірибесі мемлекеттің қол
астындағы қаржылық ресурстардың шоғырлануы қоғамдық ұдайы
өндірістің негізгі үйлесімін қалыптастыруға, қаржылық-ақшалай
тепе-теңдікке жетуге ықпал етудің тиімді тетігіне айналатындығын
айғақтайды. Осы мақсатпен мемлекет айналымға мемлекеттік
құнды қағаздарды шығару арқылы өзінің экономикалық рөлін
жүзеге асырады.
3. Мемлекет нарықтың жай-күйіне ҚР Ұлттық Банктің ақша-
несие саясаты арқылы әсер етеді. Құнды қағаздар менеджменті
стратегиясын әзірлегенде, қор нарығы ақшалай масса мен
айналымның өсуі әсер-ықпалына сергек үн қататын саясатқа
сүйенеді және осы өсу қарқынына байланысты Ұлттық Банк банктің
ақшалай резервін босату немесе бөгеу үшін несиені көтермелеу
немесе тежеу саясатын жүргізеді.
Мемлекеттің қаржы нарықына ықпал ету тетігі жүйесіне
мыналар кіреді:
- айналымдағы ақша массасы мен несие көлемін несие
пайызы мөлшерлемесіне (қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне)
мемлекеттің әсер ету көмегімен бақылау;
- мемлекеттің салық саясаты;
- Үкіметтің депозиттер, несиелер, қарыздар бойынша
кепілдіктері;
- мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетелдік
валютамен, алтынмен жасалатын операцияларды реттеу, экспортты
көтермелеу жөніндегі шаралар);
- мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі (саяси
133
байланыстарды және т.б. өрістету және азайту).
Құнды қағаздар нарығы менеджментінде қор биржасы ерекше
рөл атқарады. Ол құнды қағаздардың қалыпты айналымы үшін
қажетті жағдайлар жасау мен олардың нарықтық бағаларын анықтау
және олар жайлы ақпарат тарату іс-әрекетінің ерекше арқауы болып
табылатын ұйым.
Қор биржасы Қазақстан заңнамаларына сәйкес тіркеледі және
құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиядан (қазіргі уақытта –
құнды қағаздармен биржалық іс-әрекет жүргізуге) лицензия алады.
Қор биржасының іс-әрекеті мыналардың есебінен іске асады:
- мүше боп кіруге құқық беретін қор биржасының акциясын
сату;
- қор биржасы мүшелерінің жүйелі түрде төленетін жарнасынан;
- биржада өткізілген әрбір мәміледен түскен биржалық алымнан;
- ақпараттық, кеңес берушілік және тағы басқа қызметтерді
көрсеткені үшін төленетін қаржыдан;
- биржа қызметінен түскен басқа да табыстардан.
Құнды қағаздар нарығының өтей алатындығын (өтемпаздығын)
қамтамасыз ету биржа іс-әрекетінің басым қағидасы болып
табылады. Қор биржасының негізгі функциясы мыналар:
- олардың сенімділігін айқындау үшін, құнды қағаздарды
нарыққа дейін сараптау;
- құнды қағаздармен жасалатын операцияларды топтау, сұраныс
пен ұсыныстарды (котировка) салыстыру арқылы олардың нарықтық
бағасын анықтау;
- құнды қағаздар мен мәміле, эмитенттер туралы ақпарат;
- капиталды тиімді салаға орналастыру жолымен нарықтық
конъюнктураны реттеу, бұл экономиканың тұрақтылығы мен
динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |