204
пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған
қаржылар жатады жəне макродеңгейдегі экономика мен əлеу-
меттік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.
Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: əр
буынның мін-
детіне байланысты жəне де орталықтандырылған жəне де
орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланы-
сты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының
ресурсы ұлттық пайданы бөлу жəне қайта бөлу арқылы құрылады.
Экономикалық-əлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды
рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық
ресурстардың орталықтандыруына əкеледі. Бюджеттік жəне бюд-
жеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік
жағдайын қамтамасыз етеді.
Ақша қорларының басқа да
формаларын пайдалану қаржы
жүйесінің несиелік жəне сақтандыру салалары арқылы жүзеге
асырылады.
Орталықтандырылмаған ақша қорлары кəсіпорынның өздері-
нің жинақтарынан жəне ақша пайдасынан құралады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының да-
муын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын экономика салалары-
мен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады.
Жалпы мемлекеттік қаржылар кəсіпорынның қаржыларымен
тығыз байланысты.
Бір жағынан, бюджет пайдасының
басты көзі ұлттық пайда
болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кəсіпорынның
өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша
қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кəсіпорынның
өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде
басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.
Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған жəне орталық-
тандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің,
салықтардың, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы
ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол
мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен
шығыстарын біріктіреді.
Ресей Федерациясының негізгі қаржы жоспары мемлекеттік
бюджет болып табылады. Бюджет
арқылы барлық меншік нысан-
205
дарының, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қара жат тары
жəне ішінара халықтың табысы жұмылдырылады. Мемлекеттік
бюджет арқылы мемлекет экономиканы, əлеуметтік-мəдени ша-
раларды қаржыландыруға, елдің
қорғаныс қабілетін нығайтуға,
мемлекеттік басқару органдарын ұстауға жəне басқаларға
бағытталады. Жалпы мемлекеттік қаржының бірден-бір саласы
бюджеттен тыс қорлар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлар – федеративтік жəне жергілікті үкімет-
тің қаржылары.
1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы
90,5 трлн. рубль немесе мемлекеттік бюджеттің 63%-н құрады.
Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып
отыру мақсатында мемлекет өзінің
шығындарын жабуға шаруа-
шылық құрылымдар мен Халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін.
Оны алудың басты əдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол
– жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі.
1-
сызба
.
Достарыңызбен бөлісу: