Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет27/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61

96
Жер қабатының қазіргі заманға сай қозғалысы заңдылығын 
зерттеу үшін Қазақстан Республикасының оңтүстік жəне шығыс 
өңірлерінде геодинамикалық полигондарда жыл сайын жоғары 
дəлдікті геодинамикалық өлшемдер жүргізіле бастады. Жер 
сілкінуіне икемділікті ескере отырып, республикамыздың барлық 
аумағы бойынша батыс жəне орталық өңірлерде геодинамикалық 
полигондар (ГДП) құру қажеттігі туды, өйткені Қазақстанның 
сейсмобелсенді аумақтары мен Каспий маңы өңірлері жоғары 
дəлдікті геодезиялық өлшемдермен толық қамтылмаған. 
Сол себептен де, біріншіден, Республиканың оңтүстік жəне 
шығыс өңірлерінің жер бетінің қазіргі кездегі қозғалысын зерт-
теуде жыл сайын геодинамикалық полигондарда жоғары дəлдікті 
геодезиялық өлшемдер жүргізу, екіншіден, республиканың бар-
лық территориясы жер сілкінісіне шалдыққыш екенін есепке ала 
отырып, республиканың батыс жəне орталық өңірлерінің гео-
динамикалық полигондарын қалыптастыру, дəлірек айтқанда, 
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жаңа 
геодинамикалық полигондар жасау жолымен республиканың ба-
тыс өңірлерінде геодинамикалық полигондар желісін кеңейту, 
жаңа технологиялар енгізу, қазіргі заманға сай жабдықтар мен 
бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
5.6-сурет. «Теңіз» геодинамикалық полигонының схемасы


97
Сондай жұмыстардың бірі 2001-2005 жылдар аралығында 
«Теңіз» мұнай-газ кен орны территориясы жер қабатының қа-
зіргі заманға сай қозғалысын анықтау үшін ҚазҰТУ жүргізген 
геодинамикалық мониторинг. «Теңіз» геодинамикалық поли-
го 
нындағы мониторинг GPS жерсеріктерін пайдалану арқылы 
жүргізілді (5.6-сурет). Жерсеріктік əдістерді пайдалану - жоғары 
дəлдікпен пункт координаталарын жедел алуға жəне жер қыр-
тысында жүріп жатқан динамикалық процестерді едəуір толық 
зерттеуге мүмкіндік береді.
«Теңіз» геодинамикалық полигоны 100 реперден (пункттер), 
оның 5-і сеймологиялық, 5-і жарық қашықтық өлшеуіштік жəне 
10-ы ТИМ-нен тұратын жеті негізгі профилдік сызықтарды 
құрайды. ГДП-дағы бақылаулар жылына екі рет (көктемгі жəне 
күзгі мезгілдерде) жəне сейсмологтардың болжаулары бойынша 
қосымша өлшеулер де жүргізіліп отырылды. Төмендегі 5.7-сурет-
те 2003 ж. жер беті шөгуінің нəтижелері келтірілген жəне олар: 
-  біріншіден, жер қабаты деформациялық процесінің үздік-
сіздігін жəне оның уақыт пен кеңістіке біркелкі еместігін 
(шөгінділер оң жəне кері таңбалы) дəлелдейді;
- екіншіден, деформациялардың ең үлкен жылдамдықтары тек-
тоникалық жарылымдарымен ұштасатындығына көз жеткізеді.
5.7-сурет. «Теңіз» ГДП реперлерінің шөгу графигі
2001-2004жж. GPS аппаратуралары арқылы жүргізілген мо-
ниторинг нəтижесінде жер бетінің шөгуін техногендік жəне 
сейсмотектоникалық құрастыруларға бөлу əдістемесі апробация-
дан өтіп, «Теңізшевройл» өндіріс орнында іске асты. 
7–246


98
Мұндай жеке геодинамикалық полигондағы зерттеулер бүкіл 
жер шары шеңберінде жер қыртысының қазіргі замандағы жыл-
жуын зерттеуге мүмкіндік ашады. Ол «статистикалық» геодезия-
дан «динамикалыққа» өтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мұндай жұмыстар зерттелетін аумақ өлшемін 
əрі қарай шектеу – ірі инженерлік ғимараттар құрылатын жəне 
пайдаланылатын жердегі, оның аймақтарындағы, ірі қалалардың 
жер бетінің деформациясын зерттеуге алып келді. Қалалардағы 
жер бетінің қауіпті деформациясын бақылау маңыздылығы, 
ең алдымен, адамның геодезиялық құрылымға қарқынды əсер 
етуі не байланысты əртүрлі бұзылулардың артуынан туындаған. 
Бұған – жер қойнауын игеру, жерасты суының деңгейін өзгерту, 
көлік ағындарының əсерінен болатын вибрациялардың артуы 
жатады. Қалалар мен жеке өнеркəсіп объектілеріндегі əртүрлі 
бұзылулардың алдын алу мақсатында, мамандандырылған геоди-
намикалық тораптар құрыла бастады. Олардың пункттерінде мак-
сималды түрде жетілген дəлділік деңгейдегі жүйелі жерсеріктік 
бақылау ұйымдастырылады.
Мұндай тораптарда өлшеулер жүргізілген кезде тек мүмкін дігі 
жоғары өлшеу дəлдігін қамтамасыз ету ғана емес, нақты жылжу 
мəнін тектоникалық жəне техногендік құраушыларға қажеттілігі 
туады. Бұл мəселерді шешу үшін де арнайы мониторингтік зерт-
теулер ұйымдастырылуы қажет. 
5.3.2. GPS технологияны геодезияда пайдалану
Республиканың көптеген экономика, қорғаныс салаларын-
да жергілікті жер туралы ақпарат маңызды құрамдас бөлік бо-
лып табылады, осыған байланысты сапалы геодезиялық жəне 
кар тографиялық өнімдерге, қызметке сұраныстың ұлғаюы бай-
қалады. Бұл салада да GPS қолдану шеңбері орасан зор.
Қазіргі уақытта спутниктік геодезиялық тораптар құру жəне 
республикамыздың экономика, қорғаныс жəне ұлттық қауіп-
сіздік салаларындағы міндеттерді шешу кезінде спутниктік тех-
нологияларды кеңінен енгізу үшін Қазақстан Республикасы-
ның аумағында бірегей мемлекеттік жүйе орнату өзекті болып 
отыр. Өйткені, қолда бар жер үсті геодезиялық əдістері дəлдік, 
жеделділік, экономикалық тиімділік тұрғысынан ғылым мен 


99
тəжірибенің талаптарына, атап айтқанда, қорғаныс, навигация, 
геодинамикалық үдерістерді зерттеуді геодезиялық қамтамасыз 
ету кезінде туындайтын талаптарға сай келмейді. 
Бұдан басқа, қолда бар əдістер қазіргі заманға сай жұмыс іс-
тейтін спутниктік навигациялық жүйелер - ГЛОНАСС (Ғаламдық 
навигациялық спутниктік жүйе - Ресей Федерациясы) жəне 
NAVSTAR GPS (Navigation Satellite Timing and Ranging Global 
Positioning System - ғаламдық спутниктік навигациялық жүйе 
АҚШ) координаттар жүйесіне бірден өтуді қамтамасыз ете ал-
майды. Навигациялық жүйелер беретін координаттардың ба-
стауы Жердің ортасында болғандықтан, жергілікті геодезиялық 
негізге байланған нүктелер координаты мен бастауы Жер ортасы-
на сай келетін геодезиялық негізге байланған нүкте арасындағы 
айырмашылықты ескерген жөн.
Ресей Федерациясында, Өзбекстан Республикасында, Бе-
ларусь Республикасында жəне Əзірбайжан Республикасында 
əлемдік спутниктік желіге қосылған ұлттық геодезиялық желілері 
жасалған. Сондықтан республикамыздың индустриялық-инно-
вациялық дамуы үшін өзекті бағыттардың бірі – Қазақстан Рес-
публикасының аумағында спутниктік геодезиялық желі салу 
жəне бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін орнату болып 
табылады. 
Бұл бағыт үлкен капитал салымын, ғылыми-əдістемелік құ-
жат 
таманы əзірлеуді, ғылыми-техникалық жəне өндірістік іс-
шаралар дайындауды жəне мамандар оқытуды қажет етеді.
Жалпы алғанда, Агенттіктің геодезия жəне картография са-
ласында оң алғышарттар жасалды, сонымен бірге, басты ше-
шілмеген проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: 
1. Картографиялау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік 
гео 
дезиялық желі ішінара жоғалған, кейбірі мүлде қалпына 
келтірілмейді жəне соның салдарынан оған қойылатын талаптар-
ға толық жауап бере алмайды. 
2. Жерсеріктік технологиялардың дамуына жəне топог 
ра-
фия 
лық-геодезиялық өндірістің автономды спутниктік коор-
динаталық анықтау əдісіне көшуіне байланысты респуб 
лика-
мыздың жаңа координаттары жүйесін жасаудың жəне дамыту 
дың өзекті мəселесі туындады. 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау