Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет7/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168

22

ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техника-

мен  қарым-қатынасы  ықпал  етеді.  Ал  əртүрлі  реакция  тудыратын 

ішкі  себептерге  адам  психикасының  ерекшеліктері,  мінез-құлқы 

жəне организмнің хал-ахуалы жатады. 



Əлеуметтік  себептердің  ішінде  іс-əрекеттің  мақсатын, 

адамдардың  өзара  қатынасын  жəне  талаптарын  атауға  бола-

ды.  Осы  себептердің  салдарынан  организмнің  қалыпты  жағдайы 

өзгеріп, негізгі əрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі. 

Сондықтан  оның  физиологиялық  қосалқы  қоры  тез  азаяды,  тіпті, 

кейде сарқылады немесе үдеріске компенсациялық механизмдердің 

тиімсіз түрлері жұмылдырылады. 

Алайда,  организм  сыртқы  жəне  ішкі  ортаның  əртүрлі  фактор-

ларымен  өзара  əрекетінде  осы  белсендіру  немесе  тосқауылдау 

механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің 

бірнеше кезеңнен өтетін бейімделу үдерісін қамтамасыз етеді.

Бейімделу кезеңдері

Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланыс-

ты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі – бастапқы 

кезең  тітіркендіргіштер  əсер  еткен  алғашқы  сəттен  басталады. 

Мұнда  əртүрлі  бағытталған  құрама  реакция  байқалады.  Бірінші 

құрама  реакция  бағдарлау  рефлексіне  байланысты.  Бұл  рефлекс 

пайда болғанда, осыған дейінгі іс-əрекетті тежейді. Жалпы тежеуші    

реакция күшті тітіркендіргіштің бəріне жауап ретінде туады.

Екінші құрама реакция – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда 

жүйкелік  трофикалық  ықпалдар  белсендіріледі  жəне  мүшелердің 

қызметі  күшейеді.  Бұл  əсерленістерді  симпатикалық  адреналдық 

жүйемен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің 

бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен 

қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.

Бейімделістің  келесі  сатысы – 2-кезең  өтпелі  кезең.  Мұнда 

орталық  жүйке  жүйесінің  қозғыштығы  төмендейді,  гормондардың 

белсенділігі  азаяды.  Ол  кезде  организмнің  икемделу  механизмдері 

ұлпаларда тереңдей түседі.

Бейімделудің 3-кезеңі  тиянақты  кезең – организмнің  жəне 

оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемде-

лу сəтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің 

бейарнайы төзімділігі көтеріледі жəне əркелкі арнайы бейімделудің 

механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді 

атқарады жəне энергия шығынын азайтады. 



23

Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы өзгермейтін тұрақты жағдай деп 

қарастыруға  болмайды.  Организмде  оның  ауытқулары,  өзгерістері 

жиі  болуы  ықтимал.  Өйткені  оған  əр  алуан  қосымша  жанама  фак-

торлар ықпал еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта 

қалыптасуына  байланысты  туатын  гомеостаздың  жаңа  деңгейін 

үнемі  сақтауға  тиіс.  Сондықтан  бүкіл  физиологиялық  функциялар 

зор  күш  салу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ол  организмнің  энергия 

шығынын  ұлғайтады,  иммундық  жəне  гормондық  қосалқы  қорын 

азайтып, аяғында бейімделудің бұзылуына – дизадаптацияға əкеліп 

соғады. 

Дизадаптация  кезеңі  организмнің  қызметтік  қоры  сарқылуы 

немесе  нейрогуморалдық  жəне  зат  алмасудың  өзара  байланы-

сы  бұзылуы  нəтижесінен  орын  алады.  Бұл  жағдайда  бейімделудің 

бастапқы  кезеңі  сияқты  іс-əрекеттің  тұрақты  көрсеткіштерінің 

ауытқулары  пайда  болады.  Олар  үйреншікті  тітіркендіргіштер  ша-

мадан тыс немесе кездейсоқ факторлар көп уақыт əсер еткенде туа-

ды. 


Организм  бейімделу  тудырушы  əсерлер  болмаған  жағдайда, 

соның салдарынан туындаған морфологиялық жəне физиологиялық 

ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда, оның жойылған икем-

делу  реакциялары  сол  бейімдеуші  факторлар  тағы  да  əсер  етсе, 

қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация

деп атайды.



Бейімделу механизмдері мен белгілері

Адам  экологиясының  негізгі  мақсаты  организмнің  бейімделу 

үдерісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін зерттей оты-

рып,  икемделу  əрекетін  жетілдіру  болып  саналады.  Мұның  басты 

міндеті –  адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту жəне аурудың 

алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.

Организмнің  икемделуі  негізін  жүйкелік  жəне  гуморалдық  ме-

ханизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан жəне төтенше 

тітіркендіргіштер  оқыс  əсер  еткенде,  оларды  қабылдап,  өңдейтін 

негізгі жүйке құрылымдарында стрестік жағдай пайда болады.

Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге 

асыратын  бейімделудің  жалпы  физиологиялық  механизмдері 




24

физиологиялық  жүйелер  арқылы  атқарылады.  Ол  қозғағыш  жəне 

жағдайлық  тітіркендіргішті  бағалаудан  басталып,  шешім  қабылдау 

мен  болашақ  нəтижені  алдын  ала  болжауды  қалыптастырады.  Со-

дан  кейін  əрекет  нəтижесін  салыстырғыш  (акцептор)  аппарат  іске 

қосылады (6-тараудағы 36-суретті қараңыз). Физиологиялық жүйе 

лимбия, торлы құрылым жəне ми қыртысының белгілі аймақтарын 

қамтиды. 

Бейімделу кезінде ақиқатты бейнелеу негізгі шартты рефлекстер 

арқылы жасалады. Ол əсіресе, бейімделудің сақтық жəне ишаралық 

мəнін айқын бейнелейді.

Жоғарыда  айтылғандай,  əрбір  бейімделу,  əсіресе,  төтенше 

жағдайларда,  зор  энергия  шығынымен  тіршіліктің  маңызды 

жүйелерін  реттеуші  механизмдердің  күш  салуын  талап  етеді.  Бұл 

бейімделудің  алғашқы  сəттерінде  компенсациялық  механизмнің 

белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы  компенсациялық  механизмдер  ортаның  төтенше  фак-

торларынан  туатын  алғашқы  рефлекстік  реакция.  Ол  организмдегі 

əрекеттер  биологиялық  маңызы  бойынша  организмнің  қосалқы 

амалдарының  негізгі  бөлімі  болып  саналады.  Олар – өте  жылжы-

малы,  организмнің  апаттан  шығу  жағдайларын  қамтамасыз  ететін, 

жедел  пайда  болатын  физиологиялық  амалдар.  Сондықтан  бұл 

тиімді  компенсациялық  механизмдер  барабар  емес  жағдайларға 

бейімделудің тиянақты кезеңі дамығанша ұстап тұрады.

Организмнің  бейімделу  механизмдері  ішінде  эндокриндік 

жүйенің  мəні  өте  зор.  Мұны  тұңғыш  анықтаған  канадалық  ғалым  

Г.  Сельенің (1935) айтуынша,  бейімделудің  негізін  гипоталамус-

гипофиз  адренокортикалық  жүйенің  белсенділігі  құрайды.  Мұны 

организмнің  стресс  жағдайларында  байқауға  болады.  Стресс – 

ортаның күші мен қасиеті əртүрлі факторларына жауап ретінде туа-

тын организмнің арнайы емес реакциясының жиынтығы. Бұл күйдің 

биологиялық  мəні – ортаның  жаңаша  жағдайларына  икемдеуші 

механизмдерінің  іс-əрекетін  көтеру.  Икемделу  реакциялары 

неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым  организм  қоршаған  ортаның 

төтенше жағдайларына төзімді келеді жəне жылдам бейімделеді. 

Г.  Селье  организмнің  төзімділік  қасиетінде  жетекші  мəні  бар 

негізгі  жүйелік  əсерленіс  тек  аденогипофиз  жəне  бүйрекүсті  безі 

гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда, ол стресс кезінде 

гормондардың  рөлін  ерекше  дəріптегенімен,  кейінгі  еңбектерінде 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау