12
фирма — əртүрлі «автономды» капиталдар (кəсіпорындар, фирмалар,
концерндер жəне т.б.) арасындағы экономикалық қатынастар субъекті.
Сондықтан капиталдың шоғырлануы тұрғысынан фирма — бұл өз
құрылымдық бөлімшелері арасында қаржы тəуелділігінің күрделі жүйесі бар
корпорация.
Екіншіден, «фирма» терминінің пайда болуы батыстың экономикасында
қатысу жүйесі деп аталатын бір-бірімен байланысқан акционерлік компаниялар
түріндегі акционерлік шаруашылық жүргізу нысанының кеңінен таралуымен
шартталған. Қатысу жүйесі салалық қатыстылықтың шайылуына елеулі əсер
етеді, себебі түрлі салалардағы кəсіпорын акцияларының бақылау пакеттерін
сатып алуға мүмкіндік береді. Сондықтан ірі фирманың ерекшелігі оның
көпсалалық құрылымында.
Көпсалалық фирмаларды қалыптастыру үдерісі
«əртараптандыру
(диверсификация)» деп аталады, ол өндірісті шоғырландырудың жəне ірі
фирмаларды құрудың заманауи тəсілі болып табылады. Сондықтан өндірісті
шоғырландыру тұрғысынан – бұл құрылымдық бірліктері ретінде
экономиканың түрлі салаларындағы кəсіпорындары болатын
көп салалы
концерн. «Кəсіпорын» мен «фирма» ұғымдары арасында басқа да
айырмашылықтар бар.
Фирма өз құрамындағы өндірістік бірліктерге қатысты кəсіпкерлік басқару
органы болып табылады. Əдетте кəсіпорын емес, діл сол фирмалар нарықтағы
шаруашылық жүргізуші субъект ретінде əрекет етіп, баға саясатын жүзеге
асырады, бəсекелестерімен күрес жүргізіп, пайданы бөлуге қатысады, ғылыми-
техникалық прогрестің қарқынын белгілеп, бағыттарын анықтайды. Кəсіпорын
(фирма) халық шаруашылығының бастапқы буыны болып табылады жəне
халықтың əл-ауқаттылығы оның жұмысының тиімділігіне байланысты болады.
Өкілдік — заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасып, заңды
тұлғаның атынан əрекет ететін жəне оның мүдделерін қорғайтын айрықша
бөлімше.
Филиал — заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасып, заңды
тұлғаның барлық қызметтерін
немесе олардың бір бөлігін, соның ішінде өкілдік
қызметтерін жүзеге асыратын айрықша бөлімше. Өкілдіктер мен филиалдар
заңды тұлға болып табылмайды. Олар өздерін құрған заңды тұлғаның мүлігімен
пайдаланып, бекітілген ережелер негізінде əрекет етеді.
1.2 Кəсіпорын құрылымы
Кəсіпорын құрылымы —
бұл біртұтас шаруашылық жүргізуші объектіні
құрайтын ішкі буындардың (цех, учаске, бөлім, зертхана жəне басқа да
бөлімшелер) құрамы мен арақатынасы. Кəсіпорынның жалпы, өндірістік жəне
ұйымдық құрылымы ажыратылады.
Кəсіпорынның жалпы құрылымы. Кəсіпорынның жалпы құрылымы
ретінде өндірістік бөлімшелер мен қызметкерлерге қызмет көрсететін
бөлімшелер кешені, сондай-ақ кəсіпорынды басқару аппараты ұғылады (3-
сурет).