ХРОМОСОМАЛАРДЫҢ РЕПРОДУКЦИЯЛАНУЫ
Генетикада тұқым қуалаушылықтың сырын терең ұғыну үшін
қажетті бір мәселе - хромосоманың
өздігінен екі еселенуінің
митоздық циклдың қай кезеңінде жүзеге асатындығын білу.
Екіншіден, сол өздігінен екі еселенудің механизмін анықтау.
Хромосоманың репродукциялануында оның негізгі компоненті болып
есептелетін ДНК редупликациясы маңызды роль атқарады.
Клеткада ДНК-ның синтезі интерфаза кезеңінде жүзеге асады.
Оның механизміне келетін болсақ, екі еселенер алдында ДНК қос
жіпшесінің арасындағы сутекті байланыстар
ДНК - аза ферментінің
әсерінен үзіледі де соған байланысты ол бір-бірінен ажырайды. Содан
соң эрбір жіпше өз алдына жеке матрица есебінде болып, оның
жанына ДНК полимераза
ферментінің көмегімен, комплементарлы
принципте жаңа нуклеотидтер келіп тізбектеледі. Олар клеткаға
сырттан
қорек арқылы келген, бос күйінде жүрген нуклеотидтер.
Сөйтіп, бастапқы бір молекуладан жаңа екі ДНК молекуласы түзіледі.
КАРИОТИП
Организмдердің эрбір жеке түріне тән түрақты хромосомалар
жиынтығы болады. Оны кариотип деп атайды. Өсімдіктер мен
жануарлардың дене клеткасындағы метафазалық хромосомаларды
зерттеу барысында олардың әрбір түріне
тән тұрақты саны жэне
өзіндік құрылымы болатындығы анықталған. Мысалы, адамның дене
клеткасында 46, маймылда 48, сиырда 60, гидрада 32, жауын
37
құртында 36, қиярда 14, жүгеріде 20, қарағайда 24,т.с.с. (2, 3-
кестелер).
Организмдер кариотипі олардың қандай эволюциялық сатыда
тұрғанына байланысты болмайды. Кейбір
қарапайымдардың жоғары
сатыдағылардан хромосома сандары көп бола береді. Кей жағдайда
хромосома саны мен оның құрылысы түрлердің филогенетикалық
туыстығын да
корсете алады, соған негізделіп кариосистематика
жасалады.
Көпшілік түрлердің дене клеткаларының ядроларына тэн қасиет-
хромосомалардың жұп болып келетіндігі. Әрбір жеке хромосоманың
өз гомологы болады. Адамның 46 хромосомасы 23 жұпты,
дрозофилдің 8 хромосомасы 4 жұпты, жүгерінің 20 хромосомасы 10
жүпты, бидайдың 42 хромосомасы 21 жұпты құрайды т.с.с.
Хромосомалардың жұп болып келуінің
себебі олардың бір сыңарын
организм анадан, екінші сыңарын атадан алады.
2 кесте
Достарыңызбен бөлісу: