Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет39/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61

139
ақпарат таратуға жəне байланысқа арналған, яғни біз ақпарат та-
ратып, байланыс орнату үшін басқа елдердің спутнигін жалдап, 
қаржыны басқа елдерге аудармаймыз деген сөз. Ғарыштық зерт-
теулер саласындағы қол жеткен жетістіктер де, оң өзгерістер де 
мол. 
Ғарыш əлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашы-
лып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы 
зы мырантасығыштар, ғарыштық аппараттар мен спутниктер 
сияқты тағы да басқа күрделі əрі озық ақыл-ойды қажет ететін 
техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі. 
Қорыта келе айтарымыз, ғарыш саласында ғалымдар мына-
дай қолданбалы ғылыми-зерттеулерді: астрофизикалық зерт 
-
теулердің ғылыми жəне тəжірибелік базасын дамыту, қазақ-
стандық көпсалалы мониторингілеу жəне ғарыштық ауа райы, 
жер қыртысы жерүсті-ғарыштық геодинамикалық жəне гео-
физикалық мониторингілеу, ғарыш қызметін экологиялық мөл -
шерлеу жүйелерін жəне зымыран-ғарыштық техника мен ға-
рыштық технологияны құру бағыттары бойынша орындады. 
Атқарылған жұмыстардың нəтижелері бойынша таяу жəне 
алыс ғарышты зерттеу, ғарыштық техника мен технологияны 
əзірлеу жəне қолдану саласында бірқатар ғылыми нəтижелерге 
қол жеткізілді. Қолданбалы зерттеулердің нəтижелері Ұлттық 
ғарыш орталығының құрамында Ұлттық ғарыштық технология-
лар институтын құруға мүмкіндік береді. 
7.2.3. Қазақстан территориясын табиғи-ресурстық 
мониторингтеу
1998 жылғы ғарышттық бағдарламаның «Табиғи-ресурс тық 
мониторинг» блогі бойынша эксперименттік зерттеулер атқа-
рылды (7.5-сурет).
Олар Қазақстанның егіс өнімділігін болжайтын («Бидай» 
ҒЭ), топырақ-өсімдік ресурстарын («Жер», «Шөп» ҒЭ), қар 
жамылғыларын («Қар» ҒЭ), экологиялық дағдарысқа ұшыраған 
аймақтарын («ЭКО»ҒЭ), табиғи жəне құнды шалғындарды 
(«Аризон» ҒЭ), бұрынғы ядролық сынақ полигондарын («СИЯП» 
ҒЭ) түсірімдеу жүргізілді. 


140
 7.5-сурет. Табиғи-ресурстық мониторингтің блок-схемасы
Қазақстан территориясының табиғи-ресурстық мониторинг-
тау техникасы мен технологиялары күшті дамыған елдердің 
ғалымдары ойлап тапқан жəне жасаған аспаптарымен жүргізілді 
жəне олар ғарыш кемесінің «Табиғат» модулінде орнатылған. 
«Мир» орбиталық кешенінде жүргізілген алғашқы ғарыш-
тық тəжрибе Арал теңізі бассейніндегі құмды-тұзды дауылды 


141
түсірімдеп, оның бағыты мен жылдамдығын анықтаумен байла-
нысты болды (1991 ж). Ғарыштағы зерттеулермен қатар Арал ре-
гионында далалық эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Мұндай 
зерттеулер 1994, 1998 жж. қайталанды жəне қазір де жалғасуда.
2004-2008 жылдары осы жүйе шеңберiнде мынадай зерттеу-
лер жүргізіліп, нəтижелері іске асты:
- қар жамылғысының қалыптасу жəне сырғу мерзiмдерiн 
бақылау; су тасқыны кезеңiнде су жайылу аймағының картасын 
жасау; орман жəне дала өрттерiнiң ошақтарын ерте анықтау; 
- Каспий теңiзi қайраңындағы мұнай дақтарының карта-
сын жасау; сейсмологиялық белсендiлiктiң əлеуетті ошақтарын 
бақылау.
- мұнай-газ өндiру саласының инфрақұрылымы жағдайын 
бақылау; көмiрсутектiк шикiзаттарды алу мен тасымалдаудың 
мониторингi жүргізу, ұңғыларды су басу процесiнiң картасын жа-
сау; мұнай тұғырлары аудандарының мұз басу жағдайын бақылау; 
- жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң (ашық карьерлiк 
əзiрлемелер, драждық полигондар, бұрғылау ұңғылары ошақтары) 
жағдайын бақылау; лицензияланған учаскелердiң бұзылу шекара-
ларын анықтау; аймақтық жəне трансаймақтық линеаменттердi, 
жару бұзылымын (тектондық талқандаулар) карталау.
- қоршаған ортаның ғарыштық мониторингiнiң экологиялық 
апат өңiрлерiнiң, дағдарысты аймақтардың жəне жоғары антро-
погендiк ауыртпашылықты аумақтардың жағдайын тұрақты 
бақылау;
- Қазақстан аумағының үстiндегі бұлт жамылғыларын ға-
рыштық мониторингтау; 
- Арал теңiзiнiң мониторингi жəне шаң дауылын тiркеу; Се-
мей ядролық сынақ полигонының жəне оған iргелес жатқан 
аумақтарды мониторингтау.
Осындай жұмыстарды жүргізу барысында табиғи ресурстар-
ды мониторингтаудың ГАЖ-ын жасауға мүмкіндік туды. 
7. 3. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің келешегі
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекет-
тік бағдарламасы шеңберінде «Қазғарыш» 2010-2014 жылдарға 
арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту 


142
жөніндегі салалық бағдарламасын əзірлеп, жүзеге асыруда. Бұл 
маңызды құжаттар толыққанды ғарыш саласының стратегиялық 
бағыттарын қалыптастырады. 
Əлбетте, егер стратегиялық міндеттер мен бағыттар бар бол-
са, онда нəтижелер жөнінде ауыз толтырып айтуға болады. 
Отандық ғарыштық қызметті тиімді дамыту жəне оған əлемдік 
деңгейдегі технологияларды тарту мақсатында «Қазғарыш» ше-
телдер мен халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақ-
тастықты белсенді дамытуда. Біз Қазақстанға заманауи техно-
логиялар мен тиімді ынтымақтастық жағдайларын ұсынатын, 
ғарыш саласында барынша дамыған шетелдік серіктестерді жəне 
белгілі халықаралық компаниялар мен корпорацияларды тартуда-
мыз. Бұл елімізге ғарыш саласын құру жəне ғарыш ғылымындағы 
жетістіктерді, экономиканы дамыту мүддесіндегі техника мен 
технологияларды, ел азаматтарының қауіпсіздігі мен əл-ауқатын 
пайдалану бойынша міндеттерді барынша тез жəне тиімді жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. 
Қазақстан үшін де ғарыш саласын құруда бүгінгі күнге 
дейін жеткен жетістіктеріміздің маңызы зор. Ғылыми-тех 
ни-
калық əлеует жəне оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жал-
пыға бірдей бəсекелестік жағдайында басты фактор ретінде 
қарас тырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен 
жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы 
əртараптандыру үдерісінің қуатты əрі тиімді қозғаушы күші бо-
лары сөзсіз. Ғарыштық сала – экономиканың жəне бүкіл қоғам 
мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Ғарыштық қызметте 
адамзат прогресін ілгері апаратын бірегей идеялар мен иннова-
циялар қабаты мол. Тарих көрсетіп отырғанындай, ғарыштық 
ілім ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі болуымен 
қатар, осы прогрестің қуатты қозғаушы күшіне айналды. Ол 
əлемдік шаруашылықтың басқа да салаларына жаңа мүмкінші-
лік, тың технологиялардың жəне ғылыми жасалымдардың 
үздіксіз тасқынын беріп отыр. Біздің өркениетті дамуымыздың 
барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ғарыштық техно-
логиялармен жəне жасалымдармен тікелей байланысты десек, 
асыра айтқанымыз емес. Ғарыштық зерттеулер нəтижелері мен 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау