18
• коммерциялық жəне т.б.
Кəсіпорынның ішкі ортасы 1.7-суретте сызба түрінде көрсетілген.
Кəсіпорынның ішкі ортасының барлық құрауыштарының маңыздылығына
қарамастан, кəсіпорын – бұл ең алдымен онда жұмыс істейтін адамдардың
ұжымы, оның басты байлығы.
Олардың қабілетіне, біліміне, біліктілігі мен тəжірибесіне, еңбекке деген
қатынасына, мінез-құлығына жəне т.б. сайып етіп келгенде, фирманың бедел-
абыройы, өнім сапасы, кəсіпорын жұмысының нəтижелері байланысты болады.
Кез келген кəсіпорын – бірыңғай əлеуметтік экономикалық-техникалық кешен
құрайтын көптеген қосалқы жүйелерден құралатын күрделі əлеуметтік-
экономикалық жүйе. Сондықтан барлық қосалқы жүйелер (əлеуметтік,
экономикалық, техникалық, ұйымдық жəне т.б.) өзара байланысқан əрі өзра
шартталған, бірдей дəрежеде маңызды жəне бірге кəсіпорынның ішкі ортасын
құрайды.
Тиімді кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін жоғарғы басшылықпен
кəсіпорын миссиясының таңдалуы аса маңызды. Əрбір ұйымның
(кəсіпорынның) өз мақсаты – миссиясы болады, кəсіпорынның еңбек ұжымы
(қызметкерлері) сол мақсатты орындау үшін бірігіп, өз қызметін жүзеге
асырады. «Миссия» ұғымының мағынасы өте кең жəне əртүрлі факторлармен
анықталады, соның ішінде сыртқы ортаның кəсіпорынға əсерімен, оның ішкі
ортасымен. Өкінішке орай, Ресейдегі көптеген коммерциялық ұйымдардың
миссиясы тым қарапайым қарадүрсін түрде анықталады – аз шығынмен
барынша көбірек пайда түсіру, ал бұл іс жүзінде мүмкін емес десе де болады.
Кəсіпорын миссиясы сатып алушыға, қоғамға бағдарлануы тиіс. Қоғамға тиімді
нəрсе кəсіпорынға да тиімді болуы керек, бұған керісінше емес.
Батыстағы жарияланымдарға сəйкес, кəсіпорын миссиясы оның қағидалары
мен этикасымен анықталады. Кəсіпорын қағидаттары шығарылатын өнім мен
нарыққа, кəсіпорынды басқаруға, оның қызметкерлеріне қойылатын
талаптарды, сыртқы орта (тапсырыскерлер, жеткізушілер, инвесторлар,
бəсекелестер, қоғам, мемлекет) талаптарын қамтиды. Кəсіпорын этикасы – бұл
кəсіпкер мен фирма қызметкерлерінің кəсіпкерлік қызмет барысында қоғамның
этикалық нормаларын орындауға мүмкіндік беретін өзара іскерлік қарым-
қатынастар моралі. Фирманың миссиясы көбіне оның құндылықтық
бағдарларымен белгіленеді, олар 1.4-кестеде көрсетілген.
19
1.4-Кесте
Құндылықтық бағдарлар жəне олардың мақсатты бағдарлармен байланысы
Бағдар түрі
Құндылықтар санаты
Болжамды
ұйымдық
мақсаттардың түрлері
Теориялық
Ақиқат
Ұзақмерзімді зерттеулер жəне
əзірлемелер
Ұтымды ойлау
Білім
Экономикалық
Құнттылық
Өсу
Пайдалылық
Табыстылық
Байлық жинау
Нəтиже
Саяси
Билік
Капитал мөлшері, сатулар
Танылу
көлемі, қызметкерлер
саны
Əлеуметтік
Жақсы қатынастар
Əлеуметтік жауапкершіліктің
Шын берілгендік
Шиеленістердің болмауы
табыстылықтан басымдылығы
Жанама бəсекелестік
Ұйымдағы жағымды ахуал
Эстетикалық
Көркем үндестік
Бұйым дизайны
Құрамы
Өнім сапасы
Пішім жəне симметрия
Өнім тартымдылығы (тіпті пайда
шығасымен)
Діни
Əлеммен келісім
Этика
Адамгершілік нормалары
Кəсіпорын миссиясы оның мəдениетімен – фирманың абырой-беделін
(маркасын, имиджін) қалыптастыратын кəсіпорынға тəн құндылықтардың,
нормалар мен идеялардың жиынтығы. Имидж фирманың тұтынушылары,
серіктестері, орналасқан орны мен қоғам алдындағы жауапкершілігін,
кəсіпорынның сыртқы əлемге жағымды əсер көрсетуге ұмтылысын білдіреді.
Ұйым миссиясының негізінде оның жоғарғы басшылығы немесе меншік иесі
кəсіпорын мақсаттарын əзірлеп, орнатады. Миссиямен салыстырғанда,
мақсаттар кəсіпорын қызметінің неғұрлым нақтырақ бағыттарын білдіреді.
Сондықтан мақсаттар шынайы əрі қолжетімді, заңға қайшы келмейтін,
орындаушыларға түсінікті, өлшеуге келетін, құрылымдық бөлімшелер мен
функционалдық қызметтер бойынша тəптіштелген, кəсіпорынның барлық
қызметкерлерінің күшін біріктіретін болуы тиіс. Егер кəсіпорын миссиясы
болашаққа ұмтылған, қатал уақыт шектеулерінсіз болса жəне көбіне сыртқы
ортамен анықталатын болса, оның мақсаттары қызмет нəтижелерінің нақты
көрінісіне ие болады, фирма ішіндегі бағдарды көрсетеді, қорлардың
пайдаланылуын жақсартуға бағытталып, кəсіпорынның ағымдағы қызметіне
байланысты болады.
Ұйымның миссиясы оның ішкі жəне сыртқы ортасының субъектілерінің
қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастырылады жəне олардың тым қарама-
қайшы келетін түрлі топтарының мүдделерін білдіруі тиіс. Дегенмен бірінші
кезекте кəсіпорын меншік иесінің (меншік иелерінің), оның қызметкерлері мен
сатып алушыларының мүдделерін жүзеге асырады.
20
Кəсіпорынның сыртқы ортасы. Кəсіпорын миссиясын, оның мақсаттарын
белгілеп, қызметкерлер алдында міндеттерді қойғаннан кейін, кəсіпорынның
жоғарғы басшылығы фирманың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтау
үшін, сыртқы орта əсерін талдауға кіріседі. Сыртқы ортаның кəсіпорынға əсері
жан-жақты болып келеді жəне 1.8-суретте сызба түрінде берілген.
Экономикалық факторлар. Экономикалық сыртқы ортаның көптеген
факторлары үнемі бағаланып тұруы тиіс, себебі экономиканың жағдайы
фирманың мақсаттарына əсер етеді. Бұл инфляция қарқыны, елдің төлемдік
теңгерімі, жұмыспен қамтылу деңгейі жəне т.б. Бұлардың əрқайсысы кəсіпорын
үшін қауіп төндіруі немесе жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
Саяси факторлар. Саяси жүйе кəсіпорындардың іскерлік белсенділігіне
елеулі əсер етеді, ол бизнестің көптеген салаларын дамытуда қиындықтар мен
мүмкіндіктер тудырады. Ұйымның елдегі саяси жағдай туралы анық түсінігі
болуы тиіс, себебі бизнес жүргізу тұрақсыз саяси жағдайда тəуекелді іс болып
табылады.
Нарықтық факторлар. Нарықтық орта фирма үшін үнемі қауіп төндіреді.
Ұйымның табысы мен сəтсіздіктеріне əсер ететін факторларға халық
табыстарының бөлінуі, саладағы бəсекелестік деңгейі, өзгеріп тұратын
демографиялық жағдайлар, нарыққа шығудағы кедергілер жатқызылады.
Технологиялық факторлар. Технологиялық орта талдауы кемінде өндіріс
технологияларындағы өзгерістерді, жобалауда жəне тауар мен қызмет ұсынуда
ЭЕМ-ын немесе байланыс құралдарының ең жаңа технологияларын қолдануды
ескеруі тиіс. Қазіргі кезде компанияларда инновациялардың жеделдете
ендірілуі байқалады.
Бəсекелестік факторлары.
Бəсекелес ортаны зерттеу барысында
бəсекелестіктің қаншалықты күшті екендігін, оның ұйымдарға қалайша əсер
ететіндігін бағалап, басты бəсекелестерді, олардың тарапынан шынайы жəне
əлеуетті қауіптерді анықтау қажет.
Əлеуметтік сипаттағы факторлар. Бұл факторлар ұйым қызметіне əсер
ететін əлеуметтік үдерістер мен үрдістерді білдіреді (дəстүрлер, əдеттер,
адамдардың жұмысқа қатынасы, тұтынушылардың талғамы мен психологиясы
жəне т.б.). Əлеуметтік құраушы сұраныс деңгейіне, өнім өткізу нарықтарын
таңдауға əсер етіп, жұмыс күшінің өңірлік нарығының параметрлерін жəне т.б.
анықтайды.
Халықаралық
факторлар.
Халықаралық
нарықта
əрекет
ететін
фирмалардың басшылығы осы ортадағы өзгерістерді үнемі бағалап, бақылауда
ұстауы тиіс. Соңғы жылдары ресей нарығында шетел фирмалары тарапынан
бəсекелестік күшейіп, ресейлік өндірушілердің шетелдіктермен нарықтан
шығарылу қаупі пайда болды.
Құқықтық факторлар. Бұл ұйымның құқықтарын, жауапкершілігін,
міндеттерін белгілейтін, қызметін реттейтін, соның ішінде оның жеке түрлеріне
қатысты шектеулерді реттейтін, мүдделерін қорғау нысаны мен əдістерін жəне
т.б. белгілейтін заңдар мен басқа да құқықтық актілер. Қабылданған заңдарды
Достарыңызбен бөлісу: |