Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет2/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
kabysheva-topyraktanu

КІРІСПЕ




ТОПЫРАҚТАНУ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


Топырақтану топырақ жəне оның құрылымы, құрамы, қасиеттері жəне географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.
Топырақтану ғылымының қалыптасуы орыстың аса дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаевтың (1846-1903) есімімен тығыз байланысты. В. В. Докучаевтан кейін оның енбегін көптеген талант- ты шəкірттері жалғастырды. Генетикалық топырақтану ХХ ғасырдың басында табиғаттанудың жаңа бір саласы ретінде қалыптасты. Генетикалық деген түсінік «генезис», яғни топырақтың пайда бо- луы, дамуы деген ұғымды білдіреді.
Топырақ туралы түсінік. Қазақ халқы жерді ана, егістікті асы- раушы деп айтады, өйткені адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркəсіп үшін шикізатты өсімдік жəне жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу кажет, оның құнарлылығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мəселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді.
Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан. Бұл жай түсінік бірнеше мыңдаған жылдар қажетке жараған, өйткені адамзаттың алдында соңғы жүз жылдықта туған проблемалар ол кезде жоқ еді. Соңғы ғасырларда ашаршылықтың кейбір аймақтарда орын алуы, жердің жетіспеуі, эрозия, құрғақтану, топырақтың құнарлылығының азаюы, тағы басқа осындай мəселелерді шешу үшін топыраққа назар аударыла бастады.

  1. ғасырдың орта кезеңінде агроном, агрогеолог, агро- химиктердің енбектерінде топырақ туралы алғашқы түсініктер жа- зыла бастады. Олар топырақтың жоғарғы қабатының құрамындағы органикалық жəне минералдық қалдықтарға көңіл бөліп, топырақ деген жердің тек жыртылған, өсімдіктердің тамырлары жайылған қабаты деп есептеді. Топырақ дегеніміз не деген сұраққа берілген осындай анықтама, В.В. Докучаевтың ғылымға жаңа өріс əкелген кезеңге дейін өріс алып келді.

1879 жылы Санкт-Петербургте болған табиғат зерттеушілері қоғамының геология жəне минералогия бөлімінің мəжілісінде В.В. Докучаев баяндама жасап, топыраққа бірнеше анықтама берді. Кейін бұл пікірлер əрі қарай дамытылып, жетілдіріле түсті.
Қазіргі түсінік бойынша топырақ жер бетінің майда ұнтақталған құнарлы қабаты, тірі жəне өлі табиғатқа тəн бірнеше сипаттары мен қасиеттері бар ерекше құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті
– құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен жəне ылғалмен қамтамасыз етуін айтады. Табиғаттың жоғарғы туындысы – адам топырақ құнарын өсімдіктер мен жануарлар дүниелері арқылы өз мұқтажына пайдаланды. Өсімдіктер құнарлы топырақ қабатынан тамыр жүйелері арқылы қоректік затарды алып, суды бойына сіңіріп, жапырақтарына түскен күн сəулесі мен ауадағы көмірқышқыл газы арқылы жүретін фотосинтез нəтижесінде дене- сіне өте мол органикалық биофильді минералды заттар жинап, едəуір энергияны шоғырландырады. Осы энергиялар, яғни органикалық жəне органо-минералдық қосылыстар бүкіл жан-жануарлар, адамзат тіршілігі үшін өмір өзегі болып табылады. Топырақ – асыраушы ана, күш-қуаттың қайнар бұлағы, тіршіліктің тірегі, ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі өндіргіш күші. Егіншілік, мал шаруашылығының өркендеуі топырақ құнарлылығына тікелей тəуелді. Ескеретін жай, топырақтың басқа өндіргіш құралдардан (машиналар, станоктар, т.б.) айырмашылығы сол, оны дұрыс күтіп, баптап пайдаланса, ол қоғам үшін үздіксіз құнарын беріп, халықты асырайды, машиналар сияқты моральдық жəне физикалық жағынан азып-тозып істен шықпайды. Баршаға белгілі табиғат қорлары сарқылмайтын жəне сарқылатын бо- лып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға, мысалы, ғарыш, климат қорлары жатады. Сарқылатын қорлар өзінше: қалпына келетін жəне қалпына келмейтін қорлар болып екіге бөлінеді. Қалпына келмейтін қорлар қатарына мұнай, көмір, т.б. кендер, ал қалпына келетіндер қатарына өсімдіктер, жануарлар, су қорлары жəне топырақтар жатады (Банников, 1977). Бірақ та топырақты қалпына келетіндер қатарына қосқанға келісу қиын. Мысалы, биыл орылған шөп келесі жылы қайта шығады, тіпті, бір жылдың ішінде кейбір өсімдіктерден бірнеше өнім алуға болады. Кесілген ағаш қалпына келу үшін бірнеше жыл керек, мал төлінің жетілуі үшін екі-төрт жыл керек. Құнарлы қабаты бір себеп- терден шайылып кеткен топырақтардың қалпына келуі үшін өте ұзақ уақыт керек. Табиғи жағдайда топырақтың түзілуі ұзаққа созылатын
құбылыс. Мəселен, қалыңдығы 20 см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін табиғи жағдайлардың өзгешеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек.
Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан адам өзінің тыныс-тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су жəне жел эрозия- сынан, басқа да экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру жəне жақсарту шараларын іске асыруы қажет.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау