Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет75/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Крен қышқылы ағаш өсімдіктері қалдықтарының аэробтық саңырауқұлақтармен ыдырау процесінде түзіледі, реакциясы күшті қышқыл, түссіз жəне суда ерігіш. Крен қышқылы құрамы өзгермесе, суда ерімейтін күйге өтпейді. Крен қышқылының барлық тұздары суда тез ериді. Сондықтан шымды-күлгін топырақ түзілуінде басты рөл атқарады.
Кренқышқылытотықсызданғанда апокрен қышқылына ауысып, суда ерігіштігін кемітеді. Бұл екі қышқылды фульвоқышқылдар дейді.
Топырақ түзілуінде қара шіріндінің 60-70% құрамын жасайтын
гуминдік қышқылдардың жəне фульвоқышқылдардың маңызы зор. Гуминдік қышқылдардың пайыздық элементарлық құрамы:

Н – 2,8 – 5,8; 0 – 31 – 39; С – 52 – 62; N – 2,6 – 5,1.


Гуминдік қышқылдардың сілтілік жер металдарымен жасаған тұздарын гуматтар дейді. Мұнда калийдің, натрийдің, аммонийдің гуматтары суда ерігіш, атмосфералық қалдықтармен топырақтан тез шайылып кетіп отырады. Ал кальцийдің, магнийдің гуматтары суда ерімейді, берік гельдер жасап топырақта жиналады.


Фульвоқышқылдары (грекше фульвос – сары) гуминдік қышқылдардан көміртегі аз болуына, суда, спиртте, сілтіде тез еритіндігіне қарай ерекшеленеді. Аз концентрацияда түсі əлсіз сары, күшті концентрацияда қызғылт сары. Элементарлық құрамы пайыз- бен:

Н – 4,6 – 6,0; 0 – 42 – 48; С – 44 – 50; N – 2,5 – 5,5.


Сонымен, қарашірік топырақтың органикалық затының ең маңызды бөлігі екен. Онда жасырын қор – потенциалдық формада күн сəулесінің энергиясы жинақталған. Қарашірікте өсімдіктердің негізгі қоректік элементтері С, N, Ca, К, Mg, Р жəне т.б. ұзақ уақыт сақталады. Қарашіріктің микробиологиялық ыдырауында одан С, СО2, нитраттар, фосфаттар, сульфаттар босайды. Органикалық зат топырақтың физикалық, химиялық жəне биологиялық касиеттерін жақсартып, құнарын арттырады, ұсақ кесекті структура жасай- ды. Топырақтың органикалық заты топырақ микроағзалардың интенсивті тіршілігі үшін қоректік орта болып есептеледі. Сондықтан топырақта қарашірік қанша көп болса, сонша микроағзалар да көп болады, биохимиялық, микробиологиялық процестер күшті жүреді. Олардың 1 г топырақтағы саны күлгін топырақта 300 миллионнан, қара топырақта 3 миллиардқа жетеді.


Топырақтың органикалық затының жиналуын реттеу органикалық тыңайтқыштарды (көңді, компостарды, жасыл тыңайтқыштарды) енгізу, далалық шөп себуді, химиялық мелиорацияны (қышқыл топырақтарды əктеуді, сортаң топырақтарды гипстеуді) жəне топырақты дұрыс баптауды, т.б. қолдану арқылы жүргізіледі.
Қара шіріндінің негізгі бөліктерінің ерігіштігі əртүрлі
болғандықтан, оларды тиісті реактивтермен экстракциялап (лат. экс- трарере – шығару, сығу) бөледі. Сулық жəне сілтілік сығындыларды кезекпен қолдана отырып, Қара шірінді төмендегі құрамдарға бөлуге болады.

  1. суда еритін қара шірінді қосындылары (фульвоқышқылдар жəне олардың тұздары);

  2. сілтіде еритін қара шірінді қосындылары (гуминдік қышқылдар жəне олардың тұздары);

Топырақ қара шіріндісін анықтаудың бірнеше түрлері бар. Олардың ішінде академик И. В. Тюриннің əдісі көбірек қолданылады. Бұл əдіс топырақта жаңа түзілген органикалық қосындылардың жəне ыдырап бітуге жақын өсімдік қалдықтарының жалпы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда қара шіріндінің жалпы мөлшері жанама жолмен көміртегінің шамасына қарай анықталады. Əдіс органикалық заттың (гумустың) көміртегін 1:1 есебімен суда сұйытылған күкірт қышқылында дайындалған калий дихроматының (K2Cr2O7) ерітіндісімен тотықтыруға негізделген. Талдау көміртегінің
мөлшерін анықтауға негізделгендіктен зерттеуге алынған топырақ
үлгілері органикалық қалдықтардан өте тазарған болуы керек.



жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау