Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет65/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

2.  Сингапурдың салық жүйесі
Сингапур жоғары экономикалық бейімделгіш пен күшке ие. 
Ұлттық экономика тарапынан кішігірім шектеулер мен табиғи 
ресурстардың жоқтығына қарамастан Сингапур өзін əлемдік сау-
да мемлекеттері қатарында беки отырып, əлемдегі бизнес жүргізу 
үшін ең қолайлы жер деп танылуда.
Саяси тұрақтылық пен стратегиялық орналасқан жері бой-
ынша Сингапур көптеген шетел компанияларын қызықтырады, 
өйткені олардың мақсаттары − азиялық нарық.
Мемлекет аумағындағы салық ставкалары төменнен нөлдік 
деңгейде.
Неліктен Сингапур халықаралық бизнесті орналастыру мен 
инвестиция құюға қолайлы?
Сингапурдың салық жүйесі өзіне заңды тұлғаларды компа-
ниялар мен кəсіпорындарға деген ең төмен салық мөлшерімен 
қызықтырады. Көптеген салықтық схемалар мен жеңілдіктерді 
болуы компаниялар үшін өз бизнестерін жүргізуге көмегін 
тигізеді.
Салық жүйесінің оңтайлы жақтары:
1.  Салық салудың бір деңгейлік жүйесі. 


174
2003 ж. 1 қаңтарынан бастап Сингапурда салық салудың бір 
деңгейлік жүйесі қолданылуда (one-tier taxation system), бұған 
сəйкес акционермен алынған барлық дивиденттер салықтан 
босатылады. Салық салу, сонымен, компания деңгейінде ғана 
жүргізіледі.
2.  Салық салудың территориялық принципі.
Компания қайнар көзі Сингапурдан шыққан, не алынған 
кез келген кіріске салық төлеуі тиіс немесе өзге мемлекеттен 
Сингапурға аударылған кіріс, бірақ Сингапурға аударылмағанға 
табыс салығы салынбайды.
3.  Салық салудан жалтарғандарға қатаң жазалардың болмауы.
Шетел компанияларын бақылайтын заңның жоқтығы. 
 Төменде Сингапурдағы негізгі салықтар көрсетілген:
– табысқа салық;
– тауар мен қызмет көрсетулерге салық;
– капитал өсімінен кіріске салық;
– қайнар көзінен алынатын роялтиға салық;
– қайнар көзінен алынатын дивиденттерге салық;
– қайнар көзіне салынатын пайызға салық;
– гербтік жинақ;
– салық салынатын кіріс.
Табысқа салық (Income Tax)
а) табысқа жекелеген салық (Individual Income Tax)
Сингапурлық көзден алынған кіріс жекелеген салық төлеуге 
жатқызылады. Алайда капитал өсімі (Capital Gains Tax) мен диви-
дендтер салық салуға жатпайды. 2005  жылдың 1 қаңтарынан ба-
стап шет ел көзінен алынған ішкі кірістер банк пен өзге қаржылық 
ұйым жақтауымен салық салудан босатылады. Бекітілген салық 
мөлшері 0% мен 20% аралығында.    
ə) Корпоративті салық (Corporate Tax) 
Салық салуға жататын компания кірістері бірыңғай (a fl at rate)  
салық ставкасымен салынады, жергілікті не шетел компаниясы 
болғанына қарамастан 2008 ж. салықтық жылында корпоративті 
салық мөлшері 2%, яғни  18%-ға дейін, ал 2010 ж. 17% төменде-
тілді. Бұл Сингапур аумағындағы барлық компанияларға бірдей 
қолданылады. 
б) Салықтан жаңа компанияларды босату (Tax exemption)
Сингапурда құрылған жаңа компанияларға салық салу кірі-


175
сінің алғашқы 100 мың сингапурлық долларға дейінгі үш жылдық 
босатылым таралған.
Келешектегі  50% жеңілдік келесі салық салу кірісінің 200 
мың сингапурлық долларына.
Жоғарыда келтірілген жеңілдіктер келесі шарттарды орын-
дағанда беріледі:
– компания Сингапурда тіркелуі тиіс;
– барлық акционерлер жеке тұлға болуы тиіс немесе бір жеке 
тұлғаның иелігінде жай акциялардың 10%-ы болуы тиіс.
в) Тауар мен қызмет көрсетулерге салық (Good and Services 
Tax)
Тауар мен қызмет көрсетулерге салық жанама салық болып 
табылады жəне Сингапур аумағындағы барлық тауар мен қызмет 
көрсетулерге 7% ставка қолданылады. Қаржылық қызмет, жерді 
жəне тұрғын үйді иемдену мен 1 миллион сингапурлық доллар-
дан төмен емес табысы бар тұлғаларды қоса алмағанда барлық 
компаниялар бұл салық түрін төлеушілер болып табылады.
Табысы 1 миллион сингапурлық доллардан жоғары емес тұлға 
тауар мен қызмет Биржасында тіркелуге тиіс. Бұндай тұлға салық 
төлеу үшін несие ала алады.  
г) Капитал өсімінен кіріске салық (Capital Gains Tax)
Капитал өсімінен кіріске салық жоқ. 
ғ) Роялтиға салық салу (Withholding Taxes on Royalties)
Роялтидан түскен кіріске табыс салығы салынады. Егер ол 
Сингапур еліне аударылса, шетел қайнар көзі роялтидан түскен 
кіріске табыс салығынан босатылады. 
д) Дивиденттерге салық салу (Withholding Taxes on Dividends)
Дивидендтерден шет ел кірісі табыс салығынан босатылады. 
е) Несие пайызына салық салу (Withholding Taxes on Interests)
Несие пайызына табыс салығы салынады. Сингапур салық 
жүйесінде шетел немесе сингапурлық несие пайызынан кіріс ала-
тын қайнар көздерге бөлек салықтық режим қарастырылмаған. 
Несие пайызына салық, резидент еместерге төленетін 15% табыс 
салығы салынады.
 Сингапура аумағында мүлік салығы енгізілген, алайда оның 
мөлшері өте төмен. Бұл салықты төлеу үшін меншік иесінде 9 млн. 
доллар көлемінде меншік болуы тиіс, сондықтан да Сингапур 
аумағындағы мүлік жалпы салықтан босатылған деуге болады. 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау