Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет14/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68

ымен  үйлесімде  болуын  қамтамасыз  етуге  келіп  тұрақтайтынына 
байланысты.  Қазіргі  кездегі  экономиканы  басқару  қоғамдық  өнді- 
ріс  дамуының  айқын  болмауы  мен  өзгергіштігі  ескерілетін  икемді 
стратегиялық  бағдарламаны  түзуді  талап  етеді.  Бұл  жағдайларда 
оны  түзу  үшін  қоғамдық  өндірістің  принциптерін,  мақсаттарын 
жэне  басымдықтарын  анықтап  алу  қажет  болатын  стратегиялық 
жоспарлаудың  қажеттілігі  объективті  түрде  пісіп  жетіледі.  Бол- 
жам  мен  жоспарлаудың  негізгі  салаларына  экономикалық  жэне 
қаржылық  саясат,  жалақы  мен  халықты  әлеуметтік  қорғау  сая- 
саты,  индустриялық,  аймақтық  саясат  пен  мемлекеттік  меншікті 
басқару  жатады.  Бұл  жағдайларда  жоспарлау  ғылыми-тұжырым- 
далған  болжамдарға  негізделеді.  Болжам -  қарастырылып  отырған 
құбылыстың  алдағы  дамуы  туралы  қорытынды  болып  талады. 
Мемлекеттік  реттеу  үшін  макроэкономикалық  болжам  қажет. 
Макроэкономикалық  болжам  ел  экономикасының  алдағы  күйін 
жэне  қалаған  жағдайға  қол  жеткізу  жолдары  мен  тәсілдерін  ғылы- 
ми негіздеу болып табылады.  Қазіргі ғылыми әдебиетте болжау де- 
генді  айнымалылардың  болашақтағы  мәндерін  бағалаудың  жүйелі 
тэсілдері деп түсіндіреді.
Макроэкономикалық болжаудың мақсаты -  қоғамдық өндірістің 
әлеуметтік-экономикалық  даму  жолдары  мен  тиісті  басқармалық 
шешімдерді ғылыми тұрғыда негіздеу.
Мыналар:  1)  ықтимал  шешімдердің  салдарын  бағалау үшін  ғы- 
лыми  алғышарттарды  анықтау;  2)  қоғамдық  өндірістің  болашақ- 
тағы  даму  нұсқалары;  3)  болжамдардың  ықтимал  түрлеріне  мем- 
лекеттік  ықпал  ету  немесе  араласу  тәсілдерін  анықтау.  Мемлекет 
зерттеу нэтижелеріне  орай келесі экономикалық үдерістерге ықпал 
етеді:  а)  қосымша  құнға  қазақстандық  құрам  бере  отырып,  дота- 
циялау  арқылы  отын,  минералдық  жэне  басқа  да  қорларға  қарай 
табиғи  қорларды  тартуды  немесе  алмастыруды  өрістетуге;  б)  ҒТП 
жетістіктерін  пайдалануды  қолдай  отырып,  білім  беруді,  ғылым 
мен  техниканы,  фундаменталды  жэне  қолданбалы  зерттеулерді 
дамытуға; в) тууды арттыру, өлім-жітімді азайту, елдің ішіндегі және 
одан тысқары жерлердегі халықтың көші-қонысын қолдау, халықты 
жұмыспен қамту жэне т.б жолдармен демографиялық фактордың да- 
муына;  г)  ЖІӨ,  еңбек  өнімділігі,  негізгі  қорларды,  еңбек қорларын 
жаңғырту,  инвестициялық  саясат,  экономикалық  өсім  көлемі  мен 
динамикасының  даму  болашағы,  инфляция  деңгейі,  ақша-қаражат
43


саясаты  жэне  т.б.  анықталатын  алдағы  кезеңге  экономикалық 
болжамдарды  түзу  мен  халыққа  жариялауға;  д)  экономикалық 
тұрақтылықты,  біркелкі  бөліп  таратуды,  қоғам  кірістерін  бөліп 
таратуды,  халықтың  түрлі  жігі  мен  топтарын  әлеуметтік  шаралар- 
мен  қамтуды  қоса  алдағы  кезеңге  әлеуметтік  саясатты  анықтау 
макроэкономикалық болжаудың міндеттері болып табылады.
Болжау  кезінде  билік  органдары  жүйелілік,  ғылыми  негізделу 
мен баламалылық принциптерін ұстанады.
Макроэкономикалық  болжаудың  мәні  оның  мынадай  функция- 
ларымен:
а)  үлттық  экономиканың  жай-күйін  талдау,  сондай-ақ  оның 
дамуының заңдылықтары мен үрдістерін анықтау жэне бағалаумен;
б)  болашақта  экономиканы  дамытудың  түрлі  баламаларын 
анықтаумен;
в)  мемлекеттік  реттеу  шараларын  негіздеу  үшін  ақпаратты  жи- 
наумен айқындалады.
Макроэкономикалық  болжамдарды  жасайтын  билік  органдары 
эртүрлі тәсілдерді пайдаланады. Кейбір бағалаулар бойынша қазіргі 
кезде  150 жуық эртүрлі тәсілдер бар.
Оқу  әдебиетінде  тәсілдердің  үш  тобы  -   сараптамалық  бағалау, 
модельдеу  мен  экстраполяциялар  бөліп  көрсетіледі.  Сараптамалық 
бағалау  тәсілінде  болжамды  әзірлеушілер  ел  экономикасының 
болашақ дамуы,  жаңа қүбылыстардың ену ықтималдығы,  ел эконо- 
микасы  мен  элемдік  экономикадағы  үрдістер  мен  үдерістер  тура- 
лы  қажетті  деректерді  жинайды.  Бүл  тәсіл  жетекші  мамандардан, 
ғалымдардан  сұрау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Модельдеу  кезінде 
болжамшылар  шынайы  объектінің  сипаттарын  оған  экономикалық 
үдерістер дамуының ықтимал  көрсеткіштерін  бере отырып,  жасан- 
ды объектіде жаңғыртады.  Экстраполяция тәсілі  өткен жэне  қазіргі 
болжанатын құбылыста анықталған экономикалық қүбылыстар мен 
үдерістерді  келешектегі  құбылыстар  мен  үрдістерге  қондыруды 
көздейді.
Болжамдар  нәтижелері  негізінде  елдің  даму  Стратегиясы  әзір- 
ленеді.  ҚР  мемлекеттік  жоспарлау  жүйесіне  сэйкес  элеуметтік- 
экономикалық  даму  болжамы  стратегиялық  экономикалық  жэне 
бюджеттік 
жоспарлаудың 
өзара 
байланыстылығын 
белгілеу 
мақсатында  стратегиялық  даму  жоспары,  мемлекеттік  бағдар- 
ламалар  мен  ел  Президентінің  жолдауы  ескеріліп,  жыл  сайын
44


сырғымалы  негізде  бесжылдық  мерзімге  әзірленеді  жэне  мына- 
ларды:  1)  макроэкономикалық  көрсеткіштердің  жэне  элеуметтік 
параметрлердің  болжамын;  ҚР  элеуметтік-экономикалық  дамуы- 
ның  үрдістерін,  басымдықтарын,  мақсатты  индикаторлары  мен 
көрсеткіштерін;  2)  жергілікті  деңгейде  -   жылдар  бойынша  бөліп 
көрсетілген  аймақтың  элеуметтік-экономикалық  дамуының  тен- 
денцияларын,  басымдықтарын,  мақсатты  индикаторлары  мен 
көрсеткіштерін;  3)  бюджеттік  параметрлердің  3  жылға  арналған 
болжамын  қамтиды.  Мақсаттық  индикаторлар  мен  көрсеткіштер 
оған  қол  жеткізу  үшін  үкіметтің  бесжылдық  кезең  ішіндегі 
элеуметтік-экономикалық  саясаты  бағытталуы  тиіс  сандық  және 
сапалық нәтижерді анықтау үшін белгіленеді.
Осылайша,  болжамдарды  жасау  аса  күрделі  жұмыс  жэне 
көбінесе  объективті  және  субъективті  себептерге  байланысты  бол- 
жамдар  орындалмай  жатады.  Болжамдар  орындалмаған  бірнеше 
мысалдарды  келтірейік.  Іс  жүзінде  эрбір  қазақстандық  жэне 
ресейлік  басылым  доллар  бағамының төніп  келе  жатқан  қүлдырау, 
АҚШ  дефолты  туралы  жарыса  жазды.  Саяси  ғылымдар  докторы 
Игорь Панарин доллардың 2009 жылғы қазанда күйрейтінін айтқан 
«сарапшылардың» бірі болған.  Бірақ, аталған кезеңде ешнәрсе бол- 
мады да, доктор Панарин ол күнді желтоқсанга,  ал одан кейін тіпті 
2010  жылға  сырғытты.  Бірақ  біз  көріп  отырғандай  доллар  элі  де 
өмір сүруін жалгастыруда.
Басқа маңызды болжамның бірі Қазақстан банк жүйесінің немесе 
бірқатар Қазақстан банктерінің дефолты еді. 2008 жылдың аяғында 
Әлемдік  банк  жүйесінің  күйреуіне  Қазақстанның  Исландиядан 
кейін  екінші  кандидат  екенін  мәлімдеді.  Euromoney  халықаралық 
журналы қазақстандық банк жүйесін қара тізімге кіргізіп те қойды. 
Бірқатар  талдаушылар  ликвидтіліктің  жеткіліксіздігі  қазірден-ақ 
көрініп  тұрғанын  мәлімдеді.  Алайда,  бірде-бір  ірі  банк  жойылма- 
ды.  Оның  үстіне  ЕДБ  сыртқы  қарызы  28,4  млрд  АҚШ  долларын 
күрады және банктер құрылымын қайта өзгертуді есепке алмағанда 
осы  күйде  болып,  ол  аяқталғаннан  кейін тағы да  10  млрд долларға 
қысқарды.  Бұл  орайда  сол  кезеңдегі  банктердің  жалпы  сыртқы 
активтері 24 млрд. долларды құрады.
Тіпті де күтпеген қаржылық көрсеткіштердің бірі 6,.2% қүраған 
инфляция деңгейі еді.  Орташа алынған болжам 9,6% болатын.  АТФ 
банк  талдаушылары  теңгенің  девальвациялануынан  кейін  тіпті,
45


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау