Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет24/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61

85
ды кеңіс 
тіктік координаталар мен дəл уақыттағы сигналдарға 
өзгертеді.
Қабылдағыштың орналасқан жерінің төрт координатын 
(X,Y,Z, Time) алу үшін, кем дегенде, төрт серіктен радиосигнал 
қабылдау қажет.
Қабылдағыш навигациялық радиосигналдарды қабылдау ке-
зінде радиотехникалық əдістерді қолдана отырып, көрінетін 
серікке дейін қашықтығын жəне оның жылжу жылдамдығын 
анықтайды. Бір уақытта қабылдағыштағы əрбір навигациялық 
радиосигналдың уақыты мен сандық ақпаратын автоматты түрде 
өңдеу жүзеге асады.
Геоцентрмен байланысқан декарттық координата жүйесі мен 
уақыттық шкала жүйесі үшін сандық ақпарат берілген серіктің 
кеңістіктегі орны мен уақытын (эфемеридтер) анықтайды. Со-
нымен қатар, сандық ақпарат басқа да серіктер жүйесі (аль-
манах) түрінде орбитаның кеплерлік элементтерін жəне басқа 
да параметрлерін суреттейді. Өлшеудің нəтижелері жəне қа-
былданған сандық ақпарат қозғалыс параметрлері мен коорди-
наттарды анықтаудағы навигациялық есептерінің шешімінің 
соңғы берілгендері болып табылады.
Навигациялық есептер қабылдағыштың автоматты есептеуіш 
құрылғысында шешіледі, соның негізінде төртбұрыштардың 
белгілі əдісі де қолданылады. Есептің шешімінің нəтижесінде 
тұтынушының орналасқан жерінің үш координатасы анықта-
лады; қозғалыс жылдамдығы жəне бүкілəлемдік координирлен-
ген уақыттық (UTC) жоғарыдəлдікті шкаласы тұтынушының 
уақыттық шкаласына байланысы жүзеге асады.
Тұтынушының көзқарасы жағынын қарағанда, бұл құрылым 
өте ыңғайлы болып келеді. Ол үшін тұтынушының жалпы 
жөнінде шамалы білімі болса жеткілікті, ал оның басты назары 
қабылдаушы аппараттың жұмысына аударылу керек. 
Барлық ғарыштық навигациялық жүйелер (ҒНЖ) ең басты 
негізгі принцип бойынша құралған, яғни тұтынушы жер шарының 
кез келген уақыт мезетінде тұрып, ғарыштық қабылдағыштың 
тұрған жерінің координатын анықтауға мүмкіндік туады.
Жер серігінің геодезиялық аспаптарын көптеген компаниялар 
шығарады. Қазақстанда бұл аспаптарды кеңінен ұсынып отырған 


86
барлық əлемге танымал, GPS жүйелерін жасап шығарушы 
фирмаларға Trimble (АҚШ), Leica Geosystem (Швейцария), 
Жапондық Topcon Positioning System, т.с. компаниялар жатады. 
Бұл компаниялар NAVSTAR Жер серігінің сигналдары бойын-
ша жұмыс істейтін бір жилікті (L1) жəне екі жилікті (L1+L2) 
қабылдағыштарын Қазақстанға ұсынуда. Соңғы кездері Trim-
ble, Leica Geosystem жəне Topcon фирмалары ГЛОНАСС жəне 
NAVSTAR сигналдары бойынша жұмыс істейтін Жер серігінің 
геодезиялық аспаптарды жасап шығаруда. Сонымен қатар, бұл 
аспаптарды GALILEO жүйелерінің сигналдарын қабылдауға 
бейімдеуде.
GPS (Global Position System) – геодезиялық негіздерді құ-
рудағы ең тиімді аспап болып табылады. GPS көмегімен 
орындалған геодезиялық өлшеулер дəлдігі, əмбебаптығы, жыл-
дамдығы жəне үнемділігі, тиімділігімен кеңінен тарады. Бұл 
жұмыстардың орындау əдісінің классикалық геодезиялық өл-
шеу 
лерден айырмашылығы бар. GPS өлшеуде арнайы ереже-
лерді сақтаған кезде тиімді нəтижелерді алуға болады. GPS 
қабылдағыштарының ең басты ерекшеліктерінің бірі – ауа 
райының кез келген жағдайларында өлшеу жұмыстарын орын-
дайды. Оптикалық аспаптардың кемшіліктерінің бірі – рейка/
белгі/шағылдыру құралына дейінгі тікелей көрініс болмағанда 
жұмысқа жарамсыздығы, GPS үшін ондай қиыншылықтар ту-
ындамайды. Қабылдағыштармен он шақты шақырым аралық та 
өлшеулер жүргізе беруге болады. Қазіргі қабылдағыштар 1-2 ба-
тырмамен басқарылып жұмыс істеле беретіндіктен, оператордың 
арнайы дайындығының қажеті жоқ. Осы орайда экономикалық 
үнемділік артып, жеке персоналдардың саны төмендейді (GPS 
қабылдағыштары бір оператормен жұмыс орындайды).
GPS қабылдағыштармен бірге болатын программалардың 
көмегімен, өлшеу нəтижелерін өңдеп, алынған геодезиялық 
жүйелерді теңестіруге жəне пункт координаталарын келесі 
тахео метриялық түсірістерге есептеуге болады. GPS көмегімен 
гео дезиялық жұмысты жүргізген сіздің еңбек өнімділігіңіз жо-
ғарылайды. Нүкте координатасын анықтау кезінде басқа жал-
пы қолданылатын геодезиялық аспаптарға қарағанда GPS-пен 


87
сантиметрлік дəлдік деңгейін аласыз. GPS-пен геодезиялық 
жұмысты тəулік бойы істеуге болады, сонымен қатар, нүктелер 
арасы көрінбеген жағдайда да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
GPS əскери жəне азаматтық пайдаланушылармен қолданы-
латын жəне басқарылатын кез келген нүкте орнын анықтай-
тын жерсеріктік навигациялық жүйе. Əрбір жер серігі ерекше 
сəйкестендіру коды бар радиосигналдар жібереді. Жер серігі 
бортындағы жоғарғы дəлдікті атом сағаттары, сигналдар мен 
кодтардың генерациясын басқарады.
GPS қабылдағышы бар кез келген тұтынушы GPS сигналда-
рын пайдалана алады. Алғашқы кездері GPS қабылдағыштары, 
негізінен, орналасу орны жəне навигацияны анықтау үшін қол-
данылады. Қазір GPS қабылдағыштары жер, аспан жəне теңіздегі 
əртүрлі тапсырмаларды шеше алады. Əрбір Жер серігі екі ерекше 
кодты: ең жай С/А жəне дəл Р кодтарды жібереді: 
GPS қабылдағыштары – бір жəне екі жиілікті болып бөлінеді. 
Бір жиілікті қабылдағыштары L
1
 толқынын, ал екінші жилікті 
L
1
 жəне L
2
 толқындарын қабылдайды. 
Қазіргі таңда АҚШ GPS-ті жаңаландырып көпшілікке пайда-
лану мақсатында L2 жилігіндегі жаңа L2C (Similar to CA Code on 
L1) кодын, сонымен қатар жаңа үшінші L5 жилігін ұсынды.
5.2. GPS қабылдағыштары жəне олардың сипаттамалары
GPS қабылдағыштары – позициялау мақсатымен ЖЖС сиг-
налдарын қабылдайтын электрондық қондырғылар. Жер серіктік 
қабылдағыштардың жұмыс жасау тəртібінің басты топтастыру 
белгілері – абсолютті немесе қатынасты (дифференциалды) пози-
ционерлеу əдістері болып табылады. Бұл тəсілдер навигациялық 
(статикалық жəне кинематикалық) əдістеме шеңберінде баяу ки-
нематика («stop – go» режимі), статикалық жəне жылдам статика, 
сонымен қатар, реоккупация түрінде іске асырылуы мүмкін. 
Навигациялық режим – GPS қабылдағыштардың барлық 
түрінен тұрады. Ол абсолюттік режимді іске асырудан негіз бо-
лып қалыптасты. 
Мұнда орналасқан орынды анықтау дəлдігі 20-300 м-ге дейінгі 
аралықта өзгереді. Позиционирлеу (орнын анықтау) бір ретті 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау