Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі
Еліміздің маңызды құжаттарының бірі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады және ол ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық актілері мен заңдарынан тұрады. 2007 жылы қабылданған ҚР-ның Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының еңбек қорғау аясындағы негізгі құқықтарды бекітетін негізгі Заң болып табылады (Астана, Ақорда, 15 мамыр 2007 жыл №251-ІІІ).
Бұл құжатта азаматтарға өзінің қалаған мамандықтарын таңдауына, еңбек ету бостандығына және жұмыс еркіндігіне, еңбек шарты бойынша, жұмыс iстегені бойынша заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа құқықтары бар екендігі туралы жазылған.
Әр азаматтың жұмыс істеу барысында туындайтын еңбек қатынастарын ҚР-ның Еңбек Кодекстері реттейді. Бұл құжатта еңбекке байланысты негізгі терминдер сонымен қатар, жұмысқа қабылданар алдындағы жұмыс істеу және демалу уақыттары, жұмыс берушінің жұмысшылар еңбегін қорғауы мен техника қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуі туралы жазылған.
ҚР-ның Еңбек Кодексінің 5-бөлімі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» туралы заңдарды қарастырады, ол жұмысшылардың жұмыс процесі кезіндегі адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне және еңбек қорғаудың заңнамасына негізделген.
Еңбек қорғау жүйесіндегі негізгі мәселелерінің бірі – еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ) туралы анықтама. Еңбекті қорғаудың стандарттар жүйесі көптеген құжаттардың ішінен кез келген жұмысшының өз стандарттарын оңай табуына ықпал етеді. Барлық стандарттар нақты белгілеріне байланысты топтастырылған.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ)
Өзара байланысқан нормативтік-техникалық құжаттар жинағы.
Жұмыс істеу уақыты
Жұмыс істеу уақытының ұзақтығы жұмысшылар мен қызметкерлердің денсаулығын қорғау қажеттілігімен байланысты және олардың демалуына, қоғамдық саяси өмірге белсенді қатысуына, мәдени және техникалық деңгейін көтеруіне мейлінше көп уақыт берілуіне байланысты қойылады.
Демалу режімі
Жұмысшылардың денсаулығын қорғау мақсатында келесідей демалу түрлері тағайындалған: түскі үзіліс, апта сайынғы демалыс, жұмыс істелмейтін ерекше күндер (мейрам күндер) және жыл сайынғы демалысқа жіберу.
МЕСТ
Мемлекеттік стандарт.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық жүйесі (ЕҚСЖ)
Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетудің ең тиімді профилактикалық құралы – өндірісте міндетті түрде мемлекеттік еңбек қауіпсіздігі стандарттарын пайдалану.
Еңбек қауіпсіздігінің стандарттық үйесі 12 шифрға ие (3 - сурет). Ол 0 – ден 9-ға дейінгі шифрлардан тұрады.
Қауіпсіздік жүйесінің стандарттарын 3 деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгейлі стандарт (0 кіші жүйелік) негізгі жалпы жүйелік мәселелерді қамтитын құжаттар (ішкі жүйенің құрылымы мен мақсаты, міндеттері, терминологиясы, енгізу мен бақылау, зиянды және қауіпті өндірістік факторларды топтастыру және т.б.).
Екінші деңгейлі стандарт (1 кіші жүйе) әрбір қауіпті және зиянды өндірістік фактор үшін еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар мен жалпы талаптарды белгілейді және адам ағзасына әсер ету сипатын анықтайды.
Үшінші деңгейлі стандарт (2...5 кіші жүйелер) өндірістік процестерге, технологиялық жабдықтарға, қызметкерлерге, ғимараттар мен құрылыстарды қорғауға арналған жалпы қауіпсіздік талаптарын қамтиды.
Қауіпсіздік жүйесінің стандарттары жоғары сапалы нормативтік – техникалық құжаттарға жатады және олар заңдар деңгейінде әрекет етеді. Олар ғылым мен техниканың дамуына байланысты өзгерістер енгізу үшін әр бес жылда міндетті түрде қайта қарауға жатады. Егер түзету болмаса, стандарттың қолданылу мерзімі ұзартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |