Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан осылайша аталған. Бұл дүниежүзі халықтарының күрес турлерінің әдістерін түгел қолдануға байланысты айтылады. Еркін күресте белдескен балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске жетеді. Оның тарихы көне замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың құрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап өтіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.
Қазақстандағы еркін күрес
Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов және т.б. Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық жарыстарда көзге түсті. Республиканың құрама командасы 2003 ж. Алматыда өткен Азия кубогы үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.
Қазақтың ұлттық күресіне етене жақын болғандықтан еркін күрес тез арада таралып, қарқынды дамыды. К.Байдосов Кеңес Одағының Қазақстандағы бірінші спорт шебері болды. ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар А.Айханов, А.Ғабсаттаров, А. Бұғыбаевтар Кеңес Одағының біріншілігінің жүлдегерлері мен чемпиондары атанды. Ал М.Мамыров Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болды. Сонымен 55 келі салмақ санатында боз кілемге шығып, Қазақ елінің намысын қорғайтын Дәулет Ниязбеков 1989 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысының атынан өнер көрсетеді. Халықаралық санаттағы спорт шебері. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2011 жылы Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Дәурен Жұмағазиев. 1989 жылы дүниеге келген бұл палуанымыз 60 келі салмақ санатында белдеседі. Алматы облысының атынан өнер көрсететін ол Азия чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының және 2011 жылы Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Лондон олимпиадасында жарыс жолына шығатын Ақжүрек Таңатаров 66 келі салмақ санатында белдеседі. 1986 жылы дүниеге келген ол Жамбыл облысының тумасы. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы. Астанада күрес түрлерінен өткен Олимпиадалық іріктеу жарысында А.Таңатаров күміс жүлдеге ие болып, лицензияны қанжығасына байлаған еді.
Ең мықты 10 спортшы:
1. Абдулрашид Садулаев (Россия, 97 кг)
2. Заурбек Сидаков (Россия, 74 кг)
3. Кайл Дэйк (США, 79 кг)
4. Гено Петриашвили (Грузия, 125 кг)
5. Джейден Кокс (США, 92 кг)
6. Джордан Барроуз (США, 74 кг)
7. Хасан Яздани (Иран, 86 кг)
8. Гаджимурад Рашидов (Россия, 65 кг)
9. Шариф Шарифов (Азербайджан, 97 кг)
10. Давид Баев (Россия, 70 кг)
Достарыңызбен бөлісу: |