тартымдылығын күшейтеді жэне жаңа өндірістер мен жаңа қызмет
көрсетулерге жол ашады, бұл халықтың эл-ауқатына қолайлы
жағдай жасайды.
Қ ы сқаш а қоры ты нды лар:
1. Нарықтық экономика дамуының қазіргі деңгейінде капитал
инвестиция түрінде көрініс береді. Инвестициялар бірінші кезекте
ел экономикасы өсу мүмкіндігінің нақты көрсеткіші бола отырып,
дамушы елдерде экономиканың шынайы секторына, ал дамыған ел-
дерде капиталды қаржылық инвестицияға салынады.
2. Кәсіпкерлік орталардың инвестициялық қызметін мемлекеттік
реттеу тек инвесторлардың мүддесінен ғана емес, үлттық экономика
мен сол экономикалық кұрылымдарда жүмыс істейтін қызметкерлер
мүддесінен де туындауы қажет.
3. Қазақстан Республикасында инвестициялық үдерістерді бас-
қарудың пэрменді жүйесі жасалған, инвестициялық салымдар-
ды мемлекеттік қолдау инвестицияның әлеуетті көзін анықтауға
бағытталған ресурстық инвестициялар арқылы іске асырылады.
4. Қазақстанда капиталды ұзақ мерзімге салу үшін қолайлы
жағдайлар жасалған, бұл инвесторларға мемлекет кепілдік берген
пайданы табуға, ал ел халқына кепілді жұмысты, жалақыны алуға
мүмкіндік береді, сондай-ақ ақшалай жэне материалдық қаражатты
тартуға жэне оны тиімді пайдалануға арналған инфрақұрылым
жасалған.
Н егізгі терм индер мен түсініктер:
• инвестициялық стратегия мен саясат
• шетелдік инвестициялар
инвесторлар
• инвестиция лық жобалар
• инвестициялық үдерістер
• инвестициялық климат
• бюджеттік инвестициялар
• инвестициялық салықтық преференциялар
• инвестициялық қызмет
• инвестициялық әлеует
• инвестициялық тәуекел
99
С ұрақтар мен оқу тапсы рм алары :
1. Инвестиция көлеміне эсер ететін факторларды атап өтіңіз.
Оларды инвестициялық үдерістерді мемлекеттің реттеуші рөлі
арқылы қарастырыңыз.
2. Инвестиция көлеміне эсер ететін субъективті факторларды
қарастырыңыз. Сіздің қөзқарасыңыз бойынша инвесторларды Тар
ту кезінде оларды қалай есепке алу керек?
3. Егер сізді кэсіпкерлік құрылымдарға арналған мемлекеттік
инвестициялық стратегия мен саясатты эзірлеуге тартса, онда елдің
инвестициялық стратегиясын жасайтын сол жұмыс тобына қандай
ұсыныстар енгізер едіңіз?
4. Егер сіз капиталға ие болсаңыз, онда өңдеуші кәсіпорынға,
мал шаруашылығына немесе тамақ өнеркэсібіне инвестициялар
салу кезінде қазақстандық экономиканың қандай ерекшеліктерін
ескерер едіңіз?
5. Әртүрлі елдер, ең алдымен дамушы елдер неліктен тікелей
шетел инвестицияларын тартуға тырысады және экономиканы да-
мыту үшін неліктен ұлттық ресурстарды пайдаланбайды?
Есептер:
1- есеп.
Үкіметке 5% жылдық ставкамен 19 млрд, доллар көлемінде займ
бөлінген. Бұл займды жыл сайынғы кірісі 700 млн. АҚШ доллары
болатын жобаны іске асыруға инвестициялау жоспарлануда. Осы
займнан экономикалық тиімділік бар ма, онда ол қандай мөлшерде?
2- есеп.
Үкімет 50 жыл қызмет етуі тиіс жэне жылына 10% кіріс әкелетін
көпір құрылысына 500 млн. теңге инвестициялауды жоспарлап
отыр. Күтілетін кіріс көлемі қандай жэне қандай пайыздық ставка
деңгейінде бұл жоба іске асырылатынын есептеп шығарыңыз?
100
Ж аттығу:
Кесте: Инвестициялық қызмет негізгі көрсеткіштерінің динами-
касы
Негізгі к
инвести
млн. тенге
аптилата
[циялар
Осының
алдындағы
жылга %
Тұрғын үй
Һ
инвестн
млн. тенге
^рылысына
іциялар
Осының
алдындаты
жылта %
2003
1327864
116,6
59524
158,9
2004
1703684
123,1
130495
210,2
2005
2420976
134,1
254287
185,9
2006
2824523
111,1
368354
138,2
2007
3392122
113,5
490375
126,2
2008
4210878
114,8
468039
88,8
2009
4585298
102,9
310848
63,1
2010
4653528
97,0
335655
103,6
2011
5010231
102,9
421013
120,3
Дереккөз: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштері
динамикасын қадагалаңыз, 2008 жылдан бастап инвестиция
көлемінің төмендеуі неге байланысты?
Әдебиет:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003
ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы
2. Кошанов А. К. Национальные экономические интересы и от
ношения собственности. Алматы. 2009 г. Гл 2. § 2.3.
3. Бирман Г., Шмидт С. Капиталовложения: экономический
анализ инвестиционных проектов. М. 2003 г. 4.1. Гл. 1, 4.
101
8. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8Л. Экономиканы мемлекеттік антициклдық реттеу
Экономикалық белсенділіктің қүлдырауы мен көтерілуінің ал-
масуына байланысты оның циклдық сипат алуы ұлттық экономи
ка дамуының ортақ заңдылығы болып табылады. Белсенділіктің
артуынан кейін ізінше оның төмендеуі болатын іскерлік белсен-
ділік деңгейінің ұдайы ауытқуы ұзақ мерзімдік кезеңде жүреді.
Ауытқу амплитудасы жоғары шыңына жетудің ауытқуымен не-
месе құлдыраудың төменгі нүктесімен, яғни циклдың өрлеу жэне
қүлдырау фазасымен айқындалады. Шынайы экономикалык даму
қарқынының өсудің тепе-тең қарқынына қатысты елеулі ауыт-
қуы экономикаға тұрақсыздандырушы ықпал етеді. Дамудың
орнықтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық
даму динамикасының шынайы траекториясын тепе-теңдік динами-
касына жақындатудың маңызы зор.
Қандай да бір экзогенді фактор туындатқан ауыткуда өзін-өзі
реттеудің имманентті механизмінің негізінде экономиканың ке-
дергілерді жеңе алатын қабілетке ие тепе-тең траекториялары
орнықтыларға жатады. Бұл бұзылған тепе-теңдіктің біршама кезең
өткеннен кейін автоматты түрде қалпына келетінін білдіреді.
Тепе-тең траекториялардың тұрақсыздығы дамудың сыртқы
шарттары өзгермегенде қол жеткен тепе-теңдік экономикада ұзақ
сақталатынын, бірақ тепе-теңдік бұзылса, шынайы даму траек-
ториясының тепе-теңдіктен ауытқуы туындап, бұл мемлекеттің ара-
ласуын қажет ететінін білдіреді. Орнықсыздық Сисмонди, Мальтус,
Маркстан бастап бүгінгі неоклассиктер, монетаристер мен «шоктық
терапияның» радикалды либерал-жақтаушыларына дейінгі көптеген
экономистердің зерттеу тақырыбы болып табылатын экономиканың
түрақсыздығына экеп соғады. Егер Маркс циклдың төрт фазасын
(дағдарысты, депрессияны, жандану, өрлеуді) бөліп көрсетсе, қа-
зіргі заманғы зерттеушілер мен саясаткерлердің еңбсктерінде
- екі фаза (рецессия мен өрлеу) көрініс тапқанын атап көрсеткен
жөн.
102
Достарыңызбен бөлісу: |