Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010



жүктеу 2,76 Mb.
бет7/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МЕРЗIМДЕЛУ

Афанасьев мәдениетi – б.з.д. 3 – мың.

Андрон мәдениетi – б.з.д. ХҮII – ҮIII ғғ.

Қарасұрық мәдениетi б.з.д. ХII – ҮIII ғғ.

Беғазы – Дәндібай мәдениеті б.з.д. ХІ – ІХ ғғ.

Глазков мәдениетi – б.з.д. ХҮIII – ХIII ғғ.

Кент мекенжайы – б.з.д. ХІІ – Х ғғ.

Әдебиеттер

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура Саков и Усуней долины реки Или. – Алма – Ата, 1963.

Андроновская культура. – М.;Л., 1966.

Аркаим: исследования, поиски, открития. – Челабинск, 1995.

Археологические памятники эпохи бронзы восточноевропейской лесостепи. – Воронеж, 1986.

Березанская С.С. Северная Украина в эпоху бронзы. – Киев, 1982.

Бронзовый век Урало - Иртышского междуречья.- Челябинск, 1984.

Вадецкая Э.Б. Археологические памятники в степях Среднего Енисея. – Л., 1986.

Вадецкая Э.Б., Леоньева Н.В., Максименков Г.А. Памятники Окуневской культуры. – Л., 1980.

Горбунова В.С. Бронзовый век Волго-Уральской лесостепи. – Уфа, 1992.

Грязнов М.П. Погребение бронзовый эпохи в Западном Казахстане. Сборник «Казахи», Вып.11. – Л.,1927.

Зданович Г.Б. Бронзовый век Урало-Казахстанских степей. – Свердловск.,1988.

Зданович Г.Б. Архитектура поселения Аркаиым. – Челабинск,

Катакомбные культуры Северного Кавказа. – Ордженекидзе, 1982.

Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. Эпоха Бронзы Центрального и Серного Казахстана. – Караганда, 2002.

Косарев М.Ф. Бронзовый век Западной Сибири. – М., 1981.

Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. – Фрунзе, 1986.

Кузьмина Е.Е. Откуда пришли индоарии? - М., 1994.

Кызласов Л.Р. Древнейшая Хакасия. – М., 1986.

Құрманқұлов Ж.Қ., Байқонақов Д.С. Қазақстанның қола дәуірі. – А.,2008.

Максименков Г.А. Андроновская культура на Енисее. – Л., 1978.

Мельников В.И. Особые виды погребении катакомбной общности. – М., 1991.

Обыдёнов М.Ф., Обыдёнова Г.Г. Севере - восточная периферия срубной культурно-исторической общности. – Самара, 1992.

Поселения срубной культуры. – Воронеж, 1989.

Пряхин А.Д. Абашевская культура в Подонье. – Воронеж, 1973.

Смирнов К.Ф., Кузьмина Е.Е. Происхождение индоиранцев в свете новейших археологических открытий. – М., 1977.

Стоколос В.С. Культура населения бронзового века Южного Зауралья (хронология и периодизация). – М., 1972.

Черников С.С. Древняя металлургия и горное дело Западного Алтая. – Алма – Ата, 1949.

Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. – М., 1960.

Черных Е.Н. Древнейшая металлургия Урала и Поволжья. – М., 1970.

Членова Н.Л. Хронология памятников карасукской эпохи. – М., 1972.

Шығыс Еуразияның орманды аймағының қола ғасыры
Шығыс Еуразияның орманды аймағын қола ғасырында мекендеген тайпалар негізіне неолиттік тұрмыстық дәстүрді сақтаған. Оған басты себеп егіншілік пен бақташылықтың дамуына қолайсыз қатаң табиғат пен түсті металл қорының бұл өңірде тапшылығы болатын. Дегенмен, өндіруші шаруашылықтың дамуы баяу да болса жүріп жатты. Негізгі еңбек құралы тас болып қала берді. Шақпақ тастан басқа, тастың еңбек құралдарын жасауға сапалы түрлері меңгерілді. Орманды өңірлерде еңбек құралдарын жасайтын тастарды жердің астынан қазып алған үлкен шахталар зерттелген.

Қола ғасырының басында Еуропаның бүкіл аймақтарында баулы керамика, басқаша айтқанда, соғыс балталары мәдениеті кеңінен таралды. Алғашқы атау керамикалық ыдыстардың өрнегінің түрінен, екіншісі – ұңғысы бұрғыланып тесілген қайқы формадағы тас балталардан алынған.

Б.з.д. ІІІ – мыңжыл. соңы мен ІІ – мыңжыл. Орманды аймақтың батыс бөлігінде Ортаднепр, Шығыс-Прибалтика мәдениеттері дәурен құрды. Олар сол маңды мекендеген неолиттік тайпалардың даму негізінде қалыптасқан. Зерттеу нәтижелері осы мәдениеттердің шаруашылығында бақташылық жетекші орын алғандығын көрсетеді. Қолда ұстаған негізгі түлік түрлері қой, шошқа, жылқы және сиыр. Сонымен қатар, аңшылық пен егіншіліктің өзіндік орын алғандығы анықталған.

Еуразия аймағында бірнеше соғыс балталары мәдениеті белгілі. Олар бақташылық пен металургияны жақсы меңгергендігімен ерекшеленеді. Солардың өкілі Ортаднепр мәдениеті (б.з.д. ІІІ – мың. ортасы мен ІІ мың.) өзінің тамырын ежелгі шұңқыр тайпаларынан алады. Ортаднепр қауымдастығы дамуының едәуір кейінгі сатыда трипольдықтардың біршама ықпалы болғанымен, жергілікті неолиттік мәдениеттің үлесі тарихи сабақтастығын тапқан. Ортаднепр мәдениетінің таралу аймағы Днепрдің бойында Черкасстан Могилеваға, көлденеңінен Брянскі мен Мозырға дейінгі аралықты қамтиды. Мәдениеттің қоныстары аз зерттелген. Әдетте аса үлкен емес мекенжайлар өзендердің жағалауындағы құмды төбелерде немесе биік мүйістерде орналасады. Баспаналары жердің бетіне салынған лашықтар түрінде, еңбек құралдарының басым көпшілігі тастан жасалған. Мәдениетке қатысты материалдар негізінен жерлеу ескерткіштерінен алынған. Жерлеу заттарын топтастырып жан-жақты зерттеу ортаднепр мәдениеті өкілдері егіншілікті білгендігі, бірақ оларда бақташылық басым болғанын аңғартады. Олар қой,шошқа, жылқы жән іріқара өсірген. Осы малдардың сүйек қалдықтары қоныстар мен жерлеулерде қатар кездеседі.

Б. з. д. 2 - мыңжылдықтың басында оңтүстiк – батыстан енген тұрғындардың негiзiнде Ока мен Едiлдiң жоғарғы ағысында Фатьянов мәдениетi қалыптасты. Прибалтика мен Беларуссияның ескерткiштерi осы мәдениетке өте жақын. Фатьянов тайпалары қазiргi Ресейдiң Еуропалық бөлiгiнiң орталық ауданын мекендедi. Олардың жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелген. Қабiрлерi сопақ келген, кейбiреулерi қималармен қоршалған. Өлген кiсiнi шалқасынан, немесе бiр жамбасына екi аяғын бауырына бүгiп жатқызған. Фатьяновтықтардың ыдыстары ерекше, түбi жұмыр шар тәрiздес. Олар әр алуан геометриялық элементтерден тұратын өрнектермен безендiрiлген. Мәйітпен бірге балта және ыдыс қойылады. Жерлеу орындырында үй жануарлары: шошқа, қой, сиыр, жылқы және иттің сүйектері жиі кездеседі. Қазбадан көп табылатын соғыс балталары тайпа арналық қырқыстардың орын алып тұрғанын көрсетеді.

Фатьянов мәдениеті өмір сүрген уақыты немесе жергілікті өзіндік ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Солардың едәуір ірілері Московско-Клязьмаклық, жоғарғы Еділ және орта Еділдік топтар. Алғашқысы Днепрдің жоғарғы ағысы, Москва және Клязьма өзендерінің бойын жайлаған,

екіншісі – солтүстікте Калинин, Ярослав және Кострама облстарын, үшіншісі Төменгі Камадан Еділдің ортаңғы ағысына дейінгі ұлан ғайыр аймақты мекаендеді. Осылайша фатьяновтықтар батыстан шығысқа қарай жылжып, Волосов тайпаларының мекенін жайлаған. Осы екеуінің арасында болған қақтығыстарды растайтын археологиялық материалдар да кездеседі. Волосов қонысында фатьяновтық жерлеу табылған. Мұнда волосовтық жебеден өлген фатьяновтық жауынгер жерленген. Бұдан волосовтықтар жеңілмесе өз жеріне фатьяновтық жауынгерді жерлетпес еді деген қорытынды жасалған. Фатьяновтықтардың жерлеу ғұрпы тұрақсыз. Жерлеу ғұрпында жергілікті тайпалармен араласқан варианттары кездеседі. Волосовтық қоныстардан фатьяновтық заттар жиі кездеседі. Зерттеушiлердiң арасында Фатьянов мәдениетi ескерткiштерiн негiзгi шаруашылығы орманды бақташылық болған тайпалар қалдырған деген пiкiр бар.

Едiлдiң оң жағалауындағы Ярослав облысынан Татарстанның оңтүстiгiне дейiнгi алқапты б. з. д. 2 – мыңжылдықта егiн егiп, мал өсiрген тайпалардың тобы мекендедi. Олардың ескерткiштерi ахеологияда алғаш зерттелген зираттың атымен Абашев мәдениетi деп аталады. Мәдениеттің тегі жайлы ортақ пікір жоқ. Қазіргі зерттеушілер оларды ежелгішұңқыр мәдениетінен шығарса, ескі көзқарас бойынша абашевтықтар ортаднепр тайпаларынан таралады. Абашев мәдениеті орманды және орманды далалы аймақта орн.аласқан үш топқа бөлінеді. Алғашқысы - дондық (Воронеж ауданында), екіншісі – ортаеділдік (Еділдің екі жағасында Ярославтан Казанға дейін), үшіншісі – оралдық (Оңтүстік Орал маңы). Осыған байланысты абашевтік тайпалардың ортақ территориясы болмады. Олардың әр қайсысы өздерінің құдіретті көршілерінің ықпалына жиі түсіп отырды. Донецкі тобының көршісі қима мәдениеті, оралдықтардың көршісі андрондықтар болған. Бұл мәдениеттің өкілдері мыстың көздерін иелену мақсатымен оңтүстік-шығыстан келген деген пікір қалыптасқан.

Абашев мәдениеті жерлеу ескерткштері негізінде зерттелген. Олардың қоныстары осы күнге дейін нашар зерттелген. Ортадондық топта олар әлі күнге белгісіз. Абашевтік обалардың астында бірнеше қабір орналасады. Мәйітті аяқтарын бүгіп, шалқасынан жатқызған. Жерлеу заттарының ішінде түбі тегіс немесе домалақ келген пішіні төңкерілген қоңырау тәрізді ыдыстар көп кездеседі. Ыдыстардың сыртқы өрнектері геометриялық нақышта. Обаларда металл өте сирек кездеседі. Дегенмен, абашетіктер металды білгені анық. Ру аралық қақтығыста қаза болған 28 кісі жерленген обаның ішінде бір еркектің қабірі етекшеленеді. Онымен бірге құйған қалып, металл еріткен табақша (тигель) және тас төс қойылған. Бұл табыстар жергілікті металл өңдеу ісінің болғанын білдіреді.

Қазбадан көптеп табылатын үй жануарларының сүйектері бақташылықтың шаруашылықтың негізі болғандығын аңғартады. Егіншілік қосалқы шаруашылық болған. Мәдениет өкілдерінің әлеуметтік құрылымы патриархат. Галич көлінің жағасындағы қола ғасыры қонысының орнынан абашев мәдениетімен қатысты заттардың көмбесі табылған. Көмбенің құрамында қоладан жасалған еркектің мүсіндері болған. Солардың бірі - басын күн нұры қоршаған күн құдайы, екіншісі – басында үш жарты ай бар ай құдайы. Көмбенің құрамында кесіреткінің мүсіні, балта, қанжар, пышақ және қола білезік шыққан. Бұл бұйымдар діни рәсімдерде пайдаланылған рулық мүліктер болуы мүмкін.

Абашев мәдениетіне солтүстіктегі көршілес жатқан аймақта б.з.д. ІІ мың жылдықтың екінші ширегінде қалыптасқан Сеймин-Турбин мәдениеті ескерткіштері зерттелген. Мәдениет өз атауын Горькийдің маңындағы Сейма темір жол бекеті мен одан 1500 км жерде, Пермнің жеріндегі осы мәдениеттің турбинск тобына жататын үлкен ескерткішінен алады. Осы түрдің ескерткішіне Омск маңындағы Ростовка зираты да жатады. Бұл топтың жақсы зерттелген ескерткіші Кама жағалауындағы Турбинск селосы маңындағы зират. Сеймин және турбин ескерткіштерін бір мәдениетке біріктіруге бола ма? деген сұрақтың төңірегіндегі пікірталас осы күнге дейін жалғасып келеді. Көпшілік ғалымдар мәдениетті сеймин-самусь деп атағанды дұрыс көреді. Сонымен бірге, сеймин-самусь қатарыны Сібірдің қола заттары үқсас, бірақ керамикасы мен шаруашылық бағыты жағынан ерекшеленетін Кротов, Окунев мәдениеттерін қосқысы келеді. Сеймин-Турбин мәдениеттің қоныстары осы уақытқа шейін ашылмаған. Жерлеу ескерткіштері де көп емес. Олар үстінде үйіндісі жоқ, жерлеу заттарының ішінде тас пен жоғары сапалы қоладан жасалған құралдар көп кездеседі. Әсіресе, соғыс қарулары жиі қайталанады. Қанжарлардың сабының басына салынған жабайы аңдар мен жануарлардың стильді бейнелері жиі қайталанады, әсіресе жылқының көркем бейнесі мен бұғының бастары салынған. Зооллыктар қанжарлардың басында бейнеленген жылқылардың сорттары Батыс және Оңтүстік Алтай мен Шығыс Тянь-Шаньда таралуы мүмкін дегенді айтады. Турбин жерлеуінен алынған пышақтағы арқарлардың бейнесін зерттеу барысында да осындай түйін жасалған. Археологтар пышақтың тегі алтайлық деген болжам айтады.

Алты қырлы шот-балталар өте сапалы жасалған. Ұңғысы қуыс найзаның ұштары сыртқы формасы мен жасалу тәсілі жағынан Бородино көмбесінен табылған найзаның ұшына ұқсас. Турбин жерлеулерінің бірінен күмістен жасалған найзаның ұшы табылған. Ростовка жерлеулерінің бірінен шыққан пышақта аттың тізгінінен ұстап сырғанап бара жатқан шаңғышы бейнесі бар. Сеймин-Турбин тайпалары жылқы өсірген деп есептелінеді. Жылқыны жұмысқа жегумен қатар мініс көлігі ретінде пайдаланған. Тас құралдардың ішінде шақпақ тастан жасалған жебенің ұштары, қыстырма тістер, ұсақ қырғыштар, нефрит пен хрусталдан жасалған моншақтар табылады.

Металургия мен тас өңдеу тәсілі жағынан Сеймин-Турбин тайпалары Саян мен Алтайға жақын. Тас және қола құралдарды жасайтын шикізаттарды да сол аймақтан алған. Бірақ мәдениеттің батыс тобы Оралдың, шығыс тобы Алтайлық металл көздерін пайдаланған. Сондықтан болар, Сеймин-Турбин тайпаларының тегі Саян мен Алтайдан келген деп түсіндіріледі.

МЕРЗIМДЕЛУ

Ортаднепр мәдениетi – б.з.д. ХХҮ –ХҮ ғғ.

Фатьянов мәдениетi - б.з.д. 2 – мың.

Абашев мәдениетi – б.з.д. ХҮ – ҮП ғғ.

Сеймин-Турбин мәдениеті - б.з.д. ІІ – ші мың. екінші ширегі.
Әдебиеттер

Артеменко И.И. Племена Верхнего и Среднего Поднепровья в эпоху бронзы. – М.,1967.

Бадер О.Н. Древнейшие металлургия Приуралья. – М., 1964.

Горбунова В.С. Бронзовый век Волго-Уральской лесостепи. – Уфа, 1992.

Косарев М.Ф. Бронзовый век Западной Сибири. – М., 1981.

Крайнов Д.А. Древнейшая история Волго-Окского междуречья. Фатьяновская культура2-го тысячелетия до н.э. – М., 1972.

Матющенко В.И., Синицина Г.В. Могильник у деревни Ростовка вблизи Омск. – Томск, 1988.

Молодин В.И. Эпоха неолита и бронзы лесостепного Объ-Иртышья. – Новосибирск, 1977.

Стоколос В.С. Культуры эпохи раннего металла Северного Приуралья. – М., 1988.

Черных Е.Н. Древняя металлургия Северной Евразии. – М., 1989.

Эпоха бронзы лесной полосы СССР//Археология СССР.В 20т. – М.,1987.

Еуразияның қолағасыр өнері
Археологиялық зертеулердің маңызды салаларының бірі-қола дәуірінің өнері. Бұл дәуірден қалған өнер туындылары мерзімделуі жағынан: энеолит пен ерте қола, дамыған және соңғы қола өнері деп екіге бөлініп қарастырылады. Осынау үлкен аймақтың жеке аудандарындағы өнер туындылары өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Қазіргі қолда бар археологиялық материалдар негізінде Солтүстік Еуропаның, Сібірдің, Орта Азияның және Кавказдың тұрғындарының өнері жайлы жеке-жеке айтуға болады. Қола дәуірі өнері туындылары ішінде ыдыстардың сыртындағы өрнектер ерекше орын алады. Қазіргі заман ғылымы осы өнер таңбаларының идеялық және бейнелік әлемінің дүниетанымдық мәнін аша алған жоқ. Сонымен қатар, керамикалық өрнектер өнердің мәдени тегінің негізгі анықтаушысы белгісі болуы мүмкін. Әртүрлі мүсіндер өнер туындыларының ішінде елеулі орын алады. Олар түрлі көркемөнер нысанында қола дәуірінің барлық мәдениеттерінде кездеседі. Сонымен қатар, металдан жасалған бұйымдарды көркемдеп безендіруге үлкен көңіл бөлінген. Өкінішке орай, сүйек пен ағаштан жасалған туындылар бізге жетпеген.

Полиметалл дәуірі өнеріне байланысты: қола ғасыры өнері дегеніміз не? Оны қандай деңгейдегі өнер деп есептеуге болады? деген тосын сұрақ туындайды. Мәселе, бір қарағанда, қарапайым болып көрінгендей емес. Мәселе ежелгі өнер туындысына біздің қазіргі өнерге деген көзқараспен қарауымызда. Бірақ ежелгі замандағы өнердің орны қазіргі өнер роліне қарағанда басқаша болды. Ол кезде өнер тіптен басқаша мағыналық сипатта, кейбір жағдайларда ақпараттық мазмұн атқарды. Мәселен, қазіргі өмірдегі жазу ісі немесе шартты белгілер сияқты. Сондықтан да алғашқы қауымдық өнерге қатысты бұл термині шартты сипатқа ие.

Қола ғасыры өнері сол замандағы бақташылық пен егіншіліктің кең таралуымен қатысты қалыптасқан күрделі дәуірдің дүниетанымын сипаттады. Бұл дүниетанымның өзіне тән ерекшелігін өмір сүру көзінің, күннің, қоршаған ортаның адам әлеміндегі алатын орнын танып, білуге деген танымның планеталық сипатынан байқауға болады. Олар өздерін қоршаған ортаны, адамдар дүниесін меңгеруге деген талпынысын өздерінің өнер туындылары арқылы жеткізді. Өмірдің көзіне айналған астық дәні мен жануарлар оларға құдайдай көрінді. Табиғаттағы түсініксіз шырғалаңдар, өмір мен өлім идеясы олардың өнерінде орын алды.

Қола ғасыр көркем өнері дамуының мерзімдік жағынан екі кезеңіне көңіл аударсақ, онда ерте кезеңге тән төмендегідей ерекшеліктерді байқауға болады. Бүкіл орманды аймақ пен Қиыр Шығысты қамтыған солтүстік аудандарда тасқа салған суреттер мен ыдыс сыртын өрнектеу өнердің неолиттік дәстүрі әрі қарай дамығандығы байқалады. Өзінің стилі, жасалу техникасы мен сюжеті жағынан неолит пен қола ғасыры өнерінің арасындағы шекараны дәл басып айыру қиын. Бұл кезде шаруашылықтың өндіруші түрі таралған оңтүстік аудандарда едәуір өзгерістер болды. Өнерде болған елеулі өзгерістер қатарында күн белгісі, өсу идеясын беру, өсімдік өрнегі, иірім, табиғаттағы қайта жаңғыру мен жоғалу, Өмір ағашы бейнелерін айтуға болады. Олар өлі және тірі табиғаттың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемінің етене бірлігін, олардың дамуының кезектігін, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің тірі жанмен өзара байланысын, өмір мен өлім туралы терең толғақтан өткен көркем де шарты түсініктер. Осының бәрі ыдыстардың өрнегі мен петроглифтерде өзіндік көрініс тапқан. Өндіруші шаруашылық дамыған өңірлерде құдайға теңелген алуан түрлі мүсіндер таралды. Мұнда қызыл, қара және ақ бояуларды пайдаланған жаңа көркемдік әдіс пайда болады.

Далалық аймақтағы ежелгі өнердің ерекше түріне тас мүсіндер (балбал тастар) жатады. Олардың ең көнелері мал өсіріп, егіншілік пен металл өндіру қалыптаса бастаған энеолит дәуіріне жатады. Б.з.д. ІІІ мың жылдықтың соңы мен ІІ мың жылдықтың басындағы окунев мәдениеті кезіндегі ұсынтастар солардың бірі. Бұл мәдениеттің өнер туындылары әрі күрделі, әрі қиял ғажайып келеді. Негізгі белгілерінің сәйкестігіне (көзінің, мұрнының және баскиімінің) қарай оларды үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататын бейнелер көп емес. Оларға тән ерекшелік бетке киілген маскаларында. Онда көздері екі дөңгелек түрінде белгіленіп, мұрындары белгіленбейді, көзінің жоғарғы немесе төменгі жағынан көлденең салынған сызықтары бар. Жоғарғы жағында күннің шапағы тәріздес сызықтары болады. Мұрындары кейде екі нүкте түрінде беріледі. Кейбір бейнелерде үш көз бар.

Екінші топтың бейне тастары да көп емес. Олардың екі көзі үлкен, мұрны бедерлі келген жасанды беттен тұрады. Бұларда көлденең сызық пен басындағы күн шапағы секілді сызығы болмайды.

Үшінші окунев мәдениетіне етене тән және мол тараған топты күрделі бейнелер құрайды. Бұндай жасанды беттер адам жүзін формасы жағынан ғана елестетеді. Оларда аңдардың бас бейнесін елестетер кейбір элементтер әлсіз де болса кездесіп отырады. Бұл топтағы жасанды беттер көлденең сызықтармен үшке бөлінген. Басынан жоғары қарай бағытталған мүйізге немесе өніп келе жатқан бүршікке ұқсас құлақшалар шығып тұрады. Әдетте адамның жүзіне ұқсас сопақ сызық шектелген жасанды бет көлденең сызықтармен үшке бөлінген. Жоғарғы бөліктегі үш шеңбердің екі шеткісі көзге ұқсайды. Қақ маңдайда тағы бір шеңбер салынған. Маңдайдағы шеңберлер кейде екі қатар сызықтан, кейде нүктелерден түзілген доғадан тұрады. Олар күннің шыққан, сәскедегі және батар кезіндегі көрінісін бейнелейтін секілді. Мүсін тастардың барлығында бірдей кездесетін салярлық таңбалар олардың міндетті атребуты іспеттес.

Қызыл бояумен орындалған күнбасты жалған беттер Енисей өңіріндегі жартастарда, Таулы Алтайдағы Каракөл зиратында кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғ. жататын Каракөл зиратын қазу кезінде басынан нұр шашып тұрған антропоморфты бейне тастар табылды. Жерлеулердің бірінен қызыл сырмен антропоморфты бейне салынған бес жалпақ тас шыққан.

Окуневтік баған тастардағы жалған беттер қосымша бейнелермен толықтырылған. Зерттеушілер оларды тәж немесе бас киім деп түсіндіреді. Тас мүсіндердің көпшілігінде жоғары қарай өсіп келе жатқан өсімдікті көз алдыңа елестететін сызықтар кездеседі. Бұл ұсын тастарды адам бейнесі деп айту қиын. Олар тек формасы жағынан ғана антропоморфты. Ал композициялық көрінісі жағынан жерді жарып, жоғары қарай өніп бара жатқан көшетті елестетеді. Күн құдайы бейнеленетін петроглифтер Еуразия даласында жиі кездеседі. Күн шапақты басты бейнелер таулы аймақтағы Саймалы – Тас киелі кеніші мен Қазақстандағы Тамғалы кешенінде де кездеседі. Окуневтік бағантастарда кездесетін бұқалардың бейнесі көз тартады. Азербайжандағы Гобустан кешенінің суреттерінің ішінде бұқа бейнесі, Каракөлдің тақта тастарында мүйіздердің сызбасы орын алған. Мүйіздер Алдыңғы Азия жерінде рәсімдік белгі ретінде танымал. Бұғаулы бұқалардың бейнесі Монғолия территориясынан табылған. Осының бәрі энеолит пен қола ғасыры тұрғындарының мифологиялық дүниетанымы мен ғұрыптық түсініктерінде бұқаның ерекше орын алғандығын білдіреді. Әйелдердің керамикалық мүсіндері энеолиттік егіншілік мәдениеттерінде (триполь, анау, намазга) ерекше орын алды. Трипольдық бейнелер мен анаулық мүсіндердің өзіндік ерекшеліктеріне қарамай олар мағаналық жағынан біртұтас екенін аңғаруға болады. Оларды ұрпақ таратушы ана құдай культіне табынумен байланысты деуге болады.

Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың орта тұсында өнерде айтарлықтай өзгерістер болды. Әсіресе, орманды және оңтүстік аймақтарда. Ең бастысы ыдыстарды өрнектеудегі өзгерістерді айтуға болады. Орманды жолақта тарақ тәріздес штамп өрнегі тұрақты дамыды. Дәл осы кезде далалық аймақтарда ыдыстың сыртын геометриялық өрнектеу тәсілі кең орын алды.

Андырондықтардың ыдыстарды өрнектеу дәстүрі ерекше құбылыс болды. Нақты да әсем келетін геометрялық нақыщтар өрнектеудің жетілген түрі деуге болады. Ыдыстардың ернеулері әдетте үзік сызықтармен қисық және түзу етіп салынған үшбұрыштармен, мойны көлденең жолақтармен, батырып салынған нақыштармен безендіріледі. Ыдыстардың иығы мен денесі үзік сызықтар мен үшбұрыштар кезектесіп салынған әсем өрнектермен көмкерілген. Тығыз да мол нақыштан құралған өрнектер тарақ тәріздес затпен батырып салынған. Өрнектердің әсем және дәл жасалғандары сондай олардың қайдан басталып, қай жерде аяқталатынын анықтау қиын. Ыдыстардың сыртқы безендіру нақышы егіншілік пен өсімдік символикасымен ұштасатындығына дау жоқ. Ыдыстардың түбіне салынған свастикалық таңбалар да осыны растайды.

Қола ғасырының соңғы кезеңінде далалық аймақтар ыдыстарының сыртын өрнектеу қарапайым күйге ауысады. Меандралық өрнектер жойылып, өрнектерді бөліктерге бөлу азаяды. Бірақ батырып салынған үшбұрыш, ромба тәріздес өрнектер сол қалпында сақталған. Ұсақ мүсіндерді жасау қола дәуірінің соңында жан-жақты сипатқа ие болады. Олар қоладан, мыстан құйылып, тастан қашалған, сүйек пен балшықтан жасалған антропоморфты және жануарлар мүсіндері. Қола заттарға бұғының, тауешкінің және басқа да аңдар мен құстардың басын, стильденген мүйіз, құлақ және көз салынған өрнектерден тұратын қолданбалы өнер қалыптасты. Тастағы таңбалар өнерінде үй жануарларының (Түйенің, бұқаның) бейнесі, соғыс арбаларының суреттері, жануарлардың балалау көріністері маңызды орын алды. Осындай сюжеттер Таңбалытаста, Саймалытаста, Алтай мен Енисейдің ескерткіштерінде көп кездеседі. Петроглифтерде жалған жүздер (маска) елеулі орын алды. Едәуір кейінгі дәуірлерде қарқынды дамыған аң стилі қола ғасырдың соңында пайда болған.

* * *

Мыс пен қола үстем болған үш мыңжылдық адам баласы ілгерілеудің орасан жолынан өтті. Қоланың пайда болуы өмірдің жаңа қатынасына өтуге негіз болды. Қолдан қорытып жасалған құралдар мен қарулардың түрі артты. Жаңа да сапалы құралдар қола дәуірі шаруашылығының дамуына жаңа тыныс берді. Игерілген тың жерлердің аумағы артты. Жер жырту техникасы жетілді. Мал санын көбейту далалақ жерлерді игеріп, біртіндеп малшылықтың жартылай көшпелі және көшпелі түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы бүкіл аймақтарға таралды.



Қола дәуірі тұрғындарының қозғалысы артып, айырбастың өрісі кеңейді. Тұрғындардың өзара байланыс аясы ұлғайды. Айырбас, әсіресе, металл айырбасы кең қанат жайды. Кавказ бен Қазақстанның қоласы батыс пен шығыстан табылған. Кен өндірген жерлерде кеншілер мен қолөнері шеберлерінің маманданған қоныстары пайда болды. Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелері Қазақстанда өндірілген қалайының Батыс Еуропаға дейін апарылғандығын көрсетті.

Тұрмыстың жақсаруы тұрғындар санының артуына ықпал жасады. Өндіріске жаңа күштердің келуі қоғамның әлеуметтің-экономикалық дамуын жылдамдатты. Рулар ішінде шағын жанұялардың оқшаулануы аяқ алды. Үлкен ұжымдардың орнында ұсақ топтар көбейді. Қоғамның әлеуметтік жүйесі күрделіленіп, тайпалық ақ сүйектер оқшауланды. Осындай теңсіздіктердің орын алғанын жерлеу ескерткіштерінің құрылысы мен онда қойылған заттарының ара қатынасынан көреміз.

Тайпаның іші мен тайпалар арасында мүлік теңсіздігі пайда болды. Байыған көршілердің жері, жайлауын кеңейтуге деген құлшынысы рулар арасындағы өзара қақтығысқа әкелді. Осыдан барып мекендердің сыртынан қорғаныс құрылыстарын салу жаппай орын алды.

Әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы таптардың туындап, оның ең кедейленген өкілдері құлдар мен оларды қанаушы құл иеленушілердің қатынасын реттеуші жүйе – мемлекеттің алғашқы үлгілерінің нышаны қола дәуірінің өзінде құрыла бастады. Еуразия құрлығында Орта Азия мен Кавказдың тұрғындары қола дәуірдің өзінде таптық қоғам табалдырығына аяқ басты.

Бірақ іргелілеу қатынасы барлық жерлерде бірдей болған жоқ. Өндіруші күштің дамуына тежеуші болған бірсыпыра заңдылықтар болды. Осындай тежеуші себепті металл қорының тапшылығына байланысты бірталай аудандардағы шаруашылықтардың тұтынушылық сипатта қалуымен байланыстыруға болады. Осы себептер құрлықтың үлкен аумағында орын алды. Түсті металл тапшылығына байланысты қалыптасқан жағдайды қалпына келтіру темірдің игерілуімен жүзеге асты.
Әдебиеттер
Вадецкая Э.Б. Древние идиолы Енисея. – Л., 1967.

Джафарзаде И.М. Гобустан. – Баку. 1973.

Кадырбаев М.К., Марияшев А.Н. Наскальные изображения хребта Каратау. – Алма-Ата, 1977.

Кубарев В.Д. Древние росписи Каракола. – Новосибирск, 1988.

Новгородова Э.А. Мир петроглифов Монголии. – М., 1984.

Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. – Алма-Ата,1992.

Формозов А.А. Наскальные изображения и их изучения. – М., 1987.

Формозов А.А. Памятники первобытного искусства на территории СССР. – М., 1980

Шер Я.А. Петроглифы Средней и Центральной Азии. – М., 1980

Ү ш і н ш і т а р а у ___________
ТЕМІР ҒАСЫРЫ

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры
Бірінші мың жылдықтың басында адамдар темiрден еңбек құралдарын жасай бастады. Қоладан металлдың жаңа түрiне ауысу екi – үш жүз жылдықты қамтыды. Металды игеру барлық жерлерде бiрдей, бiр мезгiлде жүзеге асқан жоқ. Кейбiр халықтар темiрдi б.з.д. Х ғасырда пайдалана бастаса, басқаларының қолы темiрге б.з.д. ҮП – Ү1 ғғ. ғана жеттi. Шығыс Еуразия кеңiстiгiн (Оңтүстiк Ресейді, Украинаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды, Сiбiр, Алтай және Қиыр Шығысты) мекендеген халықтар темiрдi б.з.д. ҮШ –ҮП ғғ. толық меңгердi. Темiр адамдарға едәуiр ертерек уақытта да белгiлi болған. Жекелеген халықтар оны б.з.д. екінші, тiптi үшінші мың жылдықтың өзiнде бiлген. Алғаш темiрмен Египет пен Месопотамияның тұрғындары таныс болды. Бiрақ темiрдi алудың әдiстерi игерiлмегендiктен одан тек әшекей бұйымдарын ғана жасай алды. Темiр жер бетiнде мыс немесе алтын секiлдi кесек күйiнде кездеспейтiндiктен алғашқыда ежелгi адамдар метеориттiк, таза темiрдi қолданса керек. Жер бетiнде темiр мыспен салыстырғанда көп болғанымен оны рудадан бөлiп алу жолы белгiсiз болды. Темiрдi игермес бұрын адамдар түстi металдарды балқытуды меңгеруi тиiс едi. Мысты балқыту үшiн аса жоғары температура қажет емес. Ол 1100 градуста балқиды, ал темiрдi рудадан балқыту арқылы бөлiп алу үшiн қызуды 1530 градусқа көтеру қажет. Ондай жоғары температура алу арнайы пеште (домна) ғана iске асады. Сондықтан да темiр өндiру кәсiбi ежелгi ұсталарды өндiрiсте сапалық өзерiстерге қадам басуына итермеледi.

Темiрден еңбек құралдарын жасауды игеру материалдық өндiрiсте болған үлкен төңкеріске алып келдi. Темiр адамдардың өндiру мүмкiндiгiн кеңейттi. Түрен, соқа, үлкен және кiшi орақтардың пайда болуы егiншiлiктiң кеңейуiне ықпал еттi. Темiр құралдардың таралуының былғары, сүйек, ағаш және түстi металл өңдеу секiлдi кәсiптердiң де дамуына әсерi тидi. Темiрден семсер, қанжар жебенiң ұштары секiлдi әрi өткiр, әрi қатты сапалы қарулар жасалды. Темiрдiң өндiрiске тереңдеп енуi әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық қатынастарға да айтарлықтай ықпал еттi. Темiр өңдеудiң қиындығымен арнайы маманданған адамдарды қажет етуi, қолөнерiнiң жеке кәсiпке айналып, айырбастың дамуына, мүлiк теңсiздiгiнiң қорланып, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының жеделдеуiне ықпал жасады. Сондай – ақ, темiрдiң таралуы материалдық өнiдiрiстiң өсiп, қоғамдық қатынастар мен идеологияға елеулi әсерiн тигiздi.

Еуразия даласында көшпелі қоғамның қалыптасуы да «темір ғасырымен» тұспа-тұс келеді. Сондықтан да б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғасырлардан орта ғасырға (б.з. Ү ғ.) дейінгі аралықты «ерте көшпенділер дәуірі» деп те атайды. Бұл кезең қоғамдық-экономикалық қатынастардың түбегейлі өзгеріске ұшырауы мен қатар тайпалық одақтардың этникалық тұтастануы қарқынды жүрген уақыт.

Б.з.д. 1 – мың жылдықпен бiздiң заманыздың басында Украинадан басталып Едiл өңiрiн, Жайық арқылы Қазақстан мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi аймақта шартты түрде Скиф – Сiбiр әлемi (Ресей ғалымдарының көзқарасы бойынша) деп аталған археологиялық мәдениет қалыптасты. Өз мәдениетiнiң ескерткiштерiн қалдырған кейбiр тайпалардың бiр қатарының аттары бізге жазба деректер бойынша жеткен – скифтер, сақтар, сарматтар, ғұндар; ендi бiр қатарының аттары белгiсiз, олар заттай және рухани мәдениетiнiң ескерткiштерiн ғана қалтырған. Осы ұлан – ғайыр жердiң археологиялық заттарының басым көпшiлiгi бiр – бiрiне өте ұқсас. Оны жебенiң қоладан жасалған ұштарынан, қанжарларынан, тұрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының бiртектестiгiнен байқаймiз. Бұндай ұқсастықтың негiзгi себебi бар. Оны осы аймаққа жаппай тараған малшылық пен кетпендi егiншiлiктiң жалпыға бiрдей ортақтығынан көремiз. Олардың материалдық мәдениетi ғана жақын емес, сонымен қатар жергiлiктi еуропа тектес нәсiлдер мен индо – ирандық нәсiлдердiң қосындысынан тұратын этникалық тегi де бiр едi. Ерте темiр ғасырының ежелгi халықтары мен тайпаларының мәдени жетістіктері көршiлес Греция, Рим, Парсы, Қытай секiлдi алдынғы қатарлы дамыған елдермен өзара тығыз мәдени байланыста қалыптасып дамыды.

Осынау үлкен жерді мекендеген шаруашылығы мен өнері, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі жағынан өзара туысқан тайпалар бірлестіктері антикалық авторлардың жазбаларында скифтер деп жинақтаушы атпен атаған. Соның ішінде Орта Азия мен Сібір жерлеріндегі тайпаларды Азиялық скифтер деп көрсеткен. Ал оның құрамында массагеттер, исседондар, аримаспылар, агрипейлер, дахтар т.б. көптеген тайпалар болғаны да айтылады. Ал Ахеменид әулетінің патшаларының бірі І Даридің бұйыруымен Бехистун жартасына қашап жазылған жазуда Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген тайпаларды (скифтерді) сақтар деп атаған. Бұл жайында б.з. алғашқы ғасырында өмір сүрген ежелгі Рим оқымыстысы Плиней (әкесі): «Яксарттың арғы бетінде скиф тайпалары өмір сүреді, парсылар оларды сақтар деп атайды ... скиф халқының санында шек жоқ ... олардың ішіндегі әйгілілері сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар ... аримаспылар» деп жазған.

Б.з.д. 1 – мыңжылдықтың екiншi жартысында далалы аймақтарды мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, соғыстың күшейген жағдайында ру – тайпалардың әскери – саяси одаққа бiрiккен күрделi дәуiрiн басынан өткiздi.

Еуроазия даласындағы скифтер мен сақтардан қалған археологиялық ескерткiштерде екі ғасырға жуық уақыт аралығында жүргiзiлiп келе жатқан зерттеу жұмыстары ғылым үшін мол мәлiмет берді. Сол мәліметтерді хронологиялық және территориялық жағынан топтастыра отырып, Батыста Қырым мен Қара теңiз жағалауларынан бастап, Шығыста Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi ұлан – байтақ жердi қамтыған ұлы мәдениетiнiң үш орталығы болған деп айтуға болады: алғашқысы - Сiбiр мен Алтай жерi; сосын - Қазақстан территориясы мен Орта Азия; соңғысы – Кавказ, Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары;

Заттай деректер мен жерлеу ескерткіштерін бір – бірімен салыстыра отырып зерттеу нәтижелері скиф-сақ мәдениетінің ол баста Шығыста қалыптасып біртіндеп Батысқа қарай ауысқандығын көрсетеді. Скиф-сақ әлемінің археологиялық тұрғыдан жақсы зерттелген жерлеу ескерткіштері мен оларға қойылған заттай деректердің уақыттық өлшемі Таулы Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ ғғ. мерзімделсе, Қырым мен Қара теңіздің солтүстік жағалауларында б.з.д. Ү-ІІІ ғғ. жатады. Осы көрініс ерте темір ғасырындағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар мәдениетінің темір қазығы Шығыста қалыптасып, уақыт өте Батысқа қарай дамыған деген тұжырым жасауға негіз береді.



жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау