Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу



жүктеу 3,79 Mb.
бет74/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу


Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырау процесінде, яғни органикалық заттардың минералдануымен бірге топырақта күрделі органикалық қосындылардың түзілуі – гумификация процесі жүріп, топырақ гумусы немесе қарашірігі жасалады. Топырақ қарашірігінде гумин жəне ульмин қышқылдары, балауыз, смолалар, витаминдер, фенолдар, антибиотиктер жəне т.б. болады.


Қара шіріндінің ыдырауында көміртегі, нитраттар, фосфаттар жəне т.б. бөлінеді. Қара шіріндінің құрамына 5% дай азот кіреді. Сондықтан қарашірік заттары топырақты күлдік жəне азот қоректік элементтерімен байытады. Мұнымен қоса, қарашірік заттары топырақтың структурасын түзуде, аэрациясын, жылу режимін, сіңіру қабілетін, су сыйымдылығын, т.б. физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартуда басты фактор болып есептеледі.
Əрбір топырақ зоналарында Қара шіріндінің мөлшері əртүрлі. Ол қара топырақтарда көп, ал оңтүстікке жəне солтүстікке қарай ауысқан сайын мөлшері кемиді. Мысалы, қара топырақтарда гумус топырақ массасының 8-12, кейде 15 пайызын құрайды. Орманның сұр топырақтарында 3-5 %, сұр топырақтарда 1-3%, құмайт топырақтарда 0,5-1% жəне одан да аз болады. Қара шірінді заттар қара шірінді құрамына кіретін жоғары молекулалы азаотты қышқылдық, органикалық қосындыларға жатады жəне негізінен коллоидтық түрде (ацидоидтар) болып келеді. Ацидоитар 2 валентті Са,Mg, Fe жəне 3 валентті Fe, Al катиондарымен коагуляцияланып гельге өтеді (тұнбаға түседі). Қара шірінді заттар қара шірінді массасының 80- 90 пайызын құрайды. Оның құрамына негізгі үш топ қосындылар:
гуминдық қышқылдар (гумин, ульмин қышқылдары), гумин жəне ульмин (топырақтың минеральдық бөлігімен өте берік байланысқан гуминдық жəне фульвоқышқылдардың кешендері) кіреді.
Академик В. Р. Вильямс қара шіріндінің құрамына органикалық заттың үш ыдырау типтеріне жататын үш қарашіріктік қышқылдар (ульмин, гумин жəне крен қышқылдарды) кіреді деп дəлелдейді.
Ульмин қышқылы шөптесін өсімдіктер қалдықтарының анаэробтық бактериялармен ыдырау (шіру) процесінде түзіледі. Түсі қара қоңыр, суда ериді, құрғағанда, тоңазығанда жəне уақытқа бай- ланысты (үлкейе-ескіргенде) ерімейтін формаға – ульминге өтеді.
Ульмин қышқылының сілтілік металдармен (К, Na), сондай-ақ аммониймен жасаған тұздары суда ерігіш. Ал сілтілік жер металда- рымен (Са, Мg), сол сияқты темірдің, алюминийдің оксидтерімен жасаған тұздары суда ерімейді. Ульмин жəне гумин қышқылдарының тұздары аэробтық бактериялармен, саңырауқұлақтармен ыдырайды. Гумин қышқылы шөптесін өсімдіктер қалдықтарының аэробтық бактериялармен ыдырау процесінде түзіледі. Түсі қара ульмин қышқылынан гөрі суда нашар ериді. Гумин қышқылы құрғағанда жəне тоңазығанда суда ерімейтін желімдік коллоидтық
затқа – гуминге ауысады.
Бұл қышқылдың калий, натрий жəне аммониймен жасаған тұздары суда ерігіш, ал кальций, магний, темір, алюминиймен жасаған тұздары суда ерімейді.
Ульмин жəне гумин қышқылдары гуминдік қышқылдар деп те аталады. Олардың тұздары сілтілік металдардан басқа əртүрлі металдармен ерімейтін қосындылар жасайды да, топырақта жи- налып, соңғысына қоңыр не қара түс береді. Топырақ гумин қосындыларымен қанша бай болса, сонша мойыл қара түс алады.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау