Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет37/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61

131
торгинг деректері, математикалық модельдеу жəне геоақпарат- 
тық жүйелер технологиясы əдістері негізінде Қазақстан аума ғын-
дағы экологиялық табиғи-ресурстық мониторниг жүйелерін құру 
саласындағы зерттеулер жөнінде жетекші мекеме болып отыр. 
ҒЗИ-ы құрылғаннан бері Байқоңыр ғарыш алаңының эко-
логиялық қауіпсіздік мəселелерін зерттеп келеді. Жетекші меке-
ме ретінде «Мир» орбиталық кешен бортындағы қазақстандық 
ғарышкерлер Т. Əубəкіров пен Т. Мұсабаевтар ғылыми-зерттеу 
жəне тəжрибе жасау жұмыстарына бағдарламалар дайындау 
жəне оны жүзеге асыру ісіне белсене қатысуда. Ғарыштық зерт-
теулер саласында Франция; АҚШ, Ресей т.б. елдердің ғы лыми 
орталықтарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық шең 
бе-
рінде жемісті жұмыс жүргізуде. 
Институтта INTAS, USAID, CNES, TACIS халықаралық қор-
ларынан бөлінген грант бойынша біріккен зерттеу жұмыстары 
жүргізіледі. 
2008 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан үкіметі «Ғарыштық 
зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орталығы» (ҒЗТО) 
АҚ құру туралы қаулы қабылдады. Бұл қазақстандық ғарыш 
та 
рихындағы елеулі мəселе жəне Республикамыздағы Ұлттық 
ғарыштық агенттіктің (Казкосмостың) іргетасының нығая түс-
кен кезеңі» – деп атап өтті Үкімет мəжілісінде Қазкосмостың 
бас тығы Талғат Мұсабаев. Бұл ионосфера институты, ғарыштық 
зерттеулер институты, астрофизикалық институттардың басын 
бір орталыққа қосып, ғарыштық салада қызмет атқарып жатқан 
ғалымдар мен мамандардың күш-жігерін біріктіру болды.
Бүгінде ҚР ҰҒА-ның құрамында төрт акционерлік ұйым бар, 
олар: 
1. Біріккен қазақстан-ресейлік «Бəйтерек» АҚ.
2. АО «НК «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық комитеті.
3. «Республикалық ғарыштық байланыс жəне электрондық 
жабдықтар орталығы» АҚ.
4. «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орта-
лығы» АҚ.
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орта-
лығы қазақстандық ғарыштың іргетасын қалаған, Қазақстанда 
ғарыштық саланың дамуына зор үлес қосқан ұлы ғалым, ака-


132
демик Ө. М. Сұлтанғазиннің есімімен аталады. Академик 
Ө. Сұлтанғазин 1991-2005 жылдар аралығында ғарыштық зерт-
теу институтын басқарған. Бұрын Ө. Сұлтанғазин атындағы ҒЗО-
тың негізгі жұмысы іргелі ғылыми сипатта болса, алдағы уақытта 
қолданбалы маңызға ие болмақ.
ҚР «Қазғарыш»ҰҒА құрамында «Қазақстан Ғарыш Сапары» 
ұлттық компаниясы» бар. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық 
компаниясы» (ҚҒС) ғарыштық инфрақұрылымның маңызды 
бөлшегі, оған жүктелген міндеттер аса ауқымды. Соның ішінде 
негізгілері - неше түрлі ғарыштық аппараттар, кемелер жасап 
ғарыштық технологияларды іске қосу жəне оларды үздіксіз да-
мытып отыру. Сонымен қатар, ҚҒС - ұлттық ғарыш орталығы-
ның инфрақұрылымын салу, ғарыштық аппараттарды жоба-
лау жəне сынау кешенін құру, жерді қашықтықтан зондтаудың 
(ЖҚЗ) ғарыштық жүйесін жасау, жоғары дəлдіктегі жерсеріктік 
навигациялық жүйе құру жəне осы жұмыстарды алға жылжыта-
тын мамандарды дайындау (7.1-сурет) 
Компанияда атқарылып жатқан істердің барлығы мемлекет 
тарапынан жоспарланған жүйелі шаралар. Мысалы, Ұлттық 
ғарыш орталығынсыз ғарыш саласында белгілі бір табысқа 
жетемін деу күмəнді болар еді. Ғарыштық аппараттар болмаса 
ғарышты меңгере алмайсыз. Ал ғарышқа ұшудың мақсаты - жаңа 
технологиялар арқылы халықтың əл-ауқатын арттыру, ел эконо-
7.1-сурет. «Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы


133
микасын əртараптандыру ісіне үлес қоса отырып, болашақ үшін 
аса маңызды рөл атқаратын инновациялық мəндегі ең алдыңғы 
қатарлы жоғары технологиялық саланы жетілдіру. Жалпы, бұл 
істің еліміз үшін сан-салалы маңызы бар деуге болады.
ҚҒС Жерді қашықтан зондлау (ЖҒЗ) саладағы əлемдік ширек 
ғасырлық тəжірибесі бар Францияның EADS ASTRIUM компа-
ниясымен бірігіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Қазiргі уақытта Қазақстанда ғарыштық зерттеулер инсти-
тутының базасында (Алматы қаласындағы ғарыштық ақпарат-
тарды қабылдау орталығы жəне Астана қаласындағы ғарыш 
мониторингi орталығы) жер серiгiнен ақпараттар қабылдау стан-
салары жəне Радиоэлектроника жəне байланыс ұлттық орта-
лығының (Приозерск қаласы) антенналық кешенi құрылған.
Алматыдағы орталықта америкалық NOAA (мүмкiндiгi 
1100 м.), EOS AM Теrrа (мүмкiндiгi 250 м.) жер серiктерiнен 
жəне ресейлiк «Метеор-3М» (үмкiндiгi 37 м.) жер серiгiнен де-
ректер қабылдайтын антенналар орнатылған.
Приозерск қаласындағы Радиоэлектроника жəне байланыс 
ұлттық орталығының антенналық кешенi 2004-2006 жылдары 
ұшыруға жоспарланған ресейлiк «МОНИТОР» жəне «Ресурс-
ДК» жер серiктерiнен мəлiметтер қабылдауға бағытталған.
Бүгінде «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар 
орталығының» құрамына кіретін институттардың берген мə-
ліметтерін көптеген мемлекеттік органдар, ірі компаниялар мен 
білім ордалары пайдаланып отыр. 
Əсіресе, Жерді зерттеу нəтижелері, оның геодинамикалық 
жəне геофизикалық мониторингі ауыл шаруашылығы мүддесі 
үшін, төтенше жағдайлардың алдын алу, навигацины жəне ком-
муникациялық желілерді дамыту т.б үшін өте құнды мəліметтер 
болып отыр.
7.2. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулер
7.2.1. «Мир» ОК мен ХҒС-дағы ғылыми зерттеулер мен 
тəжірибелер
Бүгінде Қазақстанның Ғарыштық зерттелер мен технология-
лар орталығында Т. Əубəкіров пен Т. Мұсабаевтардың қатысуымен 
ғарыштық зерттеулерді қарқынды түрде жүргізілуде. Институттың 


134
негізгі ғылыми-эксперименттік бағдарламасын жасауға 20 астам 
ғылыми институттар мен əртүрлі министрліктердің мекемелері 
қатысып, əртүрлі зерттеулер жүргізуді қамтитын жоспар жаса-
лынды. Бағдарламаның салалары 7.2-суретінде келтірілген. 
7.2- сурет. «Мир» ОК мен ХҒС-дағы Қазақстан Республикасының 
ғылыми зерттеулері мен тəжрибелері бағдарламасының схемасы
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-зерттеу жəне тə-
жірибелік жұмыстарын жоспарланған бағдарламаға бойын-
ша 1991ж., 1994ж., 1996ж. «Мир» орбиталдық кешенінде жəне 
2001ж. Халықаралық ғарыштық стансада (ХҒС) жүзеге асы- 
руда. Бағдарлама Ресей мен Қазақстан ғалымдарымен бірле- 
сіп жасалды. 
Қазақстан Республикасының 1991, 1994, 1998, 2001 жəне 
ке 
йінгі жылғы ғарышқа ұшулардағы ғылыми бағдардамалары 
3 кезеңді зерттеулерден (ұшу алдындағы, ұшу кезіндегі жəне 
ұшудан кейінгі сатылар) тұрды.
Бірінші кезең – ұшу алдындағы зерттеу жұмыстары. Онда 
Алматыда, Мəскеуде, Ю. Гагарин атындағы космонавтарды да-
ярлайтын центре (КДЦ) космонавтармен, Қазақстанның ғалы-
ми-зерттеу институттарының ғалымдарымен кездесулер жүргізі-
ліп, жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен 
шешілетін мəселелері, техникалық тапсырмалары күтілетін 
ғылыми нəтижелері айқындау.
Зерттеудің екінші кезеңі - «МИР» ОК-де жоспарланған экс-
перименттер жəне жермен байланысты синхронды жұмыстарды 
жүргізу. Экипаждағы барлық космонавттар ұшу кезінде өздерінің 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау