Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет31/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61

110
Жерсеріктік өлшеулерді жүргізген кезде техника-эконо 
ми-
калық көзқарас тұрғысынан, мұндай желілерде жедел жəне 
эко 
но 
микалық бақылау əдістері мен кейінгі өңдеу əдістерінің 
үйлесіміндегі геодезиялық типтегі салыстырмалы қымбат емес, 
бір жиілікті қабылдағыштарды пайдаланылады.
Қазіргі уақытта жасалған жерсеріктік технологиялар, жергі-
лікті жерде түрлі түсірулер жүргізгенде кеңінен қолданылады. 
Жақсы танымал топографиялық түсірулермен қатар, мынадай 
қолдану аймақтарын да айтып өткен жөн:
- əртүрлі жер құрылысы жұмыстарымен байланысты тү-
сірулер;
- сызықты обьектілер трассасын түсіру;
- геологиялық-геофизикалық жұмыстарды геодезиялық қам-
тамасыз ету;
- орман шаруашылығын жүргізуге байланысты түсірулер.
Əртүрлі түсірулерге тəн жерсеріктік координаталық анықта-
малардың жеке ерекшеліктеріне тоқтамай-ақ, жерсеріктік əдіс-
терді қолдануға байланысты жалпы ерекшеліктерді көрсетеміз.
Жерсеріктерді бақылаудың қолайлы жағдайларында жер-
се 
 
ріктік өлшеулерді жүргізген кезде, жақсы өңделген тəсілдер 
қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, жерді түсіру жұмыстарын 
көп жағдайда жер серіктерінен келіп түсетін радиосигналдар, 
əртүрлі кедергілермен экрандалатын жағдайларда жүргізуге 
тура келеді. Мұндай жағдай көбінесе орманның ар жағындағы 
(орман сырты) аймақтарды мониторингтау жəне сол жердің 
топографиялық планын алу кезде пайда болады (5.12-сурет). 
Жерсеріктік технологияны орман сыртындағы жерде сəтті 
пайдаланудың түрлі əдістері бар. Кейбір жағдайларда қабыл-
дағыштарды алаңдарда орналастыруға, тіпті қажетті ағаштарды 
да кесіп алуға тура келеді. Сапалы өлшемдерді қамтамасыз ету 
мақсатында, қабылдағыштарды радиусі 5-тен 170 м-ге дейінгі 
алаңдарда (аннтена деңгейінен 2,5-тен 30 м-ге дейін көтерілген 
ағаштардың биіктігіне байланысты) орнату ұсынылады.
Қарастырылып жатқан проблеманы шешудің басқа тəсілі 
– қабылдағыш антеннасын, сигналдардың ағаш басынан экран-
далуын болдырмайтын биіктікке жедел түрде көтеруге мүмкін-
дік беретін, жеңілдетілген арнайы діңгектер орнатудан тұрады. 


111
Жерсеріктік өлшеудің мұндай жағдайлардағы дəлдігі, ашық жер-
ге қатысты дəлдікке баламалы болып келеді.
5.12-сурет. Ғарыштық мониторигтеуден алынған топоплан
Əртүрлі түсіру жұмыстарын жерсеріктік əдістермен жүр-
гізген кезде төселген бет пен қоршаған обьектілерден түскен 
көріністерден туған, өлшем қателіктерін азайтуға ерекше көңіл 
бөлінеді. Бұл проблеманы шешу үшін жер серігінен келіп түсетін 
түзу сигналдар əсерін бəсеңдетуге мүмкіндік беретін, қосымша 
жабдықтармен жабдықталатын жерсеріктік қабылдағыштардың 
антенналық жүйесін жаңарту жүргізіледі. Сонымен қатар, көрініс 
əсерін азайтуға бағытталған өңдеу əдістері де жетілдіріледі.
Жерді түсіруге байланысты орындалатын жұмыс ерекше лік-
терінің бірі – жергілікті координаталар жүйелерін қолданудың 
мақсатқа сəйкестігі. Тұтынушыларды, көбінесе, нивелирлеуден 
алынатын биіктіктер қызықтырады. Сонымен қатар, жерсеріктік 
əдістер таңдап алынған эллипсоидтің бетіне жататын, нивелирлі 
биіктіктен едəуір өзгеше, геодезиялық биіктіктерді алуға мүм-
кіндік береді. Мұндай айырмашылықтар, салыстырмалы түрде 
тіпті кіші көлемді аймақтардың өзінде 40 см-ге жетіп, одан асуы 
да мүмкін.
Аталған проблемаларды шешуге арналған торапқа, нивелир-
леуден биіктік белгілі таңбалары бар пункттер қосылады. Егерде 
тораптың қалған барлық пункттері үшін жерде көптеген ниве-
лир лі жүрістер жасамай, ақпараттар алу қажеттілігі пайда болуы 
мүмкін. Онда мұндай проблема, жерсеріктік жəне гравиметрлік 
деректерді бірге пайдалану негізінде шешілуі мүмкін.


112
5.3.5. Сандық картографияда GPS жүйесін қолдану
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағын топогра-
фия лық қамтамасыз ету жағдайы алаңдаушылық туғызуда, кар-
талардың 80%-ы қазіргі заманғы жергілікті жердің жағдайына 
жəне мемлекеттік топонимикаға сай келмейді. Мемлекеттік топо-
графиялық карталардың жаңартылуына қарағанда «қартаюы» 
жылдам, бұл өз кезегінде əскери əрекет жəне төтенше жағдай 
туындаған аудандарда орны толмас шығындарға соқтыруы мүм-
кін. 
Республикамыздың жергілікті атқарушы органдарын 
дағы 
жер қатынастары бойынша уəкілетті органдар топог 
рафиялық 
карталардың ескіруіне байланысты дабыл қағуда. 
Бюджеттік қаржыландыру ұлғайғаннан бастап, республика-
ның жалпы алаңының 13%-ында аэротүсірілімі орындалды, 
мем лекеттік геодезиялық желі пункттерінің жалпы санының 
1,3%-ы зерттелді, нивелирлеу желісінің жалпы ұзындығының 
5%-ы нивелирленді, барлық масштабтық қатардағы мемлекет-
тік топо графиялық карталардың жалпы парақ санының 10%-ы 
жаңартылды.
Ескірген топографиялық карталардың үлкен пайызын еске-
ре отырып, жаңа аэроғарыш түсірілімі негізінде мемлекет-
тік топографиялық карталарды жаңарту қажет етіледі. Барлық 
қалалар мен елді мекендердің түсірілімдері 1960-1980 жылда-
ры орындалғандықтан, қалалардың ірі масштабты жоспарла рын 
жасаудың өткір қажеттілігі туындады. Сондықтан 2008 жыл-
дан бастап қалалардың ірі масштабты жоспарларын жасау үшін 
олардың цифрлі аэротүсірілімдерін жасауға кірістік (5.13-сурет).
Агенттік жасап отырған барлық масштабты қатардағы мем-
лекеттік топографиялық карталарда жергілікті жер туралы мак-
сималды толық ақпарат көрсетіледі жəне республикамыздың түр-
лі экономика жəне қорғаныс салаларында қолданылатын түрлі 
өндірістік материалдар жасау үшін негіз болып табылады. 
Сонымен қатар, қалалар мен елді мекендердің ірі ау қымды 
жоспарларын жасау мəселесі күрделі болып отыр, өйткені 
осы аумақтардағы қарқынды құрылыстар жəне өзге де жұмыс 
түрлеріне байланысты көптеген өзгерістер орын алды. 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау