190
ларын орындайтын үш салада мамандандырылған мемлекеттік
банк (даму банкі) құрды. Үлкен төрттіктің қаржыландыруы
арқылы Даму банкі алған міндетті жобалармен қызмет атқарды.
Бұрын басқарушы органдар банктерге міндетті несиелер беру-
ге міндеттеп, оларды шығынмен жабуға мəжбүрленген, 1990
жылдардағы реформадан кейін ондай жағдай деңгейі төмендеді.
1990 жылдары елде жылдам жаңа банктер пайда болды. 90-
шы жылдардың бірінші жартысында Қытай Сауда банкі (The
China Merchant Bank), Хуаксиа банкі (Huaхia Bank), Жарқыраушы
банкі (Everbright Bank). 1995 жылы бірінші жеке меншік ұлттық
банкі, Миншенг банкі (Minsheng Bank) құрылды. Басқа банктер-
ден Гуандонк даму банкі (Guangdong Development Bank), Шанхай
даму банкі (Shanghai Development Bank),
Шэньчжэня даму банкі
(Shenzhen Development Bank), Фуцзяня Өндірістік банкі(Fujian
Industrial Bank), Янтаи Құрылыс жинақ банкі (Yantai Housing
Saving Bank), Бенгбу Құрылыс – жинақ банкі (Bengbu Housing
Saving Bank) құрылды. Провинциялық басқарма органдары үшін
осы құрылған банктер маңызды рөл атқарды.
1980 жылдардың аяғында Орталық банктің белгілеген ставка-
сына қатысты банктер несие пайыздық ставкасын белгілеуге құқық
алды. Ал депозит бойынша пайыздық ставка қатаң қаржыландыру
бойынша қалды. Теке қана 2004 жылдың қазанынан бері несие
бойынша жоғарғы шектеу алынды, ал төменгі шегі қалды.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жəне Қытай банк секто-
рындағы реформа.
Қытай банк жүйесінің кезекті реформалау кезеңі 2003
жылдың
аяғында басталды жəне осы жерде ел территориясында шетел
банктерінің қызметін шектеуге байланысты бəсеке қабілеттікті
көтеру 2006 жылы ДСҰ кіруіне байланысты қажет болды.
2003 жылы Үкімет үлкен төрт банктің екеуін (Қытай банкі
жəне Құрылыс банкін) валюталық резерв есебінен шамамен
45 млрд. долл. қайта капиталдандырды. Бұған дейін басқарма
құрылымын өзгерту бағдарламасы, тəуекел-менеджмент, страте-
гия
лық инвесторлар тарту жəне банктердің биржаға акцияла-
рын шығару бағдарламалары даярланды. Жалпы бірінші екі
пилоттық жоба жақсы жүзеге асырылды.
Екі банктің қаржылық
қайта құрылымдауы 2005 жылы жеткілікті капитал деңгейіндегі
көрсеткіште болды жəне екі банкте акционерлік қоғам ретінде
191
құрылып жаңа корпоративтік басқару құрылымын жасап,
стратегиялық инвесторлар тартып, биржаға листинг алды (2005-
2006 жылдары). Одан кейін (2006-2007 жылдары) Қытай Өнді-
рістік-құрылыс банкімен жобалар жүзеге асырылды.
Қазіргі кезде Қытай банктерінің капиталының үлесінде Bank
of America, Temasek, Royal Bank of Scotland, Merrill Lynch, United
Bank of Switzerland, Goldman Sachs, Allianz, American
Express та-
нымал қаржы институттарының үлесі 2-ден 10% дейін құрайды.
Меншік капиталының көлемі бойынша үш қытайлық банк
əлемдік жиырма банк қатарына кіреді (Euromoney ағылшын жур-
нал дерегі). Төртінші Қытай Ауыл шаруашылық банкінің жағдай
барлық үлкен төрттік банктің ішінде ең нашары болып тұр. Оның
несие портфелінің құрылымы басты банктермен салыстырғанда
төмен. Ол əлі қайта құрылымдаудан өткен жоқ.
2003 жылы 8 провинцияда селолық несие кооперативінде,
ал 2004 жылдан бастап елдің барлық провинцияларында қайта
құрылым жүргізу басталды. Қайта құрылымдау орталық банк-
пен, қаржы министрлігімен, жергілікті
басқармамен қаржы-
ландырылды. Кооперативтердің бір бөлігі селолық коммерциялық
банк ретінде қайта құрылды. Жалпы кооперативтер саны 2004
жылы 30 мыңнан 2007 жылдың аяғына дейін 8,5 мыңға дейін
қысқарды. 2004 жылы селолық несие кооперативі соңғы 10 жыл-
да табыс тапты.
Екінші маңызды банктер тобы – акционерлік-коммерциялық,
онда да шетелдік инвесторлар үлесі ұлғайды. 2004 жылы 5 қытай
банктері, оның ішінде Байланыс банкі, Шэньчжэня даму банкі,
Ксианя қалалық коммерциялық банкі (Xi’an City Commercial
Bank) стратегиялық инвесторлар тартып, шетелдіктерідің қаты-
суымен қытай банктерін санын екі есе өсірді.
Ең маңызды
қадамы ретінде HSBC жəне Байланыс банкі, Қытайдың 5 үлкен
банктерімен серіктестігін атауға болады. 2005 жылы жəне 2006
жылдың бірінші жартысында Миншинг банкі, Хуаксиа банкі,
Бахай банкі, Гуандонга даму банкі, Пекин банкі жəне Ханчжоу
қалалық коммерциялық банкі шетелдік серіктестіктер алды. 2007
жылдың көктемінде санаулы ғана шетелдік стратегиялық инве-
сторлар серіктестігінсіз акционерлік-коммерциялық банктер мен
қалалық коммерциялық банктер қалды.
Сонымен қоса, айта кету қажет,
стратегиялық инвесторлардың
192
қатысты үлесі үлкен жəне басқару құқы соғұрлым минимал-
ды. Қытай банктерінде бір шетелдік инвестордың үлесі 20%-ға
дейін шектелген (барлық шетел инвесторлары – 25%). Көбінесе
бір шетелдік инвестордың үлесі 10%-ға дейін келісім шартқа от-
ырады. Бұл Қытай үкіметінің салиқалы саясаты, соның ішінде
шетелдіктерге бақылау жасап отыру жəне шетел инвесторларын
тарту арқылы өз банктік жүйесін нығайтып олардан тəжірибе
алып отыру керектігін де жақсы түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: