Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



жүктеу 8,63 Mb.
Pdf просмотр
бет6/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#39438
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
ГЕНЕТИКА

Талқылауға арналған сұрақтар
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Генетика биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қашан 
және қалай қалыптасты?
3. Генетика тарихындағы Мендель ілімінің алатын орны қандай?
4. Тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясының мәні неде?
5. Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының 
қосқан үлестерін атаңыз.
6. Генетика ғылымының қазіргі кезде қалыптасқан қандай салаларын 
білесіз?
7. Генетиканың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.
19


I I ТАРАУ
ТҮҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жынысты 
жолмен 
көбейетін 
организмдерде 
тұқым 
қуалаушылыққа жауапты ұрпақтан ұрпаққа берілетін материалдың 
ата-анадан ұрпаққа өтуі ұрықтану процесінде, яғни аталық жэне 
аналық жыныс клеткаларының қосылуы кезінде жүзеге асады. Олай 
болса, тұқым қуалайтын информацияның сақталатын орны клетка 
болып есптеледі (1 -сурет).
1-сурет. 
Жануарлар клеткасының құрылысы (электронды 
микроскоптық көрініс)
20


Бұл жағдай жыныссыз жолмен көбейетін организмдерге де тән. 
Өсімдіктер мен жануарлар клеткасының құрылысында кейбір 
өзгешеліктер болғанымен олардың барлығы да цитоплазма мен 
ядродан тұрады. Ал ядро мен цитоплазма бір - бірімен тығыз 
байланысты біртұтас тірі система. Ядро цитоплазмасыз немесе 
цитоплазма 
ядросыз 
тіршілік 
ете 
алмайды. 
Цитоплазманың 
құрамында 
органоидтар 
болады. 
Олар 
-
митохондриялар, 
рибосомалар, лизосомалар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор 
жэне тек өсімдік клеткаларында ғана кездесетін пластидтер. 
Клетканың бұл құрылымдық элементтерінің әрқайсының өзіне тән 
құрылысы мен атқаратын қызметтері бар.
Митохондрияның пішіні таяқша немесе түйіршік тәріздес, 
ұзындығы 5-7 мкм, ал ені 0,5-1 мкм болып келеді. Оның іші-сыртын 
мембраналар қаптап жатады. Ішкі мембранасында кристалар деп 
аталатын қатпарлар болады. Әр организмдегі клеткалардың түріне 
қарай митохондрияның саны шамамен 2-2,5 мыңдай болады. 
Митохондрияның негізгі қызметі клеткадағы заттардың алмасуы 
үшін қажетті энергияның қорын жинақтайды. Ал оның көзі -
мейлінше энергияға бай қосылыс АТФ.
Рибосомалар - негізінен эндоплазмалық тор 
мен 
ядро 
қабықшасының сыртқы қабатында орналасатын шағын денелер. 
Химиялық құрамы белок пен РНК - дан (рибонуклеин қышқылы) 
түрады.
Рибосомада ДНК мен РНК - ның қатысуымен белок синтезі 
жүреді.
21


Лизосомалар - сырты липопротеидті мембранамен қоршалған, 
диаметрі 0,4 мкм-дей бөлшектер. Олардың құрамында клетканың 
ішіндегі заттарды ыдыратуға қатысатын ферменттер жинақталады.
Гольджи 
комплексін ең алғаш рет 
1898 жылы клетка 
цитоплазмасынан Италия оқымыстысы К.Гольджи тапқан, сондықтан 
ол соның атымен аталады. Гольджи комплексі мембраналар, 
гранулалар жэне вакуольдерден тұратын күрделі құрылым. Онда 
заттар алмасуы процесінде бөлінетін және клеткадан сыртқа 
шығарылуға тиісті ыдырау өнімдері - секреттер, кейбір улы заттар 
т.б. жинақталады.
Эндогілазмалық тор бұл цитоплазманы торлап жататын әртүрлі 
ұзынды - қысқылы түтікшелерден түрады. Ол клетканың ядросы мен 
бүкіл органоидтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын заттардың 
алмасу процесіндегі бірден-бір реттеуші система болып табылады.
Цитоплазмадағы аса маңызды органоид жасыл өсімдіктердің 
барлық клеткаларында кездесетін пластидтер. Олар үш түрлі болып 
келеді: фотосинтез процесінде қатысатын жасыл түсті пигмент 
хлорофилл түзетін хлоропластар, түссіз лейкопластар және эртүрлі 
пигменттер түзетін хромопластар.
Ядрода 
негізінен 
түқым 
қуалаушылыққа 
жауап 
беретін 
генетикалық материал жинақталады жэне ол клеткадағы тіршілік 
процестерін реттеуге қатысады.
Олар пішіні мен мөлшері жағынан эртүрлі, көбінесе доңгелек 
немесе сопақша болып келеді. Мөлшері онша үлкен болмайды, оның 
диаметрі 10-30 мкм-ден аспайды.
22


Клетка тіршілігіндегі ядро мен цитоплазманың ролін анықтау 
үшін бір клеткалы балдыр ацетабуляриямен тәжірибе жүргізілген. 
Бұл балдыр өзінің пішіні жағынан саңырауқұлаққа үқсас келеді. Ол 4- 
6 см-дей аяқшасы мен 
қалпағы бар жалғыз ғана алып (гигант) 
клеткадан түрды. Қалпағында тек цитоплазма болады, ал ядросын 
аяқшасынан бөліп алғанда көп кешікпей тіршілігін жояды. Ал ішінде 
ядросы бар аяқшасы тіршілігін жалғастыра береді және одан жаңа 
қалпақ өсіп шығады. Сөйтіп бір клеткалы өсімдіктің ядросы бар 
бөлігінің регенерациялау, яғни алынып тасталған бөлігін қайтадан 
қалпына келтіру қабілеті болады.
Клетка тіршілігі мен тұқым қуалаушылықта ядроның 
басты 
роль атқаратындығы Америка эмбриологтары Р.Бриггс пен Т.Кингтің 
тәжірибелерінде анық көрсетілді. Олар бақа үрығы ішегінің 
клеткасынан бөлініп алынған ядроны алдын-ала ядросы алынып 
тасталған 
уылдырыққа 
апарып 
салған. 
Осындай 
ядросы 
алмастырылған клетка одан эрі қарай жіктеліп, нәтижесінде қалыпты 
ұрық, одан соң бақа дамып шыққан.
Бүл эксперименттер организмнің кез-келген 
клеткасының 
ядросында оның дамуының барлық бағдарламасының болатындығын 
дәлелдеді. Сонда болашақ организмнің дамуын басқару бағдарламасы 
уылдырықтың цитоплазмасында емес, соған алмастырылып салынған 
ядрода болатындыгы анықталды.
Фиксацияланған және боялған препараттардан ядрода хроматин, 
ядро шырыны, 
1-2 ядрошық және ядро қабықшасы сияқты 
қүрылымдардың бар екендігін көруге болады.
23


Ядрошықта 
көп 
мөлшерде 
РНК 
кездеседі 
жэне 
оның 
рибосомалық РНК мен белок - гистондардың синтезінде маңызды 
орын алатындығы анықталды. Ядролық мембрананың саңылаулары 
арқылы РНК цитоплазмадағы рибосомаларға өтіп, одан белок 
синтезіне 
қатысады. 
Ядрода жасалатын белок - гистондар 
хромосоманың құрамына енеді. Ядро шырыны жартылай қоймалжың 
зат. Оның құрамында хроматин болады, сондықтан хромоплазма деп 
аталады.
Прокариоттардың, жоғарыда айтылған эукариоттарға қарағанда, 
клетка құрылысында біраз өзгешеліктер болады. Мысалы, бактерия 
клеткасында өз алдына жеке дара ядро болмайды, ал тұқым 
қуалаушылыққа 
жауапты 
хромосомалар 
батырыңқы 
түрде 
орналасады.
Сонымен тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі болып 
саналатын зат - хромосома. Ол негізінде клетканың ядросында 
орналасады. Ал хромосоманың өзін көріп, құрылысымен танысу тек 
клетканың бөлінуі кезінде ғана мүмкін болады.
Жалпы организмде клеткалардың екі түрі кездеседі. Олар дене 
(сомалық) клеткалары жэне жыныс клеткалары (гаметалар). Дене 
клеткалары митоз жолымен, ал жыныс клеткалары мейоз жолымен 
бөлінеді.

жүктеу 8,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау