Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет18/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61

65
уақытта жердің кез келген нүктесінде тұрып 4 ЖЖС-тен ғана 
тікелей көрініс болу керек. ЖНЖ орбитасының биіктігі шамамен 
20 000 км болуы тиіс, ол əрбір жер серігінен радиокөрінушіліктің 
сипатын ғаламдық тұрғыда қамтамасыз етеді. Мұндай биіктіктегі 
ЖНЖС-нің айналу кезеңі шамамен 12 сағат құрайды. Орбита 
биіктігі ЖНЖС-нің айналу кезеңі, жұлдызды тəуліктің жарты-
сына тең болатындай етіп іріктеліп алынған. Осының əсерінен 
жұлдызды тəулікте бір рет əрбір ЖНЖС жер бетінің бірдей 
нүктесінен өтеді. Əрбір орбитадағы жер серіктері 1,5 сағат 
аралығында жүреді жəне экваторды 22,5
0
С бойлық бойынша жыл-
жып, қиып өтеді. ЖНЖС-нің мұндай қозғалу құрылымы əрбір 
жер серігін тəулігіне 1 рет жүйенің бақылау-өлшеу пунктінен, 
оның жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді.
4.3-сурет. Жердің навигациялық жасанды серіктерінің ғарыштық блогі
Белгілі бір жерді анықтаудың қажетті дəлдігіне сигналдарды 
бір мезгілде, кем дегенде, 4 ЖНЖС-ден қабылдау кезінде жетеді. 
Сондықтан, шоқжұлдыздағы жерсерігінің саны, кем дегенде, 24 
болуы қажет. Сонымен қатар, белгілі бір жерді анықтау дəлдігіне 
ЖНЖС-нің орналасу геометриясы да əсер етеді. Олар барлық 
аспан сферасы бойынша біртекті орналасуы тиіс. Ол үшін жер 
серіктерінің жазықтықтары бір-біріне қатысты бірнеше орбита-
ларда біртекті орналасады. 
5–246


66
Осы кезде жаңа жүйелерде нүкте координаталарын анық-
тау дəлдігін күрт жоғарылатуға, сондай-ақ навигациялық мəсе-
лелердің бүкіл кешенін нақты уақыт аралығында шешуге мүм-
кіндік туады. Бұл ЖНЖС деректерін тұтынушылар санының 
едəуір өсуіне алып келді. Навигациядан бөлек координаталарды 
анықтау дəлдігін жоғарылату, жер серігінің технологияларын гео-
дезияда, геодинамикада, топографияда, жерді алыстан зондтау-
да, геоақпараттық технологияларда, т.б. пайдалануға мүмкіндік 
береді. 
Келешекте ГЛОНАСС жəне GALILEO жүйелерінің қосылып, 
бір ғаламдық жүйені құрайтыны сөзссіз. Сөйтіп, қазіргі таңда 
GALILEO ЖНЖ-інің - ғарыштық сегменті өрістеуде.
4.2. Əлемдік ғарыш айлақтары
Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана 
ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана ел-
дердің ішінде Қазақ елінің мəртебесі биік, шоқтығы жоғары» 
деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай 
Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жора-
малдар да айтылса, ғалымдар əлемдегі бірнеше ғарыш айлақтары 
ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бəрінен асқақ» деген пікірде.
Енді əлемнің əртүрлі еліндегі ғарыш айлақтарының геог ра-
фиялық орналасу жағдайы жайлы мағлұматтар берелік.
Байқоңыр – Ресей жəне ТМД елдерінің негізгі ғарыш айлағы, 
ол Қазақстанның Қызылорда облысында орналасқан (1996 жылға 
дейін Ленинск қаласы). Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды 
таңдап алу кезінде бүкіл жердің елді мекендерден қашық бо-
луы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіп-
сіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону 
аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілген. Байқоңыр ға-
рыш алаңының басты жəне көмекші нысандары мен қызмет ету 
орындары кең аймаққа орналастырылған. Олар бір-бірімен авто-
мобиль жəне т.б. жолдар арқылы байланысады.
1961 жылдың 12 сəуірінде ұшқыш-космонавт Ю. Гагарин 
дүниежүзінде тұңғыш рет «Восток» кемесімен Байқоңыр ғарыш 
алаңынан ұшты. 1964 жылы үш кісілік «Восход», 1965 жылы 


67
«Восход-2», «Союз» ғарыш кемелері ұшырылды, 1966 жылы 
планетааралық «Луна-9» автоматтық станциясы Айдың бетіне 
қондырылып, ай бетінің телекескінін көрсетті.
Бүгінде Байқоңыр ғарыш алаңы дүниежүзілік ғарыштық 
зерттеулер жүргізудің орталығына айналды (4.4 жəне 4.5-сурет-
тер). Бұл алаңнан тұңғыш қазақстандық ұшқыш-космонавтар 
Т. О. Əубəкіров (1991 жылдың қазанында) жəне Т. А. Мұсабаевтар 
(1994 жылдың шілдесінде) ғарышқа ұшырылды.
4.4-сурет. Байқоңыр ғарыш айлағы
Байқоңыр 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне 
өтіп, 1993 ж. Ресей федерациясына 20 жылға жалғап берілді. 
Алайда қазіргі кезде Байқоңыр ғарыш алаңын пайдаланудың 
экологиялық зардаптары байқалуда, одан еліміздің аумағына жы-
лына 30-35 мың тонна улы заттар таралуда. Ракеталардан түскен 


68
қалдықтардан Қарағанды, Павлодар жəне Шығыс Қазақстан об-
лыстарына зардап келіп отыр. 
 Байқоңыр ұзақ уақыт бойы жалпы есеппен ғарыштық кеме лер 
мен əртүрлі бағытта серіктерді өзінің ұшыру алаңынан ғарыш-
қа ұшыру бойынша рекорд жасаған. 1995 жылы 31 тамызда осы 
космодромнан «Протон» ракета-жақтаушының көмегімен «Гори-
зонт» серіктік байланыстан 3000-дай серік ғарышқа жіберілді.
4.5-сурет. Байқоңырдағы кезекті ғарыш кемесін дайындау кезі
1962 жылы советтік «Космос» сериялы жасанды жер серік-
терін ұшыру басталды. Олар Волганың төменгі сағасында орна-
ласқан Капустина Яра атты космодромнан ұшырылды.
1997 жылы Плесецк космодромы (Архангельск облысы) 
бұған дейін Қорғаныс министрлігінің қол астында болған, 
əске 
ри емес бағыттағы ғарыштық жобаларды іске асыруға, 
сондай-ақ Халықаралық бірлестіктің жобасын зерттеуде жəне 
ғарыштық кеңістікті қолдануға кірісті.  Қазіргі уақытта Плесецк 
космодромында ұшыру алаңдары жұмыс істеуде, орыс ракета-
жақтаушыларын ұшыруды қамтамасыз ете алады, сондай-ақ 
«Союз-4», «Молния-М», «Циклон-3» жəне т.б.
Америка Құрама Штаты (АҚШ) – Флорида-Кеннеди мүйісі 
(1964 жылға дейін Канаверал мүйісі деп аталған) тұ сында ор-
наласқан. Ол АҚШ-тың Шығыс ғарыштық-ракета поли гонының 
бөлігі болып табылады. АҚШ-тың Қорғаныс минис 
трлігінің 
бағдарламалары бойынша ғарыштық кемелерді жер бетінен 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау