Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет48/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

2. Ұлыбританяның ақша-несие саясаты
Ұлыбританияда фунт стерлинг ақша бірлігі орталық 
мемлекеттің құрылуына дейін Британ аралында пайда болған. 
Жергілікті халықтар сол кезде күміс пенс немесе стерлингтерді 
қолданған. Бір  фунт күміс 240 пенске теңелді, сонан соң «фунт 
стерлингі» деген атау шықты.
Төрт ғасыр бойы қолданып келе жатқан биметалл ақша жү-
йесі 1816 ж. алтын стандарт заңы бойынша тоқтатылды. ХХ ғ. 
басында Британия экономикасына капитал экспорт тəн бол-


133
ды. 1904−1913 ж.ж. капитал тартуы ішкі капитал салымымен 
теңестіріле басталды. Британ империясының елдері барлық шетел 
инвестицияларының жартысын өтеді. Капитал жинаудың негізі 
колониялық жəне шикізат компанияларының Ұлыбританияның 
экономикасына ішкі капитал салымдарын қаржыландыруда 
белсенді қатысты. 1910-1914 ж.ж. шетел инвестицияларының та-
бысы елдің ЖІӨ 8%-ынан асты. 
1914 ж. банкнотты алтынға айырбастауын тоқтатып, яғни ал-
тынды айналымнан ығыстырып, əскери шығындарды өтеу үшін 
үкімет қазынашылық билеттер шығара бастады. 1925−1931 ж.ж. 
алдында өмір сүргеннің мөлшерсіз несие ақша жүйесінің орнын 
басқан алтын құйылған стандарт ыдырап кетті. 1925−1928 ж.ж. 
айналымнан қазынашылық билет алынған, яғни ақша реформасы 
жүргізілді. 1931 ж. Ұлыбритания екінші дүние жүзілік соғыста 
болған стерлинг шекарасын, яғни тауар айналымның 1/6 бөлігін 
құраған стерлингтік блок басқарды. 
    Ақша, валюта Ұлыбританияның экономика жүйесін рефор-
малау мен шаруашылықты реттеудің басты бағыттары болды. 1979 
ж. Ұлыбритания мен басқа елдер  арасында капитал қозғалысын 
ұстаған валюталық бақылау ликвидтенді. 1986 ж. қазан айын-
да лондондық қор биржасы ұйымдастырылып, экономикалық 
əдебиетте  «үлкен жарылыс» атты əйгілі болған. Нəтижесінде: 
комиссиондық алымдар минималды түрде тұрақтандырылды, 
биржаға банктер жəне шетелдік мекемелер жіберілді, сондай-ақ 
биржа мүшелеріне брокер жəне джоббер функцияларын қатар 
жүргізуге рұқсат берілді. 
1980 ж. Ұлыбритания  ақша массасын таргеттеу жасау сияқты 
монетарлық саясат формасын жүргізді. 
XVII ғ. аяғында Англия қаржылық жетіспеушіліктің шегінде 
болды. 50 жыл бойы Франция елімен соғысы елдің экономикалық 
жағдайын нашарлатты. Англия банкі парламенттің негізі болып 
1694 жылдың 27 шілдесінде негізделді. Банк капиталы Англияның 
мемлекеттік қарызын өтеді. Англия банкі – дүниежүзінің ең 
ежелгі банктерінің бірі болып саналады. 
Банк акционерлік компания сияқты құрылды. Ол өзіне 1268 
акционерді кіргізді. Барлық жеке меншік банктер сияқты ол 
өзінің акцияларын нарыққа шығарды. Англия банкінің банкнот-
тары еркін түрде айналымда болды. 


134
Қазіргі уақытта Англия банкі 1946 жылы қабылданған «Ан-
глия банкі» заңымен реттеледі. Осы заңға сəйкес акционерлік ка-
питал қазынашылыққа берілді, ал оның бұрынғы иелері төрт есе 
акцияның номиналды құнынан асатын мемлекеттік облигация 
түрінде көп мөлшерде компенсация берілді. 
1987 ж. Англия банкі банктік істі атқарудағы қосымша құқық 
алды. Бірақ он жыл өткеннен кейін 1997 ж. банк қадағалау функ-
циясы қайта басқаратын бақылау органына берілді. 
Қазіргі уақытта Англия банкі өз іскерлігін үш мақсатта іске 
асырады:
– ұлттық валюта құнының тұрақтылығын қолдау;
– қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
– халықаралық аренада жəне елдің ішінде қаржылық жүйенің 
тиімді жəне бəсеке қабілеттілігі жоғары болуын қамтамасыз ету;
Англия банкі келесі функцияларды атқарады:
– монетарлық саясатты шығарады;
– банкнот  эмитенті болады.
– Бірінші функцияны іске асырғанда Англия банкінің 
клиенттері үш ірі топтарға бөлінеді:
– Бірінші – коммерциялық банктер. Англия банкінде барлық 
клирингтік банктердің есеп-шоттары бар. Клиринг операцияла-
рында Англия банкінің клирингтік есеп шоттары қолданылады. 
– Екінші – басқа елдердің орталық банктері. Шетелдердің 
орталық банктері Англия банкінде есеп шоттары жəне алтын-
ды осы банктер сақтайды. Сондай-ақ Англия банкінде Лондонда 
барлық істерді атқаруға болады.
– Үшінші – үкімет. Үкімет өз салымдарын англия банкінде 
сақтайды. Бюджетке төленетін төлемдер, салықтар жəне бюджет-
тен кететін əлеуметтік төлемдер барлығы Англия банкінен өтеді. 
Монетарлық саясаттың басты мақсаты баға тұрақтылығын 
қамтамасызданыруға қол жеткізу.     
Ұлыбританияда басқа банктік емес арнайы қаржылық-
несиелік институттарға жинақтаушы институттар, сақтандыру 
компаниялар мен зейнетақы қорлары, инвестициялық трестер, 
сенімді үлестік қорлар, қаржылық корпорациялар, венчурлік 
қаржыландыру фирмалары жатады. 
Жинақтаушы институттарға өз кезегінде сенімді жинақтаушы 
банк, ұлттық жинақтаушы банк, құрылыс қоғамдары жатады. 


135
Сенімді жинақтаушы банктер бұрын жергілікті жинақ касса-
лары ретінде пайдаланылады. Содан кейін олар 16 ірі аймақтық 
мекемеге қайта құрылды, ал 1986 ж. бірыңғай акционерлік сенімді 
жинақтаушы банк болып құрылды, ол өзінің қызметі жəне капи-
талы бойынша тек «үлкен төрттікке» орын береді, сонымен қатар 
ол барлық коммерциялық банктерінің функцияларын орындайды.
Ұлттық жинақтаушы банк (бұрынғы пошталық жинақтаушы 
банк)  пошталық бөлімшелер арқылы халықтардың жинақтарын 
жинақтайды, олардың саны 25 мыңнан асады.
Сақтандыру компаниялар мен зейнетақы қорлар жинақталған 
ссудалық капиталды ұзақ мерзімді инвестицияларға салады. 
Қаржы несиелік қызмет органдарының мамандығына қарағанда 
екінші орында сақтандыру қызметіне жəне зейнетақыны 
қамтамасыз ету тұр. Оларда жинақталған қаражаттар 20-25 жыл 
мерзімге операцияларға салынады. 
Инвестициялық трестер тек бағалы қағаз операцияларымен 
ғана жұмыс істейді. Өзінің акциялар мен облигацияларын эмис-
сиялау арқылы олар капиталды тарту компанияларының бағалы 
қағаздарына салады. Мұндай мекемелерінің ерекшелігі – нарық 
конъюктурасының тəуелді болып, тұрақты қаражаттарының 
қайнар көзі болмайды. Бағалы қағаздарының құны төмендегенде, 
олар шығындарға ұшырайды. Сенімді үлес қорытындылары 
қызмет жағынан инвестициялық трестерге ұқсайды. Оларға ақша 
капиталдарын жинақтап, оларды бағалы қағаздарға салады. Бірақ 
үлес қосқан субъект əрқашан өз үлесін басқару компаниясына са-
тып жіберу мүмкін, сондықтан мұндай қорлардың капиталы ай-
нымалы мөлшерде болады: ол үлестерінің сатылуы мен сатып 
алуына байланысты. Қор активтерінің құрылымы инвестициялық 
трестерге ұқсас: 80% жеке меншік компанияларының акциясын 
құрайды, сонымен қатар олар банктермен жəне сақтандыру ком-
паниялармен жұмыс істейді.
Қаржылық корпорациялар кəдімгі несиелік капиталға қол жете 
алмайтын жеке меншік фирмаларды несиелендіреді. Ең ірілері 
− өндіріс-қаржы корпорациясы, ауылшаруашылық ипотекалық 
корпорация жəне т.б. 
Венчурлік қаржыландыру фирмалары  ХХ ғасырлдың 80 жыл-
дарында пайда болған, алға басып жатқан салалардағы компания-
ларды несилендіретін арнайы ұйым. 



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау