Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010



жүктеу 2,76 Mb.
бет6/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МЕРЗIМДЕЛУ

Ежелгі шұңқыр мәдениетi – б.з.д. 3 – мың.

Катакомба мәдениетi – б.з.д. ХХ –ХШ ғғ.

Қима мәдениет – б.з.д. ХҮ – ҮШ ғғ.


Әдебиеттер
Березанская С.С. Северная Украина в эпоху бронзы. – Киев, 1982.

Мельников В.И. Особые виды погребении катакомбной общности. – М., 1991.

Обыдёнов М.Ф., Обыдёнова Г.Г. Севере-восточная периферия срубной культурно-исторической общности. – Самара, 1992.

Поселения срубной культуры. – Воронеж, 1989.

Смирнов К.Ф., Кузьмина Е.Е. Происхождение индоиранцев в свете новейших археологических открытий. – М., 1977.

Сiбiр мен Қазақстанның қола ғасыры

Б.з.д. 3 – мыңжылдықтың соңында Қазақстан мен Сiбiр аймағында қола ғасырлық ерекше мәдени орталық қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу аймағы Минусин қазан шұңқыры, Енисейдiң жоғарғы ағысы, Сiбiр және Қазақстан жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс рудасының молдығымен тығыз байланысты.

Айтылған өңiрдiң қола ғасырлық археологиялық мәдениеттерi барлық жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген аудандардың бiрi Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл ауданда бiрiн бiрi кезегiмен алмастырған үш үлкен архелологиялық мәдениет мұралары жақсы белгiлi. Олар: Афанасьев,_Андрон_(Андронов)_және_Қарасұқ'>Афанасьев, Андрон (Андронов) және Қарасұқ археологиялық мәдениеттерi.

Бұл мәдениеттер мал өсiрiп, егiн егумен қатар металл өндiрудi жақсы игергендiгiмен ерекшеленедi. Б.з.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Енисейдiң жоғарғы ағысы мен Алтай даласында қалыптасқан Афанасьев мәдениетi өзiнiң бастауын жаңа тас (неолиттен) дәуірінен алады. Негiзiнен жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелен. Афанасьевтықтардың «улеттік зираттары дөңгелек тас қоршаулардан тұрады. Әдетте қоршаудың ортасында бір немесе екі жер қабір болады. Қабiрлерiнiң үстiнде аса үлкен емес, топырақтан немесе тастан үйiлген төбешiктерi бар. Жекелеген және тобымен жерленген жағдайлар да кездеседі. Мәйіттер қол-аяғын бауырына жиған күйінде, сирек жағдайда арқасымен ұзына бойы жатқызылған. Әдетте еркектерi бiр, немесе бiрнеше әйелдермен бiрге жерленген. Жерлеулерге ыдыстар, жабайы және үй жануарлардың кесек еттері, еңбек құралдары, қойылады. Киімдеріне сүйектен және жыртқыш аңдардың тісінен жасалған тұмарлар мен моншақтар тігілген. Қабірге қойылған ыдыстары түбі сүйір, бүйірі томпақ жұмыртқа немесе шар тәріздес келеді. Сыртындағы өрнектері қисық сызық және шырша тәріздес. Жерлеу заттары тас келі, дән үгіткіш, сүйектер мен мүйізден жасалған бұйымдар, жебенің ұштары, салмақтастар т.т. Сәндік бұйымдар ретінде жануарлардың тістері, ұлу тастар, балықтың сүйектері, кейде қабыршақтары пайдаланылған. Металл заттары негізінен мыстан жасалған пышақ, қанжар, сым сақиналар, ине, сырға, білезіктер мен ілмешектер.

Афанасьевтықтардың шаруашылығы өндiрушi шаруашылық, оның iшiнде бақташылық басым. Қазiргi кездегi үй жануарларының негiзгi түрлерiнiң барлығы дерлiк ұсталған. Жерлеулерден қойдың, үй бұқалары мен жылқының сүйектері табылады. Аңшылық пен балық аулау да қоғам өмiрiнде елеулi орын алды. Афанасьевтықтардың бiрсыпыра қоныстары да зерттелген. Олар көбiне жартылай жертөле және бөренелерден тұрғызылған үйлер түрiнде. Түстi металл өндiргендiгi анықталған, оларды алған кен орындары да зерттелген. Негiзгi еңбек құралдары тастан жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар, балталар, инелер тiптi мыс қанжарлар да кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған бұйымдар да табылған. Минусинскiдегi осы мәдениетке атын берген Афанасьев тауындағы зираттан метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк шықты. Афанасьевтықтардың антропологиялық түр-түсі мен еңбек құралдары жергілікті неолиттік тайпалардікіне ұқсамайды. Керісінше, ыдыстары, антропологиялық түр-түсі және жерлеу ғұрпы Шығыс Еуропалық ежелгі шұңқыр мәдениетіне етене жақын. Олардың екеуi де палеоевропеоидтық түрге жатады. Афанасьевтіктерге дейін Сібір жерінде бақташылықтың ізі байқалмайды, ал Афанасьев кезінде дамыған күйінде пайда болады. Осыдан барып афанасевтіктер батыстан қоныс аударып келген дамыған тайпалардың өкілдері болуы мүмкін деген пікір туындайды.

Андрон мәдениетi б.з.д. 2 – мыңжылдықта Шығыс Орал мен Батыс Сiбiр аралығында қалыптасты. Оның негiзгi таралу аймағы батыста Орал тауынан, шығыста Енисейге, солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте Тян – Шань тауларына дейiнгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн алып жатыр.

К.А. Ақышев ескерткіштердің шоғырлануы мен материалдық мәдениетінің дамуына қарай Андрон мәдениетінің үш ірі орталығын бөліп көрсетті. Солардың алғашқысы – Минусин қазан шұңқыры, Алтай және Шығыс Қазақстанды қамтитын Шығыс немесе Сібірлік орталық. Осы тарихи-мәдени орталыққа тән андрон мәдениеті Калба және Нарымдық мыс пен қалайы алынған кен орындары қойнауында дамыды. Осы кен орындарын кезінде С.С. Черников зерттеп, сипаттаған.

Андрон мәдениетінің екінші орталығын Ақышев орталық немесе Қазақстандық деп атаған. Қазақстан жерін тұтасымен қамтитын орталықтың шекарасы ретінде: солтүстікте Степняк – Бурабай – Имантау – Жақсы және Жалғызтау қырқаларымен; оңтүстігі Бетбақдаланың солтүстігі; батыста Торғай ойпаты; Шығысы Шыңғыс тау қыраттарына дейінгі аралық көрсетіледі. Бұл орталық Орталық Қазақстандағы мыс және қалайы кен көздері негізінде дамыған.

Оңтүстік Орал, Тобыл және Батыс Қазақстанды қамтыған үшінші батыс немесе оралдық орталықта андрон мәдениеті жергілікті мыс кендері негізінде дамыған.

Андрон мәдениетін кезеңдерге бөлу және мерзімдеу мәселесі қола дәуірін зерттеудегі аса күрделі мәселелердің бірі. Андрон мәдениетінің ескерткіштерін алғаш зерттеушілер М.Т.Грязнов пен С.А.Теплоухов еді. 1927 жыл Батыс Қазақстан территориясынан андрон мәдениетінің бірнеше зираттарын қазған М.П.Грязнов далалық қола дәуірінің хронологиялық үш кезеңнен: алдынғы, ортаңғы және соңғы кезеңдерін саралап берді.

Кейіннен 1948 ж. К.В.Сальников андрон мәдениетіне хронлогиялық топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі – б.э. дейінгі ХҮІІІ-ХҮІ ғасырлар, Алакөл кезеңі б.э. дейінгі ХҮ-ХІІ ғасырлар, Замараев кезеңі – б.э. дейінгі ХІІ-ҮІІІ ғасырлар. Андронов мәдениетін К.В.Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәріне қолданылды.

Қазақстанның андрон мәдениетіне кезеңдеу мен мерзімге бөлу мәселесіне елеулі үлес қосқан Ә.Х.Марғұлан, Қ.А.Ақышев, А.Г.Максимова, С.С.Черников, А.М.Оразбаев т.б. ғалымдар. Қазақстанның қола ғасырын зерттеуге (кезеңдеу мен мерзімдеу) тың идеялар енгізіп, соңғы материалдар негізінде түйіндеуге үлес қосушылардың қатарында Ткачев А.А., Евдокимов В.В., Варфоломеев В.В. т.б. ғалымдар бар.

Андронов мәдениетінің этникалық тегі туралы ғалымдар арасында бірнеше болжам бар. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлерінде Қазақстан даласының солтүстік аймағы мен Орал сыртынан Батыс Сібірге дейінгі аралықты жайлаған мәдениеті мен шыққан тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуының негізінде қалыптасқан деп есептейді.

Андрондықтардың жерлеу ескерткiштерi мен қоныстары салыстырмалы түрде жақсы зерттелген. Олардың зираттары қабiр үстiне үйiлген кiшкене үйiндiлер мен тас қоршаулардан тұрады. Сондықтан көпшiлiк жағдайда оларды iздеп табу қиынға түседi. Жерлеу қабiрлерiнде кейде қазылған шұңқырдың қабырғалары ағаштардан өрiлiп, үстi де ағашпен жабылады. Кейбiр жағдайда тастардан қаланады. Үсті жалпақ таспен жабылған, қабырғалары тігінен қойылған тастардан жасалған тас жәшіктер де кездеседі. Мәдениет өкілдері өлген кiсiнi аяғын бауырына бүгiп, жерлеу жиi кездессе, Ерте кезеңде мәйітті өртеп күлiн жерлеу ғұрпы да болған. Жерлеу заттары тастан жасалған жебенiң ұштары, қола қарулар мен еңбек құралдары, алтын мен күмiстен жасалган сырғалар да жиi кездеседi. Соғыс арбасы қоса көмiлген қабiрлер де табылған.

Қоныстары егiн егуге қолайлы өзен жағалауларына жақын орналасқан. Ерте кезеңдегi қоныстар қорғаныс дуалдарымен нығайтылған. Үйлерi жартылай жертөле түрiнде және жер бетiне салынған үлкен көп жанұялық баспана түрiнде. Осындай үйлерден тұратын үлкен мекенжайлар табылған.

Андрондықтардың негiзгi шаруашылығы мал өсiру болған. Негiзгi малдары қой, ешкi, сиыр және жылқы. Жылқыны мiнiс көлiгi ретiнде пайдалануды игерген. Металл өндiру кәсiбi Орал, Орта Азия, Қазақстан және таулы Алтай жерлерiндегi кен көздерi негiзiнде жүрген. Андрондықтар кен жыныстарын алған орындардың iшiндегi әйгiлiлерiнiң бiрi Қазақстандағы Еленовский руднигi. Олар сондай – ақ алтын да өндiрдi. Қоладан жасалған пышақ, қанжар, дүмi шығыңқы балта, найза мен орақтар, бiздер кең таралған.

Андрондық ыдыстар құты тәрiздес, түптерi тегiс. Оларда балшықтан ыдыс жасаудың ерте дәуiрдегi қарапайым екi тәсiлi қолданылды. Бiрiншi тәсiл бойынша әбден иiнiн қандырып илеп, кеспе тәрiздi етiп жасаған балшықты бiрiнiң үстiне бiрiн қаттап орап, болашақ ыдыстың тұрпатын келтiргеннен

кейiн сыртын жылтыратқан – мұны орама әдiс деймiз. Екiншi тәсiл бойынша
алдымен қажеттi ыдыстың нысанын (формасын) матадан тiгiп алып, оның iшiн құммен толтырған. Сосын балшықты оның сыртынан жапсырып, болашақ ыдысты жасаған. Ыдыс арнайы жағдайда кептiрiлгеннен кейiн iшiндегi құмын төгiп, матасын алып тастаған – мұны жапсырма әдiс деймiз. Ыдыстардың сырты жақсылап өңделгеннен кейiн оны арнайы қалыпта күйдiрдi. Ыдыстар сыртынан геометриялық және толқын тәрiздес өрнектермен безендiрiлдi.

Сынтасты және Арқайым қалашықтарын ашып, зерттеу Еуразия даласының ежелгi дәуiрi жайлы ғылымға елеулi өзгерiстер әкелетiн тың мәлiметтер бердi.

Андрон және қима мәдениеттерiнiң өзара ұқсастығын олардың шаруашылығының бiртектестiгiнен, үй салу жүйелерiнiң ұқсастығынан, қыш ыдыстары мен әшекей бұйымдарынан көруге болады. Әсiресе, олардың соңғы кезеңдерiндегi ескерткiштерi бiр бiрiне өте жақын.

Андрон мәдениетi ескерткiштерi Оңтүстiк Сiбiрде: Орақ 1, Новая Черная 11, Сухое озеро; Алтайда: Венгерово 1, Абрамово 4, Преображенка 3; Оңтүстiк Оралда: Кулевчи 3, Сынтасты, Арқайым, Берсуат; Қазақстанда: Атасу 1, Петровка 2, Қанай, Былқылдақ 1, Бұғылы, Трушниково т. т.

Б.з.д. ІІ мың. Оңтүстік Орал өңірін мекендеген Анрон тайпаларынан қалған тамаша ескерткіш Арқайым мекенжайы. Ол Үлкен Қарағанды мен Өтеген өзендерінің құйылған жерінде орналасқан. Қырық жылдан бері қарай зерттеліп келе жатқан мекенжай өзінің топографиялық құрылымы жағынан онда алғашқы қала (протогород) үлгісі қалыптаса бастағанын білдіреді. Қалашықтың жобасы дөңгелек келген, 3-5 м келетін сыртқы қорғаныс құрылысы тереңдігі мен ені 1,5 м. ормен қоршалған. Жалпы көлемі 20 га, оның 8 га бөлігінде қазба жүргізілген. Ішкі жағында орналасқан жетпіс шақты үйдің 30 қазылған. Қазбадан қоладан жасалған еңбек құралдары, қару жарақтар, әшекей бұйымдары және сапасы мен көлемі жағынан, өрнегі мен нақышына қарай алуан түрлі ыдыстар табылған. Археологиялық материалдар кешені Арқайымдықтардың мал және егін шаруашылығымен қатар айналысқанын білдіреді. Арқайымдықтар пайдаланған құрылыс материалдары мен ыдыстары Қима, Абашев, Петров және Алакөл мәдениеттері материалдарымен өте ұқсас. Арқайым тұрғындарының этникалық тегінде әртүрлі тайпалардың үлесі барлығын осыдан байқаймыз. Арқайым ғылым үшін өзінің алғашқы протогород болғандығымен, көлемі мен құрылымы жағынан аса маңызды материалдар беруде. Қазақстан жерi Андрон тарихи – мәдени қауымдастығының негiзгi орталықтарының бiрi болды. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда Қазақстан жерiн мекендеген андрондықтар негiзiнен отырықшы егiншiлiк кәсiппен айналысқан. Олардың мекенжайлары өзен жағалауларындағы биiк алаптарда орналасқан. Тұрғын үй ретiнде қора-қопсы, қоймалары жалғастырыла салынған үлкен патриархалды жартылай жертөлелер пайдаланылды.

Андрондық тұрғындардың басқа мәдени-тарихи қауымдастықтардан этнографиялық басты айрмашылығы олардың жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегi бар ыдыстары мен металлдан жасалған бұйымдарының тек өздерiне ғана тән ерекшелiктерiнен байқалады.

Қазақстандық андрондықтар тiк бұрышты, дөңгелек, сопақ келген әртүрлi тас қоршаулар үйлесiнен тұратын жерлеу құрылыстарын салған. Өлген тайпаластарын тас жәшiктерге немесе тiк бұрышты етiп қазылған жер қабiрлерге аяқ – қолын бауырына бүгiп, бiр жамбасымен жатқызған. Оларда мәйiттi өртеу ғұрпы да кездеседi. Андрондықтардың қоладан жасалған бұйымдары мен қыш ыдыстарының жақсы сапасы олардың мәдени деңгейiнiң жоғары болғандығын көрсетедi.

Таралу аймағы мен өзiндiк ерекше белгiлерiне қарай Қазақстан жерiндегi андрон мәдениетi үш кезеңге бөлiнедi: ерте кезең – б.з.д. 17 – 16 ғасырлардағы Петров мәдениетi; орта кезең – б.з.д. 15 – 12 ғасырлардағы Алакөл, Атасу, Федоров, Нұра мәдениеттерi; соңғы кезең – б.з.д. 11 – 9 ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы – Дәндiбай мәдениеттерi. Қола дәуірінің соңғы кезінде Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар Оңтүстік Орал (замараев мәдениеті), Алтай мен Енисейдің (қарасұрық мәдениеті) туысқан тайпаларымен өзара тығыз байланыста дамыған. Бір-бірінен шалғайда жатқан осы аудандардың материалдық мәдениетін сипаттайтын керамикалық заттары, қола қарулары, түрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының өзара жақын болуы ежелгі тайпалардың мәдени және экономикалық байланысының тығыз болғанын білдіреді.

Қазақстанның кейінгі қола ғасыры ескерткіштерінің ішінде елеулі орын алатыны Кент-мекенжайы. Қола ғасырының соңғы кезеңіне жататын Кент мекенжайы б.з.д. 12-10 ғасырлары аралығымен мерзімделеді. Орталық Қазақстандағы бұл қоныстың аумағы 150 000 шаршы метр. Кент пен Алат, Алат І, Алат ІІ мекенжайларын Қызылкеніш өзені мен жіңішке арна бөліп жатыр. Олардың бір мезгілде өмір сүргенін ескеріп, жалпы аумағын қосып есептегенде 300 000шаршы метрді құрайды. Қоныстың тұрғындары егіншілік пен бақташылықа негізделген кешенді сипатта болған. Мекенжайды қазу кезінде алынған заттай деректер Кент тұрғындарының Сарарқаның барлық тайпалары секілді төрт түлік мал түрлерін (ірі-қара, ұсақ мал) қатар өсіріп, ақбөкен, құлан, марал, қасқыр, қабан, бұғы, қарсақ, архарлар мен ірі құстарды аулағандығын көрсеғтеді. Табындағы жылқы мен қой үлесінің басымдығы жылжымалы бақташылықтың үлесінің артқанын аңғартады. Бірнеше кіші гірім мекенжайлардан құралған шағын ауданның орталығы болған Кент өзінің өлшемі, үй-жайларының саны мен бірқатар белгілері онда алғашқы қаланың қалыптаса бастағандығын білдіреді. Кент тұрғындарының шалғайдағы тайпалармен өзара қатынаста болғанын растайтын дәйектер табылды. Кентік мекенжайлар мен олардың жерлеулерінен алынған керамикалық ыдыстар ішінде Намазга ҮІ-ға жататын шарықта жасалған, қарасұрықтық және түгіскендік үлгілер де кездеседі.

Б.з.д. 2 – мыңжылдықтың соңы мен 1 – мыңжылдықтың басында андрон тайпаларының экономикалық тұрмысы мен мәдениетiнде айтарлықтай өзгерiстер болды. Бұл өзгерiс қоғамның әуелi жайлауда, кейiннен көшiп жүрiп мал өсiруге бейiмделген жаңа шаруашылыққа ауысуымен байланысты. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде (б.з.д. 12 – 8 ғғ.) шаруашылық пен мәдениеттегi андрондық дәстүрлердiң орнына темiр ғасырына тән қоғамның жаңа экономикалық үлгiсi мен материалдық мәдениеттiң прогрессивтi нысандары қалыптасты.

Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры мен оған жақын аймақтарда б.з.д. 2 – мыңжылдықтың соңында Қарасұрық археологиялық мәдениетi қалыптасты. Дамыған қола ғасырына жататын бұл мәдениеттiң археологиялық заттары ерекше және андрондықтардiкiне өте ұқсас. Ол, әсiресе, қыш ыдыстар мен қола бұйымдардан айқын көрiнедi. Қарасұрық қабiрлерiнiң ыдыстары бомбаға ұқсас: аса үлкен емес мойны тiк, бүйiрлерi шар тәрiздес, түбi жұмыр. Олардың сыртында кесiп және басып салынған үшбұрыш және ромба тәрiздес өрнектері болады.

Жерлеу ескерткіштері тікбұрышты немесе дөңгелек тас қоршаулардан тұрады. Жерлеу шұңқырлыры жалпақ тастармен қапталған, мәйіт қол-аяғын бауырына бүгіп, бір жамбасына жатқызылған. Оның бас жағына балшық ыдыс қойылады.

Хакасск – Минусинск қазаншұңқырының қарасұрық мәдениетi өкiлдерi кезiнде көршi орманды және далалық тайпалардың мәдениетiне үлкен ықпал жасаған. Қарасұрыққа ғана тән қола заттар алыс аймақтарға: Забайкалье, Тува, Алтай және Қазақстаннан Германияға дейін таралған. Тiптi Кавказ бен Болгар, Румын жерлерiнде Қарасұрыққа тән, бетінде жануарлар бейнеленген бұғытастар кездеседі. Қарасұрық тайпаларының негiзгi кәсiбi мал шаруашылығы. Қабiрлерiне қойылған мал сүйектерiнiң көптiгi осыны бiлдiредi. Көбiне қой өсiрген. Олардың қоныстарының мәдени қабаты желмен ұшып кеткен, сондықтан да өте аз зертелген. Мәдени қабаттың жұқа, ыдыстарының түбi, жұмырлығы отырықшылықтың тұрақсыздығын көрсетедi.

Хакасстандағы жерлеулердің біріндегі жалпақ таста бейнеленген арбаның үстіндегі үй, қарасұрық үйлерінің жаз кезінде арбаның үстінде болғанын білдіруі мүмкін.




жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау