Мемлекеттік реттеу теориясы үшін бүл қырынан келулер көз-
қарас ретінде емес, экономикалық үдерістерге мемлекеттік ықпал
ету шараларын анықтау тәсілі ретінде маңызды. Әр фазада екі,
терт немесе одан да көп циклдар болғанда эртүрлі мемлекеттік
реттеу тэсілдерін пайдалану керек. Цикл фазасының жай-күйіне
байланысты мақсаттар айқындалады оларға: 1) тепе-тең траекто-
риялар орнықтылығының немесе орнықсыздығының дәрежесін
айқындайтын факторларды анықтау; 2) экономикалық даму үде-
рісінде тепе-теңдікті қалпына келтірудің имманентті механизмін
талдау; 3) тепе-тең өсу қарқынының экономикалық динамиканы
айқындайтын параметрлерге функциональды тәуелділігін анықтау;
4) экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу тиімділігі, оның
мақсаттары, шаруашылық жүргізу үдерістеріне ықпал ету тетіктері
мен механизмдері туралы мэселелерді шешу енеді.
Белгілі бір мақсаттардан туындайтын межелерді көздей отырып,
мемлекеттік органдар сұраныс пен ұсыныстың жиынтық динамика-
сына: 1) еңбек ресурстарының саны мен сапасын арттыру; 2) негізгі
капитал көлемін арттыру мен сапасын жақсарту; 3) технология
мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру; 4) шаруашылық жүргізу
айналымына тартылатын табиғи қорлар мөлшері мен сапасын арт
тыру; 5) қоғамда кәсіпкерлік қабілеттің арттыру; 6) кіріске салына-
тын салықты төмендету; 7) өндірістік ресурстарға бағаны азайту;
8) несиелер алу мүмкіндігін кеңейту; 9) нарықтың монополиялану
дәрежесін төмендету арқылы ықпал ету жолдарын анықтап алуы
қажет. Шаруашылық жүргізу үдерістеріне ықпал етудің аталған
тетіктері жан-жақты бағытта ықпал ететін болады. Сондықтан
оларды циклдың нақты фазасын ғана емес, қоғамдық өндіріс
тұрақсыздығын жеңуге кәсіпкерлік ортаның қатысу дәрежесін,
цикл фазасындағы экономиканың деңгейі мен жай-күйін жэне т.б.
ескере отырып аса сақтықпен пайдалану керек.
Экономикалық өсу модельдерін анықтап алу да маңызды фак
тор болып табылады, осылардың негізінде мемлекеттің шаруашы-
лық жүргізу үдерістеріне ықпал ету жолдары есептеледі жэне
айқындалады. Қазіргі таңда: неоклассикалық жэне неокейнсиандық
екі негізгі типі белгілі. Экономикалық эдебиетте О. Солоудың
тепе-тең өсудің неоклассикалық моделі кеңінен таныс, онда Кобб-
Дугластың еңбекті капиталмен алмастыру эластикалығы, сондай-ақ
еңбекті ұсыну функциясы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік теңдеуі,
103
игілік нарығындағы тепе-тедік теңдеуі функциясының формула-
сы пайдаланылады. Моделдың шешімі ұлттық өндірістің нақты
өсімі халық өсімімен жэне еңбекпен қамтылу қарқынымен теңдей
артқанда орнықты тепе-тең экономикалық өсім орын алатынын
көрсетті.
Белгілі болғандай неокейнсиандық модель еңбекпен толық
қамтылу кезінде тиімді сұраныс қоғамдық өнімнің бүкіл әлеуетті
көлемін жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болатын жағдайдағы
макроэкономикалық тепе-теңдік жетістігіне негізделеді. Ол мем-
бюджет дефицитін немесе элеуетті экономикадағы ақша массасын
арттыру есебінен мемлекет түрткі болатын қосымша шығындарды
көздейді. Мультипликатор негізінде мемлекеттік шығындарды не
месе жеке инвестицияларды арттыру қосымша тұтыну заттары-
на өндірістік сұранысты арттырады, бүл ұлттық өндірістің бүкіл
әлеуетті көлемін іске асыруға жэне толықтай еңбекпен қамтылуды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Е. Домардың жэне Р. Харродтың модельдері тепе-тең эконо-
микалық өсімнің посткейнсиандық модельдері болып табылады.
Олардың модельдері тепе-тең экономикалық өсімнің орнықсыз тра-
екториясын сипаттайды және оларды экономистер ұлттық эконо-
микада динамикалық тепе-теңдікті демеуге мемлекеттік реттеудің
қажеттігін негіздеу үшін пайдаланады. Домар моделіндегі капитал
қайтымы мен Харрод моделіндегі акселераторлар техниканың даму
деңгейімен айқындалады, осыған сэйкес реттегіш параметр ретінде
сақталымдар нормасы пайдаланылады. Осыған орай, мемлекет оған
несие-ақша жэне бюджеттік-салықтық саясат тәсілдерімен ықпал
ете алады.
8.2. Макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізудегі
мемлекеттің рөлі
Қоғамдық өндірістегі түрақсыздықты жеңудегі мемлекеттің
рөлі экономикалық ой тарихында «болмаудан болмысқа»: А.
Смиттің «нарықтың көрінбейтін қолынан» жэне өндіріс өзінің
жеке сұранысын қалыптастырады дейтін Ж.Б. СЭ-нің заңынан, нақ
сұраныстың өзі өндірістің даму динамикасын туындатады деп есеп-
теген Дж. Кейнстің соңғыларды жоққа шығаруына дейінгі принципі
бойынша айқындалды. Дж. Кейнстің экономикалық цикл теориясы
104
экономикалық теория курсынан белгілі болғандай: инвестициялық,
тұтынушылық, мультипликатор концепциясы мен акселератор кон-
цепциясы сияқты төрт компонентті қамтиды.
Кейнсиандықтың негізгі идеясы ұлттық табыс шамасы мен
еңбекпен қамтылу көлемі жиынтық сұраныстың шамасына байланы-
сты болады деп айқындалады. Соңғысы қоғамның тұтынуға кеткен
шығыны мен жинақталымынан құралады. «Негізгі психологиялық
заңға» байланысты қоғамның тұтынуға кеткен шығындары кірістен
қалып отырады, бұл жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігі болып
табылады. Кейнс бойынша жағдайдан шығу жолы тұтынушылық
жэне инвестициялық сұранысты реттеу мақсатында мемлекеттің
экономикаға белсенді араласуы болып табылады. Тиімді сұранысты
реттеудің негізгі тетіктері бюджеттік саясат, яғни сұранысты
кеңейту немесе қысқарту мақсатында мемлекеттік шығындар
мен кірістермен, сондай-ақ салықтық ставкалармен манипуля
ция жасау жэне ашық нарықта пайыздың есептің ставкасы мен
операциялардың өзгеруін қарастыратын ақша-несие саясатының
шаралары болуы тиіс.
М. Фридман бойынша экономикалық циклдардың монетаристік
теориясы нарықтық экономика өзін-өзі реттеуге қабілетті және мем-
лекет сұраныспен манипуляциялар жасамауы, бірақ ол айналымда
жүрген ақша массасының мөлшері үшін толық жауапкершілікте
болуы тиіс дегенге келіп саяды. Ақша массаының өсуі өндіріс
көлемінің өсуімен жэне орташа инфляциямен байланысты бо
луы тиіс. Ақша массасының мөлшері бағаның өзгеріп отыратын
деңгейіне лайықталуы тиіс. Ақша сұранысы өзінің қозғалысында
ақша ұсынысынан озып отыруы тиіс. Ақша сұранысы мен акша
ұсынысы арасында алшақтық болған кезде экономикада циклдық
ауытқулар пай да болады.
Экономикалық циклдардың психологиялық концепциясын-
да циклдардың себебін тауар нарығы мен қор биржаларындағы
алыпсатарлық уәждердің болуынан көрген. Р. Лукастың «циклдың
тепе-тедік теориясында» мемлекеттік шығындардың артуы неме
се азаюы өндірушілер тэртібіне эсер етеді, олардың адасуына әкеп
соғады делінген. Экономикалық қүлдырау - ол өндірушілер мен
тұтынушылар қателерін түсініп, өз эрекеттерін шектеу салдары.
Мемлекет антициклдық реттеудің қандай шараларын пай-
даланбасын оның бәрі де қарсы әрекетке келіп тіреледі. Олар
105
Достарыңызбен бөлісу: |