Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет8/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

Негізгі түсініктер:
 Халықаралық валюталық қор (МВФ), 
Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (МБРР), Халықаралық 
Қаржы Корпорациясы (МФК) Халықаралық  даму ассоциа-


24
циясы (МАР), Өндіріс интернализациясы, азия Даму Банкінің 
функциялары, америкааралық  даму  банкі құрылымы, ішкі 
континентальдік, континентаралық, экономикалық интеграция, 
экономикалық жаһандану, еркін сауданың Еуропалық Ассоциа-
циясы.
Тақырыптың мазмұны:
 1.1 Интеграциялық процестердің 
негізгі əлемдік орталықтары. Қазіргі жағдайда халықаралық 
экономикалық қатынастардың дамуы интеграциялық 
процесстердің күшеюімен айқындалады. Əлемдік экономикадағы  
негізгі 3 полюстік орталықтардың құрылуы интеграциялық 
процесстердің нəтижесі болып табылады. Олар:
– Солтүстік Америка аймағы.
– Батыс Европа аймағы.
– Оңтүстік-шығыс Азия аймағы.
Осы аймақтардың əрқайсысында көшбасшы рөлін дамыған 
бір ел немесе елдер тобы атқарады. Мысалы, Солтүстік Амери-
када – АҚШ, Батыс Европада – Европалық қоғамдастық елдері, 
Оңтүстік-шығыс Азияда – Жапония көшбасшы рөлін атқарады. 
Осы экономикалық аймақтар ішінен соңғы кезде  Оңтүстік-шығыс 
Азия аймағы соңғы кезде елеулі дамумен ерекше сипатталады.
Халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық валюталық 
қор (МВФ), Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (МБРР) 
– 1945 жылы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) – 
1956 жылы, Халықаралық  даму ассоциациясы (МАР) – 1960 
жылы, Инвестициялық кепілдік беретін жан-жақты агенттік 
(МАГИ) – 1988 жылы құрылған. Европалық аймақта соғыстан 
кейінгі кезеңдерде дамыған елдердің екі  интеграциялық тобы 
– Европалық Одақ жəне Еркін Сауданың Европалық Ассоциа-
циясы құрылды. Европалық Одақтың дамуын реттеу ұлтаралық 
жəне ұлттар үстінен қарайтын органдар арқылы жүзеге асыры-
лады. Европалық Одақтың өзіндік бюджеті бар, бұл интеграция 
дамуының өте жоғары деңгейін көрсетеді.
Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясының құрамына 
кіретін елдер көптеген бағыттарда бір-бірімен тығыз байланыста 
араласуда, олардың өзара сауда үлесі 70 пайызды құрайды. Олар 
ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық жұмыстар салаларында 
біріккен бағдарламаларға қатысуда.


25
Европалық экономикалық кеңістік Европалық Одақ пен 
Еркін Сауданың Европалық Ассоциациясы елдерінің арасындағы 
келісім бойынша 1990 жылы құрылды. Бұл келісімде мынадай 
мəселелер қарастырылған:
– топ арасында саудадағы шектеулерді жою;
– стандарттар мен техникалық нормаларды үйлестіру;
–  үкімет тапсырыстарын орналастыруда ұлттық компаниялар-
ға арналған артықшылықтарды жою.
Европалық экономикалық кеңістікке қатысушы мүшелер өз 
өнімдерін өткеруде жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдала-
нады.
1.2 Интеграциялық аймақтардың ерекшеліктері. Солтүстік 
Америка аймағына АҚШ, Канада, Мексика кіреді. ЖҰӨ-нің 
көлемі бойынша Батыс Европалық көрсеткіштерге жақын. 
Солтүстік Америка аймағындағы интеграциялық процесстер 
Батыс Европа аймағымен салыстырғанда бірқатар айрықша 
ерекшеліктермен дамуда. Мысалы, АҚШ, Канада мен Мексика 
арасындағы өзара экономикалық тəуелсіздік ассимметриялы, тау-
ар айырбастары салыстырмалы.
Оңтүстік-шығыс Азия аймағы (Азия Тынық Мұхит аймағы)  
халық саны мен территория көлемі бойынша басқалардан көп 
үлкен. Бұл аймақтың интеграциялық ерекшеліктері көптеген 
кедергілерге байланысты. Бұл кедергілер салт-дəстүр, мəдениет, 
тарих пен діндегі айырмашылықтардан туындайды.
Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы интеграциялық про-
цестерге бөгет жасаушы негізгі факторлардың бірі – елдерінің 
экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарының елеулі 
болуы. Мысалы, Жапонияның экспорт көлемі – 265 млрд. АҚШ 
долларына тең болса, Филиппин экспорт көлемі – 7 млрд АҚШ 
долларына тең. Оңтүстік Азия елдер Ассоциациясына – Индоне-
зия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам 
кіреді. Бұл интеграция қазіргі кезде табысты түрде дамуда.
Халықаралық қаржы ұйымдары: Халықаралық валюталық 
қор (МВФ), Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (МБРР) 
– 1945жылы, Халықаралық Қаржы Корпорациясы (МФК) – 1956 
жылы, Халықаралық  даму ассоциациясы (МАР) – 1960 жылы, 
Инвестициялық кепілдік беретін жан-жақты агенттік (МАГИ) – 
1988 жылы құрылған.


26
Азия Даму Банкінің функциялары. Азияның  даму  банкі  1963  
жылы  экономикалық  комиссия  үшін  Азия  жəне  Қиыр  Шығыс,  
кейіннен  өзгеріліп  экономикалық  жəне  əлеуметтік  комиссия  
үшін  Азия  жəне  Тынық  мұхит  болып  құрылған  болатын.  Банк  
ұйымының  келісімі  1965  жылы  қол  қойылып,  1966  жылы  
күшіне  енді.  Банк  операцияларын  1966 жылы  жүргізе  бастады.
Азия  даму  банкінің  мақсаттары:
– Қиыр  Шығыс  жəне  Азияға  арналған  аумақтық  ынты мақ-
тастық  жəне  экономикалық  өсуге  жəрдем беру.
– жоқшылық  деңгейін  төмендету.
– əйел  адамдардың  жағдайын  жақсарту.
– халықты  аумаққа  орналастыру  жоспарын  қосып,  еңбек  
ресурстарын  дамыту.
– табиғатты қолданудың  тиімділігін  қамтамасыз  ету.
Функциялары:
–  Экономикалық-əлеуметтік  прогрестің  дамуына ықпал ету,     
мемлекеттік   заемдарды  шығару  жəне  меншікті  құралдар  са-
лымын  жеткізу.
–  Жоба  дамуын  жəне  програмалардың  жүзеге  асуы  мен  
экспорттық  қызметінің  дайындығы  жəне  техникалық  көмектерді  
көрсету.
–  Даму  мақсатындағы  мемлекеттік  жəне  меншіктік  инвес-
тицияларды  ынталандыру.
–  Даму  мақсатында  жəне  жоспар  координацияларына  көмек  
көрсету.
Құрылымы:
– Басқару  кеңесі.
– Директорлар  кеңесі.
– Президент.
Қаржыландыру  көздері.  Қаржы  ресурстары  қарапайым  ка-
питал  ресурстарын,  соған  қоса  жазулы  капитал,  құралдар  
жəне  резервтік  капитал,  капитал  нарығында  қарыз  алу  жо-
лымен,  сондай-ақ  арнайы  қорлар,  техникалық  көмек  көрсету  
жəне  несиелендіру  жеңілдігі  мақсатында  туындауынан  тұрады.
Қызметтері: Банктің  операциясы  барлық  экономикалық  даму  
спектріне  таратылады.  Негізінен  ауылшаруашылыққа,  энергияға,  
капитал  нарығының  дамуына,  əлеуметтік  инфрақұрылым  жəне  
көліктік -коммуникацияға  көңіл  бөлінеді.  Азия  даму  банкі  


27
сондай-ақ  бірлескен  арнайы  қаржыландырылған  меншікті 
 
құралдар  салымы  жəне  коммерциялық  импорттық-экспорттық  
ұйымдарға  да  көңіл  бөледі.
Америка аралық  даму  банкі құрылымы. Кариб  бассейні  
жəне  Латын  Америкасында  экономикалық-əлеуметтік  даму  
жылдамдығындағына  көмектер  көрсету  мақсатында  1959 
 
жылы  құрылған  болатын.
Функциялары:
– Латын  Америкасының  даму  мақсатындағы  мемлекеттік  
жəне  меншік  капиталы  мен  салымдарына  жəрдем.
– Аумақта  біріншілік  экономикалық-əлеуметтік  жобаны 
 
қаржыландыруға  арналған  ақша  нарығында  алынған  басқа  да  
қол  жетерлік  ресурстар,  құралдар  мен  меншікті  капиталдарды  
қолдану.
– Меншікті  капитал  салымының  жобасын  кеңейту.
– Қатысқан  елдердің  келісу  мақсаты  саясаттың,  ресурстардың  
көбірек  толықтырылуы,  экономиканың  кеңейуімен  сыртқы  сау-
даны  дамытуы.
– Техникалық  көмектер  дайындығын  қамтамасыз  ету,  даму  
жобасын  жəне  жоспарды  жүзеге  асырудағы  қаржыландыру.
Құрылымы:
1. Басқару  кеңесі.  Басқару  кеңесінің  комитеті.
2. Директорлар  кеңесі – орындаушылар.
3. Өкілеттер жəне елдік бөлімшелер, департаменттер, прези-
дент, администрация.
Қаржыландыру  көздері.  Банктің  қаржы  ресурстары  қара-
пайым  капитал  ресурстарынан,  жазушы  капитал,  резервтік  ка-
питал  жəне  құралдар,  қарыз  нəтижесінде  алған  жəне  трастқа  
арналған  мемлекеттік  мүшелердің  туындауынан  қалыптасады.  
Банк  арнайы  қорлармен,  дамыған  елдердің  экономикалық  
несиелендіру  жеңілдіктері  үшін  арналған.
Қызметтері.  Банктің  операциясы  экономика  дамуының  бар-
лық  спектрін  алады.  Көп  көңіл  өндірілетін  секторға (ауыл-
шаруашылық  жəне  балық  аулау,  туризм  жəне  кіші  кəсіпорын,  
инфрақұрылым,  энергия  мен  транспорт),  əлеуметтік  секторға  
(қоршаған  ортаны  қорғау,  білім,  ғылым  мен  техника,  қалалық  
шаруашылықты  дамыту)  реформаларымен  жоспарлау,  инвести-
циямен  қаржыландыру.


28
Ислам  даму  банкі.  Таяу  Шығыста  жəне  Солтүстік  Афри-
каның  ішіндегі  араб  мемлекеттерінде  Ислам  даму  банкі  бо-
лып  табылады.  1974  жылы  шариаттың  принциптеріне  сəйкес  
мұсылман  көпшілігі  жəне  ел  мүшелері  əлеуметтік  прогресі  
жəне  экономикалық  дамуға  жəрдемдесу  мақсатында  құрылған  
болатын.
Функциялары.
– Акционерлік  капитал  құралдарын  инвестициялау.
– Жобаны  жəне  өндірістік  кəсіпорындарды  несиелендіру.
– Кейбір  басқа  жəне  экономикалық-əлеуметтік  даму 
 
мақсатында  басқа  формада  мемлекет  мүшелерінің  қаржылық  
көмек  көрсетуі.
Құрылымы:
– Басқару  кеңесі.
– Орындаушы  директорлар  кеңесі.
– Секретарь,  администратор,  Банк  президенті,  вице  прези-
дент,  аумақтық  бөлімдер.
Банктің  қаржылық  ресурстары  жарғылық  капиталдан  жəне  
қосымша  қаржы  құралдарынан  тұрады.
Қызметінің  бағытталуы: Инфрақұрылым  аумағында  жобаны  
қаржыландыру  үшін  займ  алу,  кəсіпорын  мен  ауылшаруашылық  
капиталына  қатысу  жəне  т.б.
Африкалық  даму  банкінің  тобы. Африкалық  қаржы  ұйым-
дарының  ішінде  Африкалық  даму  банкінің  тобы  қызығушылық  
танытады.  Ол  өзіне  Африкалық  даму  банкін,  Африкалық  даму  
қорын,  Нигерияның  сенім  қоры  кіреді.  Топқа  кірген  қордың  
екеуі  Африканың  даму  банк  ұйымдарымен  келісім  туралы  
келісілген  жағдайынан  туындаған  болатын.
Мақсаттары:
– Аумақтық  мемлекет  мүшелерінің  əлеуметтік  прогресі  
жəне  экономикалық  дамуға  жəрдем.
– Жобаны  жəне  инвестициялық  бағдарламаларды  қаржы-
ландыру.
– Бірлескен  ұйымдар  жолымен  ресурстар  мобилизациясын  
бірлескен  банкпен  жүзеге  асырылған  екі  жəне  көп  жақты  
даму  институттарын  қаржыландыру.
– Африкаға  қатысты  даму  сұрақтарына  өзара  түсіністік  
өсуі  жəне  халықтық  диалог  жүргізуге  жердем.
– Жоба  дамуын  дайындауда  техникалық  көмек  көрсету.


29
– Қызметтердің  негізгі  бағыты: 
– Макролық  реформаларды  жүргізу  жəне  дайындау.
– Қоршаған  ортаны  жəне  табиғат  ресурстарын  ұтымды  
қолдану.
– Даму  процесінде  əйелдердің  қатысуы.
– Меншік  секторының  дамуына  жəрдем.
– Жоқшылық  деңгейін  қысқарту.
– Экономикалық  интеграция  жəне  көп  ұлттық  жобалар.
– Саудаға  жəрдем.
Еуропалық  қаржы-несиелік  ұйымдар. Экономикалық  ин-
теграция  процесінде  маңызды  рөлді  Батыс  Еуропасында 
 
валюталық-несиелік  жəне  қаржылық  институттар  Еуропалық  
экономикалық  бірлескен  шегінде  туындаған  институттар  орын  
алады. Еуропалық  инвестициялық  банк  1958  жылы  Римдік  
келісіммен  сəйкес  бекітілген  болатын. Европалық  инвестициялық  
банк  ұзақ  мерзімді  несиелер  жəне  компанияларға  кепілдеме  
артықшылығын  қаржыландыруды қаржылық  институттар 
мен  мемлекеттік  органдары  көрсетеді.  Бұл  банктің  қызметі  
бастапқы  алған  ЕС-нің  қатысушылары  басқа  Европалық  мем-
лекеттер  таратылған,  сондай-ақ  дамушы  елдердің    конвенция-
сына  қол  қоюы болды.
Европалық  даму  қоры 1958  жылы  құрылған.  Дамушы  ел-
дерде  төменгі  пайызда  ұзақ  мерзімді  несиелер,  жеңілдіктер  
жəне  негізінен  субсидиялар  беріледі.  1960  жылы Еуропалық  
əлеуметтік  қор  операциясын  жүргізе  бастады  жəне  халықтың  
мүмкіндіктерін  жақсартуға  арналып  құрылған  болатын.  1975  
жылдан  бастап  Европалық  аумақтық  даму  қорының  қызметі  
несиелік  бағдарламалар  үшін  туындаған  аумақтық  сəйкессіздікті  
азайту  мақсатында  құрылған  болып  табылады.
Европалық  валюталық  келісімдік  қоры аумақтық  мем ле-
кетаралық  валюталық  реттеу  мақсатында  Европалық  валюталық  
жүйемен  жүргізіліп құрылған  болатын.  Қор  валю талық  бағаны  
реттеумен  байланысқан  есептесулер  жəне  төлем  балансының  
дефицитін  жабу  үшін  мемлекет  мүшелеріне  несие  береді.  
Келісілген  Маастрихтік  келісім (1991-1994 ж.ж.)  аты  өзгеріліп  
Еуропалық  валюталық  институт  болған.  Одан  ереже  тапсыр-
маларын  əзірлеу  жəне  тəртібі  біркелкі валюталарды  жүргізумен  
байланысты  ережелерді қабылдау  талап  етіледі.


30
1.3  Халықаралық   экономикадағы    интеграциялық   үдерістер-
дің теориялық  негіздері.
Халықаралық экономикада интеграциялық  үдерістердің да-
муы өндіріс  жалпыландыруымен үздіксіз байланыста болады .
Өндіріс интернационализациясы – бұл халықаралық  мас-
штабта өндірістердің жалпыландырылуын (бірігуін) білдіреді.
Жалпы өндірістің пайда болуы – бөлшектелген өндірушілер 
кызметтерінің бірі өзара байланысқан жəне өзара келісілген 
өндірістік процеске жалпыландыруын білдіреді.
Жеке елдерінің шектерімен шектелмей өндірістің жалпылығы 
халықаралық сипаттамасына ие болды. Екі немесе бірнеше 
елдердің біріккен өндірістік қызметтері құрыла басталды, яғни 
бұрын əртүрлі елдердің қарама-қарсы өндірістік процестері бір 
халықаралық өзара байланысқан өндірістік процеске айналды. 
Бұл құбылыс өндірістің интернационализациясы деп аталды.
Өндірісті жалпыландырудың мəнін сипаттау үшін, өзара 
ұлттық жəне халықаралық деңгейде «еңбектің жалпыландыры-
луы» жəне «өндірістің жалпыландырылуы» сияқты түсініктердің 
қатынасын анықтау қажет.
Өндірістің жалпыландырылуы табиғат күшіне халықтың 
қатынасын жəне өндіріс үдерісінде халықтың бір-бірімен мате-
риалдық игіліктерінің тұтынуын, айырбастауын, реттеуін байла-
ныстыратын ауыр үдерістердің бірі болып табылады. Сондықтан, 
бұл  үдеріспен танысу барысында əдістемелік тəсілді қолдану 
қажет. Ең алдымен бұл мəселені өндіріс жағынан зерттеу керек. Бұл 
жағдайда өндіріс күштердің жалпыландырылуы қарастырылады. 
Сонымен қатар, бұл  үдерісте өндірісті жалпыландырудың əлеу-
меттік-экономикалық мазмұнын  ашу керек.
Еңбекті халықаралық бөлу бағытында өндірістік күштердің əр 
түрлі деңгейде дамыған елдер қатыса бастаған. Мысалы, А елінің 
өндірістік даму бөлігі ұлттық табыс құрылымында 60 пайызды 
құрайды, ал Б елінің өндірістік даму бөлігі – 30 пайызды құрайды. 
Бірақ, əртүрлі параметрлері бар елдердің бірдей салаларында бір 
өнімді əр түрлі материалдық шығындары мен еңбек ресурстарын 
пайдалана отырып, өндірістік күштерінің дифференциалданған 
деңгейде дамуына əкеледі. Бір елде бір жұмыскер бір күн ішінде 
бір машинаны шығарса, екінші елде екі машинаны шығарады. 


31
Нəтижесінде,  МХБ-ге əртүрлі өндірістік күштерінің деңгейі 
дамыған əртүрлі елдердің катысуы барысында, халықаралық 
шаруашылықтың спецификалық құрылымын туғызады: оның 
кез келген саласы тепе-теңсіз ұлттық кəсіпорындардың сома-
сын ұсынады. Бұл əртүрлі елдердің өндірістік жалпыландыру 
процесінің формалды сипаттамасын береді.
Формалды халықаралық өндірісті жалпыландыруды неме-
се өндірістің формалды интернационализациясы - оған еңбекті 
халықаралық бөлуге қатысатын елдерді жатқызады, олар бір-
біріне еңбек етеді, бірақ олардың өнімге кеткен шығындары 
міндетті түрде əр түрлі болады. Басқаша айтқанда, өндірістің 
формалды интернационализациясы елдердің арасында тұрақты 
экономикалық байланыстарды орнатудың нəтижесінде жəне 
олардың арасында əртүрлі барьерлерді (кедендік) сақтау нəти-
жесінде пайда болады.
Егер, өндірістің формалды интернационализациясы бір 
контингенттің əртүрлі аймақтарында орналасқан елдердің ара-
сында (Европа, Африка) болса, бұл деңгейді ішкі континентальдік 
деп атайды. Ал егер, өндірістің формалды интернационализаци-
ясы екі, үш немесе төрт континенттегі елдердің арасында бол-
са, бұл деңгейді континентаралық деп атайды. Өндірістің фор-
малды интернационализациясы  ең жоғарғы деңгейі əлемнің 
барлық континенттерін алатын болса, бұл деңгейді əлемдік не-
месе жаһандық деп атайды. Басқаша айтқанда, экономикалық 
жаһандану – бұл өндірістің əлемдік интернационализациясы.
Елдің ұлттық экономикасының үйлесімді құрылымы сала-
лардың жиынтығын құрайды, олардың əрқайсысында маңызды 
рөл атқаратын өлшемдері үйлесімді кəсіпорындар. Бұл кəсіп-
орындардың үйлесімді дамуына елдің экономикалық саясаты 
əсер етуі мүмкін, олардың басты қағидаты: əрбір серіктестік елдің 
экономикасында үйлесім қаншалықты артса, соншалықты елдің 
нақты өндірістік интернационализациясы артады. Кəсіпорынның 
бəсекелестігін құру – бұл өндірістік ннтернационализациясының 
нақты кезеңіндегі ел экономикасының үйлесімді құрылуының 
соңғы тапсырмасы.
Əзірше халықаралық аймақтық масштабтарында іске асыры-
латын өндірістің нақты интернационализациясы – экономикалық 
интеграция атағына ие болды.


32
Интеграция ретінде белгілі бір бірлестікті түсінуге бола-
ды. Интеграцияға елдердегі курстарының нəтижесінде олардың 
ұлттық шаруашылықтарының бірте-бірте жақындасуы, яғни бір-
лескен халықаралық шаруашылық болуы керек. Ал бірлескен 
өндірістің қызмет етуі келешекте халықаралық аймақтьң өнді-
рістік интернационализациясының өсуін білдіреді. 
Интеграцияның курсы бірнеше экономикалық мəселелердің 
нəтижесінде туында ған, бұл мəселелерді елдер жеке жəне еңбекті 
халықаралық бөлу жүйесіне сүйеніп  шеше алмаған. Интеграция-
ланатын елдер халықаралық жалпыландырылған өндірістің 
аймақтық дамуы нəтижесінде пайда болған көптеген фактор-
лардың есебінен ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруына 
тырысып отыр.
Біріншіден, шаруашылық субъектілер қызмет ететін экономи-
калық ортаның кеңеюі. Интеграцияланатын елдер арасында 
бəсекелестік күресі өсіп отыр. Бұл күрес өндірістің тиімділігін 
арттыруға əкелетін жаңа технологиялар мен техникалық құралда-
рының іздеуін белсенді түрде ынталандырып отыр.
Екіншіден,  елдердің аймақтық экономикалық бірігуі дəс 
-
түрлі екі немесе көп жақты қарым-қатынастарға қарағанда өзара 
сауданы дамыту үшін тұрақты бір жағдайды құруға тырысып 
отыр.
Үшіншіден, интеграциялдық одақтар олардың катысушы-
ларының тек өзара саудасын жақсартып қана қоймай, біріккен 
сауда ұйымында сауда қарым-қатынастары шегінде келісімді 
жағдайын нығайтып бекітеді. Одақ атынан мүшенің сөйлеуі 
 
халықаралық сауда саясаты облысында жақсы нəтижелерге 
əкеледі.
Төртіншіден, қазіргі халықаралық экономикада пайда болған 
интеграц бірлестіктер, оларға енетін елдерге экономикалық 
масштабттарының артықшылықтарын колдануға мүмкіндік 
береді. 
Бесіншіден, аймақтық интеграциялдық бірлестіктер олардың 
мүшелері үшін жағымды сыртқы саяси орталарды құрайды. Шы-
ныменен, барлық интеграциондық одақтардың басты талаптары 
ынтымақтастықты тек экономикалық аумағында ғана емес, со-
нымен қатар, саяси, əскери, мəдени жəне басқа да экономикалық 
емес орталарда құру. Көрші елдері үшін жақсы қарым-қатынастар 


33
экономикалық міндеттерімен жəрдемдесіп маңызды саяси 
басымдыққа айналды.
Интеграциялық процестердің дамуы мүшелерінің, өздерінің 
ұлттық экономикасының қызмет ету тиімділігін арттыруға тыры-
сумен байланысты. Бірақ, ол белгілі бір шаралардың орындалуы-
мен байланысты:
Біріншіден, интеграцияланатын елдердің экономикалық даму 
деңгейлерінің ұқсастығы немесе бірдей болуы. Халықаралық 
экономикалық интеграция өндірісі дамыған елдер арасын-
да немесе дамымаған мемлекеттер арасында пайда бола-
ды. Мұндағы экономикалық дамуға жақын мемлекеттер ара-
сында интеграциялық процестер белсенді түрде жүріп отыр. 
Преференциалдық келісімге қол қойған елдер арасында ұлттық 
кедендік тариф сақтандырылады, бұл интеграциялық процестің 
бастапқы емес дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. 
Преференциалдық  келісімді басқару үшін ешқандай мемлекет 
құрылмайды. Бұл келісімдердің кызмет егу мерзімі елдің дамыған 
елдердің қатарына кіру шарттарымен аяқталады.
Екіншіден, ннтеграцияланатын елдердің территориялық жа-
қындығы, көп жағдайда бір шекараның болуы. Əлемнің көп теген 
интеграциялық топтарының жақындасуы, көрші орна 
ласқан 
бірнеше елдерінің географиялық орынның болуымен жəне 
көліктік коммуникациясының жалпыға бірдей орналасуымен 
байланысты. Кейін алғашқы топтарға басқа да көрші мемлекет-
тер қосыла бастады.
Үшіншіден, жаңа интеграциондык одақтардың пайда болуы-
на демонстрациясының тиімділігі əсер етті. Себебі, халықаралық 
экономикалық интеграцияға қатысатын көптеген елдерде 
экономикалық өсу қарқының жылдамдатылуы, инфляцияның 
төмендеуі, жұмыспен қамтушылық жəне басқа да жағымды 
экономикалық қозғалыстар басқа елдер үшін ынталандыру əсерін 
тигізеді.
Халықаралық экономикалық интеграция немесе өндірістің 
нақты интеграциясы өзінің даму барысында бірнеше дең-
гейлерден өтеді: еркін сауда зонасын, кеден одағын, жалпы 
нарық, экономикалық жəне саяси одақ. Интеграцияның осы 
барлық түрлері немесе деңгейлері  жалпы бір ерекшелікпен си-
патталады - интеграцияның кез келген түріне енген елдер арасын-
3–1540


34
да белгілі бір экономикалық барьерлер жойылады. Нəтижесінде, 
интеграциондық бірлестіктер шегінде бір нарықтық кеңістік 
құрылады, мұнда нарықтық регуляторларының көмегімен еркін 
бəсекелестік дамиды жəне өндірістің территориялық  жəне 
салалалық тиімділігі пайда болады.
Жалпы  нарық  халықаралық экономикалық интеграцияның 
соңғы даму деңгейі болып саналмайды. Мемлекет шекарасы-
нан тауарлардың, қызметкердің, жəне жұмыс күшінің еркін 
қозғалысы нарық кеңістігін құру үшін жеткілікті емес. Еуропалық 
зерттеушілердің пікірі бойынша келесі шараларды өткізу бары-
сында қозғалысты жетілдіруге болады:
– салық деңгейін түзету;
– жалпы салаларға жəне жеке кəсіпкерлерге бюджеттік субси-
дияларын қысқарту;
– ұлттық еңбек пен шаруашылық заңнамасында 
айырмашылықтардан өту;
– техникалық жəне санитарлық стандарттық бірыңғайлау;
– ұлттық қаржы-несиелік құрылымын жəне əлеуметтік қорғау 
жүйесін бағыттау.
Келешектегі ұлттық салықтың, антиинфляциялық валюталық, 
өндірістік, ауыл шаруашылық жəне анықталған интеграциялық 
одақтың əлеуметтік саяси мүшелерінің бұл шараларда іске асы-
руы экономикалық біріктірілген елдердің бірлескен ішкі аймактық 
нарығының құрылуына əкеледі. 
1.4  Еркін сауданың Еуропалық Ассоциациясы.
Еуропалық Одағымен қоса Еуропада бұрыннан бастап екінші 
интеграциялық топтасуы - еркін сауданың Еуропалық Ассоциа-
циясы (ЕСЕА) кызмет етті. Бұл ұйымды құру туралы конвенция 
1959 жылы Стокгольмде құрылып, келесі 1960 жылы күшіне ене 
бастады. Оны құрушы ел Ұлыбритания болды, ал оны Еуропалық 
континенттегі Европаның экономикалық бірлестігі қарсы 
қарастырып кұрды.
70 жылдары еркін сауданың Европалық Ассоциациясына 10 
ел енді. Өзінің сапалық сипаттамасына қарай еркін сауданың 
Еуропалық Ассоциациясы Еуропаның экономикалық бірлестігіне 
қарағанда экономика жағынан біртекті болды.
Білім туралы Стокгольм конвенциясына қол қойғанда еркін 


35
сауданың Еуропалық Ассоциация жақтары келесі мақсаттарды 
негізгі деп қарастырды:
– бірте-бірте сауда барьерлерін жоя отырып  мемлекетаралық 
сауданың дамуына үлес қосу, сыртқы саудада белгілі бір 
дискриминацияның өтімділігі бойынша бір-бірімен консультаци-
яларды өткізу;
– экономикалық белсенділіктің өсуіне, толық жұмыспен қам-
тылуына, өнеркəсіп еңбегін     артыруға,     ресурстарды     рацио нал -
ды  пайдалану мен қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес 
қосу;
– еркін сауданың Еуропалық  Ассоциациясына мүше-
елдерінің территориясында өндірілетін шикізатты  толықтыру 
шарттарының тепе-теңдігін  жою;
– өзара саудаға өз еркімен бəсекелестік шарттарын  қамтамасыз 
ету.
Өзінің экономикалық мазмұнына қарай ЕСЕА тобы инте-
грацияның алғашқы кезеңіне жатады, яғни еркін сауданың 
аумақтарына. 
Біріншіден, Стокгольм конвенциясы мүше елдеріне кеден-
діктен босатылған жəне сандық шектеулердің өзара еларалық са-
удасын  жүргізуге мүмкіндік береді. 
Екіншіден, берілген топтың əрбір мүшелі үшінші елдер-
мен сауданы жүргізу барысында өзінің кедендік баж алымдары 
жəне ішкі сауданың меншігін сақтайды, яғни бірынғай ұжымдық 
кедендік баж алымы жоқ. 
Үшіншіден, ЕСЕА мүшелдерінің өзара қызмет етуі, олардың 
қызметтерін сəйкес облыстарында реттеуі арнайы жалпы 
шешімдерінің болмауымен жəне баскарудың тұрақты қызмет етіп 
отырған ұлттық жүйелерінің болмауымен сипатгалады.
ЕСЕА  жоғарғы  басшы   органы  –  Кеңес,   ол   ұсынып   бе -
ріл
 
ген мүше елдерінен құралып, əртүрлі сұрақтарды шешу 
үшін белгілі бір форум ретінде анықталады. Ол шешімдерін тек 
бірыңғай шешімдермен  қабылдай алады. Кеңес айына екі рет ми-
нистрлер деңгейінде жəне тұрақты ұсынушылармен ЕСЕА Кеңесі 
өзінің іскерлігі бойынша келесі комитеттерге сүйенеді:
– саудаға техникалық бөгеттер бойынша;
– кеден зерттеушілері;
– сауда зерттеушілері;


36
– экономикалық;
– консультативті,  ол мүше - мемлекеттерінің 5  адамға дейін,  
одақтар мен кəсіпорындарды ұсынушылардан құралады; 
– бюджеттік жəне т.б.

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау