Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет64/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

Сингапурдың қаржылық жүйесі
Экономиканың көшбасында ЖІӨ-нің 1/3 бөлігін құрайтын, 
қарқынды дамушы секторы қаржылық болып табылады. 1990 
жылдары Сингапур шет елдер валютасында операциялар жасау 
көлемі жөнінде Лондон, Нью-Йорк пен Токиолардан кейін 4-ші 
12–1540


170
орынға ие бола отыра, əлемдегі жетекші қаржылық орталыққа 
айналды. Азияның маңызды қаржылық орталығы болып табыла-
ды. Алғашында «еуродоллар» əріптесі ретінде құрылған, ол ва-
лютаны конвертациялау, несиелеу орталығы, бағалы қағаздарды 
шығару мен қаржылық қорларды басқаратын  аймақтық опе-
рациялар орталығына трансформацияланды. 1990 жылдардың 
аяғына қарай Тынық мұхиттық Азиядағы валюталық-қаржылық 
дағдарысқа қарамастан, операциялар көлемі бойынша ұлттық 
банктік сектордың көрсеткіштерінен 3 есе ( 500 млрд. АҚШ долл. 
аса)  асып тұрды.  Валюталық-қаржылық қатынаста Сингапур 
көршілері Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне əлемнің басқа елдері 
үшін Швейцария секілді аймақтағы басты халықаралық несие 
көзі мен сенімді жинақтаушы банк болды.
Сингапурдың қаржылық жағдайын бағалау
1.  Жиынтық ағымдық баланс [кіріс-шығыс]
а) Профициті бар тұрақты бюджеттік позициясы, оңтайлы 
бюджеттік саясат
b) Тиісінше, ағымдық шығындарды жабу мақсатында займдық 
құралды тарту қажеттілігі жоқ өз бетіншелік.
2007 жылы салықтық түсімдердің (тауар мен қызмет 
көрсетілімдерге салық формасында түскен түсімдердің екі есе 
өсуі (салық салу ставкасы 5%-тен 7%-ға дейін өсуі), гербтық жи-
налымдар жəне т.б.) есесінен жиынтық операциялық баланстың 
60%-ға өсуі байқалды. 
2.  Біріншілік жиынтық ағымдық баланс [кіріс – (шығыс + 
пайызды төлеуге кететін шығындар)].
a) Сингапур Үкіметінің сыртқы қарыздары жоқ жəне сыртқы 
көздерден займдық құралдарды тартпайды.
b) Пайыздарды төлеу үшін шығындар ағымдық баланстың 
1-2% құрайды.
c) Пайыздарды төлеу төмендеу тенденциясымен жүргізіледі: 
< 0,1% ЖІӨ, несиелердің үлкен көлеміне қарамастан:
– ішкі займдарды төлеу себебінен;
– төменгі пайыздық ставка бойынша жаңа қарыздар.
3. Таза несиелер/қарыздар [кірістер – шығыстар – алынған 
таза қаржылық емес активтер көлемі].
a) Сингапурдың бюджеті оңтайлы → таза несиелер → про-
фицит.


171
b) Жиынтық инвестициялардың кему тенденциясы жəне 
капитал дық түсімдердің көбеюі.
c) Ұзақ мерзімді капиталды инвестициялар бюджеттің жоғары 
рентабельді профицитіне алып келеді.
d) Бюджет профицитінің ЖІӨ-нің 7-12% құрауы:
– Бұл резервтердің қалыптасуына алып келеді. Бюджеттік 
түсімдер шығындар мен экономиканы дамытуға жеткіліктігі.
– Бұл Үкіметтің əлеуметтік қамсыздандыруға жеткіліксіз 
қаражаттың бөлінуінің көрінісі.
4. Фискалды ауыртпалық [салықтық түсімдер]
Салықтық түсімдер:
– Жалпы ағымдық шығындар көлемінің 70% құрайды → 
жоғарғы тəуелділік → жақсы не жаман? Жақсы – тұрақтылық 
арқасында; жаман – егер жекелеген азаматтар жұмыссыз болса → 
бюджетке салықтық түсімдердің əсер етуі.
– Салықтың жоғары жинақтылығы (дамыған елдерге қарағанда 
салықтық ставкалардың төмендігіне қарамастан)
– Экономиканың интенсивті өсуінің себебінен салықтық 
түсімдердің көбеюі жəне т.б.
5. Жалпы шығындар [шығындар + сатып алынған қаржылық 
емес активтердің таза көлемі].
Шығындардың жалпы көлемінің азаю тенденциясы:
–  Операциялық шығындар өседі, сатып алынған қаржылық 
емес активтердің таза көлемімен жабылады.
–  Капиталды түсімдер өсуде.


172
6. Секторлар бойынша шығындар [секторлар бойынша шы-
ғын дар + сатып алынған қаржылық емес активтердің таза көлемі].
a) Қорғаныс:
–  Соңғы үш жыл көлемінде ең көп бюджеттік шығындар ста-
тьясы.
– Ағым шығындарының (операциялық) үштен бір бөлігі, 
ЖІӨ-нің 4%-ы көлемінде.
–  Денсаулық сақтау мен білімге жиынтық шығындардың көп 
еместігі.
Əскери секторға əлеуметтік шығындар (110% шамасында) – 
дамушы (63%) жəне дамыған елдер (33%) секілді орта деңгейден 
жоғары.
–  Мемлекет аумағының аздығы.
–  “улы асшаян (креветки)” философиясы.
b) Денсаулық
–  9% шамасында операциялық шығындар немесе ЖІӨ-нің 
0,8%.
–  Өзге дамыған елдермен салыстырғанды шығын деңгейінің 
төмендігі.
–  Халық денсаулығының жоғарғы деңгейі (тиімді денсаулық 
сақтау).
–  Өздігінен ем алу ерекше орын алады («Medisave», қайта 
ұйымдастырылған мемлекеттік ауруханалар, NHS секілді ұлттық 
денсаулық сақтау жүйесінің жоқтығы).
–  Денсаулық сақтауды қаржыландыру құрылымы: 60% − таза 
шығындар; 30% − мемлекеттік шығындар; 10% − «Medisave».
c) Білім беру.
1) Операциялық шығындардың  жалпы көлемінің 26%-ы, 
ЖІӨ 2,7%-ы. Дамыған елдерде (АҚШ секілді) мемлекеттік білім 
беру саласына ЖІӨ 5% жұмсалады.
2) Дамыған елдермен салыстырғанда ЖІӨ бойынша аздығы.
–  Бір білім алушыға шаққандағы шығындардың өсуі.
–  Білім алушылардың үлгерімі бойынша халықаралық рей-
тингтерде жоғары орындарда.
Сингапур бойынша мемлекеттік қаржыны тиімді басқаруын  
бағалау құрылымы
1. Бюджет айқындылығы – бюджет шындыққа негізделген 
жəне жоспар бойынша орындалады.


173
2.  Толықтылығы жəне ашықтылығы – бюджет пен бюджеттік 
тəуекелдер бойынша жан-жақты бақылау жүргізіледі, ал салық 
пен бюджет бойынша ақпарат  жарияланады жəне қоғамға ашық.
3. Бюжетті қалыптастыру мемлекеттік саясатқа негізделген 
– бюджеттік құру кезінде мемлекеттік саясаттың басымдықтары 
ескеріледі
4. Алдын ала болжаушылық жəне бюджетті орындауды 
бақылау – бюджетті орындау ұйымдастырылған жəне мемлекеттік 
қаражаттарды пайдалануды бақылау мен басқару тетіктеріне 
сүйенеді.
5.  Есеп жүргізу, тіркеу и есептілік – есеп жүргізу материалда-
ры, есептілік жəне өзгелер басқару, бақылау жəне есептілік бой-
ынша шешімдерге қажетті көлемінде таратылып жүргізіледі.
Ішкі тексерістер жəне аудит – мемлекеттік қаржыларды тексе-
ру механизмі жəне тексеріс бойынша басшылықпен қабылданған 
шешімдер тиімді жүргізіледі.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау