Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі археология оқулық Астана, 2010


Оқулық ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



жүктеу 2,76 Mb.
бет2/10
Дата05.02.2018
өлшемі2,76 Mb.
#8500
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АРХЕОЛОГИЯ

Оқулық

Астана, 2010
УДК 902/904(574)(075,8)

ББК 63.4 (5каз)я 73

Т 16
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:К.М. Байпақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор

М.Е. Елеуов, тарих ғылымдарының докторы, профессор

А.Х. Бикенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Т – 16. Талеев Д.Ә. Археология: Тарих, археология және этнология мамандықтарына арналған оқулық. –

ISBN 978-601-7252-25-0

Оқулықта Шығыс Еуразия жерінің тас дәуірінен ерте орта ғасырға дейінгі археологиясы қамтлған. Сондай-ақ Еуразия құрлығын мекендеген халықтардаң материалдық мәдениеті мен тарихы археологиялық зерттеулер негізінде байыпталған. Адамзаттың қарапайым иемденуші шаруашылықтан оның өндіруші түріне өту үдерісіне қарастырылып, жекелеген археологиялық мәдениеттерге сипаттама жасалады.

Кітап оқу жүйесінің кредиттік технологиясына негізделген. Тарихшы, археолог және этнолог дайындайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ ежелгі тарихқа қызығатын көпшілік оқырманға арналған.
ББК 63.4 (5каз)я 73

© ҚҰУ, 2014.

© Талеев Д.А., 2010.


МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ .............................................................................. .............................3

Кіріспе

Пәннің мақсаты мен міндеттері................. ……….. ...............................................................4

Археология ғылымының қалыптасып, даму тарихынан .........................................................7

1-тарау. Тас ғасыры

Адамның арғы тегі туралы мәселе ………………………………………………………….....21

Еуразияның көне тас (палеолит) дәуірі .................................................................................23

Мүстьер дәуірі ............................................................................................................................29

Шығыс Еуразияның жоғарғы тас мәдениеттері .....................................................................33

Көне тас дәуірі өнері ...................................................................................................................37

Еуразия құрлығының орта тас (мезолит ) дәуірі ....................................................................42

Жаңа тас (неолит) мәдениеттері ...............................................................................................48

Жаңа тас өнері ……………………………………………………………………………..59

2-тарау. Қола ғасыры

Шығыс Еуразияның егінші және бақташы тайпаларының энеолиттiк мәдениеттер ..........64


Орта Азия мен Кавказдың қола ғасыры мәдениеттері ..........................................................77

Орта Азия қола ғасыры мәдениеттері …………………………………… ……………........77


Кавказдың қола ғасыры мәдениеттері ....................................................................................80

Шығыс Еуразияның далалық аймағындағы қола ғасыры ......................................................88

Сiбiрдiң мен Қазақстанның қола ғасыры ……………………………………………………95

Шығыс Еуразияның орманды аймағының қола ғасыры .......................................................105

Еуразияның қола ғасыры өнері ...............................................................................................110
3-тарау. Темір ғасыры

Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры ...................................................116


Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң сақ тайпалары ..............................................................118


Аржан мен Пазырық обалары ……………………………………………………………….120

Қазақстанның ерте көшпелі тайпалары ..................................................................................126

Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауындағы скифтер …........................................132 Савраматтар мен сарматтар …………………………………………………………………138 Еуразия даласының орманды аймақтарының ерте темір ғасыры .........................................142

4-тарау. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ежелгі құлиеленуші және феодалдық қоғамдарының археологиясы

Құлиеленуші Урарту мемлекеті ............................................................................................148

Қара теңiздің Солтүстiк жағалауларындағы антикалық қала

мемлекеттер археологиясы ......................................................................................................152

Орта Азияның құл иеленуші және феодалдық қоғамдарының

археологиялық ескерткіштері ..................................................................................................159

Ежелгі славян археологиясы ....................................................................................................166

Негізгі археологиялық терминдер сөздігі .........................................................................171



АЛҒЫ СӨЗ

КСРО кезінде жоғары оқу орындарының тарих, археология және этнология мамандықтарының студенттеріне арналған «Археология» курсы жалпыға бірдей міндетті пән болатын. Одақ ыдырағаннан кейін осы курстың жоғары мектеп бағдарламасында сақталып қалуы пәннің қажеттілігін көрсетеді. Шығыс Еуразия жерін ежелгі заманнан бері мекендеп келе жатқан халықтардың тарихи тағдыры өзара тығыз байланысты. Олардың материалдық мәдениеті мен этникалық тегінде, саяси-экономикалық өмірі өзара ықпалда дамыған. Сондықтан айтылған кеңістіктегі тарихи үрдістің қалыптасып, даму жолдарымен қатар тіршілік кешкен көптеген археологиялық мәдени қауымдастықтардың өзара мәдени, экономикалық және саяси ықпал, этникалық байланыста жүргендігін зерттеу – болашақ тарихшы мамандарды оқытуда қажет те маңызды мәселе.

Қазақ тілінде алғаш жарық көріп отырған осы оқулық кеңес өкіметі кезінде кеңінен қолданыста болған «Основы археологии», «Археология СССР», «Археология» (орыс тілінде) оқулықтары мен ғылыми монографиялар материалдары негізінде ұлттық археология материалдармен толықтырыла отырып жазылды. Оқулық жазу барысында кеңес дәуірінде зерттелген археологиялық ескерткіштердің материалдары мен жекелеген кезеңдерді зерттеу нәтижесінде жазылған монографиялық еңбектердің тұжырымдары пайдаланылды.

Елімізде егемендік алғана бері археологияға қатысты оқулық екі рет қана басылып шықты. Олар: К.М. Байпаков, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.Ж. Жұмағанбетовтердің «Археология Казахстана» (1994 ж.) және К.М. Байпаков пен Ж.Қ. Таймағамбетовтің «Археология Казахстана» (2006 ж.) атты оқулықтары. Осы оқулықтардың алғашқысы қазақ тіліне аударылып, 2006 жылы қайта басылды. Бұл еңбектердің таралымы шамалы және тек Қазақстанның ғана археологиясына арналған. Ал, қолдарыңыздағы оқулық Шығыс Еуразияның археологиясын қамтиды және қазақ тілінде алғаш жарық көріп отыр. Археология пәні жоғары оқу орындарының гуманитарлық мамандықтарының көпшілігіне оқылатын болғандықтан қазақ тілінде жазылған осындай оқулықтар көптеп әзірленуі тиіс. Оқулықтардың көбеюі олардың сапасының жақсаруына көмектеседі және оқырманның немесе студенттің шынайы және ғылыми негізде жазылған оқулықты таңдау мүмкіндігін арттырады.

Оқулықта Еуразия кеңістігінің археологиясы мүмкіндігі болғанша тең дәрежеде қамтылды. Сондай-ақ еліміздің археологиясына да едәуір орын берілді. Қазақстан археологиясына қатысты материалдар К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, Ж.Қ. Таймағамбетовтердің оқулықтары мен әр кезеңнің археолог мамандары (М.Е. Елеуов, Ж.Қ. Құрманқұлов, З.С. Самашев, В.Ф. Зайберт, В.В. Ворфоломеев, А.З. Бейсенов, т.б.) дайындаған ғылыми еңбектерден алынды.
КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты мен міндеттері: Біз адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы тарихи деректердi зерттеу арқылы танып бiлемiз. Дерек ретінде адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болса да мәлiмет беретiн кез келген зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен екi топқа бөлiп қарастыру қалыптасқан. Оның бiрiншiсi – жазба, екiншiсi – заттай деректер. Археология екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерекке, қайсыбiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым жатады. Олар атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару-жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiк те бар.

Археологиялық ескерткiштер: мекенжайлар және жерлеу ескерткiштерi болып екiге бөлiнедi. Археологиялық ескерткiштердiң басым көпшiлiгi осы екi топқа кіреді. Бұлардың ешқайсысына қатысы жоқ ескерткiштер бар. Олар: өндiрiстiк құрылыстар мен рухани мәдениет жәдiгерлерi. Бұлардың бiрқатары мекендердiң iшiнде (шеберханалар, мешiттер, храмдар т.б.), бiрқатары мекендерден тысқары жерлерде (суару жүйелерi, тастағы таңбалар, кен алған орындар т.б.) орналасуы мүмкiн.

Ежелгi адамдар тұрып, өз тiршiлiгiнiң iздерiн қалдырған мекен-жайлар археологиялық ескерткiштердiң iшiндегi ең көп таралған түрi. Осындай мекен-жайлардан үйлердiң қалдықтары жиi кездеседi. Темiр ғасырына жататын, сыртында қорғаныс құрылыстары бар мекенжайлар археологияда қалашықтар деп аталады.

Археологиялық ескерткiштердiң келесi бiр түрi – жерлеу ескерткiштерiнiң де ғылыми маңызы үлкен. Жерлеу ескерткiштерiне тастан салынған склептер, үстiне тас немесе топырақ үйiлген обалар, түркi дәуiрiнiң зираттары және қарапайым жер қабiрлер жатады. Бiздiң елiмiзде жерлеу ескерткiштерiнiң ең көп тараған түрi – жер қабiрлер мен үстiне топырақ немесе тас үйiлген обалар.

Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы, темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге болады.

Археологиялық мәдениет түсiнiгi бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте, шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-Дәндiбай т.б.) немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады.

Адам қоғамының тарихын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен мәдениеттерден тұрады. Дәуірінің ұзақтығы мен өзiндiк даму ерекшелiктерiне қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен, тас ғасыры басқаларына қарағанда едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге созылған тас ғасыры кезiнде тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, тәжiрибесi артты. Сондықтан да тас ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. Олардың әрқайсысынан аймақтық (территориялық) және мерзiмдiк (хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн энеолит (мысты тас) тас пен қола ғасырларының ортасындағы аралық кезең болды.

Адамзат тарихында қола ғасыры мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қоланы адамның игерген уақытынан басталады. Бұл ғасыр оңтүстiк аудандарда б.з.д. үшiншi мыңжылдықтан басталса, солтүстiк аудандарда кiшкене кешеуілдеп қалыптасты. Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.з.д. VІІІ ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.

Сонымен археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эволюциясымен оларды жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс қолданылады.

Салыстырмалы әдiс – кез келген мәдениетке немесе кезеңге тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Нақты мерзiмдеу жаратылыстану ғылымдарының әдiс-тәсiлдерi арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, калиоргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай) мерзімдеу әдістері. Әдетте, нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының жиынтығы алынады.

Археология ғылымының өзiнiң зерттеу нысаны мен деректердi жинақтау және зерттеуде өзiне ғана тән әдіс, тәсiлi бар. Осы тұрғыдан алғанда археология жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен, тарих пен археологияның мақсат, мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды қолдану әдiстерiнде. Археология тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы қосымша материалдар бередi. Олай болса, археологияның адамзат iлiмi жүйесiндегi алатын орны орасан зор. Ең алдымен, ол адамзат тарихының мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi.

Кеңес өкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп, оның тарих ғылымының дамуындағы рөлi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым ретiнде қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар мен археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан қорғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес одағы кезiнде жүргiзiлген игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең-байтақ территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғалiмдерi мен оқытушылары археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени мұра ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол берген кiсi немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн бiлгенi абзал.

Археологиялық ескерткiштермен жан-жақты шұғылдануға, қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға яки мекеме «Тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай жауапқа тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғалiмдерiнiң iс-әрекетi жас ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға тәрбиелеуге бағытталуы тиiс.

Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi – археологиялық барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып, мемлекеттiк есепке алу, қорғау. Екiншiсі – археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды зерханалық зерттеуден өткiзу. Қазбадан табылған заттар арнайы зерханалық өңдеуден өткеннен кейiн ғана толыққанды дерек болып саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын және материалын басқа заттармен байланысын анықтау барысында әртүрлi зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылады. Үшiншiсі – зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс-тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең арнайы кабинеттер мен кiтапханаларда, мұрағаттарда жүзеге асырылады.

Археологияның жетістіктері жайлы мәліметтер әдетте, мамандарға арналған ғылыми еңбектер арқылы таралады. Археологияның табыстарын көпшілікке уағыздайтын тағы бір көз бар. Ол-әртүрлі музейлердің археологиялық бөлімдері. Олар біздің саланың зерттеу жетістіктерін елге уағыздап, үлкен отансүйгіш, тәрбиелік мәндегі жұмыстар атқарады. Музейлер қорында археологиялық заттар өте көп шоғырланған. Сақтау қорында жиналған заттар саны көрсетуге қойылған заттардың санынан бірнеше есе асып түседі. Музей қорлары да жазба деректер, ежелгі қолжазбалар сақталатын мұрағат іспеттес. Музейлердің ғылыми қызметкерлері мен қор меңгерушілері археологиялық ғылыми ошақтармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізеді. Олардың арасындағы жүйелі байланыс археологиялық жаңа жетістіктерге жол ашады. Адамзаттың өткен тарихын танып, білуге бағытталған жұмыстарды бірлесіп атқарады.


Археология ғылымының қалыптасып, даму тарихынан
«Археология» атауы адам баласына сонау Ежелгі Грек дәуірінде белгілі болған. Бұл сөзді әртүрлі дәуірде әртүрлі мағынада қолданған. Терминді алғаш қолданғандардың бірі Плотон археологияға ежелгі дүниеге қатыстының барлығын жатқызған. Ал еуропалық қайта өрлеу дәуірінде археология антикалық өнердің көрнекілік құралы қызметін атқарып, әсілі антикварлық істің бір бөлігіне айналды. Қазірдің өзінде әлемдік тәжірибеде археологияның міндеті мен мақсаты жайлы ортақ түсінік жоқ. Әсіресе, оның хронологиялық шеңбері жайлы мәселеде. Кейбір елдерде қазіргі замандық мәдени қыртыстарды зерттейтін археология да кездеседі. Бірқатар елдерде археология адам жайлы ғылым – антропологияның бір бөлігі ретінде танылады.

Шығыс Еуразия елдерінде археология ғылымының қалыптасу кезіндегі Қазақстанның тарихы Ресеймен тығыз байланысты болғандықтан осы ғылымның алғашқы даму жолдарын Ресейдегі археологиялық дамумен бірге қарастырамыз. Сонымен, көне дүниеге қатысты мұраларды зерттеуде І Петрдің арнайы әмірі мен оның бастамасы бойынша Сібір және Ресейге іргелес жатқан елдердің жерін зерттеу мақсатымен жүргізілген шаралар маңызды рөл атқарды. 1707 жылы Тобыл боярының ұлы С. Ремезов жазған "Чертежная книга Сибири" ("Сібірдің сызба кітабы") атты еңбек жарық көрді. Онда географиялық деректермен қатар, Еуразия сахарасының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер жинақталған. Сібірді игеру мақсатымен жүрген Ресейлік шонжарлар мен жергілікті әкімдердің патшаға сыйға берген көне дүниелерінен құралған заттар кейіннен Петрдің «Сібірлік коллекциясы» деген ғылыми атқа ие болды. Негізінен сақ-скиф дәуірінің өнер туындыларынан тұратын асыл металлдардан жасалған бұйымдар бұл күнде Шығыс Еуразия тарихының теңдесі жоқ мұрасы саналады.

Осы күнгі мағынасындағы археология ғылымы ресей жерінде ХІХ ғасырда қалыптаса бастады. Археология адамдардың ежелгі заманнан бастап орта ғасырларға дейінгі іс-әрекетіне қатысты заттарды қазып алып, оларды зерттеумен айналысады. Әлемдік ғылымдардың құрамдас бір бөлігі саналатын археологияның дамуы сол кездегі Ресейдегі қоғамдық ойдың дамуымен байланысты дамыды. Ол кезде Украйна, Беларуссия, Малдовадан бастап, Кавказдың көпшілік бөлігі, Қазақстан мен Сібір, сонау Қиыр Шығысқа дейін Ресейдің билігінде болатын. Осы айтылған ұлан-ғайыр жерлерді зерттеуге бағытталған археология жеке дара емес әр дәуірдегі қоғамдық сұранысы пен саяси жүйеге байланысты дамыды.

Ресей археологиясының дамуын уақыты ғана емес, әдістемелік бағыты мен ғылыми зерттеу тәсілі, мәліметтерді алу жолдары және тарихи қалпына келтіру мақсаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.



Бірінші кезең (ХVІІІ – ХІХ ғ. басы) – археология қалыптасуының алғашқы даму кезеңі. Бұл кезде скиф-сақ қорымдары, антикалық қалалар, қола дәуірі қорғандардың алғаш қазылып, археологиялық мұралардың қорлануы басталған. Дегенмен, бұл кезеңдегі археологиялық ізденістерді дердес ғылыми зерттеулер деп айтуға болмайды. Өйткені археологияның ғылыми әдістемелік тәжірибесі әлі түпкілікті қалыптаспаған кез-ді. Жүргізілген қазба жұмыстары әуесқойлық деңгейдегі, ескерткіштерден көне бұйымдарды қазып алумен шектелген-ді.

Еуропа мен Ресейде археологиялық зерттеулердің негізгі қарқыны ғылыми энциклопедизм қалыптаса бастаған ХVІІ ғасырдан басталады. Еуропада археология ғылымы өткен тарихқа деген қызығушылық артқан ағартушылық дәуірдегі қажеттіліктен туды. Археологияның алғашқы тәжірибесі Везуви жанар тауы (вулканы) атқылаған кезде қираған (79 ж.) Помпей мен Геркуланум қалаларының орнын қазудан басталды. Помпейді қазу арқылы осыдан 1600 жылдан артық уақыт бұрын өмір сүрген қала тұрғындарының тіршілігін сипаттайтын мәліметтер алынды. Зерттеу барысында тұрмыстық заттар мен еңбек құралдары, т.б. олжалар қаншалықты маңызды дерек екендігіне ғалымдардың көзі жетті.

Археология мен оған қатысты заттар жайлы алғашқы мәліметтер ХVІ – ХVІІ ғасырларының өзінде белгілі бола бастаған. Бірақ бұл археология ғылымының басы емес еді. Осы кезде Ресейдің қоластына жаңадан енген шығыс аймақтарды өз еркімен игеруге әрекет жасаған еркін белсенділер көп болған. Оларды қызықтырған бос жатқан жерлердің табиғаты, минералдық шикізаттары, сонда тұрған адамдардың әдет-ғұрпы мен археологиялық ескерткіштері болды. Сондай алғашқы игерушілердің қатарында В. Поярков, Е. Хабаров, С. Дежнев секілді көптеген есімдері тарихқа айналған тұлғалар бар.

Сібір мен Алтайдың жеріндегі қорғандарды қазып, ішіндегі алтын, күміс заттарды алу үшін қазу науқаны басталды. Қазып алынған көне заттар Тобыл, Томск және Краснояр базарларында сатылды. Археологиялық заттарды негізгі сатып алушылар елшілер мен ақсүйектер болатын. Ресейде археологиялық коллекциялар алғаш осылай жиналды. Кейбір көне бұйымдар осындай жолмен шетелдерге де кетіп жатты. Сібірді игеруші Демидов сыйлаған І Петрдің «Сібірлік коллекциясы» осылай пайда болды. Археологиялық заттарды Петербургке сібірлік шонжар М.П. Гагарин де жіберіп тұрған.

Мемлекет тарапынан археологиялық ескерткіштерді қорғап, көне заттарды жинау әрекеттері Ресейде ХVІІІ ғасырдан бастап жолға қойыла бастады. Осы істің басы І Петрдің 1718 жылы «Сібірлік коллекцияны» алғаннан кейін шығарған жарлығы. Жарлықта: «Егер кімде-кім жерден немесе судан көне заттар тауып алса... алып келсін, ол үшін заттың құнына қарай төлем төленеді», – делінген. Екінші жарлық бойынша табылған заттың орны және өзін сызып алу туралы айтылған. Ең алғашқы археологиялық қазбаны 1722 жылы Сібірдегі Абакан-Перевозной ауылының маңында Г.Д. Мессершмид пен Ф.И. Страленберг жүргізді. 1733 – 1743 жылдары аралығында В.И. Беринг басқарған алғашқы академиялық экспедиция Сібір мен Қазақстан жерінде зерттеулер жүргізді. Экспедицияның мақсаты жаңа кірген жерлердің топографиясы, геологиясы мен тарихын зерттеу болатын. Экспедицияның мүшелері И.Г. Гмелин, Г.В. Стеллер, Г.Ф. Миллер, С.П. Крашенинников, И. Фишер, Л. Делаклоер, А.Иванов, М. Ушаков және Я. Линденаулар Сібір мен Қазақстанның археологиялық ескерткіштері жайлы мол материал жинады.

1768 – 1774 жылдары Еділ бойы, Урал, Сібір мен Қазақстан халықтарының тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдас тырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция мүшелері П.С.Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, ІІ.И.Рычков, Х.Барданес археологиялық ескертіштерді топтастыруға үлкен үлес қосты. П.И.Рычков өзінің «Топография Оренбург ская» атты еңбегінде өзі кездестірген кен алған жерлерді, мыс, қорғасын және қалайы қорытатын орындарды сипаттап кетті.

1763 жылы А.П. Мельгунов Украинада скифтердің үлкен обасын қазды. ХVІІІ ғасырда орыс тарихшысы В.Н. Татищевтің археология ғылымына қосқаны мол болды. Ол түрлі тарихи деректерді жинаумен, археологиялық ескерткіштерді бақылаумен де айналысты. Тіпті, археологиялық материалдарды жинақтау туралы нұсқау құралын да дайындаған. Ол тарихты география, археология және этнграфиямен бірге зерттеуді қолдаған.

Бұл кезеңде осы күнгі түсініктегі археология ғылымы қалыптаспаған, алдына қойылған мақсат, міндеті мен ғылыми зерттеу әдістемесі жоқ болатын. Дегенмен, археологиялық ескерткіштер мен көне заттарға деген қызығушылық көбейіп, сол кезеңге сай ғылыми теория қалыптасты. Мәселен, В. Татищев скиф, сармат және славяндардың пайда болуы жайлы теориялық тұжырым жасауға әрекет жасаған.

ХІХ ғасырда қанат жайған үлкен көлемдегі қазба жұмыстары археологияның ғылымы ретінде дамуына ықпал жасады. Еуропа археологиясындағы бірқатар жетістіктер өзінің оң әсерін тигізді. Помпей мен Вульчи зиратындағы қазбадан кейін Ассирияның астанасы Ниневиде Г.Лэйяр жүргізілген зерттеуі тамаша табыстар әкелді. Археология Ашшурбанипалдың кітапқанасының 20 мыңнан астам сына жазу мәтінін әлемге сыйға тартты. Мысырды жүйелі зерттеу жұмыстары басталды. Осының бәрі археология мүмкіндігін көрсетіп, археологиялық қазбаларға қанат бітірді. Ресейдің оңтүстігінде антикалық ескерткіштерді зерттеу басталды.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында дат ғалымы К.Ю. Томсен археологиядағы әйгілі ашылыс «үш ғасыр жүйесін» жасады. Ол Копенгаген музейінде жиналған археологиялық заттарды олардың жасалған материалдарына қарай топтастыра келіп, адамзат баласы тас, қола және темір кезеңдерін басынан өткізген деген тұжырым жасады. Ол осы ұлы жаңалығын өзінің «Северные древности» (1831) және «Каталог музея в Копенгагене» (1836) атты еңбектерінде тұжырымдаған. Адам баласының тарихын археологиялық тұрғыдан кезеңдеудің басы осы жаңалықтан басталды. Томсеннің археологиялық кезеңдеу жүйесін жалғастырушы оның шәкірті Я. Ворсо неолит пен қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу барысында мезгіл анықтаудың салыстырмалы әдісінің нақты заттарға негізделген тәсілін ғылымға әкелді. Ол өзінің жаңалығын «Новое подразделения каменного и бронзового века» (1859) атты еңбегінде жариялады. Томсен мен Ворсоның жаңалығын француз археологы Г. Мортилье жалғастырды. Ол ежелгі тас құралдар сапасы жағынан бәрі бірдей еместігін аңғарды. Құралдардың бірсыпырасы дөрекі де тұрпайы болса, басқалары едәуір жетілген. Осындай ерекшеліктеріне қарай Мортилье көне тасты бірнеше кезеңдерге бөліп оларға шартты түрде табылған жерінің атын берді (Ашель үңгірінен табылған тас құралдарды ашель дәуірі құралдары деп атаған). Тағы бір дат археологы С. Нилсон көне заттарды осы күнгі дамуы жағынан артта қалған қоғамдардың құралдарымен салыстыру арқылы белгілі бір теңдестіру жасауға болатындығын байқаған. Оның ұсынған тәсілі кейіннен салыстырмалы мерзімдеудің бір бөлігін құрады. Осы ашылған жаңалықтар әлемдік археологияның дамуына үлкен үлес қосып, Ресейдегі археологиялық ойдың қалыптасуына әсерін тигізді.

ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары қазба жұмыстары Ресейде жүйелі түрде жүзеге аса бастады. Қара теңіздің жағалауларындағы антикалық ескерткіштерді алғаш зерттеген И.А. Стемпковский жүйелі қазба жұмыстарының да негізін қалады. 1830 жылы Керчтің маңында скиф патшаларының әйгілі обасы Күлоба қазылды. Шығыс Еуразия жеріндегі қазба жұмыстарының жандануына жол салушы Зориан Ходаковский болды. Ол славяндардың жерлеу ескерткіштері мен қалашықтарын қазды.

Екінші кезең (ХІХ ғ. ортасынан – ХХ ғасырдың 30-жылдары) – Еуразя археологиясының дамуындағы демократиялық кезең. Бұл уақыт археологиялық қоғамдардың, жергілікті басылымдардың және музейлердің ашылу, сол кездегі деңгеймен үлкен қазбалардың басталуы, көне тас, жаңа тас және қола дәуірлері ескерткіштерінің ашылуымен сипатталады. Археологияның ғылым ретінде қалыптасып, оның негізгі бағыттарының (скифтік, славяндық, антикалық) қалыптасуы да осы кезеңде жүзеге асты. Археологияның Кавказдағы, Орта Азиядағы және Сібірдегі аймақтық орталықтары қалыптасты. Бұл кезең Шығыс Еуразия (В.В. Городцов) мен Сібірдің (С.А. Теплоухов) археологиялық кезеңденуінің эволциялық жүйесінің жасалуымен аяқталды.

ХІХ ғ. орта тұсында граф А.С. Уваров Владимир-Суздаль жеріндегі жерлеу ескерткіштерін жаппай қаза бастады. Төрт жыл ішінде ол 7729 обаны қазып тастады. Өкінішке орай, бұл қазбаның пайдасынан зиянды жағы басым болды. А.С. Уваров 1864 жылы Петербургте «археолого-нумизматикалық» қоғам мен Мәскеудегі археологиялық қоғамдардың құрылуына ұйтқы болды. Негізінен орыс археологиясын зерттеумен айналысқан бұл қоғамдар Ресейде археологиялық ілімнің таралуына басты назар аударды. Сол кездегі өлшеммен кең көлемдегі қазбаларды жүзеге асырған археологиялық қоғам Бүкілресейлік 15 археологиялық съезд өткізген.

ХІХ ғ. осындай археологиялық қоғамдар мен үйірмелер Казанда, Тибилисте және Ташкентте құрылды. Ресейдің оңтүстігінде алғашқы музей 1806 жылы Николаев қаласында, кейіннен Феодоси, Одесса, Керч қалаларында ашылды. Бұл музейлердегі негізгі көрме заттарын археологиялық материалдар құрады. Иркутскіде алғашқы палеолиттік тұрақты алғаш 1871 жылы тауып зерттеген И.Д. Черский мен А.П. Чекановский болды. 1879 ж. К.С. Мережковский Қырымда тас ғасырының үңгірдегі ескерткіштерін зерттеді. Костенкодағы палеолиттік тұрақ сол кезде ашылды. 1883 жылы Мәскеуде тарихи музейдің ашылуы тарих пен археологиялық зерттеулердің жандануына жол ашты.

ХІХ ғасырдағы Ресей археологиясының дамыуында негізгі екі бағыт қатар қанат жайды. Олардың алғашқысы – ресми мемлекеттік, екіншісі – құрамына Император археологиялық комиссиясы, музейлердің археологиялық қоғамдары, археологиялық съездер кірген қоғамдық ұйымдар.

Г. Шлиманның ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жерорта теңізі алабында ежелгі өркениеттің ескерткіштерін ашып, зерттеуі әлемді дүр сілкінтті. Бұл оқиға әлемдік археологияның дамуына айтарлықтай серпіліс берді. Әлемдік археологиядағы екінші елеулі оқиға ағылшын археологі А. Эванстің Крит аралындағы ашылулары болды. Эванс қаншама ғасырлар бойы қалыптасқан қалалар, патша сарайлары, шеберханалар мен храмдардың орындарын ашты. Ол жүргізген зерттеулер Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі көне тарихты тануға тамаша жол ашты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында археологиялық материалдарды тарихи тұжырым жасауда пайдалануға деген құштарлықтың артқандығы айқын байқала бастады. Мәскеудің маңындағы обалар мен скифтің атақты обасы Чертомлыкты қазған И.Е. Забелин – осындай үстанған зерттеушілердің бірі. Ол қорғандарды қазу әдістемесін жасап, археологиялық материалдар негізінде тұрмыстық тарихты зерттеу тәсілін ұсынды. Д.Н. Анучин Ресейде С. Нилсонның тәсілін қайталап, археология мен этнографиялық материалдарды сәйкестендірумен айналысты. Осы арқылы әртүрлі халықтардың тарихи даму жолдарының ұқсастығын түсіндірді. Тіл танушы ғалым кәсібін археология және этнографиямен ұштастырған В.В. Радлов Сібірде қазба жұмыстарын жүргізді. Абакан өзенінің бойында ерте темір ғасыры мен түркі дәуірінің обаларын қазды. В.В. Радловтың Орхон-Енисейдегі көне түркі руналық жазуын оқуы әлемдік деңгейдегі ашылулар қатарына кірді. Ол дайындаған «Сибирские древности» аталған археологиялық материалдар альбомы үлкен маңызға ие болды. Ұзақ жылдар жүргізген зерттеулердің нәтижелерін түйіндей келе, ол Енисей маңындағы өлкеде аса жоғары дәрежедегі қола дәуірі мәдениеті дербес қалыптасып, дамыған деген болжам айтты. Радлов 1862 – 1869 жылдары аралығында Қазақстанның солтүстік, шығыс аймағы мен Жетісудың Түрген ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде солтүстік-шығыс Қазақстан мен Сібірдің ежелгі ескерткіштерін кезеңдеу және мерзімдеу жүйесін ұсынды. 1867 жылы Археологиялық комиссия мүшесі, шығыстанушы П.И. Лерх Сырдарияның бойындағы Сауран, Сығанақ және Жанкент қалашықтарына қазба салды. Ол өзі зерттеген ескерткіштерді жазба деректерде аты аталатын тарихи қалалармен баламалады. Археологиялық комиссияның тапсыруымен ХІХ ғ. соңында Қазақстан жерінде Ф.Д. Нефедов, Э.Ю. Петри, С.Н. Назаров, А.Н. Харузин, Н.Н. Пантусов Е.Ф.Каль секілді ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді.

ХІХ ғ. соңында Қаратеңіздің жағалауларындағы ежелгі грек колония-қалаларын зерттеу едәуір нәтижелерге жетті. Өзінің бүкіл ғылыми өмірін Қаратеңіздің жағалауларындағы антикалық ескерткіштерді зерттеуге арнаған археолог Б.В. Фармозов орыс археологиясын дамытуға көп үлес қосты. Орыс археологиясы ғылым ретінде қалыптасып, салалық өзгерістерге ұшырады. Украина, Кавказда, Сібірдің қалаларында Орта Азияда жергілікті археологияға қызығушылар көбейді. Олардың көпшілігі сол кездегі деңгеймен алғанда жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеді. 1895 жылы Ташкентте Түркістанның археологияға қызығушылар үйірмесі құрылды. К.А. Кларе, А.А. Черкасов, П.П. Иванов секілді көптеген үйірме мүшелері Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін тауып, зерттеуге алғашқы үлес қосушылар болды. 1904 жылы Отырар қаласының орнында алғашқы кәсіби қазба жүргізілді. Үйірменің ашылуы мен белсенді зерттеулер жүргізуіне негізгі ұйытқы болған В.В. Бартольд Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды зерттеудің дәстүрін жасап берді. 1847 жылы Енисей мен Саянда болып, Уйбат даласының ескерткіштерін зерттеген ғалым М.А. Кастрен өзі жинақтаған археологиялық, этнографиялық және топонимикалық материалдары негізінде Оңтүстік Сібір жерінде финдердің арғы бабалары болған деген болжам айтты. Бірақ бұл болжам ғылыми жан-жақты дәлелденбеген жеке көзқарас күйінде қалды.

ХІХ ғ. соңында археология өзіндік ұстанған мақсаты мен міндеті анықталған, зерттеу нысандары белгілі ғылым ретінде түпкілікті қалыптасып болды. Мәскеуде, Петербург, Киев, Тифилис, Томск, Минусинск, Красноярск, Иркутск секілді қалаларда ғылыми орталықтар құрылды. Қаратеңіздің жағалаулары мен Кавказдағы антикалық ескерткіштер зерттеліп, Орта Азияда Анау мәдениеті ашылды, Батыс Сібір мен Алтайдың қорымдарында қазбалар жүргізілді. Түрлі дәуірдің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар археологиялық материалдарды талдауға байланысты түрлі идеялар айтты. Осының бәрі археологиялық материалдардың маңызды тарихи дерек екендігін түсінудің басы болатын. Археологиялық материалдарды талдаудың негізгі үш бағытын атап айтуға болады. Олар: 1) ежелгі мәдениеттердің даму деңгейін анықтау; 2) оларға мерзімдік байланыс беріп, археологиялық ескерткіштердің мерзімделуі мен кезеңделуін анықтау; 3) қайсыбір археологиялық ескерткіштердің қандай этносқа тиістілігін анықауға деген әрекет.

ХІХ соңында патшалық Ресей археологиясы еуропалық ғылыми дамудың құрамдас бөлігі түрінде дамыды. Үдере дамыған капитализм тұсында еуропалық археологияда мәдениеттер мен халықтардың пайда болуы жайлы түрлі теориялар қалыптасып жатты. Қоныс аудару (мигация), диффузионизм, географиялық детерминизм, экологиялық мектептер қалыптасты. Осы айтылған мектептердің жақтаушылары қайсыбір тарихи құбылысты түсіндіруде жекелеген факторлардың рөлін өсіріп көрсетуге тырысты. Сатылық теориясы едәуір қолдауға ие болды. Археологияда осы теорияны жақтаушылар тарихи үдерісті эволюциялық-кезектілік ретінде қарастырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында әйгілі болған эволюционизм теориясының көне қоғамдар мен мәдениеттер дамуын марксистік тұрғыдан түсіну тәжірибесі кеңестік археологияға да ықпалын тигізді.

Кеңестік археологияға едәуір әсер еткен веналық мәдени-тарихи мектеп (В.Шмидт, Ф. Гребнер, Б. Анкерман т.б.) болды. Олар әртүрлі халықтардың мәдениеттердегі ұқсастық құбылысы олардың бір орталықтан таралуынан деп түсіндірді. Ал, жаңа мәдениеттердің пайда болуын мәдени құбылыстардың қоныс аудару және механикалық орын ауыстыру нәтижесі деп қарастырды. Бір-біріне жақын және өте алыс орналасқан мәдениеттер үлкен тұтастықты – «мәдени шеңберді» құрады. Адамзат дамуында халықтардың қоныс аударуының әсері болғандығына едәуір көңіл аударылды. ХХ ғ. басында еуразиялық археологияда Оңтүстік Сібір мен скифтік материалдардың өзара ұқсастығына назар аударыла бастады. Осыған байланысты скиф мәдениеті мен скиф-сібір қауымдастығының тегі бір деген теория (Ядринцев, Минц) қалыптасты. Дегенмен, скиф мәдениеті шығысқа қарай дамыған деген теорияда (Фармаковский) болды. Бірақ соңғы теорияның қателігін археологиялық зерттеулердің нәтижелері толығымен растайды.

Тарихи дамуға географиялық ортаның әсерін бағалау археологияда қарама-қайшы көзқарастар пайда болды. Кейбір ғалымдар географиялық ортаның әсерін толығымен жоққа шығарса, басқалары керісінше, географиялық детерминизм концепциясын қолдап, табиғи орта адамдардың қоғамдық өмірі мен мәдениетінің дамуына жол ашты деп есептеді. Олардың пікірінше, халықтардың тарихы олар мекен еткен ортаға тікелей байланысты болған.

Сонымен қатар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында теорялық археология жаңа археологиялық мәдениеттердің ашылуы, мәдени кешендердің зерттеуінің басталуы және салыстырмалы анализ әдісін жемісті қолдану, халықтардың қоныс аударуының тарихтағы рөлі, мәдениеттердің уақыт пен кеңістік аралығында таралуын бақылау, оның себептерін анықтау әрекеті секілді бірқатар жетістіктерге жетті. Осы жетістіктер ХХ ғасырдың бірінші жартысында әлемдік археологияға үлкен үлес қосқан еуропалық атақты археолог Г.Чайлдің еңбектерінде көрініс тапты.

Ресейде археологиялық ескерткіштерді түрлерге бөлудің негізінде олардың мерзімделуіне көңіл аудару байқала бастады. В.В. Радлов осындай тәсілмен Оңтүстік Сібірдің төрт тарихи кезеңге (мыс және қола, ежелгі темір, жаңа темір және кейінгі темір) жататын обаларын бірнеше түрлерге бөлді. ХІХ ғ. соңында обаларға жасаған өзінің класификациясын Д.А. Клеменц ұсынды. Ол обасыз жерлеулердің алты, обалы жерлеулердің жеті түрін көрсетті. Өзінің пікірінше, Оңтүстік Сібірдегі қола ғасыры дамуындағы белгілі бір кезеңдерге сәйкес келетін обаларды И.Т. Савенков бес түрге бөлді. Және олар бөлек бес тайпаларға тиесілі деген ой тастады. Сонымен қатар ол полеометалды – мыс және қола кезеңдеріне бөліп, соңғысы уақыты жағынан ұзақ мерзімге созылған деді.

Сібір тарихының кезеңделуін жасауға А.М. Тальгрен әрекет жасады. Сөйте тұра Сібірде қола дәуірі мәдениеті батысқа қарағанда кеш дамыды деген қате болжам жасады. Ол қола ғасырын: ежелгі – б.з.д. 2500 – 1500 жылдар; орта – б.з.д. 1500 – 1000 жылдар; кейінгі – б.з.д. 1000 – 500 жылдар деп үлкен үш кезеңге бөлді; б.з.д. 500 ж. темір құралдар пайда болды. Тальгрен минусиндік мәдениеттің пайда болуын б.з.д. 2000 – 1000 жылдары аралығында жүрген деп есептеді. Оның дамуының екінші кезеңі б.з.д. 1000 – 500 жылдары, яғни екі құлақты келттер, қайқы пышақтар, қанжарлар, геометриялық өрнектер пайда болған кез. Үшінші – б.з.д. 500 жылдары және скифтік әсердің басым болған кезеңі.

В.М. Флоринский Еуразия даласының қола ғасырын б.з.д. ІІ – І мыңжылдықпен мерзімдеп, Ресейдің далалық аймағындағы көпшілік обаларды б.з.д. бірінші мыңжылдыққа жатқызды. Ол темір дәуірінің мәдениеті өзіне дейінгі қола ғасыры мәдениеттерімен сабақтастықта болған деп есептеді. Оның пікірінше, б.з.д. V ғасырда тұрғындардың ауысуы болып, Сібірге моңғол тектес нәсілдер келді, көшпелі тіршілік таралды. В.М. Флоринский «обалы мәдениеті», «обалы тайпалары» деген ұғымдарды енгізді және Оңтүстік Сібірдің барлық обаларын ежелгі бір ғана халық қалдырған деп есептеді. Оларды тек славяндарға таңып, олардың моңголдық, татарлық және финдік тамырын жоққа шығарды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Оңтүстік Сібір финно-угорлықтардың түпкі отаны болғандығы жайлы теория ғылыми беки бастады. 1887 – 1889 жылдары Сібірді зерттеген финдік экспедиция ғылымға үлкен үлес қосты. Экспедицияның құрамында болған И.Р. Аспелин, Я. Апельгрен, А.О. Гейкель, А.Х. Снеотман-Виркунен секілді ғалымдар ұлтшылдық бағытты ұстанып, Батыс Сібір тұтастай фин халқының түп отаны болған деп есептеді. Ғылыми негізі жоқ жаңсақ пікірді В.М. Флоринский өзінің «Первобытные славяне по памятникам их доисторической жизни» атты еңбегінде келтірді. Ол Оңтүстік Сібір, Урал және Орта Азияның археологиялық материалдарын Еуразия даласын ежелгі заманда мекендеп, кейіннен батысқа қоныс аударған славяндардан қалған деп дәлелдеп баққан.

Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеудегі елеулі бетбұрыс В.В. Бартольдтің есімімен байланысты болды. Ол 1893 – 1894 жылдары Шу және Талас өңірі, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле өзенінің алқабында болып, ондағы археологиялық ескерткіштерді бақылады. В.В. Бартольд өзінің «Отчет о поездке Среднюю Азию с научной целью» атты еңбегінде ортағасырлық қалашықтарды жазба деректердегі тарихи қалалармен баламалау нәтижелерін жариялады. Қазақстан мен Орта Азияның ескерткіштері оның кейінгі бірқатар еңбектерінде қарастырылған. Ғалымның тарихи топография, баламалау мәселесі, тарихи оқиғалардағы ежелгі және ортағасырдың орны, қалалардың қалыптасуы мен дамуы саласындағы ғылыми ізденістері кейінгі көптеген зерттеулерге арқау болды. 1895 жылы Ташкентте құрылған Түркістанның археологияға әуестенушілер үйірмесі В.В. Бартольдтің есімімен байланысты. Осы үйірменің мүшелері А. Кларе, А. Черкасов, В.А. Каллаур, Н.Н. Пантусов, Н.П. Остроумов, А.А. Диваев, И.В. Аничков, А.А. Семеновтар өмірінің бір бөлігін Қазақстанның көне мұраларын зерттеуге арнаған.

Олардың Отырарда, Шу мен Талас өңірінде Іле өзенінің алабында әр жылдары жүргізген зерттеулерінің материалдары «Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии» деген атпен жинақ ретінде басылып отырған.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы Еуразия археологиясының дамуындағы аса маңызды кезең болды. Тас, қола, ерте темір және орта ғасыр ескерткіштерінің көпшілігі осы кезде ашылып зерттелді. Археологиялық мектептер ашылып, археологиялық материалдарды тарихи зерттеуде пайдалану концепциясы қалыптасты. Археология өзінің кәсіби маманы, зерттеу әдісі мен тұрақты тұжырымы бар ғылым ретінде қалыптасты. Археологияның негізгі зерттеу бағыттары: славян-орыс, антика, скиф археологияларымен қатар Кавказ, Орта Азия мен Қазақстан, Сібір, Қиыр Шығыс археологиялары құрылды.

ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі аралық Еуразия археологиясындағы ерекше кезең болды. Большевиктік партияның жаңа қабылдаған қаулысы ғыламдағы әртүрлі бағыттары мен археологияның еркін дамуының жолын қиды. Кеңестік тарих ғылымы археологиямен қоса бірыңғайланып, марксистік-лениндік аталған аталған ресми сипатқа көшіп, мемлекеттік ғылымға айналды. Қазан төңкерісі алғашқыда ғылымға ешқандай өзгеріс әкелмеді. Отызыншы жылдарға дейін археология саласының мамандары бұрынғысынша қалды. Тек патшалық археологиялық комиссияның орнына Ресейлік материалдық мәдениет тарихы академиясы (РММТА) құрылды. Көп ұзамай ол бірнеше ғылыми-зерттеу институтары біріккен «материалдық мәдениет тарихының мемлекеттік академиясы» (ММТМА) деп өзгертілді.

Теориялық мәселелермен әуестену мен ғылымға марксистік әдістемені енгізу кестелену мен социологизмге алып келді. Тарих пен археологияның мәселелерін қарастырған кезде таптық көзқарас анықтаушы рөл атқарды. Марксистік философиялық концепцияны тарихқа енгізу археологиялық материалдарды жасанды жандандыруға итермеледі. Нақты археологиялық материалдарды алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңіне эвалюциялық кестеге сәйкестен діруге әрекет жасалды.

Сонымен қатар археологиялық ескерткіштерге деген өлкетанушылық қызығушылықтың артып, музейлердің қызметі жанданып, ғылыми қоғамдардың құрылғанын айтпауға болмайды. Жекелеген аймақтардың өткен тарихы зерттеле бастады. Жергілікті археологтар мен өлкетанушылардың мектептері жемісті жұмыстар жүргізді. Еуразияның металды игерген дәуірін археологиялық мәдениеттерге бөлу осы кезеңнің басты жетістігі болды.

1918 – 1920 жылдары тұтқынға түскен австриялық археологтар Г.Мергерт, С.И. Руденко және С.А. Теплоуховтар Енесайдың (Енисей) бойындағы қоныстар мен қорымдарды зерттеді. Қола дәуірдің бұрын зертелген және жаңа алынған мәліметтерін қорытындылаған монографиясын Г. Мергерт Венада бастырып шығарды. Бұл еңбек кеңестік тарихнамада тиесілі бағасын алмады. Дегенмен, осы еңбекте негізгі археологиялық негізгі мүліктер жүйеленіп, өзінің даму жолында бірнеше сатылардан өткен минусиндік ерекше қола мәдениеті өмір кешкені жайлы тұжырым жасалды. Мергерт археологиялық мәдениеттерді нақты бір физика-географиялық аймаққа байланыстыра отырып, жеке өңірлік құбылыс ретінде қарастырды.

ХХ ғ. басында Еуразия археологиясын кезеңдеудің негізі қалыптасты. В.А. Городцов өзі қазған обалардың материалдары негізінде қола дәуірінің ежелгі шұңқыр, катакомба, қима мәдениеттерін бөлді. Сібірде С.А. Теплоухов жетпістен астам молаларды қазып, оларды жерлеу құрылысына, жерлеу ғұрпына және жерленген заттарына қарай отырып түрлерге бөлді. Өзі зерттеген кешендерді уақыты жағынан кезектесіп келетін афанасев, андрон, қарасұрық және таштық мәдениеттеріне топтастырды. Осы кезеңдеулер кеңестік археологияның кейінгі дамуына негіз болды.

В.А. Городцов пен С.А. Теплоуховтың осы кезеңдеулері ежелгі тарихты археологиялық материалдар көмегімен қарастырудағы сапалық жаңа қадам болды. Олардың негізінде археологиялық мәдениеттердің бірінен екіншісіне өтетін тарихи дамуға деген үдемелі эвалюциялық көзқарас жатты.



Үшінші кезең (ХХ ғасырдың 30 – 60-жылдары) – ғылымдағы тоталитаризм кезеңі. Бұл – археологияны идеологиялап, оған марксистік және большевиктік пиғылдарды енгізу кезеңі. Археологиядағы сталинизм және оның көрінісі «лысенковщина» ғылыми еркін пікірдің жойылуына әкелді. ХХ ғ. басындағы ғылымда қалыптасқан әртүрлі археологиялық мектептер жойылып, көптеген ғалымдар репрессияға ұшырады, солардың қатарында С.Теплоухов, Б.Петри, С.Руденко, М.Грязнов, т.б. бар еді. Г.Мергарт өз еліне кетті. Өлкетану ісінің сипаты өзгерді. Оның құрамынан археология мен этнография жойылды, музейлер социалистік құрылыстың жетістіктерін уағыздауға ыңғайластырылып қайта жабдықталды. Аймақтарда қалыптасқан археологиялық ғылымдар Мәскеу мен Ленинград секілді орталық қалаларға шоғырланды. Жергілікті археолог ғалымдар жоқтың қасы болатын. Одақтас республикалардағы археологиялық зерттеулерді бірнеше онжылдықтар бойы Мәскеу мен Ленинградтың экспедициялары жүргізді. Ресейдің шеткі аймақтарының ежелгі тарихын зерттеуде ұлттық теріс пиғылмен бұрмалаушылықтарға орын берілді. Қазбадан табылған ерекше өнер туындылары мен зергерлік бұйымдарды сырттан әкелінген деп, жергілікті тұрғындардың дәстүрлі мәдени сабақтастығын жоққа шығару әдетке айналды.

Археологиялық зертеулердің бір орталықтан ғана басқарылатын кеңестік жоспарланған жүйесі қалыптасты. Кеңес аймағында жүргізілетін барлық археологиялық, этнографиялық зерттеулерді тек орталықтарда ұйымдас тырылған экспедициялар жүргізді. Урал мен Еділ өңіріндегі, Сібір, Қиыр Шығыс, Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген зерттеулерді Мәскеудегі Материалдық мәдениет институты мен оның Ленинградтағы бөлімі ұйымдастырды. Солардың қатарында Днепрдегі, Волгоградтағы, Жоғарғы Обтағы, Ангарадағы, Красноярдағы су қоймаларының орнын зерттеуге бағытталған археологиялық экспедициялар, Оңтүстік Түрікмен кешенді археологиялық экспедиция (ОТКАЭ), Қырғыз археолого-этнографиялық экспедициясы (КАЭЭ), Тува кешенді археолого-этнографиялық экспедициясы (ТКАЭЭ), Прибалтика біріккен кешенді экспедициясы (ПБКЭ), Хорезм археолого-этнографиялық экспедициясы (ХАЭЭ), т.б. экспедицияларды айтуға болады.

Қазақстан жерінде орталықтан ұйымдастырылған бірнеше экспедициялар жұмыс істеді. 1930 жылы Б.Н. Граков Қазақстанның солтүстік облыстарында зерттеу жүргізді. 1930 – 1936 жылдары О.А. Кривцова-Гракова Қостанай облысында Алексеевка ауылының маңындағы қола ғасырының бірқатар жерлеу орындары мен қоныстарын, тасаттық орындарын зерттеді. 1932 – 1933 жылдары Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының (Ленинград) П.С. Рыков басқарған экспедициясы Орталық Қазақстанның көне ескерткіштерін зерттеуді бастады. Экспедиция мүшелері М.П. Грязнов, М.И. Артомоновтар қола дәуірінің обалары мен қоныстарын, сақ қорымдарын ашып, қазба жүргізді. 1935 – 1938 жылдары КССРО ҒА Материалдық мәдениет тарихы институтының С.С. Черников басқарған экспедициясы Шығыс Қазақстанда кешенді зерттеулер жүргізді. Алтын, мыс және қалайы өндірілген байырғы кен орындары ашылды. Қола дәуірі мен ерте темір ғасырының бірқатар ескерткіштері ашылды. Сақтардың әйгілі Шілікті қорымы осы кезде қазылды. Осы жылдары Қарағанды облысында археологиялық барлау жүргізген С.В. Киселев Бесоба мен Жаңа ауыл маңында археологиялық ескерткіштердің үлкен тобын ашты. Атақты «мұртты обалар» алғаш осы кезде табылған болатын. 1938 жылдан бастап соғыс басталғанға дейін Қазақстанның оңтүстігінде А.Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық (Ленинград) кешенді зерттеулер жүргізді. Экспедиция Жетісудың, Шу мен Талас өңірінің археологиялық ескерткіштерін зерттеді.

Ғылымды әдістемелік тұрғыдан сипаттау өзгеріске ұшырады. Этнографиялық көзқарас ұмытылды. Тарих ғылымы тұтастай, ал археология жартылай идеологиялық біркелкілік сипат алды. Марксистік әдістеме ретінде жарияланған эволюционизм археология саласында үстемдік жүргізді. Типологиялық әдіс эвалюциялық концепцияға едәуір толық жауап беретін ғылыми-зерттеудің тәртібіне айналды.



Төртінші кезең – (ХХ ғасырдың 60 – 90 жылдары) – археологиядағы жаңа кезең. Бұл тұста ғылыми орталықтар бөлініп, жергілікті зерттеу орындары көбейді, археология мамандарының қатары артып, жоғары оқу орындарында арнайы кафедралар, түрлі ғылыми археологиялық қоғамдар ашылды. Көптеген қалаларда ғылыми мектептер мен ғылыми археологиялық орталықтар Уралда, Сібірде, Орта Азия мен Қазақстанда, Қиыр Шығыста құрылды.

КСРО ҒА Сібір бөлімінің ашылуы, оны А.Окладниковтың басқаруы Сібір аймағындағы археологияның жандануына үлкен жол ашты. Палеолиттің аса маңызды ескерткіштері ашылып, Сібірде ерте тастың (ерте палеолит) болғаны дәлелденді. Академиктер А. Деревянко мен В. Молодиннің зерттеулері арқасында Қиыр Шығыстың жаңа тас дәуірі мәдениеттері, қола ғасырының көптеген ескерткіштері, ерте темір дәуірі мен орта ғасыр кеңінен танылды. КСРО ҒА-ның Сібір бөлімі Орта Азия мен Қазақстан археологтарымен бірлесіп тас дәуірін зерттеуде де жақсы жетістіктерге жетті.

Еуразия археологиясында жаңа ғылыми бағыттар пайда болды. Палеолиттік ескерткіштердің жаңа ашылулары мүстьелік қауымдастықтар жайлы қайта тұжырым жасап, жоғарғы тас мәдениетін бөлуге мүмкіндік берді. Жаңа тас ескерткіштерін зерттеу жанданды. Тасқа салған суреттерді зерттеу де өз жемістерін бере бастады. Осы саладағы зерттеулердің арқасында әлемдік ғылым Кавказдың, Қазақстанның, Сібір мен Қиыр Шығыстың петроглифтері жайлы таныс болды.

Украина жеріндегі ежелгі егіншілер мен бақташылардың тарихы жемісті зерттеле бастады. Ерте егіншілік (энеолиттік) мәдениеттердің ошақтары Орта Азия мен Кавказда ашылды. Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы антикалық қалалардың экономикасын, әлеуметтік құрылысы мен тарихын зерттеуге археология елеулі үлес қосты. Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы антикалық ескерткіштерді тарихи және археологиялық тұрғыдан зерттеудің ерекше мәнге ие болатын, себебі жазба және археологиялық деректердің бірін-бірі толықтыратын мәліметтерінің молдығында еді.

Скиф ақсүйектері мен патшаларының алып обалары зерттеушілерді әр уақытта да қызықтырды. Бірақ қарапайым скифтердің жерлеулері мен мекен-жайларын қазуға көңіл бөлінбеді. Археологтар Б.Н. Граков, М.И. Артамонов және басқалардың зерттеулері скиф тайпаларының өмір көрінісі, олардың қолөнері мен құрылыс істерінің даму деңгейін көрсетті.

Еділ өңірі мен Урал маңында савроматтардың тарихы мен мәдениеті, Қазақстан мен Тәжікстанда сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері зерттелді. Алтай жерінде көсемдердің тамаша обалары қазылып, өте жақсы сақталған матадан тігілген заттар, кілемдер, ағаштан жасалған бұйымдар табылды. Бұрын ғылым білмеген Тува жеріндегі скифтік мәдениеттің ескерткіштері ашылып, Қиыр Шығыстың ерте темір ғасыры мәдениеттері зерттелді.

Орта Азия мен Қазақстан жерінде ерте дәуірі: палеолит, мезолит және алғашқы мемлекеттік құрылымдар ескерткіштері қазылды. Суғару жүйелері, үлкен егіншілік алқаптар, қала-бекіністері, керуен сарайлардың орындары ашылып, Орта Азияның жоғары дамыған егіншілік мәдениеттері зерттелді. Қазақстанда қала мәдениетін зерттеу тұрақты жүргізіле бастады. Ұлы Жібек жолының Еуразя тарихындағы сауда-экономикалық, мәдени және саяси маңызы, халықтардың мәдени байланысындағы халықаралық сауда тораптарының рөлін зерттеу жақсы жетістіктерге жетті. Қазақ халқының этникалық тегінің қола ғасырынан басталып, кейінгі дәуірлерде осы жерді мекендеген ірі тайпалық одақтардың (Сақ, Үйсін, Ғүн, Түркі) тағдырымен сабақтасып жатқаны антропологиялық зерттеулер негізінде ғылыми тұжырымдалды.

Ресей археологтары славян этносының қалыптасу жолдарының мәселелерін зерттеумен айналысты. Ежелгі орыс қалаларының қалыптасу көрінісін Киев, Новгород, Рязань, Смоленск және Псков қалаларының орнында жүргізілген қазбалар айқындады.

Еурозия археологиясында жаңа әдістемелік тәсілдер пайда болды. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері археологияда кеңінен қолданыс тапты. Эксперименталды археология пайда болып, археологияның дамуына әсер еткен тарихи әдістемелік тәжірибе де біртіндеп өзгеріске ұшырады.

Еуразия археологиясы осы кезеңде зерттеу мақсаты, мерзімдік шекарасы мен әдістері жағынан ерекшеленетін бірнеше бағыттарға бөлінеді. Олар: тас дәуірін, қола ғасырын зерттейтін антика, скиф-сармат, сақ-үйсін, түркі дәуірі, славян-орыс археологиясы. Бұл – тарихи қалыптасқан, өзіндік тәжірибесі бар, белгілі бір зерттеу мақсатына жұмылдырылған бағыттар. Бұрынғы КСРО республикаларында жергілікті ғылыми орталықтар дербес зерттеулерін жандандырды. Материалдық мәдениет тарихы тұрғысынан дамыған Еуразия археологиясының қоғамдық құрылысты қалпына келтіру тәжірибесі жеткіліксіз болды. Ғылымды озбырлықпен тарихи материализм қалпына салу дәстүрі «өркениет», «әлеуметтік құрылыс» секілді тарихи категориялардың дамуына кері әсерін тигізіп, археологиялық қайта жаңғыртуды белгілі бір кестелік принципке жүгінуіне әкелді.

ХХ ғасырдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін Еуразия археологиясы жекелеген орталықтарда дамып, өзара байланыс әлсіреді. Еуразиялық дамуға көптеген елдер өз ұлтының мүддесі тұрғысынан қарауға бейімделді. Осы талпыныста нақты, шынайы тұжырымдармен қатар асыра сілтеушіліктер мен бұрмалаушылықтар да кездесіп жатады.
Әдебиеттер

Амальрик А.С., Монгайт А.Л. В поисках исчезнувших цивилизаций. – М., 1966.

Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и Усуней долины реки Или. – Алма-Ата, 1963.

Археология в Российских университетах. – Воронеж, 2002.

Байпақов К.М. Жетісу мен Алматы аймағындағы сақ пен үйсіндердің қоныстары. – Алматы, 2008.

Генинг В.Ф. Очерки по истории советской археологии. – Киев, 1982.

Институт археологии: история и современность. – М., 2001.

Институт истории материальной культуры. – СПб., 1997.

История и археология Дальнего Востока. – Владивосток, 2000.

Керам К. Боги, гробницы, ученые. – М., 1986.

Коников Б.А. Основы археологии Западной Сибири. – Омск, 1997.

Крамер С. История начинается в Шумере. – М., 1991.

Мартынов А.И. Историография археологии Сибири. – Кемерово, 1983.

МaccoH В.М. Исторические реконструкции в археологии. – Самара, 1996.

Матющенко В.И. 300 лет сибирской археологии. – Омск, 2001.

Монгайт А.Л. Археология СССР.М., 1995.

Очерки истории отечественной археологии. Вып. 1. – М., 1991; Вып. 2, 1998; Вып. 3, 2002.

Познание исторического процесса в археологии. – М., 1998.

Пряхин А.Л. История советской археологии. – Воронеж, 1986.

Теория и методы археологических исследований. – Киев, 1982.

Традиции Российской археологии. – СПб., 1996.

Формозов А.А. Очерки по истории русской археологии.М., 1961.

Формозов А.А. Страницы истории русской археологии.М., 1986.

Эрлих В.А. Изучение Северной Азии и развитие науки в Сибири и на Дальнем Востоке в до­тационный период; Учебное пособие. – Новосибирск, 2003

Б і р і н ші т а р а у

ТАС ҒАСЫРЫ
Адамның арғы тегі туралы мәселе
Жер ғаламшарының тарихы бес миллиард жылдан астам уақытты қамтиды. Осынау ұзақ уақыт аралығында адамзат тарихы қас қағым сәт секілді мезгілді алады. Ғалымдар жер тарихын бірқатар кезеңдерге бөлген. Солардың ең соңғысы ғылымда «Кайнозой» деп аталады. Ол 60-70 млн. жылдан осы күнге дейінгі уақытты қамтиды. Кайнозой – палеоген, неоген және антропоген (төрттік) болып үш кезеңге бөлінеді. Едәуір ертеректегі геологиялық әдебиеттерде палеоген мен неоген кезеңдерін біріктіріп үштік кезең, антропогенді төрттік кезең деп көрсетілетін. Қазіргі жаңа көзқарас бойынша адам мен оның материалдық мәдениетінің қалыптасу кезеңін «антропоген» деп атау кеңінен қолданылады.

Антропоген эоплейстоцен, плейстоцен және голоцен болып үшке бөлінген. Антропогеннің кезеңделуіне жер бетіндегі ауа райының, яғни мұздық пен мұздықаралық кезеңдердің ауысып келуі негіз болған. Мұздықтардың құрлықтың көптеген бөлігін басып қалуы мен теңіз деңгейінің өзгеріп отыруы адам тегінің қалыптасып, дамуына үлкен әсерін тигізген.

Адам мен маймылдардың арасындағы зоологиялық ұқсастық адамның арғы тегі жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан деген тұжырымға негіз болған. Осы теория бүкіл әлемдік ғылымда мойындалып, анропогенді зерттеуде кеңінен қолданылып келеді. Адамның қалыптасу үдерісі өте ұзақ уақытқа созылды. Неогеннің соңы мен эоплейстоценнің басында Африка, оңтүстік Еуропа мен Азияның оңтүстігінде физикалық құрылымы мен өмір сүру дағдысы жағынан адамға жақын болған маймылдардың көптеген түрлері өмір сүрген. Оларды ғылым тілінде дриопитектер, рамапитектер, бейімдіпитектер (удобнопитектер) және австролопитектер деп атаған. Олардың басым көпшілігі эволюцияның тұйықталған тармағын құрады. Тек адам тектес маймылдардың автролопитектерді еске түсіретін түрлерінің қаңқалары аң аулап, етпен қоректену салдарынан адам кейпіне ұқсай бастағаны байқалады.

Адамның алғашқы отаны жайлы мәселе әлі күнге толық шешілмеген. ХХ ғасырдың екінші жартысында жасалған бірқатар палеоантропологиялық ашылулар адамның қалыптасу үдерісі жүрген аймақтың үлкен аймақты қамтығандығын аңғартады. 1959 – 1960 жылдары Танзанияның Олдувей шатқалынан табылған көне адамтектес маймылдардың қаңқалары ғылым үшін үлкен жаңалық болды. Еңбекке бейім адам (Homo habilis), ғылыми түрде презинджантроп деп аталған қаңқаның бас сүйектерінен адам басының құрылымы мен мыиына жақын көп сәйкестіктер анықталған. Презинджантроп жатқан жерден табылған шапқыш тас құралдар (чопперлер) оның еңбекке бейім болғандығын растайды. Оның калий-аргонды әдіс бойынша анықталған ғұмыр сүрген уақыты осыдан 1 750 000 жыл, мыиының көлемі 652 см³. Аяғының сүйектері тік жүргендігін, саусақ талшықтарының құрал жасауға бейім болғанын көрсеткен. Оның еңбекке бейімді қабілеті қолының жетілгендігі, мыиының көлемі секілді антропологиялық даму дәрежесімен сәйкес келеді. Осыған ұқсас деңгейде дамыған адам қаңқалары Африканың көптеген жерлерінен табылған. Эфиопиядағы Омо өзенінің бойынан табылған ондаған индвидтердің қаңқалары калий-аргонды әдіс арқылы анықталған мәлімет бойынша 4-тен 2 млн. жылға дейінгі аралықты қамтиды. 2,1 млн. жылмен мерзімделген автролопитектің сүйек қалдықтары жатқан қабаттан табылған шақпақ тастан жасалған тас құралдар аса маңызды.

Әкелі балалы Луис және Роберт Ликилердің Кениядағы Рудольф өзені бойынан тапқан австолопитек тұқымдастардың қаңқа қалдықтары үлкен ашылым болды. Сүйек қалдықтарының жасы 5 – 5,5 млн. жыл. Жердің олар жатқан қыртысынан табылған шақпақтастан жасалған құралдар 2,6 млн. жылмен мерзімделеді. Осы табыстар адам баласының алғашқы шежіресін едәуір көне дәуірден басталғандығын аңғартады.

1890 – 1891 жылдары Ява аралынан табылған приматтың бас сүйегінің бөліктері мен аяғының ұзын сүйектерін зерттеу оның екі аяғымен тік жүргендігін анықтады. Сондықтан оған «тік жүретін маймыл адам» (Pithecanthropus erectus) деген ат берілді. Ява адамының дене бітімі мен ми ұясының өлшемі өзінің алдындағы зинджантроп, презинджантроптарға қарағанда анағұрлым жетілген. Миының көлемі 950 см³. Пекиннің маңындағы Чжоукоутянь үңгірінен табылған архантроптардың қаңқаларын зерттеу олардың еңбекке бейім және тас құралдарды жасай білгендігін көрсетті. Дене бітімі түзу және орта бойлы. Миының аумағы 1075 см³, өмір сүрген уақыты 500-ден 300 мың жылдыққа дейінгі аралықты көрсетеді. Тік жүретін (Homo erectus) адамдар тобына жататын бұл архантроптар «синантроп» (қытай адамы) деген шартты атауға ие болды. Үңгірдегі тұрақта қалыптасқан күл қабатының қалыңдығы қытай адамдарының отты пайдаланғандығын білдіреді. Бірақ отты өздері тұтата білгені жайлы белгі жоқ. Жалпы адамдар отты жағуды алғаш қашан игергендігі туралы ғылымда нақты мәлімет берілмеген. Тек адамдар алғаш табиғи құбылыстың арқасында пайда болған отты өшірмей ұзақ пайдалануды және бір жерден екінші жерге тасмалдауды үйренген.

1856 жылы Дюссельдорф, 1907 жылы Гейдельберг маңынан табылған дене бітімі толық қалыптасып үлгерген адам өкілдерінің қаңқалары антропогенездің соңғы өкілдері деп мойындалған. Оларды «Homo primgenius», басқаша неандерталь адамы деп атаған. Осыдан 100 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының өкілдері Еуропа мен Азияның көптеген жерлерінен табылған. Солардың бірі – 1938 ж. А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен тапқан неандерталь баланың сүйегі. Неандерталдықтар орта бойлы, үлкен де ауыр басты, кең де мығым жауырынды және кішкене еңкіштеу келетін өзіндік бітімімен ерекшеленеді. Неандерталдықтар үңгірлерді баспана ретінде пайдаланып, отты қалай жағуды игерді және тас еңбек құралдардың едәуір жетілген түрін жасай білді. Ежелгі адамдардың үлкен аймаққа таралуы бірқатар: еуропалық классикалық, азиялық дамыған неандерталдар және африкалық палеантроптар деп бөлінетін түршелердің шығуына әкелді. Осындай ашылулар адамның эвалюциялық қалыптасу үдерісі құрлықтың көптеген аймақтарында қатар жүргендігін аңғартады. Тек Америка мен Австралия құрлығынан көне адамдардың қаңқалары табылмаған. Ол құрлықтарда адам тектес маймылдар болмаған деген ой туғызады.

Қазіргі адамдардың ежелгі бабаларының алғашқы мекені мен нәсілдік пішіннің пайда болуы туралы ортақ пікір жоқ. Осыған байланысты ғылымда екі көзқарас: полицентризм мен моноцентризм қалыптасқан. Алғашқы көзқарас бойынша адамның қалыптасу үдерісі ғаламшардың бірнеше бөлігінде жүрген. Еуропа, Азия, Африка және Австралия құрлықтарында европойдтық, моңғолойдтық, негройдтық және австролойдтық нәсілдер өзара дербес қалыптасып дамыған. Моноцентристік көзқарастың өкілдерінің пікірінше барлық нәсілдер ол баста Солтүстік-Шығыс Африка, Алдыңғы және Оңтүстік Азияны қамтыған үлкен аймақты мекендеген ежелгі адамдардың бір ғана тармағынан таралған. Оларда қазіргі кездегі нәсілдердің белгілері болмаған. Нәсілдік ерекшеліктер адамдар құрлықтың әртүрлі бөліктеріне таралып, түбегейлі тұрақтаған кезде біртіндеп, географиялық жағдай мен ауа райына бейімделу барысында пайда болған.

Соңғы кезде ғалымдардың арасында адамның қалыптасуы екі аймақта: Солтүстік-Шығыс Африка және Оңтүстік-Батыс Азияда жүрген деген көзқарас айтылып жүр. Экватордың теріскей бетіндегі осы тропиктік жерлерде ежелгі адамдардың қаңқалары көп табылған.

Еуразияның көне тас (палеолит) дәуірі

Тас ғасыры археологияда көне тас (палеолит) және жаңа тас (неолит) болып екiге бөлiнедi. Көне тас пен жаңа тас дәуiрлерiн екiге бөлiп тұрған аралық кезең орта тас (мезолит) деп аталады. Бұл кезеңнiң басын археологтар тұрпайы да болса, алғаш еңбек құралдарын жасауды игерген адамның арғы атасының жануарлар дүниесiнен бөлiнiп шыға бастаған уақытынан алады. Тас ғасырының соңында адам жан-жақты жетiлген еңбек құралдарының алуан түрiн жасауды меңгердi: егiншiлiк пен мал өсiру қалыптасты. Осылайша қазiргi кездегi өркениеттiң негiзi болған өндiрушi шаруашылықтың iргетасы қаланды.

Тас ғасырының қойнауында адамның қазiргi физикалық бет бейнесi қалыптасып, адамдардың қоғамдық ұжымдық бiрлестiгi – рулық құрылыс пайда болды. Осындай тарихи даму жолдарының басында гаремдiк ұйымдардан тұратын алғашқы маймыл – адамдар тобы тұрды. Қазiргi iрi нәсiлдердiң негiзi де осы тас ғасырында қалыптасып дамыды. Тiршiлiкке қолайлы жерлердi жаппай игеру мен оларға қоныстану да тас ғасырынан басталады. Тас ғасырының басында Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка және Оңтүстiк Еуразия жерлерiн ғана мекендеген адамдар, тас ғасырының соңында жер бетiне толықтай таралып, бос жатқан жерлердi меңгердi.

Тас ғасырында адам қоғамның дамуына үлкен үлес қосқан бiрқатар жаңалықтар (ашылулар) жасалды. Олардың қатарына от жағу, киiм тiгу, үй салуды, ыдыс жасауды үйрену, етті пісіріп жеу, жабайы аңдардың кейбір түрін қолға үйрету және жабайы дақылдарды қолдан баптап, оның өнімін алу секілді жетістіктерді жатқызамыз.



Көне тас (палеолит) дәуiрiн зерттеу Еуразия құрлығының көптеген аймақтарындағы адамның тiршiлiгiнiң iздерi сақталған археологиялық ескерткiштердi қазу арқылы жүзеге асырылады. Көне тас дәуiрi бiздiң елiмiздiң жерiнде б.з.д. 1 млн. жылдан астам уақыттан басталып, б.з.д. 10-шы мыңжылдыққа дейiн аралықты қамтыды. Көне тас ғасыры төменгi және жоғарғы немесе ерте және кейiнгi тас болып екi кезеңге бөлiнедi. Төменгi тас өмiр сүрген уақыт аралығы тұрғысынан 1 млн. жылдан 40 мың жылға дейiнгi аралықты, жоғарғы тас б.з.д. 40 мың жылдықтан 10 мың жылдыққа дейiнгi аралықты қамтиды [Тақырыпты меңгеру барысында адамдардың бос жатқан жерлердi игеруi, тас өңдеу iсi мен еңбек құралдарының жетiлу дәрежесi, адамдардың бет бейнесiнiң қалыптасуы төменгi тастың кезеңдерiнде қалай жүргендiгi мен шаруашылықпен қоғамдық қатынастардың қайсысы олардың қайсысына сәйкес келетiндiгiне көңiл аударылады].

Еуразиядағы палеолиттің кезеңделуі


Бөлімдер

Мұздық кезең

Абсолюттік уақыт мың жыл есебі

Тас дәуірінің кезеңделуі

Төртік кезең (антропоген)

Голоцен




12 - 4

Мезолит, неолит

плейстоцен

Вюрм

40 – 12

Кейінгі палеолит

Рисс-Вюрм

130 – 40

Мустье (орта палеолит)

Рисс

200 – 130

Кейінгі ашель

Төменгі палеолит

Миндаль-Рисс

350 – 200

Орта ашель

Эоплейстоцен

Миндаль

500 – 350




Гюнц-Миндаль

700 – 500

Ерте ашель

Гюнц

1000 – 700

Дунай-Гюнц

1900 – 1000

Олдувай

Дунай

2500 – 1900

Алғашқы адамдардың бiздiң елiмiздiң жерлерiне таралуы әртүрлi уақытта, әртүрлi ошақтардан әртүрлi бағыттарда жүргендiгi байқалады. Теңiз суларының бiрде көтерiлiп, бiрде төмендеуi секiлдi табиғаттың ауыспалы құбылысы адамдардың жер бетiне таралуына айтарлықтай кедергi жасады. Еуразия жерiне алғашқы адамдар өздерi мекен еткен едәуiр оңтүстiк аудандардан келдi. Кавказ бен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларына, Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай мен Амур өңiрiне қоныс аударған алғашқы адамдар өздерiмен бiрге ұжымдық тұрмыстың қалыптасқан тәжiрибесi мен еңбек құралдарының жасалу әдiстерiн де ала келдi. Адамзат тарихында, әсiресе, оның алғашқы кезеңiнде табиғи орта үлкен мәнге ие болды. Алғашқы қоғам адамдарының бүкiл iс-әрекеттерi олардың өздерiн қоршаған ортамен өзара тығыз да тұрақты байланысты.



Төменгi тас хронологиялық жағынан кезектесiп келетiн Олдувей немесе Олдувай (2млң. – 700 мың), ашель (700 – 120 мың) және мустье немесе мустьер (120 – 40 мың) секiлдi үш кезеңнен өттi. Көне тас – адамның қалыптасу дәуірі: төменгі таста архантроптар мен палеоантроптар, жоғарғы таста неоантроптар (Homo sapiens) немесе неандерталь адамы өмір сүрді. Оңтүстік аудандарды алғашқы адамдардың қоныстануы б.з.д. І млн. – 500 мың жылдар аралығында, яғни ашельдің орта тұсында жүрген. Оған плейстоцен кезінде ауа райының бірде суып, мұздықтар қалыптасып, артынан күннің қайта жылуының кезектесіп келуі басты әсер етті. Қалыптасқан мұздықтардың орталықтары Скандинавия таулары, Таймыр мен Солтүстік Америка болды. Сонымен қатар Альпі, Кавказ, Алтай және Гималай тауларында да таулық мұздықтар қалыптасты. Мұздықтардың көп таралған кезінде қазіргі құрлықтың орасан көп бөлігі мұз құрсауында қалды. Сондықтан алғашқы адамдар мен тағы жануарлар едәуір жылы аймақтарға қоныс аударды. Алғашқы адамдар тобырының рулық құрылысқа өтуі мен бірінші қоғамдық-экономикалық формация – алғашқы қауымдық құрылыс осы дәуірде қалыптасты. Еуразия жерiнде төменгi тас (палеолит) дәуiрiнiң тұрақтары негізінен төрт аймақта: – Карпат, Кавказ, Орта Азия мен Қазақстанда, Оңтүстік Сібірде шоғырланған. Тисса өзенінің жағалауындағы Королев тұрағы (В.Н. Гладилин зерттеген) осы күнде ең жақсы зерттелген ескерткіш. Онда 12 метрлік биіктікте қалыптасқан 15 метр мәдени қабатың көне тасқа жататын жеті қабаты І млн-нан 40 мың жылға дейінгі аралықты қамтиды. Ең ежелгі қабаттардан (олардың алтауы ашель уақытына жатады) табылған чоппер, бір жақты унифас, шапқыш және қырғыш секілді құралдар жанартаулық андезиттен жасалған.

Екінші ескерткіш - Оңтүстік Тәжікстандағы Күлдар тұрағын алғаш В.А. Ранов зерттеді. Мұнда плейстоцендік сары топырақты қабат 100 метрге дейін жетеді. Бірінші және екінші жағдайда да сары топырақты қабаттағы палеолитпен танысамыз. Мұнда 11- және 12- қабаттан табылған құралдар 800 мың жыл бұрынғы.

Үшінші ерте ескерткіш - М. Гусейнов зерттеген Азых үңгір тұрағы Әзербайжандағы Құрысай өззені бойында. Үңгiрдегі он тіршілік қабаты 1 млн. жылға жуық уақытты қамтиды. Үңгірден табылған адамның жақ сүйегінің бір бөлігі маңызды табыс еді. Оның архантроптан палеоантропқа ауысу сатысындағы адамдыкі екендігі анықталған. Бұл біздің жерімізден алғаш табылған ең көне адамның сүйек қалдығы болатын. Армениядағы Садани Дар - ашель дәуірінің әйгілі ескерткіші. Ол жерден табылған тас құралдар түгелге жуық обсидианнан жасалған. Бұл тас құралдарын жасауға тиімді породаларды қайдан іздеу керектігін ашель адамдары әлі білмеген кез болса керек. Оңтүстік Осетиядағы Кударо I,ІІ және Цон тұрақтарын алғашқы аңшылар мыңдаған жылдар бойы мекендеген.

Қара теңіздің жағалауында Колхида, Яшт, Гвард, Гали тұрақтары белгілі. Ашель дәуірінің Орта Азиядағы тұрақтары Күлдар, Селүңгiр, Қарақала; Алтайда Ұлалы; Қаратаудың бауырайында Шақпақата, Бөрiқазған, Тәңiрқазған, Жаманайбат, Қосқорған және Шоқтас тұрақтары ашылып зерттелген. Орталық Қазақстандағы Обалысай және Талдысай аймақтарында төменгі тас тұрақтары жиі кездеседі. Көне тас құралдарының жекелеген түрлері Ферғана өңірінде, Тян-Шань тауында және Оңтүстік Сібірде, Қиыр Шығыста да табылған. А.П. Деревянконың жетекшілігімен зерттеліп жатқан Алтай тауындағы Денисов үңгірі төменгі тастың тамаша ескерткіші саналады.

Төменгi тас дәуiрiнде адамдар тас құралдарды өңдеудiң ең қарапайым тәсiлiн үйренді. Ол археологияда «оббивка» тәсiлi деп аталады. «Чопперлер» мен «чоппингтер» деп аталған құралдар малтатастың бір шетін ғана өңдеу арқылы жасалды. Шапқыштарды тұтас жұмыртастар мен үлкен жаңқалардан жасаған. Ежелгi адамдар үшiн тас қоршаған ортаға әсер ететiн бiрден-бiр құрал болды. Еңбек құралдарын жасау үшiн көбiне, малта тастарды пайдаланған. Тасты құрал кейпіне келтіру үшін оның бір шетін екінші таспен белгілі бір көлбеу бұрышта соғу арқылы өңдеді. Көне тас кезінде ең көп тараған құрал шапқыштар болды. Онымен сүйектерді майдалаған, кесу үшін және жер қазуға да қолданған. Дегенмен, едәуір ұсақ тас құралдар – ебебейсіз тескіштер, өткіртұмсықтар, қырғыштар. Олар еңбек құралдарын жасайтын материалдар ретiнде тастан басқа ағашты, сүйектi, ұлутастарды да пайдаланғаны белгiлi. Бiрақ бұл материалдар тас секiлдi салмақты да қатты қасиетке ие болмады. Сондықтан қолшапқы, қырғыш секiлдi көп мақсатта пайдаланылған тас құралдар палеолит кезiнде кеңiнен таралды. Осындай еңбек құралдары сопақша келген, бiр шетi ұстауға қолайлы, екiншi шетi кесуге бейiмдеп жүзделген (өткiрленген) нысанда жасалды.

Әмбабап мақсатта пайдаланылған тас шапқыш жұмыстың сан саласында пайдаланылған. Онымен кесуге, шабуға, талқандауға болатын еді. Кейбір жағдайда қарсы күшке шабу және одан қорғану үшін де пайдаланылса керек. Дегенмен, қолшапқы алғашқы адамдардың жалғыз құралы емес еді. Кішкене көлемдегі кескіш, тескіш және қырғыш ретінде пайдаланылған жаңқа тастар да жиі кездеседі.

Тас өңдеу тәсiлiнде елеулi өзгерiс ашельдiң соңғы кезiнде игерілді. Бұл кезде адамдар өзектастың (нуклеус) шетінен бір бағытта соғу арқылы сопақша немесе ұзынша келген жұқа пластиналарды жарып алу тәсiлiн үйренді. Ондай әдiстi осы түрдегi құралдың алғаш табылған жерiнiң атымен (Париждiң маңында) «леваллуа» деп атайды. Өзектастан жарып алынған пластиналық құрал жасайтын дайын шикізат еді. Олардың артық жерлерін соғу арқылы ұшырып, өткіртұмсықтар, түрлі қырғыштар және тескіштер дайындады. Ашельдің соңында бірқатар жерлерде тасты кесектерге талқандап, олардан клектонды аталып кеткен құралдар жасаған.

Ашельдік ескерткіштердің орналасуы ежелгі адамдар бірнеше бағыттан таралғандығын байқатады. Кавказдың күнгей беттерін Алдыңғы Азия мен Африкадан келген тайпалар мекендеген. Днепр маңы Оңтүстік Еуропамен байланысты. Мұндағы мәдениетердің өзара ортақ ұқсастық белгісі қолшапқы лардан байқалады. Осы мәдени облыстан шығысқа қарайғы аймақта азиялық-ашель мәдениеттері жатқан. Оларға жалпақ жүзді шомбал шапқыштар, чоппингтер мен чопперлер тән. Чоппер мен чоппингтер Қазақстаннан, Орта Азия, Алтай, Қиыр Шығыстан табылған және Пәкістан мен Индияның төменгі палеолиттік соан мәдениеті ұқсастығы анықталған.



Алғашқы қауым адамдарының қоныстануы

(В.А. Ранов бойынша)

араб сандары – қабаттар, рим сандары – тұрақтар


Қоныстану кезеңдері

Ескерткіштердің негізгі тобы

Ескерткіштердің жасы

Мүстьенің 4-кезеңі

Молдова І,V, Королево 1-4, Киік-Коба, Заскальная ІV, V (Украйна); Таглар, Азых (Әзербайжан); Огзи-Кичик, Тешик-Таш (Орта Азия)

100 – 40 мың. жыл

Кейінгі ашельдің-3 -кезеңі

Джрабер (Армения); Қаратау І, Лахути І (Тәжікстан); Королево 5, Филимошки (Ресей); Семізбұғы (Қазақстан); ашық тұрақтар (Грузия)

250 – 150 мың. жыл



Орта ашельдің-2 -кезеңі

Ахых 5 – 6 (Әзербайжан); Кударо І, ІІІ, Цона (Грузия); Королево 6, Дубоссары (Молдова); Ұлалы (Алтай); Садани – Дар (Армения); Қаратау, Жаманайбат (Қазақстан); Лука Врублевецкая (Украйна)

500 – 300 мың. жыл

Ашелдің - 1-кезеңі (алғашқы қоныстану)

Азых 7-10 (Әзербайжан); Королева 7-8 (Украйна); Күльдар (Тәжікстан); Деринг Юрях (Якутия); Шақпақата (Қазақстан); Қарақала (Түрікменстан)

1,2 млн – 700 мың. жыл

Көне тас тұрақтарының екі түрі: ашық және үңгір тұрақтары белгілі. Ашық тұрақтар шамасы аң аулау орны мен тас өңдеуге қатысты болса керек. Адамдар ұжымы аса терең емес апандар мен үлкен жартастардың бастырмаларын мекен еткен. Бізге жеткен лашықтардың қалдықтары архантроптар бір жерді мекендеп, оларда алғашқы тұрмыстық ұжымның, баспанаға, жақын жатқан аң аулау аймағына, өсімдік және ет азықтарының қорына деген меншіктің болғандығын байқатады. Меншіктің ұжымдық нысанының пайда болуы ұжымдық өндірістік қатынастармен байланысты. Бір жерді тұрақты мекендеу еркектер мен әйелдер еңбегінің бөлінуіне бастады. Қоғамдық-еңбек әрекетінің балаларды тәрбиелеу, отты сөндірмей ұстау, отын мен жеміс азықтарын даярлау секілді түрлерін әйелдер, аң аулау ісі еркектерге жүктелсе керек.



Мүстьер дәуірі

Төменгi тас кезiнде ауа райының күрт сууына байланысты Еуропа мен Азияның солтүстiк аудандарын мұздықтар басты. Кейбiр ғалымдар мустьердi төменгi тас пен жоғарғы тастың арасындағы орта палеолит деп қараса, ғалымдардың басым көпшiлiгi оны төменгi тастың соңғы кезеңi деп санайды. Қалай болғанда да осы мүстьер дәуiрiнде ауа райы жылып, мұздықтар бiртiндеп ерiдi, олардан босаған жерлерде адамдар мекендей бастады.

Неандарталдар өмір сүрген табиғи жағдай қазіргіден анағұрлым өзгеше болды. Мүстьер дәуірі рисс-вюрмдік мұздықаралықтың соңы мен вюрм мұздығының басқы кезіне сәйкес келді. Неандарталдықтардың таралу аймағы мен қоршаған ортаға бейімделу қабілеті ерте палеолит адамдарына қарағанда едәуір жоғары еді. Қатаң табиғат пен климат жағдайы мүстьер адамдарын саналы іс-әрекетке талпынтты. Алғашқы киімдердің пайда болуы, отты тұтатудың жаңа тәсілін игеру, баспаналардың жетілуі алғашқы қауымдық адамдардың жаңа жерлерді игеруіне негіз болды.

Қырым, Кавказ, Оңтүстiк Урал, Орта Азия, Қазақстан және Алтай жерлерiн адамдар осы кездерде қоныстана бастағанға ұқсайды. Мүстьер аңшылары мен терiмшiлерiнiң тұрақтары Шығыс Еуропа мен Орта Азияда көптеп табылып зерттелген. Мәселен, Қырымда: Киiк – Қоба, Заскальная, Қасқырапан, Староселье, Шайтан-Қоба секiлдi мүстьер тұрақтарының үлкен тобы ашылып, зерттелген. Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары мен Қавказ жерлерiнде 200-ге жуық осы дәуiрдiң ескерткiштерi белгiлi. Мустьер мәдениетiнiң үлкен ошағы болып Орта Азия саналады. 1938 жылы А.П.Окладников тапқан Тесiктас үңгiрiнен бастап, Қапшағай, Күлбұлақ, Оби-Рахман, Қарабура, Қайраққұм тұрақтарын зерттеу үлкен ғылыми жаңалық әкелді. Тесіктас үңгірінен палеоантроп баланың жерленген сүйегі табылған. Баланың денесі тауешкінің сүйектерімен айнала қоршалған. Бұл жерлеу ғұрпының белгілері, өлген кісінің әруағы мен жануарларға табынудың алғашқы көрінісі тәрізді. Қазақстан жері де – мүстьер дәуiрi аңшылары мекендеген ірі орталықтардың бірі. Мұнда ең жақсы зерттелген ескерткiштер қатарына Қаратаудағы Арыстанды өзенiнiң жағалауында орналасқан Ш. Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ жатады. Ол 2,3 м тереңдіктен 7,2 метрге жететiн 6 мәдени қабаттан тұрады. Тұрақтан мыңдаған тас құралдар, алау мен ошақ орындары, жылқы, киік, қасиетті бұғы, жабайы бұқалардың сүйектері табылған. Зерттеу барысы алғашқы адам қауымдары бұл жерді ұзақ уақыт тұрақты мекендегенін анықтау мүмкіндігіне ие болды. Еңбек құралдарын жасаған материал ретінде негізінен халцедон тасы пайдаланылған.

Түркістан қаласына жақын жердегі Қосқорған тұрағы қызықты мәліметтер берді. Мұнда ежелгі тұрақтың астынан бұлақ көзі шыққан. Оның тереңдігі 1 м, диаметрі 25 м. Палеозоологтар жүргізілген қазба барысында «Қосқорған кешені» аталған төрттік кезеңнің соңында өмір сүрген сүтқоректілердің көптеген сүйек қалдықтары жиналды. Негізгі еңбек құралы әртүрлі қырғыштар мен пышақтар ақ кварц және сарғыш құмтастардан жасалған. Тас құралдардың ұқсас түрлері Еуропадағы: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен (Германия), Шығыста: Чжоу-коу-дань (Қытай) тұрақтары кешеніне жақын. Еуропалық тұрақтардың болған уақыты осыдан 350-600 мың жыл бұрынғы. Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Бүркiттi және Шалсай секiлдi мүстьер аңшыларының тұрақтарының көптiгi Оңтүстiк Қазақстанды алғашқы адамдар тығыз мекендегенiн көрсетедi.

Мүстьер тұрақтары Қазақстанның басқа аудандарынан да табылып, жақсы зерттелген. Олар: Орталық Қазақстанда - Мұзбел, Батпақ 8, Өгiзтау 1,2, Вишневка, Семiзбұғы 1; Шығыс Қазақстанда: Қанай, Құдайкөл, т.б. тұрақтар. Мүстьер дәуіріндегі тас өңдеу индустриясын зерттеуге Маңғыстаудағы Шақбақ ата, Өнежік тұрақтарының материалдары көп үлес қосты. Мұнда құрал жасауға жергілікті шақпақтастар қолданылған. Көптеген зерттеу қорытындылары Қазақстанның ежелгі аңшылары питикантроптар мен синантроптардың замандастары болғандығын білдіреді. Олар өзінің эвалюциялық деңгейінде Homo Sapiens фазасына сәйкес келеді. Осы кездегі адамдар тобыры отты жағуды игеріп, оны ұзақ уақыт сөндірмей ұстауды білді, ірі және ұсақ аңдарды аулады және жемістерді, түрлі жабайы дақылдарды жинады.

Мүстьер қоғамның өндiргiш күштерi алғашқысына қарағанда едәуiр дамыған кезең болды. Бұл кезде тас құралдарды жасау әдiстерi бiршама дамыды. Тасты бөлу, жару тәсiлдерi қалыптасты, тас құралдарының түрлi мақсатқа арналған түрлерi көбейдi. Қазiргi кезде мүстьерлiк тас құралдарының 60-қа жуық түрлерi ғылымға белгiлi. Олардың iшiндегi ең көп таралған түрлерi орташа көлемдегi шапқыштар, кескiштер, қырғыштар мен өткiртұмсықтар, т.б.

Мүстьер кезiнде аңшылық кәсiп бұрынғысынан да жоғары мәнге ие болды. Бұл кезде негiзгi аңшылық қару ретiнде найзалар қолданылды. Ұштары тастан жасалған найзалар мен сүңгiлердiң пайдаланылуы аңшылық кәсiптiң мүмкiндiгiн арттырды. Дегенмен, аңшылық құралдардың едәуiр жетiлгенiне қарамай, аңшылықтың ұжымдық түрi (қаумалап аулау) негiзгi болып қала бердi. Аң аулаудың орасан маңызын тұрақтар мен маусымдық жайларда шоғырланған мол сүйек қалдықтарынан байқаймыз. Мысалы, Староселье мекенжайынан есектің 60 мыңға жуық талқандалған сүйектері табылған. Әдетте, жануарлардың жекелеген түрін аулау қалыптасқан. Мәселен, Кударо І, Навалишенск, Цон үңгірлері тұрғындары үңгір аюларын, Ильск, Волгоград тұрақтарында бизондарды, Тесіктас үнгірінің тұрғындары тауешкілерді аулаған. Молдова І,V және басқада бірсыпыра тұрақтардан мамонттардың сүйектері көп табылған. Сонымен қатар құстар мен ұсақ жануарларды аулау мен терімшілік кәсіптер жалғасын тапты. Су көздеріне жақын тұрақтардың адамдары балық аулауды әрі қарай дамытты. Кударо І тұрағынан балық қабыршақтарының үлкен қалдықтары шыққан.

Сақталып қалған ең алғашқы жерлеу орындары да мүстье дәуіріне жатады. Орта Азиядағы Тесіктас үңгіріндегі және Қырымдағы Староселье тұрағындағы жерлеулер сол дәуірге тән. Жерлеудің пайда болуы адамдардың өмір мен өлім туралы танымдық түсініктерімен байланысты. Осы тарихи маңызды факт мүстьерліктердің қоршаған орта, жан мен тән, осы және о дүние, өмір мен өлім секілді дүниетанымдық көзқарастарының дамуын растайды.
Шығыс Еуроазияның жоғарғы тас мәдениеттері
Бiздiң заманымыздан 40 –30 мың жыл бұрын адам қоғамындағы жаңа кезең жоғарғы тас дәуiрi басталды. Ол бiздiң заманымызға дейiнгi 12 – 10-мың жылдыққа шейiн созылды. Бұл адамның осы күнгi түр-тұрпаты толық қалыптасып бiткен уақыты еді. Еңбек құралдарын жасауда да бiрқатар жетiстiктер орын алды. Жалпы бұл – дәуiр адамдардың биологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар шаруашылық пен қоғамдық тұрғыдан жетiлген кезеңi. Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен 1868 жылы табылған бес адамның қаңқасы осы кезеңге жатады. Кейіннен кроманьон адамдары өкілдерінің қалдықтары Еуропаның басқа да жерлерінен табылған.

Жоғарғы тас дәуірі адамдардың жер бетін кеңінен игерген кез, сонымен қатар үлкен нәсілдер мен олардың топтарының қалыптасқан уақыты. Саналы адамдардың пайда болуы мен материалдық және рухани мәдениет дамуы арасында тығыз байланыс болған. Осының бәрі алғашқы қоғамдақ қатынас саналатын рулық қауымның қалыптаса бастауымен тікелей байланысты өрбіді. Адамдардың танымдық түсініктерінде үлкен өрлеулер орын алды. Аңшылық дуаға табыну ғұрпы таралды. Адамзат бұрынғысынша мұздық дәуiрi жағдайында өмiр сүрiп жатты. Мамонт, мүйізтұмсық сияқты суыққа төзiмдi iрi аңдардың әлi де кең таралған кезi тұғын. Еуразияның шексiз және суық келетiн далалы аймақтарын мамонттар, солтүстiк бұғылары, мүйiзтұмсықтар мен жабайы жылқылар еркiн жайлады. Соңынан климаттың бiртiндеп жылуына қарай мұздықтар ерiп, өсiмдiктердiң түрлерiнiң өзгеруiне байланысты мамонт секiлдi суыққа әбден бейiмделген iрi аңдар бiртiндеп жойылды. Iрi аңдардың жойылуымен төменгi тас дәуiрiнiң аяқталып жоғарғы тас дәуiрiнiң басталуы тұспа-тұс келедi.


Жоғарғы тас дәуірін өзiне дейiнгi дәуiрден тас еңбек құралдарын жасаудың жаңа, едәуiр жетiлген әдiстерiнiң меңгерiлуiмен ерекшеленеді. Жаңа еңбек құралдары алғашқысынан өзiнiң формасы ғана емес, атқарған қызметi жағынан да ажыратылады. Тас құралдар ұзынша келген пышақ тәрiздес жалпақ тастардан бөлiнiп алынды. Олардың көлемдерi аса үлкен емес, ұзындығы 5 – 10 см, жалпақтығы 2 – 3 см. Бұндай құралдарды призма тәрiздес нуклеустерден (шикізат) жаңқалау арқылы алды. Осындай iс - әрекет ұсақ тас құралдарының көбеюiне әкелдi. Олардан қырғыш, кескiш, және өткiр тұмсық секiлдi еңбек құралдарын жасады. Ендi тас құралдардың түрлерi ғана өзгерiп қоймай, оны жасау тәсiлдерi де жетiлдi. Тас құралдарды өңдеудiң жаңа әдiсiн ғылымда “шетінен жаңғырту” («отжимной ретуш») деп атайды.

Сүйектен құрал жасаудың игерiлуi адамзат тарихындағы үлкен жетiстiктердiң бiрi едi. Одан гарпун, біз, инелер, әшекей бұйымдарын жасаған. Қазiргi кезде Еуразия құрлығында 500-ге жуық жоғарғы тас дәуiрi тұрақтары белгiлi. Олар Днепр, Днестр, Дон, Едiл өзендерiнiң жағалаулары мен Қырымда, Орта Азия мен Қазақстан жерiнде, Алтай және Сiбiр даласында орналаскан. Жоғарғы тас дәуiрi адамдары тiршiлiгiнен құнды мәлiмет беретiн материалдар Дондағы Костенко тұрағынан, Қазақстандағы Семiзбұғы, Батпақ, Шульбинка, Ащысай тұрақтарынан табылған. Сібірдегі Мальта және Буреть тұрақтары төменгі тас дәуірінің соңы мен жоғарғы тас дәуірінің басына сәйкес келеді. Олардан Батыс еуропалық құралдарға ұқсас тас құралдар табылған. Мальтадан табылған адамның алғашқы лашықтары жердің бетіне салынған. Үлкен әулетке арналған алғашқы баспаналардың қалдықтары Гагарин, Костенко, Мезин тұрақтарынан табылып, зерттелген. Костенкодағы баспаналардың кейбірінің ұзындығы 35 метрге дейін жетеді. Оларда көптеген ошақтар болған. Шамасы бүндай баспаналарда үлкен ұжым бірге өмір сүрген. Осындай үлкен отбасылық үйлер этнографиялық мәліметтер бойынша да белгілі.

Владимир облысындағы Сүңгiр тұрағынан табылған жерлеу қабiрi көп нәрсенi анықтауға мүмкiндiк бердi. Тұрақтың болған уақыты осыдан 25 мың жыл бұрын. Тұрақтан ошақтың орындары табылған. Бірақ үйдің қабырғалары сақталмаған. Әсіресе, мамонтың мүйізінен ойып жасалған аттың денесі ерекше. Мүсін бес-бестен топтастырылған 20 нүктеден түзілген екі қатар жолақпен безендірілген. Бұл көрініс адамдар санаудың қарапайым жүйесін сол кездің өзінде білгендігін аңғартады.

Тұрақтан алты кісінің жерлеу қабірі табылған. Ересек еркек жерленген қабірден мамонтың мүйізінен жасалған мыңдаған мошақ (3500) әшекейлер, түлкінің тесілген тісі, жалпақ сүйектер шыққан. Әсіресе, екі бала бірге жерленген қабір өзіне ерекше назар аударады. Мұнда 7 жасар қыз бен 12 жасар ұл баланың бастары бір-біріне тақалып, денелері қарама-қарсы бағытта жатқызылған. Олардың қабiрiнен киiмге тiгiлген мамонттың сүйегiнен жасалған мыңдаған моншақтар табылды. Балалардың бас киiмдерi түлкiнiң тiсiнен жасалған моншақтармен безендiрiлген. Саусақтарына сүйек сақина кигізілген. Сонымен қатар сүйек түйреуiш пен мамонттың сүйегiнен жасалған бiлезiк және сақина шықты. Жерлеу заттарының iшiнде мамонттың сүйегiнен жасалған найза және дротик, қанжар да бар. Сүйектен жасалған бұндай құралдар жоғарғы тас аңшыларының қару-жарақтары жайлы қосымша мәлiметтер бередi.

Сүйектен жасалған қарулар ерекше. Олар ұзын және қысқа қанжарлар мен найзаларды құрайтын 16 бұйымнан тұрады. Найза мамонтың аса шеберлікпен кесіліп, түзетілген мүйізінен жасалған. Олардың бірінің ұзындығы 2 метр, 42 см келеді. Бұл қарулардың ойыншық емес нағыз құрал екендігін ескерсек, балалар аңшылық жасауға қатысқан деп қорытынды жасауға болады.

Жоғарғы тас адамдары өзінің тегі мен мәдениеті жағынан біртекті болмады. Мүстьеден жоғарғы тасқа өту әртүрлі аудандарда өзгеше жүрді. Орыс жазығын мекендеген адамдар үлкен бір ортақ қауымдастыққа, Орта Азия мен Сібірдің тұрғындары басқа мәдени қауымдастыққа бірікті. Осы кеңб-айтақ облыстардың әрқайсысы палеолиттің соңында өңірлік жеке мәдени ерекшеліктермен айқындала бастады. Олар бір-бірінен тас өңдеу әдісімен ғана емес құралдарының құрамымен де ажыратылды. Олардың қалыптасуына палеогеографиялық орта, фауна, құрал жасайтын материалдар мен тас өңдеу тәсілінің тұрақтылығы үлкен рөл атқарды. Осының бәрі археологиялық мәдениеті ерекшелейтін территориялық өзгешілік кешенін құрайды. Дегенмен, «кейінгі палеолиттік мәдениет» ұғымы өзінің мәні жағынан біртектес емес. Мысалы, Батыс Еуропа үшін Г.Мортилье ұсынған эволюциялық сызба палеолитті бірнеше кезектесіп келетін мәдениеттерге бөледі. Олар: перегорд (37 – 29 мың жыл бұрын), ориньяк (30 – 24 мың жыл бұрын), солютре (24 – 19 мың жыл бұрын), мадлен (20 – 7 мың жыл бұрын). Бұл сызба эвалюциялық дамудың жалпы мерзімдік түзілуін жаңғыртады. Бірақ Орыс жазығы, Кавказ, Орта Азия мен Сібірдің материалдары ол сызбаны бұл өңірлер үшін қолдануға болмайтындығын көрсетеді. Бұл өңірлер үшін археологиялық мәдениеттер территория-типологиялық кешенді белгілері жағынан бөлінеді.

Ресейдің еуропалық бөлігінде жоғарыпалеолиттік бірнеше мәдениеттер бөлінді. Олар: срелец, костенко, городцов және молдова мәдениеттері. Срелец мәдениеті Стрелецк ІІ, Аносовка тұрақтары, Костенко Гагарино, Авдеев және Костенко ХІІІ,ХІV, ХVІІІ тұрақтары арқылы белгілі. Бұл мәдениет пластинка тәріздес құралдарымен ерекшеленеді. Пышақтар мен кескіштер, үлкен және қашау тәріздес құралдар, геометриялық өрнекпен безендірілген сүйектен жасалған заттар жиі табылады. Гороцов мәдениеті Костенки ХІІ, ХV және Городцовск тұрақтары материалдары негізінде зерттелген. Мәдениет тас құралдарды жасау тәсілінің мүстьерлік сарқыншақтарын сақтаған. Жалпақ жүзді қырғыштар мен өткіртұмсықтар, пышақ кейіптес пластиналар осы мәдениетке тиесілі.

Днестр маңында Молдово І,V, Бабин ескерткіштері арқылы белгілі Молдово мәдениеті дамыды. Бұл мәдениетке тән ерекшелік – призма тәрізді нүклеустен жарып алынған жіңішке пластиналардың, қырғыштар, ретушталған пластиналардың көп қолданылуы.

Соңғы кезде Қырыммен Кавказда жоғарғы палеолиттік жекелеген мәдениеттер бөлінген. Кавказда осыған дейінгі мүстьерлік дәстүрді мұралаған имеретин мәдениеті зерттелді. Мәдениет көп қабатты үңгір тұрақтары Таро-Клде, Сакажна, Мгвимеви ескерткіштері арқылы белгілі. Мұнда көптеген құралдар тас жаңқалардан жасалған қырғыштар, үшкір тастар т.б. бар.

Сібірдің көне тас тұрақтары өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатын палеолиттік мәдениетті құрайды. Мұндағы жоғарғы тас дәуірі ескерткіштерінің ішінен бөле жарып айтуға болатындары Афонттық таудағы (Красноярск маңында) Кокоревск түрағы, Енисейдегі Мальта мен Буреть тұрақтары. Олар өзара мәдени тұтастығымен ерекшеленеді. Сібірдің аңшылары да Еуропалық тұрғындар секілді жартылай жертөле лашықтар салған. Буретте өзенді жағалай бір түзудің бойында тізбектеліп орналасқан осындай төрт палеолиттік лашықтың орны ашылған. Олар Костенкода қазылған баспаналарға өте ұқсас. Еңбек құралдарының басым көпшілік бөлігі Еуропадағыдай пышақ пішіндес жаңқа тастардан жасалған.

Жоғарғы тас дәуіріндегі Сібірде бірнеше археологиялық мәдениеттер назарға ілігеді. Солардың ішіндегі елеулісі мальта мәдениеті Ангара бассеніндегі Буреть және Мальта тұрақтары арқылы белгілі. Осы тұрақтардың материалдары ішінде жарудың класикалық тәсілімен жарылған пышақ тәріздес жаңқатастардан жасалған құралдар кең таралған. Ангарадағы Қызылжар, Ачинскдегі тұрақ, Забайкалдағы Санный Мыс мекенжайлары да осындай сипатқа ие. Бұлар – призма тәріздес пластинкалар мәдениеттері. Мальтадан бірнеше әйел мүсіндерімен қатар құстардың денесі, сүйек пен мамонтың мүйізінен жасалған әшекейлер табылған. Енисейдің бойында Краснояр қаласының маңындағы Афонт тауымен аталған афонтовск археологиялық мәдениеті тіршілік кешті. Мұнда қырғыштар мен сүйектен жасалған құралдардың мүстьерлік нысандағы архайкалық нұсқалары мол кездеседі. Тағы бір Сібірлік мәдениет Кокоревск – Енисейдегі Кокорево І, Аешки, Новеселово VІ, VІІ тұрақтары арқылы белгілі.

Якутияда, Ленаның бойында жоғарғы тас дәуірінің дюктай мәдениеті ашылған. Ол б.з.д. 25 мың жылдан 11 мың жылдыққа дейінгі аралықпен мерзімделеді. Қиыр Шығыста Осиновка селосының маңындағы тұрақтың төменгі қабатының материалдары негізінде зерттелген осиновск мәдениеті белгілі. Жоғарғы тас дәуірі ескертіштері Еуроазия құрлығының басқа да аудандарынан ашылып, зерттелген. Солардың барлығы да өздерімен көршілес мәдени қауымдастықтармен өзара тығыз қатынаста дамып жатты.



Көне тас дәуірі өнері
Адамзат өнерінің алғашқы үлгілері төменгі тас дәуірінде қалыптасты. Жоғарғы тас дәуірінде өнер үңгірлердің қабырғасына салынған хайуанаттардың суреттері, тас пен сүйектен жасалған кішкене нысандағы антропоморфты мүсіндер, тас плиталар мен сүйектерге салынған гравировка, барельефтер түрінде таралды. Үңгiрдегi суреттер Францияның, Испанияның, Италияның жерiнде ашылған. Соңғы жылдары Орал тауындағы Қап және Игнатиев үңгiрлерiнен табылған мамонттар мен жылқылардың суреттерi үлкен ғылыми мәнге ие. Үңгiрлердiң қабырғаларына салынған мамонттардың, бизондардың, мүйiзтұмсықтар, бұғылар мен жабайы жылқылардың суреттерi, сүйектегi гравировкалар мен балшықтан жасалған әйелдер бейнеленген статуэткалар тас дәуiрi адамдарының тұрмыс тiршiлiгi, қоғамдық қатынастары және дүниетанымдарының қалыптасуын бейнелейтiн құнды дерек болып есептеледi.

1879 жылы Испаниядағы Альтамир үңгірінен табылған жануарлардың суреттері алғашқы қауымдық өнерге деген көзқарасқа үлкен өзгеріс әкелді. Олар қызғыш түсті жосамен салынған безондар мен жылқылардың суреттері болатын. Қазіргі кезде төменгі тас кескіндемесі (живописі) сақталған қырыққа жуық үңгір белгілі. 1959 жылы ашылған Башқұртстандағы Қап үңгірі ерекше маңызды. Үңгірдің қабырғасы мен төбесіне мүйізтұмсық, мамонт және жылқылардың суреттері салынған. Қап үңгірі кескіндемесінің ашылуы негізгі маңызға ие болды. Өйткені осыған дейін мұндай суреттер Батыс Еуропа үңгірлерінен ғана табылған болатын. Сондықтан үңгірдегі сурет өнерін батысевропалық тұрғындар қалыптастырған деген жаңсақ пікір қалыптаса бастаған. Оралдағы бұл ашылу төменгі тас өнерінің қалыптасуына деген көзқарасқа жаңа тыныс берді. Көп ұзамай осындай жаңалық Игнатиев үңгірінен де ашылды. Төменгі тас дәуірі үңгір суреттері кейіннен Каменная Могила, Чаклина үңгірлерінен де табылып, зерттелген.

Палеолит өнері жануарлар мен адамдардың елеулі белгілерін барынша дәл көрсетуімен ерекшеленеді. Едәуір ертеректегі бейнелер сыртқы пішінді бір түсті, ал едәуір кейінгілері түрлі-түсті және жануардың формасы мен аумағын едәуір дәл береді. Ежелгі суретшілер жануарлардың ерекшелік белгілері мен қозғалыс күйін дұрыс көрсете білген. Жылқы, бұқа, бұғылардың шауып келе жатқан қалпы жиі салынған. Алғашқы дәуір суретшілері хайуандарды қалай көрсе, солай бейнелеген. Сондықтанда олардың денелері бір бетінен салынып, толық өлшемі сақталмаған. Солай бола тұрса да, сол дәуір суреттерінің өзі хабарлы сипат алғаны байқалады. Альтамирдағы жануарлар табыны, Ляско үңгіріндегі шапқан жылқылар суреттері, Лортэ апанындағы судан өтіп бара жатқан бұғылар көрінісі осындай түсінік береді.

Алғашқы қауымдық өнердің сюжеті оларды жасаған адамдар қандай ой мен сезім жетегінде болғанын аңғартады. Палеолиттік суреттер қоршаған ортаның шынайы көрінісін сипаттаумен шектелгенмен, оның мағыналық мазмұны терең еді. Көбіне, суретердің мағынасы алғашқы адамдар тіршіліктің жануар дүниесі мен қоршаға ортаға тәуелді екендігін білгендігін сездіреді.

Жоғарғы тас дәуірінде тастар мен сүйектердің бетіне оймалап (гравировка) сурет салу кең таралды. Оларда адамдар мен жануарлардың дене бітімі тұтасымен немесе жеке бастарын оймалап салу жиі кездеседі. Осындай туындылардың үлкен тобы Украйнадағы Чакалин, Чуринг және Мелитополь дағы Мамонт үңгірлерінен табылған.

Оймалап салынған суреттердің бірнеше тобын бөліп айтуға болады. Олар: жеке және тұрмыстық көрініс, мазмұнды және жеке бейнелер, күнтізбе жүйесінің таңбалары, т.б. Мальта үңгірінен табылған кішкене жалпақ тастағы суретті археологтар күн мен айдың жылдық айналу жүйесін көрсететін күнтізбелі-астрономиялық кесте болуы мүмкін дейді. Палеолиттік өнердің келесі түрі – кішкене нысандағы мүсіндік бейнелер. Олардың көпшілігі әйелдердің бейнесі, жынысы байқалмайтын антропоморфты денелер мен жануарлар, құстардың бейнелері де кездеседі. Мұндай 5-тен 12 см келетін мүсіншелер тастан және сүйектен жасалған. Әйелдердің мүсіндері Еуразия кеңістігіндегі көптеген жоғарғы тас ескерткіштерінен табылған. Жыныстық белгілерін ерекше көрсеткен әйел мүсіндері еуропалық ескерткіштерде жиі кездеседі. Сібірлік мүсіндер жіңішке және ұзынша келеді. Әйел мүсіндерінің: классикалық, дұрыс дене бітімдегі; жіңішке, сұңғақ бойлы; етжеңді, бөксесі мен қос анарлары үлкен, жуан қарын сияқты үш түрі белгілі. Мүсіндердің барлығында дерлік бас бедері жалпылама беріледі, көпшілік жағдайда жүздері болмайды.

Қазба кезінде әйелдердің мүсіндері көбіне, ошақтың басынан немесе арнайы ойықтардан табылады. Осыған байланысты олар ұжымдық жораларды (ырым) өткізумен байланысты деген пікір қалыптасқан. Кейбір ғалымдар жекелеген әйел мүсіндері жаратушы ананың символын білдіреді дейді. Әйел мүсіні палеолиттік жеке адамның бейнесі деген пікірлер де айтылған. Қалай болғанда да статуэткалардың көптігі мен жаппай таралуы белгілі бір деңгейде жаратушы әйел құдайға табынушылықтың болғанын білдірсе керек. Әйел мүсіндерінде сол кездегі қоғамның тұтастығы мен отбасының бірлігіне, ұрпақтардың көбеюі мен өсуіне себепші болған аналардың шынайы және мифтік келбеті бейнеленсе керек. Статуэткалар өзінің мағыналық және мазмұндық сипатына қарай бабалар рухы мен аңшылық дуаларға байланысты қандайда бір ұжымдық әрекеттерді өткізу қызметін атқарған деуге келеді.
МЕРЗІМДЕЛУ

Төменгі тас – 2 млн. жылдан 40 мың жылға дейiнгi аралық.

Олдувей – Олдувай 2млн. – 700 мың жыл;

Ашель – 700 – 120 мын жыл;

Мустье – 120 – 40 мын жыл;



Жоғарғы тас – 40 – 10 мың.

Әдебиеттер

Абрамова З.А. Палеолит Енисея. – Новосибирск, 1979.

Абрамове З.А. Палеолитическое искусство на территории СССР. – М.; Л., 1962.

Алексеев В.П. Историческая антропология. – М., 1979.

Алексеев В.П. Станавление человечества. – М., 1984.

Алексеев В.П. От животных к человеку. – М., 1969.

Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана – Алма-Ата1979.

Бадер О.Н. Сунгирь. Верхнепалеолитическая стоянка. – М., 1978.

Борисковский П.И. Древнейшее прошлое человечества. 2-е изд. – Л., 1979.

Деревянко А.П., Маркин С.В., Васильев С.А. Палеолитоведение. Введение и основы. – Новосибирск, 1994.

Деревянко А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. Раннепалеолитические комплексы в травертинах Южного Казахстана. – Новосибирск, 2000.

Массон В. М. Культурогенез Древней Центральной Азии / Под ред. Л. Б. Кир-чо. — СПб.: Филологический факультет СПбГУ; Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2006.-384 с.

Матюшин Г.Н. Три миллиона лет до нашей эры. – М., 1986.

Окладников А.П. Утро искусства. – Л., 1967.

Палеолит СССР. Серия: Археология СССР.В 20 т.-М.,1984.

Ранов В.М. Древнейшие страницы истории человечества. – М., 1988.

Таймагамбетов Ж.К. Палеолитическая стоянка им. Ч.Ч.Валиханова. – Алма-Ата,1990.

Таймағамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас ғасыры. – Алматы, 2008.

Формозов А.А. Проблема этнокультурной истории каменного века на территории европейской части СССР. – М., 1977.



Еуразия құрлығының орта тас (мезолит ) дәуірі


жүктеу 2,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау