Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет63/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

168
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАҚЫРЫП
СИНГАПУР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕС
і
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
 жалпы Сингапур мемлекетінің экономикалық 
жағдайына шолу, əлемде алатын орны мен ерекшелігін анықтау, 
сондай-ақ қаржы жүйесінің жалпы құрамына кіретін бюджет, 
салық, банк жүйесін анықтау жəне олардың Сингапур еліндегі 
ерекшеліктерін анықтап, зерттеп білу. 
Дəріс жоспары:
1. Мемлекет экономикасының қазіргі жағдайы.
2. Сингапурдың қаржылық жүйесі.
3. Сингапурдың салық жүйесі.
4. Сингапурдың банк жүйесі.
Негізгі түсініктер:
 ЖІӨ, экспорт, инвестициялық климат, 
жиынтық ағымдық баланс, профицит, таза несиелер, «улы асша-
ян (креветки)» философиясы, банк жүйесі, салық жүйесі, салық 
ставкасы, көтерме (оптовые) банктер, оффшорлық банктер.
  
Тақырыптың мазмұны:
 Мемлекет экономикасының қазіргі 
жағдайы
Сингапур − аумағы 692,7 ш. км құрайтын Сингапур аралында 
орналасқан жəне құрамына 58 шағын аралдарды қосатын мемлекет.
Халқының саны  4 425,7 мың адам (2005 ж., бір жылдан аса тұрып 
жатқан, шамамен 0,7 млн. шет ел азаматтарын қосқанда), жылдық 
табиғи орта өсімі 1990-2003 жж.– 2,6%, ал  2001-2002 жж.– 1,8%.    
Экономикасына келер болсақ, кез келген мемлекет секілді 
мықты жəне əлсіз жақтарынан тұрады. Мықты жағы: жақсы 
инвестициялық климат, бəсекеге қабілетті орта, экономикалық 
рейтингтердегі жоғарғы орындар, жоғары білімді жəне тəртіпті 
халық, əл-ауқаттың жоғарғы деңгейіне жетуі. Əлсіз жақтары: 
Малайзиядан келетін суға тəуелді. Азық-түлік пен энергияның 
көбі импортталады. Мамандар тапшы. Аумағының шағын болған-
дығынан жердің тапшылығы.


169
Сингапур − нарықтық экономикасымен жəне төмен деңгейдегі 
салығы бар жоғары дамыған мемлекет, бұнда ең маңызды рөлді 
трансұлттық компаниялар алады. Адам басына шаққандағы жал-
пы ұлттық өнім − əлемдегі ең жоғарғы (2008 жылы-38972,1 АҚШ 
долл.).  
Сингапурды экономиканың даму жылдамдығымен дамыған 
елдердің деңгейіне жеткендіктен шығыс азиялық жолбарыстарға 
теңейді. Елде электроника, кеме жасау өндірісі жəне қаржылық 
қызмет көрсету жақсы дамыған. CD-жетектерді өндіруші алпауыт. 
Биотехнология саласында кең ауқымды зерттеулер жүргізілуде.
Сингапурлық Raffl es холдингі Swissotel халықаралық қонақ 
үйлер желісіне ие.
Экономика экспортқа өте тəуелді, əсіресе үй электроникасы, 
ақпараттық технологиялар, фармацевтика. Сингапур − аймақтың 
алпауыт сауда державасы. Сыртқы сауда көлемі (2008) − шама-
мен 455,3 млрд. АҚШ долл., экспорт − 235,8 млрд. АҚШ долл., 
бұл электронды жəне электротехникалық өндіріс өнімдері, 
тұтынушылық тауарлар, табиғи каучукты қайта өңдеу өнімі, 
мұнай өнімдерін қоса алғандағы көрсеткіш. Көбіне Малайзияға 
(12,9%), Гонконгқа (10,5%), Индонезияға (9,8%), Қытайға (9,7%), 
АҚШ-қа (8,9%), Жапонияға (4,8%), Таиландқа (4,1%)  жіберілген. 
Импорт − 219,5 млрд долл.: машина жəне құрылғылар, жанармай, 
химиялық тауарлар, азық-түлік. Импорттағы басты əріптестер: 
Малайзия (13,1%), АҚШ (12,5%), Қытай (12,1%), Жапония (8,2%), 
Тайвань (5,9%), Индонезия (5,6%), Оңтүстік Корея (4,9%). ЖІӨ 
нақты өсімі орташа 7% , инфляция − 2,3%. 
2001 жылдары Сингапур технология саласындағы əлемдік 
дағдарыс салдарынан өте ауыр жағдайларға тап болды. Бірақ 
2005 экономика қайта көтеріле бастады. Үкімет бір қалыпты 
экономикалық дамуды ұстап тұруды көздеп отыр. Жұмыссызды 
деңгейі 2008 жылы 2,2 % (ал 2005 ж. − 3,3 %).

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау