3
КІРІСПЕ
Əр түрлі елдерде мемлекеттік қаржыны ұйымдастыру про-
блемасын игеру экономикалық білімдерді жоғары дəрежеде
меңгерудің бір бөлігі болып табылады.
“Шетел мемлекеттерінің қаржысы” курсы теориялық
оқу пəні ретінде, “Қаржы (теория жəне ұйымдастыру)” кур-
сын игеруді толықтырады. Оқулықта мемлекеттік қаржыны
ұйымдастырудың концептуалды негізі, қазіргі заман шетел ғалым
– экономистерінің теорияларында мазмұндалған АҚШ, Франция,
Ұлыбритания, Германия жəне Жапония дамыған елдерінің қаржы
жүйесінің ұйымдастыру негізі қарастырылған. Батыс Еуропалық
ареал, АҚШ, Жапония экономикалық дамудың басымдығын
анықтағандықтан таңдалған жəне қазіргі өркениеттің көшбас-
шысы болып табылады. Бұған қарамастан бұл елдерде экономи-
калық көшбасшылық жолдары əр түрлі. Сондықтан осы елдердің
мемлекеттік қаржыларымен танысу олардың соғыстан кейінгі
кезеңдегі экономикасының даму шыңынан басталады.
Қаржы жүйесінің құрамы, мемлекеттік бюджеттің кірісі
мен шығысының құрамы; бюджет тапшылығы мен мемлекеттік
қарыздың мəселелері; салық салудың мəселелері; қаржылық
басқарудың аппараты; жергілікті қаржылардың мəні жəне
маңызы; қазіргі кезеңдегі қаржылық саясаттың проблемалары
жəне мақсаттары жеке қарастырылған.
Осы курстың мақсаты болып жеке дамыған елдердің қаржы
жүйесінің тек қана тəжірибесін қарастыру ғана емес, аналити-
калық ойлаудың əдістерін дамыту, нақты экономикалық жағдай-
ларда жеке қаржылық құралдарды қолдану мүмкіншіліктерін
қарастыру кіреді. Мемлекеттік қаржының шетелдік ұйымдастыру
тəжірибесі еліміздің мүмкіншіліктерін зерттеу барысында
қаралады.
Шетел мемлекеттерінің қаржыларының оқу құралы бойынша
ұсынылып отырған келесі негізгі мəселелері қарастырылады:
4
Қоғамда қаржының объективті мүмкіншіліктерін түсініп білу;
қаржы ресурстарының қайнар көздерін ашып табу; қазіргі таңдағы
қаржылық қатынастардың мінездемесін білу; мемлекеттің
қаржылық саясаты, салық салу механизмін, сақтандыру, қаржыны
басқарудағы рөлі.
Қаржылық зерттеулердің əдістемесін қолдана білу (əдебиет-
терді іздеу жəне талдау, теориялық жəне қолданбалы зерттеушілік
ізденістер).
Нақты экономикалық жағдаяттарда жекелеген қаржылық
құралдарды қолдану мүмкіндігін жəне аналитикалық ойлаудың
ізденісін қолдану.
Оқулық дайындау барысында шетел мемлекеттерінің қар-
жы сы пəні бойынша жарық көрген бірқатар əдебиеттер – қазақ
тіліндегі, орыс тіліндегі жəне орыс тіліне аударылған шетелдік
оқулықтар мен материалдар пайдаланылды.
|