9
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымының даму
тарихы
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымы – салыс-
тырмалы түрде алып қарағанда, жас ғылым. Дегенмен, ерікті
қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нəтижелері
көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Өмірдің басқа да қажеттілігіне
қарай туындайтын барлық қозғалыстар тəрізді спорттық жаттығулар
үдерісінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орында-
латын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орын-
далады. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нəтижелерімен
толықтырылып даму үстінде.
Дене жаттығулары физиологиясы ғылымының даму тарихы
АҚШ-та 1927 жылы шаршау құбылысын зерттеуге бағытталған Гар-
вард зертханасының тұңғыш директоры болған Дэвид Брюс Дилл
есімімен байланысты. Ол қоршаған ортаның төтенше жағдайларына,
дене жүктемелеріне бейімделу мəселелерімен шұғылданған.
Ең алғашқы оқулық Ф. Ла Гранждың «Дене жүктемесі физиоло-
гиясы» (LaGrange F. Physiology of bodily exercise.London: Kegan Paul
International, 1889) атты еңбегі болып табылады. Уолтер Флетчер
мен Фредерик Гоуленд Хопкинс бұлшық еттің жиырылуы мен лактат
түзілуі арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бұлшық еттің жиы-
рылуын қамтамасыз ететін энергия бұлшық еттік гликогеннің сүт
қышқылына дейін ыдырауынан түзілетіндігі белгілі болды. Бұлшық
еттің жиырылуына едəуір көп энергия жұмсалатын болғандықтан,
бұлшық ет ұлпасы жасушалық метаболизмнің құпиясын ашуға
себепші болды. 1921 жылы А. Хилл энергиялық метаболизмді зерт-
теуге бағытталған жұмыстары үшін Нобель сыйлығының иегері
атанды. Осы уақыттарда Альберт Сенф-Дьёрди, Отто Мейергоф,
Август Крог жəне Ханс Кребс сынды Нобель сыйлықтарының
лауреаттары тірі жасушалардың энергия өндіруі мəселелері бо-
йынша белсенді зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың 60-жылдары
Дж. Бергстрем, Бенгт Солтен (Стокгольм) тамақтану рационының
бұлшық ет қоректенуі мен төзімділігіне ықпалын зерттеді. Реджи
Эджертон (Калифорния университеті, Лос-Анджелес) жəне Фил
Голлник (Вашингтон штаты университеті) бұлшық ет талшықтары
мен олардың дене жаттығуына реакциясын зерттеу тəжірибелеріне
егеуқұйрықтарды пайдалана бастады.
10
Ерікті қозғалыстардың физиологиялық негіздерін зерттеуде
орыс ғалымдары: И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский,
А. А. Ухтомский, Н. А. Бернштейн, П. К. Анохин, А. Н. Крестовни-
ков, Н. В. Зимкин жəне т.б.-дың еңбектерінің үлесі зор. Адамның
ерікті қозғалыстары туралы ілімнің рефлекстер жүйесі ретінде
негізін орыс ғалымы, физиолог И. М. Сеченов қалаған. Ол алғаш
рет «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде адамның психикалық
жəне ерікті қозғалыс əрекеттерінің рефлексті табиғатын дəлелдеген.
Ол барлық ерікті қозғалыстар, психикалық құбылыстар жəне ой-
лау рефлексті түрде іске асады деп түсіндірген. Оның бұл ілімін
И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан эксперимент түрінде
дəлелдеген жəне дамытқан. Ол жоғары жүйке қызметін шартты
рефлекстерді тудыру арқылы зерттей отырып, ерікті қозғалыстардың
рефлексті табиғатын негіздеудің негізгі іргетасын қалаған.
И. П. Павлов сыртқы орта факторларының ықпал ету кезіндегі тұтас
организмдегі физиологиялық қызметтерді ұзақ жылдар барысында
зерттеген. Оның детерминизм, құрылымдық, анализ жəне синтез
сияқты рефлекстік теория принциптері уақытпен шыңдалып, осы
күнге дейін маңызын жоймаған.
Адамның қозғалыс əрекетінің физиологиялық механизмдерін
зерттеуде Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский өз үлестерін қосқан.
Н. Е. Введенскийдің парабиоз теориясы сыртқы əсерлерге тірі
ұлпалардың əмбебап жауабы ретінде организмнің қызметтік
мүмкіндігін, соның ішінде қозғалыс əрекетін анықтайтын қозу мен
тежелу үдерістерінің генетикалық бірлігін ашып көрсетеді.
А. А. Ухтомскийдің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі
заңдылығы – доминанта туралы ілімінің соңғы қозғалыс əрекетінің
қалыптасуындағы күші бойынша əртүрлі қозу ошақтарының күрделі
өзара қарым-қатынасы механизмдерін түсінуде маңызы зор. Жүйке
қызметінің механизмдерін зерттей отырып, белгілі ағылшын фи-
зиологы Ч. Шеррингтон жүйке жүйесінің интегративті қызметі ту-
ралы ілімнің дамуына атсалысты. Оның реципроктық (ілеспелі)
тежелу туралы еңбектері қозғалыс координациясы (үйлесімділігі)
туралы ілімнің жетілуіне өз үлесін тигізді. Қозғалыс жəне
вегетативтік қызметтердің жоғары үндесуінің ішкі табиғатын ашуда
У. Кеннонның гомеостаз туралы ілімінің айтарлықтай септігі бар.
У. Кеннон организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын сақтау
мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-адреналдық жүйенің
маңызын негіздеген.
11
Ресейде П. Ф. Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтын-
да Л. А. Орбели басқарған физиология кафедрасында организмге
дене жүктемелерінің ықпалына алғаш ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізе бастады.
Қозғалыс əрекетінің физиологиясын зерттеуде Л. А. Орбелидің
бұрынғы жағдайларға тəуелді организм жасушалары мен
ұлпаларының қалыпты күйін сақтаудағы физиологиялық меха-
низмдерге, зат алмасуға симпатикалық жүйке жүйесінің бейімделе-
қоректену ықпалының əмбебап сипаттамасы туралы ілімінің аса зор
үлесі бар. Сондай-ақ ғылымның əрі қарай дамуына ми қыртысының
функциялық күйін реттеудегі торлы құрылымның маңызы туралы
жаңалықтары да көп ықпал етті. Қажу жəне қалпына келудің физио-
логиялық механизмдері туралы ілімнің дамуына Г. В. Фольборт, М.
И. Виноградов, В. В. Розенблат жəне т.б. ғалымдардың еңбектері де
өз септігін тигізген. Ерікті қозғалыстар физиологиясының дамуы-
на бұрынғы кеңес ғалымдары И. А. Аршавский, С. И. Гальперин,
Е. К. Жуков, Н. В. Зимкин, А. В. Коробков, Ф. З. Меерсон, В. В. Па-
рин жұмыстары көп үлес қосты. Сондай-ақ көптеген ерікті бұлшық
ет қызметімен байланысты мəселелер Э. А. Асратян, Е. М. Крепс,
Н. Д. Граевская, А. Г. Хрипкова, В. П. Филин, В. В. Васильева, В.
Н. Черниговский, Я. М. Коц, Б. М. Сермеев, т.б. еңбектерінде ашып
көрсетілген.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерін физиологиялық сипатта
жүйелеудің іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі профессор
А. Н. Крестовников болды. Оның спорт физиологиясы бойынша
оқулығы (1938) мен монографияларының (1939) маңызы ерекше.
Бұл оқу құралдары дене жаттығулары мен спорт физиологиясы
бойынша зерттеулердің əрі қарай дамуына өз септігін тигізді. Ав-
тор «Дене жаттығулары физиологиясы бойынша очерктер» (Очерки
по физиологии физических упражнений) атты кітабында спорттық
жаттықтыру кезіндегі бейімделудің орталық жүйкелік механизмдері
жөнінде көптеген мəселелерді көтерген. Бұл мəселенің дамуына
В. С. Фарфельдің «Спорт физиологиясы» (1960), Н. В. Зимкиннің
«Адам физиологиясы» (1964, 1970, 1975) еңбектерінің аса зор ықпалы
бар. А. С. Мозжухин спортшының қызметтік қорлары, Е. Б. Соло-
губ, А. С. Солодков дене жүктемелеріне спортшы организмдерінің
физиологиялық бейімделуі мəселелерін зерттеген. Қазіргі таңда
дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы бойынша Я. М. Коц,
Достарыңызбен бөлісу: |